Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Пәкістан Ислам
Республикасы Үкiметi арасында үкiметаралық бiрлескен комиссия
құру туралы хаттамаға сәйкес және Қазақстан Республикасы мен
Пәкістан Ислам Республикасы арасында қол жеткiзiлген
уағдаластықтарды жүзеге асыру және өзара тиiмдi ынтымақтастықты
одан әрi дамыту жөнiндегi жұмысты үйлестiру мақсатында Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени
ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақ-пәкістан бiрлескен
комиссияның қазақ бөлiгi мына құрамда бекiтiлсiн:
Құлыбаев А.А. - Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрi (комиссияның
теңтөрағасы)
<*>
комиссия мүшелерi:
Айманов Әдiлбек - Сыртбайланыс министрiнiң
Кенжалыұлы орынбасары
Әлпиев Төлеубек - Мәдениет министрiнiң
Нығметұлы орынбасары
Нұрымова Раушан - Сауда министрiнiң орынбасары
Есқазықызы
Тоқаев Қасымжомарт - Сыртқы iстер министрiнiң
Кемелұлы орынбасары
Мәренов Төлеген - Мемэкономком төрағасының
Алдықұлұлы орынбасары
Жаманбаев Ербол - "Әлем Банк-Қазақстан" Басқармасы
Қадырұлы төрағасының орынбасары
Әмiреева Клара - "Қазжеңiлөнеркәсiп" концернi
Боранбайқызы төрағасының орынбасары
Сұраншинова Гүлзада - Президент пен Министрлер Кабинетi
Битөлекқызы Аппараты Сыртқы байланыстар
бөлiмiнiң референтi
Хабибуллина Людмила - Сыртбайланысминi Сыртқы
Петровна экономикалық байланыстарды
үйлестiру және дамыту
басқармасының бас экономисi
(комиссия хатшысы)
Ескерту. Құрамға өзгерту енгiзiлді - ҚРМК-нiң 1995.04.13. N 459
қаулысымен.
Құрамға өзгерiс енгiзiлді - ҚРМК-нiң 1996.01.25. N 94
қаулысымен.
2. Үкiметаралық комиссиясының қазақ бөлiгiне, қажет болған
жағдайда, тұрақты комиссиялар құру, олардың құрамын, функциялары
мен жұмысының негiзгi бағыттарын анықтау хұқы берiлсiн.
3. Министрлiктер, ведомстволар, облыс, Алматы және Ленинск
қалаларының әкiмдерi комиссияның жұмысына барынша көмек
көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары