"Целиноградауылмаш" өндiрiс бiрлестiгiнде автобустар шығаруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1992 жылғы 6 сәуiрдегi N 313

      Автомобиль жасауды дамытуға және жолаушылар көлiгiнiң тасымалдау көлемiн арттыруға мемлекеттiк маңыз бере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң "Икарус" заводының қатысуымен және "Мосертехника" акционерлiк қоғамының (Венгрия) араласуымен "Целиноградауылмаш" өндiрiс бiрлестiгiнiң негiзiнде автобустар шығаруды ұйымдастыру туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мен Қазсыртэкономбанкi 1992 жылғы 15 мамырға дейiн автобустарды шығаруды қаржыландыру үшiн шетел кредиттерiн тарту мәселесiн шешсiн және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 50 млн. АҚШ долларын кредитке алу жөнiндегi ұсынысын енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi "Целиноградауылмаш" өндiрiс бiрлестiгiмен бiрлесiп автобустар шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстар бағдарламасын 1992 жылдың II тоқсанында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсыратын болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Об организации производства автобусов на производственном объединении "Целиноградсельмаш"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 апреля 1992 г. N 313

      Придавая государственное значение развитию автомобилестроения и увеличению объема пассажиротранспортных перевозок, Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить предложение Министерства промышленности Республики Казахстан об организации производства автобусов на базе производственного объединения "Целиноградсельмаш" при участии завода "Икарус" и посредничестве акционерного общества "Мосертехника" (Венгрия).
      2. Поручить Министерству внешнеэкономических связей Республики Казахстан и Казвнешэкономбанку до 15 мая 1992 г. проработать вопрос привлечения иностранных кредитов для финансирования производства автобусов и внести предложение по кредитованию в размере 50 млн. американских долларов в Кабинет Министров Республики Казахстан.
      3. Министерству промышленности Республики Казахстан совместно с производственным объединением "Целиноградсельмаш" представить в Кабинет Министров Республики Казахстан программу работ по организации производства автобусов во II квартале 1992 г.
Премьер-министр
Республики Казахстан