Республиканың қабылдаған мiндеттемесiн орындау және қол қойылған келiсiм беретiн мүмкiндiктердi республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамытуға сарқа пайдалану мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының, мекемелерi мен ұйымдарының ТМД шеңберiндегi ғылыми-техникалық ынтымақтастық келiсiмiн iске асыру жөнiндегi жұмысын N 1-5 қосымшаларға сәйкес ұйымдастырудың негiзгi ережелерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының, мекемелерi мен ұйымдарының аталған келiсiмдi жүзеге асыруға қатысуы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтiн мемлекетаралық басқа да түрлерiне бөгет жасамайды деп белгiленсiн.
(3-тармақ) <*> .
Ескерту. 3-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 15.12.1994 ж.
N 1413 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқарманың бастығы М.Е. Адайбеков жолдас Қазахстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi Мемлекетаралық кеңестегi өкiлеттi өкiлi болып бекiтiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының тиiстi келiсiмге қол қоймаған ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен ғылыми-техникалық ынтымақтастығы олармен ТМД шеңберiнде бұрын жасалған ғылыми-техникалық келiсiмдерге және Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтiн екi жақты немесе көпжақты келiсiм жасау жолымен iске асырылады деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Мемэкономкомымен, Ғылым академиясымен, республиканың басқа да мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып, бiр айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне қолданылып жүрген заңды, республика үкiметiнiң шешiмдерiн және ведомстволық нормативтiк актiлердi жасалған келiсiмдерге сәйкес келтiру жөнiндегi жұмыс регламентi мен жұмыс тобының құрамы, сондай-ақ ынтымақтасушы жақтар арасында тiкелей ғылыми-техникалық байланыстар орнату туралы үлгi шарттар мен
келiсiмдер әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 7. Республиканың министрлiктерi мен ведомстволары осы қаулыны және қоса берiлiп отырған келiсiмдердiң текстiн ведомствоға бағынатын барлық мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдарға жеткiзетiн болсын <*> . <*> Келiсiм берiлмейдi. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 маусымдағы N 540 қаулысына N 1 қосымша Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегi ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi жұмысын ұйымдастырудың Негiзгi ережелерi
1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Мемэкономкомы, Ғылым академиясы республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының қатысуымен жыл сайын белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне:
бiрлесiп жүргiзiлген iргелi зерттеулердi қолдау;
келiссөзге қатысушы елдер пәтуаласқан ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыты бойынша халықаралық ғылыми-техникалық байланыстарды үйлестiру;
республиканың қабылданған шешiмдердi кейiннен Мемлекетаралық ғылыми-техникалық кеңестiң қарап талқылауы үшiн кадрмен қамсыздандыру мәселелерiн қоса мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды, қажеттi техникалық-экономикалық негiздемесi бар басқа да бiрлескен ғылыми зерттеулер мен iзденiстердi әзiрлеуге қатысуы жөнiнде;
ғылыми-техникалық саясаттың қалыптасуына және iске асуына жауапты Қазақстан Республикасының басқару органдары мен келiсiмге қатысу басқа да мемлекеттердiң тиiстi органдары арасында консультация өткiзу мен ақпарат алмасу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Меммүлiккомы, Мемэкономкомы, Қаржы министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген заңға талдау жасайды және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi мен Министрлер Кабинетiнiң шешiмiн қажет ететiн мәселелер бойынша мемлекетаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысушы республиканың барлық ұйымдарының, кәсiпорындары мен азаматтарының тең хұқы мен жауапкершiлiгiне кепiлдiк беретiн хұқылық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық қызметтi реттейтiн хұқылық нормалардың Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң нормаларына сай келетiнi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi жанындағы Бас мемлекеттiк ғылыми-техникалық сарап пен Қазақстан Республикасының Экология және биологиялық ресурстар министрлiгi жанындағы Бас мемлекеттiк экологиялық сарап Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ғылыми-техникалық прогресiн басқару органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен iрi ұлттық және мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тәуелсiз ғылыми-техникалық және экологиялық сарабын өткiзудi ұйымдастыруда тiкелей жұмыс жүргiзедi.
4. ТМД шеңберiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық ынтымақ органдарындағы Қазақстан Республикасының өкiлетi өкiлдерi осы органдардың жұмысы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұдайы, бiрақ тоқсан iшiнде бiр реттен кем емес, мәлiмет берiп отырады және олар қабылдаған шешiмдердi iске асыру жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
5. ТМД шеңберiнде мемлекетаралық ғылыми-техникалық ынтымақ органдарындағы Қазақстан Республикасының өкiлеттi өкiлдерi аталған органдардың секретариаттарындағы немесе жұмысшы комиссияларындағы тұрақты өкiлдерiн дербес тағайындайды деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 маусымдағы N 540 қаулысына N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен
ведомстволарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының ТМД
шеңберiндегi тiкелей ғылыми-техникалық байланыс туралы
келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi жұмысын ұйымдастырудың
Негiзгi ережелерi
1. Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерi мен ғылыми қызметкерлерiнiң ТМД шеңберiндегi тiкелей ғылыми-техникалық байланыстары Қазақстан Республикасының "Ғылым және ғылыми-техникалық саясат туралы" Заңының 16, 17, 20, 21, 39-42-баптары негiзiнде және соған сәйкес, сондай-ақ аталған келiсiмге сәйкес iске асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Ғылым академиясы, республиканың бағынысты ғылыми ұйымдары бар министрлiктерi мен ведомстволары осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ғылыми қызметкерлерi, тиiстi кәсiпорындары мен ұйымдары арасында тiкелей ғылыми-техникалық байланыстар орнатып, дамытуды барынша қолдап отыруға мiндеттi.
3. Тiкелей ғылыми-техникалық байланыстар мазмұны ТМД шеңберiндегi ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келiсiмге, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ынтымақтасушы жақтардың арасындағы шартпен немесе келiсiммен нығайтылады.
4. Осы қаулының 6-бабына сәйкес жасалған және Мемлекетаралық ғылыми-техникалық кеңес мақұлдаған шарттар мен келiсiмдердiң үлгiлiк түрлерiн пайдалану ұсынылады.
5. Қазақстан Республикасының ғылым және жаңа технология министрлiгi республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп ТМД шеңберiнде тiкелей ғылыми-техникалық байланыстың жай-күйiнде ұдайы талдау жасап отырады және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi мен Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы территориясында осы байланыстарды орнату үшiн қолайлы хұқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдай жасау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi өнеркәсiптiк меншiк пен "ноу-хау" объектiлерiнiң экспорты мен импортына лицензияны тек шет елдерге оның iшiнде ТМД шеңберiнде ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоймаған ТМД-ға мүше елдерге де бере алады деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 маусымдағы N 540 қаулысына N 3 қосымша
Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен
ведомстволарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының
ТМД шеңберiнде ғылыми-техникалық объектiлердi
бiрлесiп пайдалану туралы келiсiмдi жүзеге асыру
жөнiндегi жұмысын ұйымдастырудың
Негiзгi ережелерi
1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының қатысуымен және Қазақстан Республикасының Меммүлiккомының келiсiмiмен:
бастапқы кезеңде екi айлық мерзiмде келiсiмнiң 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы территориясындағы бiрлесiп пайдалану объектiсiнiң статусы берiлген негiзгi ғылыми-техникалық кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесiн анықтайды;
жыл сайын белгiленген мерзiмде Келiсiмге қатысушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының Қазақстан Республикасының территориясында бiрлесiп пайдаланылатын қосымша ғылыми-техникалық объектiлер жөнiндегi ұсыныстарын қарайды, бұдан кейiн олар бойынша қабылданған шешiмдер Мемлекетаралық ғылыми-техникалық кеңеске енгiзiледi.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының қатысуымен:
бастапқы кезеңде екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша зерттеу жұмысын қамтамасыз ету үшiн қажет ресурстар мен қызмет нәтижесiн бiрлесе отырып пайдаланатын келiсiмге қатысушы басқа мемлекеттер территориясындағы негiзгi ғылыми-техникалық объектiлер тiзiмiн анықтап, келiсу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етедi;
жыл сайын белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң келiсуiмен Келісiмге қатысушы басқа мемлекеттер территориясындағы бiрлесiп пайдаланылатын қосымша ғылыми-техникалық объектiлер жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, қабылданған шешiмдердi Мемлекетаралық ғылыми-техникалық кеңестiң қарауына енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан бiрлесiп пайдаланылатын негiзгi ғылыми-техникалық объектiлерi (орталық кiтапханалар, белгiленген тәртiппен бекiтiлген тiзiм бойынша мемлекеттiк ғылыми-ақпарат жүйелерi мен ресурстары) Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк актiлерiне, олардың Жарғыларына сәйкес өздiгiнен қызмет атқаратын тәртiппен жұмыс iстейдi және Қазақстан Республикасы есебiнен шарттық негiзде басқа да қосымша қаржыландыру көздерiн тарту арқылы материалдық-қаржы ресурсымен қамтамасыз етiледi.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және дана технология министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Материалдық ресурс министрлiгi Қазақстан Республикасының территориясындағы бiрлесiп пайдаланылатын қосалқы ғылыми-техникалық объектiлердi жыл сайын шарттық негiзде мемлекеттiк тапсырыс түрiнде, сондай-ақ қаржыландыру мен материалдық ресурстардың басқа да түрлерiн тарту арқылы жұмыстың мақсатты сипатына және республиканың талап-тiлегiне сай келетiн үлесте (көлемде) қаржымен және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету iсiн жүзеге асырады.
5. Аталған келiсiмнiң 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының территориясында, сондай-ақ Келiсiмге қатысушы басқа мемлекеттердiң территорияларында орналасқан бiрлесiп пайдаланылатын қосалқы объектiлердi қаржыландыру, iске қосу және қызметiнiң нәтижесiн пайдалану меншiктiң түрлерiне қарамастан осы объектiлердiң меншiк иелерiнiң арасында шарттық негiзде жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан бiрлесiп пайдаланылатын негiзгi және қосалқы ғылыми-техникалық объектiлердiң, сондай-ақ тиiстi жарақтардың аталған объектiлердi қаржыландыру, iске қосу және қызметiнiң нәтижесiн пайдалану туралы шарттарын есепке алып, тiркеп отырады.
Қазақстан Республикасының мүддесiне нұқсан келген жағдайда Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiнiң, Меммүлiккомының Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан бiрлесiп пайдаланылатын ғылыми-техникалық объектiнi iске қосу мен қызметiнiң нәтижесiн пайдалану туралы шарттың күшiн тоқтатуға немесе белгiленген тәртiппен оның бұзылғаны жөнiнде ұсыныс енгiзуге қақы бар.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 маусымдағы N 540 қаулысына N 4 қосымша
Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен
ведомстволарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының ТМД шеңберiндегi
ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау және олардың
мамандығы жөнiндегi құжаттарды нострификациялау саласындағы
ынтымақтастық туралы келiсiмдi жүзеге асыру
жұмысын ұйымдастырудың
Негiзгi ережелерi
1. Республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының, ғылыми ұйымдарының, бiлiм беру мекемелерiнiң, басқа да кәсiпорындары мен ұйымдарының ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау және ТМД шеңберiнде олардың мамандығы жөнiндегi құжаттарды нострификациялау саласындағы ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы" Заңының 42-45 баптарының, "Қазақстан Республикасының Ғылым және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" Заңының 33, 34-статьяларының, сондай-ақ аталған Келiсiмнiң негiзiнде және соларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Ғылым академиясы, Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Мемэкономкомы, Жоғары аттестация комиссиясы:
жоғары бiлiм мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау мен аттестациялауға қойылатын ұлттық тұжырымдамалар мен талаптарды Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң тиiстi ұлттық тұжырымдамаларымен және талаптарымен келiсiп алу жөнiнде (Келiсiмнiң 1-бабы);
республика үшiн базалық ғылыми мамандықтардың тiзбесi жөнiнде (Келiсiмнiң 6-бабы);
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқаруының тиiстi органдары республика территориясында қолданылатын ережеге сәйкес ғылыми және ғылыми-педагог кадрлардың мамандығын растау жөнiнде талап қоя алатын мамандықтар тiзiмi жөнiнде (Келiсiмнiң 9-бабы) ұсыныстар әзiрлеп, екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Ғылым академиясы, Бiлiм министрлiгi, Жоғары аттестация комиссиясы республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен, кәсiпорындарымен және ұйымдарымен бiрлесiп Мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды кадрлармен қамтамасыз ету, жоғары ғылыми маман кадрлардың мақсатты даярлау мен ғылыми қызметкерлердi тағылым алудан өткiзу мәселелерiн ұдайы қарап отырады және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Мемлекетаралық ғылыми-техникалық кеңеске тиiстi ұсыныстар енгiзедi (Келiсiмнiң 2-бабы).
4. Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерi мен ведомстволары, кәсiпорындары мен ұйымдары бұрынғы КСРО Министрлер Кеңесi жанындағы Жоғары аттестация комиссиясы, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның басқа да министрлiктерi мен ведомстволары өткiзген ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау нәтижесiн жарамды деп танитын болады.
5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Мемэкономкомы, Ғылым академиясы, Жоғары аттестация комиссиясы, Әдiлет министрлiгi республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен, ғылыми ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен бiрлесе отырып, республиканың қазiргi заңдары мен нормативтi актiлерiнде талдау жасайды және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Министрлер Кабинетiнiң шешiмiн керек ететiн мәселелер бойынша Келiсiмге қатысушы барлық мемлекеттер үшiн республика территориясындағы ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлауда заңды ұйымдар мен жеке адамдардың бiрдей хұқылары мен жауапкершiлiгiне кепiлдiк беретiн хұқылық экономикалық және ұйымдастырушылық шарттар жасау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
6. Қазақстан Республикасының Жоғары аттестация комиссиясы, Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, Ғылым академиясы, Әдiлет министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, 1993 жылдың 1 қаңтарына дейiн ғылыми және ғылыми-педагог кадрлардың мамандығы туралы құжаттарды нострификациялаудың тәртiбi мен шарттары жөнiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм туралы дипломды, ғылыми дәреже мен атақ туралы дипломдар мен аттестаттарды мойындау туралы халықаралық аймақтық конвенцияға қосылуы жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзедi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 маусымдағы N 540 қаулысына N 5 қосымша
Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен
ведомстволарының, кәсiпорындары мен ұйымдарының
Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында
бiрлескен саясат жүргiзу туралы Келiсiмдi жүзеге
асыру жөнiндегi жұмысын ұйымдастырудың
Негiзгi ережелерi
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқарма Қазақстан Республикасының Мемэкономкомымен, Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен, Өнеркәсiп министрлiгiмен, республиканың басқа да мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен, кәсiпорындарымен және ұйымдарымен бiрлесе отырып, жыл сайын белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне аталған Келiсiм шеңберiнде де, сондай-ақ екiжақты немесе көпжақты шарттар, бағдарламалар және техникалық жобалар негiзiнде де қабылданған шешiмдердi кейiннен стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi Мемлекеттiк кеңеске енгiзу үшiн стандарттау, метрология және сертификаттаудың хұқылық, экономикалық және ұйымдастыру мәселелерiнiң келiсiлген шешiмi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқармасы аталған келiсiмге қол қоймаған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi органдарымен қызметтiң осы саласындағы әрбiр нақты бағыт бойынша екi жақты немесе көп жақты мемлекетаралық немесе ведомствоаралық келiсiмдер негiзiнде тiкелей ынтымақтастықты жүзеге асырады.
3. Келiсiмнiң 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқарма республиканың келiсiмге қатысушы елдермен келiсiлген саясат бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жалпы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жөнiндегi жұмысының өзiндiк бөлiгiн анықтап алған соң республиканың Министрлер Кабинетiне бұл жұмыстарды қаржыландырудың көлемi мен көздерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқарма Келiсiмге қатысушы елдермен стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ұлттық заңдар мен нормативтi актiлердi үйлестiруде тұрақты жұмыс атқарады және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиiстi ұсыныстар енгiзедi.