1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi бас басқармасының штаттық қызметкерлерiнiң саны 800 адам болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi оларды ұстауға жұмсалатын шығынды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi Бас басқармасы туралы Ереженi бекiтсiн; Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi Бас басқарма қызметкерлерiнiң материалдарды, қылмысты iстердi, оперативтi және басқа ақпараттарды сұратып алу тәртiбiн белгiлесiн, осы аталған қызмет қызметкерлерiн оларға жүктелген тiкелей мiндеттерiн атқару үшiн пайдалануды қамтамасыз етсiн.
3. Бөлiнген қаржы шегiнде iшкi iстер органдарының басшылары мен олардың тергеу және жедел жұмыс жөнiндегi орынбасарларының лауазымдық жалақылары, 30 процентке дейiн; Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi Бас басқарма қызметкерлерiнiң барлық санаттарының, аталған басқармаға, бекiтiлген жүргiзушi-қызметкерлердiң лауазымдық жалақылары 30 процентке дейiн; штаттағы анықтау қызметкерлерiнiң және тергеу бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң барлық санаттарының, аталған бөлiмшелерге бекiтiлген жүргiзушi-қызметкерлердiң лауазымдық жалақылары 30 процентке дейiн; iшкi iстер органдарының жедел және сараптау бөлiмшелерi, кезектi бөлiмдерi қызметкерлерiнiң, аталған бөлiмшелерге бекiтiлген жүргiзушi-қызметкерлердiң лауазымдық жалақылары 25 процентке дейiн өсiрiлсiн.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
1995.04.07. N 433 қаулысына сәйкес.
4. 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне N 1 қосымшаға сәйкес оперативтiк және криминалистiк техника, байланыс құралдарын, қару-жарақ пен жеке қорғаныс құралдарын сатып алу үшiн Қазақстан Республикасының валюта қорынан қажеттi қаржы бөлiнсiн.
5. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi, қорғаныс министрлiгi, Байланыс министрлiгi N 2 қосымшаға сәйкес 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi бас басқармасы мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi үшiн қажет деген мөлшерде автокөлiк, арнаулы және ұйымдастыру техникасын, байланыс құралдарын және басқа да техникалық құралдар бөлетiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi, Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Кеден комитетi, Сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен, Бас прокуратурасымен, Жоғары төрелiк сотымен, банк, қаржы және салық органдарымен бiрлесе отырып, 1992 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде:
- Республикадағы мемлекеттiк басқару органдарын ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және контрабандыға қарсы күрес проблемалары бойынша ақпаратпен қамтамасыз етудi жетiлдiрудiң мемлекеттiк бағдарламасын;
- ақпараттық полиция жүйесiн құру тәжiрибесi бар шетел фирмаларын тарта отырып, бұларда Достастық (ТМД) елдерiнiң осындай жүйесiне, "Интерпол" халықаралық ақпарат жүйесiне шығуды, ұйымдастыру шешiмiн талап ететiн басқа да мәселелердi көздейтiн республикалық автоматтандырылған мәлiмет банкiн құру жөнiнен техникалық тапсырма мен жобалық-сметалық құжаттама әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Байланыс министрлiгi қажеттi қаржы мен материалдық-техникалық құрал-жабдық бөлсiн, бөлiнген байланыс желiлерiн техникалық тапсырма мен жобалық-сметалық құжаттаманың талаптарына орай қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық хауiпсiздiк комитетi, облыстық және Алматы қалалық әкiмдерi 1992 жылдың 1 қазанына дейiн ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен және контрабандымен күрес жүргiзетiн бөлiмшелердiң қызмет және техникалық бөлмелерге деген талап-тiлегiн қамтамасыз етсiн.
8. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қызметтiк тұрғын жайларды беру мен пайдалану тәртiбi туралы Нұсқауды және қызметтiк тұрғын жайлар берiлетiн қызметкерлер категориясының тiзбелерiн бекiту туралы" 1986 жылғы 25 желтоқсандағы N 488 қаулысымен (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., N 2, ст. 9; 1987 ж., N 14, ст. 52; 1987 ж., N 23, ст. 96; 1988 ж., N 4, ст.23; 1988 ж., N 13, ст. 67; 1988 ж., N 19, ст. 104; 1989 ж., N 2, ст. 9; 1989 ж., N 17, ст. 67; 1990 ж., N 15, ст. 86; 1991 ж., N 14, ст. 22-23) бекiтiлген қызметтiк тұрғын жайлар берiлетiн қызметкерлер категориясы тiзбесiнiң 12-тармағы мынадай редакцияда берiлсiн.
"12-тармақ. Iшкi iстер министрлiгiнiң, прокуратура органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi, милицияның учаскелiк инспекторлары, Iшкi iстер министрлiгiнiң ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелерiнiң орта және аға басшы құрамы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң сыбайлас жемқорлықпен және контрабандымен күрес жөнiндегi бөлiмшелерiнiң әскери қызметшiлерi, сот орындаушылары мен мемлекеттiк нотариустар".
9. Жергiлiктi әкiмдер жергiлiктi Кеңестердiң тұрғын үй қорынан 1992 жылы және одан кейiнгi жылдарда Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi бас басқарманың және тергеу-оперативтiк бөлiмшелерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi үшiн қызметтiк тұрғын жайлар бөлсiн.
/10-шы тармақ/ <*>
Ескерту. 10-шы тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.08.28. N 1192 қаулысымен. 11. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бiрлесiп ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрестi жандандыруға бағытталған заң жобасын әзiрлеп, 1992 жылдың 1 қазанына дейiн Министрлер Кабинетiне табыс етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 шiлдедегi N 597 қаулысына N 1 қосымша Импорт арқылы алынатын арнаулы техника құралдары мен қару-жараққа деген Қажеттiлiк (Кесте) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 шiлдедегi N 597 қаулысына N 2 қосымша Автокөлiкке, жеке қорғаныс құралдарына, радиостанцияларға, есептеу, бейне-кино, дыбыс жазатын, криминалистiк және басқа техникаға деген Қажеттiлiк (Кесте) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 шiлдедегi N 597 қаулысымен Бекiтiлген Ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және контрабандыға қарсы күреске жәрдемдесудiң арнайы республикалық бюджеттен тыс қоры туралы Ереже
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы "Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығына сәйкес әзiрлендi және де ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және контрабандыға қарсы күресушi оперативтi және тергеу бөлiмшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн қордың (бұдан әрi - қор) негiзгi мiндеттерiн, мақсаты мен хұқығын анықтайды.
2. Қор құрылтайшылары: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Бас прокуратурасы, Кеден комитетi.
3. Қор Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы "Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығының 4-бабына сәйкес, мемлекеттiк қарсы қылмыстан келген шығынның орнын толтыру қаржысының 30-проценттiк бөлшегiнен, сот үкiмдерi негiзiнде республиканың меншiгiне айналған мүлiктi сатудан және сот шешiмi бойынша қылмыстық топтардан алынған және тәргiленген автокөлiк, радиоэлектрондық құралдар, дыбыс және бейнетехникалар, электронды-есептеу құрылғысы, ұйымдастыру iсiнiң техника құралдары және тағы басқа мүлiктерден құралады.
4. Қор заңды ұйым болып табылады, хұқықтармен пайдаланады және Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердiң бүкiл территориясында және шет елдерде өзiнiң қызметiне байланысты мiндеттердi орындайды. Қордың дербес балансы, жарғылық қоры, банкiде есеп айырысу және валюталық есебi, елтаңба белгiленген мөрi мен бұрыштама штампы бар.
5. Қор өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен басқа да нормативтi актiлерiн, халықаралық хұқық актiлерiн және осы ереженi басшылыққа алып отырады.
6. Қордың негiзгi мiндеттерi:
ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және контрабандыға қарсы күресушi оперативтi және тергеу бөлiмшелерiн материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету;
осы бөлiмшелер үшiн мамандар даярлауды қаржыландыруға қатысу;
қайырымдылық қызмет.
7. Өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн қор:
Қазақстан Республикасының территориясында заңды ұйым хұқын пайдалана отырып, филиалдар, бөлiмшелер және өкiлдiктер ашуға, қайта құруға және жоюға;
инвестициялық, сақтандыру және басқа қорларға, холдинг компанияларға, қызметi қордың мiндеттерiне сай келетiн басқа да кәсiпорындар мен ұйымдарға құрылтайшы немесе қатысушы болуға;
шарттар жасасуға, мүлiктi сатып алуға және жалға алуға, сатуға және бiреуге беруге;
қордың қызметiне қажет сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;
жарнама және баспа қызметiн жүзеге асыруға;
шет мемлекеттерде жұмыс iстеу, оқу, қайта даярлау және мамандығын арттыру үшiн мамандар жiберуге;
қайғылы оқиға және зiлзала нәубетi кезiнде хұқық тәртiбiн қорғау органдары қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне қайырымдылық көмек жасауға;
қор бөлетiн қаржының жұмсалуын бақылауға;
республикалық, халықаралық осындай қорлармен қолдау және дамыту мәселелерi жөнiнде ынтымақтасуға;
смета шегiнде құрылымды штат кестесiн және қызметкерлердiң жалақысын дербес белгiлеуге;
өндiрiстiк, коммерциялық, делдалдық және қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асыруға хұқылы.
8. Қор қаржысын қалыптастыру көздерi:
а) мемлекетке қарсы қылмыстан келген шығынның орнын толтыру қаржысының 30 проценттiк бөлшегiнен, сот үкiмдерi негiзiнде республиканың меншiгiне айналған мүлiктi сатудан және сот шешiмi бойынша қылмыстық топтардан алынған және тәргiленген автокөлiк, радиоэлектрондық құралдар, дыбыс және бейнетехникалар, электронды-есептеу құрылғысы, ұйымдастыру iсiнiң техника құралдары және тағы басқа мүлiктер;
ә) консультациялық, әдiскерлiк және баспа жұмыстарынан, сондай-ақ бағалы қағаздардан түскен табыс;
б) ерiктi жарналар және қайырымдылық қаржылары;
в) Қазақстан заңдарына қайшы келмейтiн басқа да көздер.
9. Қорға оперативтi басшылық жасау үшiн құрылтайшылар жиналысында қордың басқармасы, тексеру комиссиясы және президентi сайланады.
10. Қорды қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 13 шiлдедегi
N 597 қаулысымен
Бекiтiлген
Хұқық қорғау органдарына соттың шешiмiмен алынған
және тәргiленген автокөлiктi, радиоэлектрондық
құралдары, дыбыс және бейнетехникаларды,
электронды-есептеу құрылғыларын, ұйымдастыру iсiнiң
техникасын беру, сондай-ақ мемлекетке қарсы қылмыстан
келген нұқсанның орнын толтыру қаржысының
30 процентiн аудару тәртiбi туралы
Нұсқау
Осы Нұсқау хұқық қорғау органдарына соттың шешiмiмен алынған және тәргiленген автокөлiктi, радиоэлектрондық құралдарды, дыбыс және бейнетехникаларды, электронды-есептеу құрылғыларын, ұйымдастыру iсiнiң техникасын берудiң, сондай-ақ мемлекетке қарсы қылмыстан болған нұқсанның орнын толтыру сомасының 30 процентiн, сот үкiмдерi негiзiнде республиканың меншiгiне айналған мүлiктi сатуда түскен қаржыны Мамандандырылған республикалық бюджеттен тыс қордың және жергiлiктi жерлерде оның бөлiмшелерiнiң есебiне аударудың хұқылық негiздерiн, ережелерi мен тәртiбiн анықтайды.
I. Жалпы ережелер
1. Республиканың хұқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын дамыту және оның қызметiн қаржы жағынан қамтамасыз ету үшiн қылмысты топтардан тартып алынған және соттың шешiмiмен тәргiленген автокөлiк, радиоэлектрондық құралдар, дыбыс және бейнетехника, электронды-есептеу құрылғылары, ұйымдастыру iсiнiң техникасы және басқа бұйымдар. Сондай-ақ мемлекетке қарсы қылмыстан келген нұқсанның орнын толтыру сомасының, сот үкiмдерi негiзiнде республиканың меншiгiне айналған мүлiктi сатудан түскен қаржының 30 процентi пайдаланылады.
2. Соттың шешiмiмен автокөлiк, радиоэлектрондық құралдар, дыбыс және бейнетехникалар, электрондық-есептеу құрылғылар, ұйымдастыру iсiнiң техникасы және басқа мүлiктi алу және тәргiлеу ұйымдасқан топтың немесе сотталушының жеке немесе ұжымдық меншiгi болып табылатын мүлiктiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн хұқық қорғау органдарының меншiгiне басы бүтiн алып қоюды бiлдiредi.
3. Тәргiленген автокөлiк, радиоэлектрондық құралдарды, дыбыс және бейнетехниканы, электронды-есептеу құрылғыларын, ұйымдастыру iсiнiң техникасын және басқа мүлiктi алу және беру кезiнде пайда болатын хұқықтық қатынастар қылмыстық iстер жүргiзу заңымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы "Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" N 684 Жарлығымен, қолданылып жүрген нормативтiк актiлермен, сондай-ақ осы нұсқаумен реттеледi.
4. Заң бойынша өндiрiп алуға жатпайтын мүлiктi алуға және тәргiлеуге болмайды.
II. Тәргiленген мүлiктi алу және хұқық қорғау
органдарына беру, сондай-ақ мемлекетке қарсы
қылмыстан келген нұқсанның орнын толтыру сомасының
30 процентiн аудару тәртiбi
5. Мүлiктi тәргiлеу және беру сот үкiмi, қаулысы немесе шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
6. Тәргiленген мүлiктi алудың және берудiң әрбiр фактiсi бойынша құрама iс қағаздары жасалуы керек, оның iшiнде мыналар болуға тиiс:
а) сот үкiмiнiң немесе шешiмiнiң көшiрмесi, немесе мүлiктi алып қою және тәргiлеу туралы жерiнен, оны мамандандырылған республикалық бюджеттен тыс қорға беру туралы, осы қордың есебiне мемлекетке қарсы қылмыстан келген нұқсанның орнын толтыру сомасының, сот үкiмдерi негiзiнде республиканың меншiгiне айналған мүлiктi сатудан түскен қаржының 30 процентiн аудару туралы көшiрме;
ә) алынған және берiлген тәргiленген мүлiктiң тiзiмi және оның құны шығарылған бағасы;
б) актiге жазылған әрбiр заттың жай-күйi мен бағасы және бүкiл мүлiктiң құны;
в) орындауға байланысты басқа құжаттар.
7. Хұқық қорғау органдарына берiлуге немесе сатылуға тиiстi тәргiленген мүлiктiң тiзiмiн республикалық бюджеттен тыс қор жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды, оның құрамына сот орындаушылары, хұқық қорғау органдарының қызметкерлерге сондай-ақ басқа да мамандар кiредi.
8. Комиссия тәргiленген заттардың есебiн алады, жай-күйi мен құнын анықтайды, және оны бөлiп отырады.
9. Алынған және тәргiленген мүлiк тиiстi хұқық қорғау органының өкiлiне сол күйiнде берiледi және мүлiктi алып беру туралы актi жасалады, оған комиссия төрағасының және мүлiктi алушы хұқық қорғау органдарының өкiлдерi қол қояды.
10. Мемлекетке қарсы қылмыстан келген нұқсанның орнын толтыру сомасының, сот үкiмдерi негiзiнде республиканың меншiгiне айналған мүлiктi сатудан түскен қаржының 30 процентiн сот орындаушысы қолданылып жүрген заңға сәйкес борышқорға қойылатын талаптардың бәрi қанағаттандырылған соң мамандандырылған республикалық бюджеттен тыс қордың есеп шотына аударады.
11. Алынған және тәргiленген мүлiктi хұқық қорғау органдарына беру аяқталғаннан кейiн, 30-проценттiк қаржы республикалық бюджеттен тыс қорға аударылған соң iс қағаздары, алыпберу актiлерi мен аудару қағаздары үкiм шығарған халық сотына қайтарылады.
III. Алынған және тәргiленгенiп берiлген
мүлiктi пайдалану мен iске жарату
12. Берiлетiн тәргiленген мүлiк негiзiнен ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және контрабандыға қарсы күрес жүргiзетiн оперативтi және тергеу бөлiмшелерiнде, басқа да хұқық қорғау органдарында, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, хұқық қорғау органдарының хұқықтық ақпарат жүйесiнде пайдаланылады.
13. Хұқық қорғау органдары алынған және тәргiленген мүлiктi дұрыс пайдаланудың есебiн жүргiзiп отырады.