Алматы қаласында орта класты автобустар шығаратын бiрлескен кәсiпорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 7 желтоқсан 1992 ж. N 1025

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақ мемлекеттiк "Қазавтокөлiк" автокөлiк концернi мен Ресей Федерациясындағы Павловск автобус зауытының Алматы қаласында N 2 Алматы автожөндеу бiрлестiгi негiзiнде жылдық бағдарламасы ПАЗ 3205 модельдi орта класты 1000 автобус шығаратын бiрлескен кәсiпорын құру туралы инициативасы мақұлдансын.
      2. "Қазавтокөлiктехника" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiне автомобиль жасауға қатысты ғылыми, тәжiрибелiк-конструкторлық және жобалау жұмыстарын жүргiзу жүктелсiн.
      Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, Қазақ мемлекеттiк "Қазавтокөлiк" автокөлiк концернi осы аталған жұмыстарды жүргiзу үшiн "Қазавтокөлiктехника" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiне қаржы бөлудi көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қаржы министрлiгi мен республикалық "Қазконтракт" контрактылық корпорациясы 1993 жылы Қазақ мемлекеттiк "Қазавтокөлiк" автокөлiк концернiне автомобиль жасауды дамыту

үшiн қажеттi ақша қаражаты мен материалдық ресурстар бөлудi
көздейтiн болсын.
     4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қарағанды
қаласында орта класты автобустар шығаратын бiрлескен кәсiпорын
құру туралы" 1992 жылғы 20 қазандағы N 884 қаулысының күшi 
жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi
      
      


О создании в г.Алма-Ате совместного предприятия по выпуску автобусов среднего класса

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 7 декабря 1992 года N 1025

      Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить инициативу Казахского государственного автотранспортного концерна "Казавтотранс" и Павловского автобусного завода Российской Федерации о создании в г.Алма-Ате на базе Алма-Атинского авторемонтного объединения N 2 совместного предприятия с годовой программой выпуска 1000 автобусов среднего класса модели ПАЗ 3205.
      2. Возложить на научно-производственное объединение "Казавтотранстехника" проведение научных, опытно-конструкторских и проектных работ, связанных с автомобилестроением.
      Министерству науки и новых технологий, Министерству промышленности, Министерству транспорта Республики Казахстан, Казахскому государственному автотранспортному концерну "Казавтотранс" предусматривать выделение средств научно-производственному объединению "Казавтотранстехника" для проведения указанных работ.
      3. Государственному комитету по экономике, Министерству финансов, Министерству транспорта Республики Казахстан и Республиканской контрактной корпорации "Казконтракт" предусмотреть на 1993 год направление Казахскому государственному автотранспортному концерну "Казавтотранс" необходимых финансовых средств и материальных ресурсов для развития автомобилестроения.
      4. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 октября 1992 года N 884 "О создании в г.Караганде совместного предприятия по выпуску автобусов среднего класса".

            Премьер-министр
          Республики Казахстан