Қазақ ССР Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақ ССР Мәдениет жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз селосында Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейін ашу жөнiнде Қазақ ССР Финанс министрлiгiмен және Алматы облыстық атқару комитетiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын. Музейдi ұйымдастыруға жұмсалатын шығын облыс бюджетiнiң есебiнен алынсын. Қазақ ССР Премьер-министрi