Қазақстан Республикасының Патент Заңының 35-бабына сәйкес және өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн тiркеу қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеу тәртiбiнен мөлшерi бекiтiлсiн.
(2-тармақ) <*>.
(3-тармақ) <*>.
Ескерту. 2,3-тармақтары күшiн жойған - ҚРМК-нiң 05.12.1994 ж.
N 1369 қаулысына сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 20 қазандағы
N 889 қаулысымен
Бекiтiлген
Өнертабыстарды, өнеркәсiп үлгiлерiн және пайдалы
модельдердi патенттеу үшiн, тауар белгiлерi мен қызмет
көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң
атын пайдалану хұқығын беру және тiркеу үшiн
алынатын баж салықтарының мөлшерi мен оны төлеудiң
Тәртiбi <*>
ЕСКЕРТУ. Осы Тәртiптiң мәтiнiндегi "ең аз еңбек ақысының" деген сөздер "есептiк көрсеткiшiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын -
ҚРҮ-нiң 1996.08.09. N 987 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосына (бұдан әрi - Қазпатент) өнертабысқа (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм), өнеркәсiп үлгiсiне (бұдан әрi - өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм), пайдалы модельге (бұдан әрi - пайдалы модельге өтiнiм), өтiнiм беру үшiн, тауар белгiсi мен қызмет көрсету белгiсiн тiркеу үшiн (бұдан әрi - тауар белгiсiн тiркеуге өтiнiм), тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығын беруге және тiркеуге (бұдан әрi - тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығына өтiнiм) өтiнiм беру үшiн ең аз еңбек ақысының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығы төленедi.<*>
Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж конвенциясымен белгiленген, бiрақ заңда қаралған мерзiмнен кешiктiрiлмей мерзiм бiткенше конвенциялық басымдық сұраған өтiнiм беру үшiн, сондай-ақ ұжымдық тауар белгiсiн тiркеуге өтiнiм беру үшiн баж салығы екi еселенген мөлшерде төленедi.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен .
2. Өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге, тауар белгiсiн тiркеуге немесе тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығын тiркеуге өтiнiм беру үшiн баж салығы өтiнiм берiлген кезде төленедi. Бұдан кейiнгi мерзiмде, бiрақ сұрау алған күннен бастап 2 айдан кешiктiрiлмей төленген жағдайда баж салығының мөлшерi 20 процентке өседi.
3. Өтiнiм келiп түскен күннен бастап 2 ай өткен соң өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне немесе пайдалы модельге өтiнiмге түзетулер және (немесе) нақтылаулар енгiзгенi үшiн ең аз еңбек ақысының 1/4 бөлiгi мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
4. Өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге өтiнiм келiп түскен күннен бастап 2 ай өткенге дейiн формальды сараптау өткiзу үшiн ең аз еңбек ақысының 1/4 бөлiгi мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
5. Өнертабысқа өтiнiмдi нақты сараптаудан өткiзу үшiн баж салығы ең аз еңбек ақысының екi еселенген мөлшерiнде төленедi.
Өтiнiмде Патенттiк кооперация туралы халықаралық Келiсiмге сәйкес халықаралық органдардың бiрi дайындаған халықаралық iздестiру туралы есеп немесе алдын ала өткiзiлген халықаралық сараптаудың қорытындысы бар болған жағдайда, осы өтiнiм бойынша нақты сараптау өткiзу үшiн баж салығының мөлшерi 15 процентке азайтылады.
6. Егер өтiнiм бiртұтас өнертабыстық өзара тығыз байланысқан, ой құратын дәрежеде өнертабыстар тобына қатысты болса, әрбiр өнертабыс бойынша бiрден аса нақты сараптау өткiзу үшiн осы Тәртiптiң 5-тармағында белгiленген сомалардың 80 процентi мөлшерiнде қосымша баж салығы төленедi.
7. Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмге нақты сараптау өткiзу үшiн баж салығы ең аз еңбек ақысының мөлшерiнде төленедi.
8. Егер өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм бiрнеше нұсқадан тұрса, онда құрамындағы нұсқа саны 10-ға дейiнгi өтiнiмге нақты сараптау жүргiзу үшiн ең аз еңбек ақысының 1/3 бөлiгi мөлшерiндегi, ал нұсқа саны 10-нан астам болса - ең аз еңбек ақысының 3/4 бөлiгi мөлшерiндегi баж салығы қосымша төленедi.
9. Нақты сараптау жүргiзу үшiн төленген баж салығының сомасы бiртұтас өнертабыстық ой құратын және олар үшiн баж салығы төленуге тиiс өнертабыстар санына немесе өнеркәсiп үлгiсi нұсқаларының санына сәйкес келмеген жағдайда, өтiнiм жасаушының бұл туралы ескерту хат алған күнiнен бастап, екi айлық мерзiмде қосымша төлем жасалады.
10. Өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне бастапқы өтiнiмдi бiрнеше дербес өтiнiмге бөлген жағдайда, қайта берiлетiн бөлiнiп алынған өтiнiмдердiң әрқайсысы үшiн тәуелсiз жеке өтiнiм, ретiнде төлем жасалады. Бұл ретте, бөлiнiп алынған өтiнiмдер заңмен белгiленген талаптарға сәйкес берiлген болса, сараптау жүргiзу үшiн бұрын төленген баж салығы сомалары есепке алынады.
11. Тауар белгiсi өтiнiмiне толық сараптау өткiзу үшiн, тауарлардың немесе қызмет көрсетудiң бiр класына баж салығы ең аз еңбек ақысы мөлшерiнде төленедi және бiрден артық тауарлардың немесе қызмет көрсетудiң әрбiр класы үшiн ең аз еңбек ақысының 1/4 бөлiгi мөлшерiнде қосымша баж сылығы төленедi.
Толық сараптау өткiзу үшiн төленген баж салығы сомасының тауарлардың немесе қызмет көрсетудiң өтiнiмде көрсетiлген кластар санына сәйкес келмеген жағдайында, өтiнiм жасаушының бұл туралы ескерту хат алған күнiнен екi айлық мерзiмде қосымша төлем жасалады.
Тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығына өтiнiмге толық сараптау өткiзу үшiн ең аз еңбек ақысы мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
12. Өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмге нақты сараптау өткiзу үшiн баж салығы Қазақстан Республикасы Патент заңы белгiлеген мерзiмде сараптау өткiзу туралы өтiнiш берген кезде төленедi.
13. Қазпатентке өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiмге қарсылық бiлдiру үшiн ең аз еңбек ақысының 1/2 бөлiгi мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
Өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне патент бас тарту туралы шешiмге қарсылық бiлдiру үшiн ең аз еңбек ақысы мөлшерiнде баж салығы төленедi.
Пайдалы модельге патент беруден, тауар белгiсiн тiркеуден немесе тауардың шыққан жерiнiң атын тiркеуден және тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығына куәлiк беруден бас тарту туралы шешiмге қарсылық бiлдiру үшiн ең аз еңбек ақысының 3/4 бөлiгi мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
14. Қазпатентке өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патент немесе патент берiлуiне пайдалы модельге патент берiлуiне қарсы, тауар белгiсiн тiркеуге немесе тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығын тiркеуге қарсы пiкiр бiлдiру үшiн 13 тарауда белгiленген мөлшерлерде баж салықтары төленедi.
15. Өтiнiм берушiнiң өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш беру үшiн ең аз еңбек ақысы мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
16. 13-15 тараулар бойынша баж салығы тиiстi құжаттарды берген кезде төленедi.
17. Өнертабысқа немесе өнеркәсiп алдын ала патент берiлгенi, пайдалы модельге патент берiлгенi үшiн, тауар белгiсiн және тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығының тiркелгенi үшiн және куәлiк берiлгенi үшiн ең аз еңбек ақысының 1/2 бөлiгi мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
Алдын ала патенттi патентке ауыстыру үшiн ең аз еңбек ақысының 1/4 бөлiгi мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
Патент иесiнiң алдын ала патенттi немесе патенттi өтiнiшi бойынша қайта ресiмдеу үшiн ең аз еңбек ақысының 1/2 бөлiгi мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
Баж салығы алдын ала патент немесе патент беру туралы шешiмдi, тауар белгiсiн немесе тауардың шыққан жерiнiң атын тiркеу және оны пайдалану хұқығын беру туралы шешiмдi алған күнiнен бастап, екi ай iшiнде немесе алдын ала патенттегi немесе патенттегi қателердi түзету туралы өтiнiштi берген кезде төленедi.
Баж салығы жоғарыда көрсетiлген мерзiмнен кейiн, бiрақ ол мерзiмнен 6 ай өтпей төленген жағдайда, баж салығының мөлшерi 50 процентке көбейтiледi. Баж салығы бұл мерзiмде төленбесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.
18. Өнертабыстар мен өнеркәсiп үлгiлерiне алдын ала патенттердi, пайдалы модельдерге патенттердi күшiнде сақтау үшiн баж салықтары (жылдық баж салықтары), патент беруге өтiнiм түскен күннен бастап санағанда, олардың күшiне енуiнiң бiрiншi жылынан, ал өнертабыстар мен өнеркәсiп үлгiлерiне патенттердi - олардың күшiне енуiнiң жылынан бастап, мынадай мөлшерде төленедi (жылына):
---------------------------------------------------------------- Патенттiң ! Өнертабысқа ! Өнертабысқа ! Пайдалы !
күшiне ! алдын ала ! патент ! модельге !
енген жылы ! патент ! ! патент !
----------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 !
----------------------------------------------------------------
Бiрiншi ең аз еңбек - ең аз еңбек
және ақысының 1/2 ақысының 1/3
екiншi бөлiгiнен бөлiгiнен
Үшiншi ең аз еңбек ең аз еңбек ең аз еңбек
ақысының 1/2 ақысының 1/2 ақысының 1/3
бөлiгi бөлiгi бөлiгi
Төртiншi ең аз еңбек ең аз еңбек ең аз еңбек
және ақысының 3/4 ақысының 3/4 ақысынан
бесiншi бөлiгiнен бөлiгiнен
Алтыншы - ең аз еңбек ең аз еңбек
және ақысынан ақысынан
жетiншi (ұзарту)
Сегiзiншi - 1,5 ең аз ең аз еңбек
еңбек ақысы ақысы (ұзарту)
Тоғызыншы - 1,5 еселенген -
ең аз еңбек
ақысы
Оныншы - 2 еселенген -
ең аз еңбек
ақысы
Он бiрiншi - 2 еселенген -
және ең аз еңбек
он екiншi ақысынан
Он үшiншi - 3 еселенген -
және ең аз еңбек
он төртiншi ақысынан
Он бесiншi - 3 еселенген -
ең аз еңбек
ақысы
Он алтыншы - 3/5 ең аз -
он сегiзiншi еңбек ақысынан
Он тоғызыншы - 4 еселенген -
және ең аз еңбек
жиырмасыншы ақысынан
----------------------------------------------------------------
Патенттiң ! Өнертабыс ! Өнертабыс
күшiне енген ! үлгiсiне алдың ! үлгiсiне патент
жылы ! ала патент !
----------------------------------------------------------------
1 ! 5 ! 6
----------------------------------------------------------------
Бiрiншi және ең аз еңбек -
екiншi ақысының 1/3
бөлiгiнен
Үшiншi ең аз еңбек, ең аз еңбек
ақысының 1/3 ақысының 1/3
бөлiгi бөлiгi
Төртiншi және ең аз еңбек ең аз еңбек
бесiншi ақысының 1/2 ақысының 1/2
бөлiгiнен бөлiгiнен
Алтыншы және - ең аз еңбек
жетiншi ақысының 3/4
бөлiгiнен
Сегiзiншi - ең аз еңбек
ақысы
Тоғызыншы - ең аз еңбек
ақысы
Оныншы - 1,5 ең аз еңбек
ақысы
Он бiрiншi - 2 еселенген ең аз
және еңбек ақысынан
он екiншi (ұзарту)
Он үшiншi - 2 еселенген
және ең аз еңбек
он төртiншi ақысынан
(ұзарту)
Он бесiншi - 2 еселенген
ең аз еңбек
ақысы (ұзарту)
Он алтыншы - -
он сегiзiншi
Он тоғызыншы - -
және
жиырмасыншы
19. Жылдық баж салығы алдын ала патенттiң немесе патенттiң толық жыл бойы үшiн төленедi. Өнертабысқа немесе өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патенттi, пайдалы модельге патенттi күшiнде ұстау үшiн жылдық баж салығының бiрiншi жарнасы қорғау құжатын беру үшiн баж салығын төлеумен бiр уақытта төленедi.
Өнертабысқа немесе өнеркәсіп үлгiсiне патенттi күшiнде ұстау үшiн жылдық баж салығының бiрiншi жарнасы патенттi пайдаланудың үшiншi жылы басталғанға дейiн немесе патенттi беру үшiн баж салығын төлеумен бiр уақытта төленедi.
Алдын ала патенттi немесе патенттi пайдалануының әрбiр келесi жылына баж салығы тиiстi қорғау құжатының пайдаланылып отырған жылы өткенге дейiн төленедi.
20. Тауар куәлiктiң немесе тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығына куәлiктiң пайдалану мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш беру үшiн тауарлардың немесе қызмет көрсетудiң бiр класы үшiн ең аз еңбек ақысының мөлшерiнде және бiрден артық тауарлар мен қызмет көрсетудiң әрбiр класы үшiн ең аз еңбек ақысының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығы төленедi.
Баж салығы куәлiк иесiнiң заңмен белгiленген мерзiмде өтiнiш берген кезiнде төленедi.
21. Жылдық баж салығы, пайдалы модельге патенттiң немесе тауар белгiсiне немесе тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығына куәлiктiң пайдалану мерзiмiн ұзарту үшiн баж салығы белгiленген мерзiмнен кейiн, бiрақ кейiн алты ай өтпестен төленген жағдайда, осы Тәртiптiң 18, 20-тармақтарында белгiленген баж салықтарының мөлшерi 50 процентке көбейедi.
Тауар белгiсiне куәлiктiң және тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығына куәлiктiң пайдалану мерзiмiн ұзарту үшiн баж салығын және жылдық баж салығын төлеу мерзiмi 6 айдан аса кешiктiрiлсе, тауар белгiсiн тiркеудiң күшi жойылады, ал өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, алдын ала патенттi немесе патенттi, пайдалы модельге патенттi және тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығына куәлiктi пайдалану тоқтатылады.
22. Өнертабысқа өтiнiмдi пайдалы модельге өтiнiмге немесе пайдалы модельге өтiнiмдi өнертабысқа өтiнiмге өзгертуге өтiнiш беру үшiн ең аз еңбек ақысының 1/4 бөлiгi мөлшерiндегi баж салығы төленедi.
23. Тауар белгiсiне немесе тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану хұқығына куәлiктiң иесi Реестр мен куәлiкке заңда қамтылған өзгерiстер енгiзу қажеттiгi туралы ескерту хат бергенi үшiн ең аз еңбек ақысының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде баж салығы төленедi.
24. Алдын ала патентке немесе патентке хұқық беру туралы, тауар белгiсiн немесе лицензиялық шартты беру туралы шартты тiркеу үшiн ең аз еңбек ақысы мөлшерiнде баж салығы төленедi.
25. Патенттiк сенiмдi өкiлдi тiркеу үшiн баж салығы ең аз еңбек ақысы мөлшерiнде төленедi.
26. Заңда қамтылған және бұл Тәртiпте аталмаған жеке тiлектер, өтiнiштер бойынша iс-әрекет жасауға, сондай-ақ қызмет көрсетуге, Қазпатент белгiлеген тариф бойынша ақы төленедi.
27. Кез келген адамға лицензия (ашық лицензия) алуға хұқық бергенi үшiн патент иесi Қазпатентке тиiстi арыз бергенде патенттi күшiнде ұстау алынатын баж салығы 50 процентке азайтылады.
28. Өз атына қорғау құжатын сұраушы өнертабыстардың, өнеркәсiп үлгiлерiнiң, пайдалы модельдердiң авторлары болып табылатын, азаматтар, сондай-ақ қызметi пайда келтiрмейтiн коммерциялық емес ұйымдар (университеттер, жоғары оқу орындары және басқалар) осы Тәртiптiң 1 және 17 тармақтарында қарастырылған белгiленген соманың 50 процентi мөлшерiнде баж салығын төлейдi.
Жалпы табысы ең аз еңбек ақысынан артпайтын азаматтар осы Тәртiптiң 1 тармағына сәйкес баж салығын төлеуден босатылады.
Баж салығы мөлшерiн азайту үшiн, қызметiнiң коммерциялық емес сипатта екенiн растайтын құжаты қоса тiркелген (ұйымдар үшiн) тиiстi өтiнiш, ал баж салығын төлеуден босату үшiн - азаматтардың тұрған жерiндегi мемлекеттiк салық қызметi органдарының құжатымен расталған өтiнiш негiз болады.
29. Өз атына қорғау құжатын сұраған өнертабыстардың, өнеркәсiп үлгiлерiнiң авторлары болып табылатын, азаматтар тиiстi өтiнiш берген жағдайда осы Тәртiптiң 5-9 және 18 тармақтарында көзделген (бiрақ патенттi пайдалана бастаған 10 жылдан аспауға тиiс) белгiленген соманың 50 процентi мөлшерiнде баж салығын төлеп, кейiн қосымша төлем жасай алады.
Төлеу мерзiмi өнертабысты немесе өнеркәсiп үлгiсiн пайдаланудан, алдын ала патентке немесе өнертабысты не өнеркәсiп үлгiсiн пайдалануда хұқықты басқа адамдарға бергеннен (лицензиялық шарт жасау) пайда түскенге дейiн ұзартылады, бiрақ ол үш жылдан аспауға тиiс. Белгiленген баж салығы мөлшерiне жетпей тұрған сома ұзартылған әр жыл үшiн 20 процентке көбейтiлiп төленедi.
30. Баж салығын Казпатент алады және ол ведомствоның арнаулы қаражат жөнiндегi ағымдағы есебiне аударылады.<*>
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 05.12.1994 ж.
N 1369 қаулысына сәйкес.
31. Шетелдік валютадағы баж салықтарының мөлшерін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патент ведомствосының аталған баж салықтарын шетелдік патент ведомстволарының төлеттіру тәжірибесін ескере отырып жасалған ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті бекітеді. <*>
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 04.06.1993 ж.
N 265 қаулысына сәйкес.
32. Баж салығы дұрыс төленбеген немесе баж салығы пайдаланылмаған жағдайлардан басқа кездерде, төленген баж салықтары қайтаруға жатпайды.
Төленген сома, егер нақты шығындар орын алған болса, оларды есептен шығарып тастап, басқа баж салықтарын төлеу шотына ауыстырылуы немесе баж салығын төлеген адамның өтiнiшi бойынша қайтарылып берiлуi мүмкiн.
Баж салығын қайтаруды соманың бюджетке қосылған күнiнен бастап бiр жылдық мерзiм өткенше баж салығы бюджетiне түскен аудан немесе қаланың қаржы органы жүзеге асырады.
Баж салығын қайтару төлем жасаушының арызы бойынша қайтарылады. Арызға Қазпатенттiң баж салығын толық немесе iшiнара қайтаруға негiз болатын жағдайлар туралы анықтамасы, сондай-ақ егер баж салығы толық қайтарылуға тиiс болса, баж салығының төленгенiн растайтын құжаттардың түпнұсқасы қоса берiледi.