1. Талдықорған облысы әкiмiнiң Қазақ ғылыми-зерттеу жүгерi институты мен Талдықорған облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылық тәжiрибе станциясы негiзiнде Талдықорған қаласында тәжiрибе шаруашылығымен қоса Талдықорған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын құру жөнiнде Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қаржы министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақ ауыл шаруашылығы ғылыми академиясымен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
Аталған институтты құру Қазақ ауыл шаруашылығы ғылыми академиясы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белгiлеген қаржы және материалдық ресурстар, бюджет қаржылары, басқа да лимиттер мен нормативтер шегiнде жүзеге асырылсын.
2. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының Президиумы екi ай мерзiм iшiнде жүгерi селекциясы мен тұқым шаруашылығын одан әрi дамыту қажеттiгiн ескере отырып, Талдықорған ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметi мен
құрылымының негiзгi бағыттарын белгiлесiн. 3. Талдықорған облысының әкiмi мен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылыми академиясы: бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi облыстық комитетпен бiрге институтты орналастыру мәселесiн шешсiн; 1993-1998 жылдары аталған институттың ғылыми-өндiрiстiк объектiлерi мен тұрғын үй құрылысын салу қамтамасыз етедi; 1992 жылдан бастап шақырылған ғалымдарға тұрғын үй бөлудi көздесiн. 4. Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң "Талдықорған (облыстық) ауыл шаруашылық тәжiрибе станциясын құру туралы" 1968 жылғы 13 қыркүйектегi N 563 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi