Қазақстан Республикасының жер қойнауы жөнiндегi ақпараттарды (беру, айырбастау, сату) тарату тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 8 желтоқсан 1992 ж. N 1034. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.04. N 779 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының жер қойнауы жөнiндегi ақпараттарды тарату (беру, айырбастау, сату) тәртiбi туралы ұсынылған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1992 жылғы 8 желтоқсандағы      
N 1034 қаулысымен          
Бекiтiлген              

            Қазақстан Республикасының жер қойнауы жөнiндегi
              ақпараттарды (беру, айырбастау, сату) тарату
                        тәртiбi туралы
                             Ереже 

                            1. Жалпы ережелер
 
      Ереже Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Кодексiне негiзделiп әзiрлендi.
      1. Жер қойнауы туралы ақпаратқа геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу, пайдалану және басқа жұмыстар жүргiзу процесiнде алынған барлық геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, әуеғарыштық, экономикалық және басқа да жер қойнауын сипаттайтын мәлiметтер енедi.
      2. Ақпараттың меншiк иесi ақпарат алу жұмысын қаржыландыратын тапсырысшы болып табылады.
      Осы жұмыстарды мемлекеттiк бюджетпен қаржыландыратын мемлекет, жер қойнауын геологиялық зерделеу жұмысын өз жеке қаражаты есебiнен қаржыландыратын кәсiпорын, заңды ұйым мен жеке адам жер қойнауын геологиялық зерделеу тапсырысшысы бола алады.
      3. Жер қойнауы жөнiндегi ақпарат тауарға жатады және өзiнiң құндық сипаты (бағасы) болады. Ақпараттың бағасын коньюктура негiзiнде оның меншiк иесi анықтайды.
      4. Жер қойнауы жөнiндегi геологиялық және басқа ақпараттар қаржыландыру көзiне қарамастан мiндеттi түрде Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне белгiленген стандарт бойынша ақысыз берiледi.
      5. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы кодексiне (37-бап, 7-тармақ) сәйкес Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне жер қойнауы жөнiндегi ақпаратқа меншiк иесiнiң мiндеттерi мен хұқықтары бекiтiлген, егер ол мемлекеттiк қаржы есебiнен алынған болса, осы Ережеде бекiтiлген тәртiп бойынша таратылады (берiледi, айырбасталады, сатылады). Жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты осы ақпаратты алу үшiн қаржыландырудың басқа көздерiнен қаржыландырылған басқа тапсырысшының жұмыс нәтижесiнен алынған осы тапсырысшылармен жасалған шарт бойынша Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi таратады. Меншiк иесi сияқты мемлекеттiң мүдделерi (мемлекеттiк бюджет мүдделерi) Қазақстан Республикасының салық заңдарымен қорғалады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.19.
               N 71 қаулысымен.
      6. Ақпаратты сатудан түскен кiрiс көлемi Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi (не оның өкiлi) мен ақпараттың меншiк иесiнiң өзара комиссиялық шарты арқылы анықталады. Шартта геологиялық барлау немесе басқа жұмыстардың қандай сатыда қаржыландырылғаны анық белгiленедi және тiкелей сметалық-қаржылық есеппен жер қойнауы жөнiндегi ақпараттың нақ осы бөлiгiнiң бағасы анықталады.
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi ақпаратты сатуды меншiк иелерiнiң қатысуымен iске асырады және көрсетiлген қызмет үшiн таза кiрiстен өз үлесiн алады.
      7. Жер қойнауы жөнiндегi ақпарат таратудағы шарттар мен контракттар Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнде есепке алынуға және тiркелуге тиiс.
      Жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты тарату (беру, айырбастау, сату) шарттар мен контрактта ескерiлген жағдайлардан тыс беру, үшiншi жаққа қайта сату немесе ысыраптау хұқынсыз жүзеге асырылады.
      8. Жер қойнауы жөнiндегi ақпараттың меншiк иесiнiң хұқығы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату туралы Кодексiнде және меншiк туралы азаматтық заңдар  нормаларымен белгiленген тәртiппен қорғалады.
     Бұл Ереже мемлекеттiк құпиясына жататын, ақпараттарға  таратылмайды.
     Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.19.
              N 71 қаулысымен.

                II. Жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты
                    тарату (беру, айырбастау, сату)

      Геологиялық ақпаратты берудiң, айырбастаудың, сатудың келесi тәртiбi осы Ережеде анықталады.
      9. Жер қойнауы жөнiндегi барлық ақпарат көздеген мақсатына қарай бес түрлi пакетке бөлiнедi;
      мемлекеттiк қорға тiркелген кен көздерiнiң тiзiмдерi; олар жыл сайын жарияланады, шетел фирмалары мен азаматтарын қосып айтқанда, ашық сатылуда үнемi бола алады;
      жалпы (танысу) ақпарат орны, олардың геологиялық қысқаша сипаттамасы, пайдалы қазбаның жалпы ауқымы мен болашақ өндiрiстiң техникалық-экономикалық параметрлер енгiзiледi. Ондай проспекттер, шетел фирмалары мен азаматтарын қосып айтқанда, ашық сатылуда бола алады;
      ақпарат шаруашылық құрылым құру үшiн құрылтай құжаттарының жобаларын жасап, осы өндiрiстi жүргiзуге негiз бередi. Бұл ақпарат сатып алушының нақты ұсыныстарын әзiрлеп, iске асырылуын (өндiрiстiң технологиясы мен ауқымын, күтiлетiнi пайданы, есептегi өзiндiк құнды, Республика қаржысына төленетiн күтiлетiн пайданы және басқа) қамтамасыз етуi тиiс. Мұндай пакеттер Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жетекшiлерiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы iшiндегi заңды ұйымдар мен нақты адамдарға немесе Министрлiктiң кәсiпорындарымен ресми келiссөз жүргiзушi шетел фирмалары мен адамдарына сатылады;
      кен көздерi (жер қойнауының бөлiгi) жөнiндегi ақпараттың толық жағы, шетел фирмалары мен адамдарын қоса есептегенде, кен көздерiн пайдалану iсiн жүргiзу хұқысымен бiрге сатылады;
      сатып алушылар мүдделi болған жер қойнауы немесе кен көзi жөнiндегi ақпараттың белгiлi бөлiгi ерекше жағдайда ғана таратылуы мүмкiн.
      10. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi шаруашылық есептегi Геологиялық ақпарат Басқармасын құрады, ол заңды ұйымның ақпарат пакеттерiн сату алдындағы барлық дайындық хұқын иеленедi және оларды сату, айырбастау, берудi тек көрсетiлген Басқарма жүргiзедi.
      11. Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландырушы барлық тапсырысшылар, олардың қандай ведомствоға және меншiктiң қандай нысандарына жататындарына қарамастан, алынған геологиялық ақпаратты тарату есебiмен тiркеудi жүргiзетiн Геологиялық ақпарат басқармасы арқылы ғана (сатады, бередi, айырбастайды) тарата алады. Мұнымен қатар геологиялық ақпаратты қабылдау және оны дайындау (пакеттерге айналдыру) алдын ала және комиссиялық төлемдердi ескере отырып, келешекте таратудан түсетiн ақшаға меншiк иесiнiң хұқын сақтау арқылы шарт жасау жағдайында жүзеге асырылады.
      12. Геологиялық ақпаратты сату классикалық өзара қарым-қатынас: өндiрушi - сатушы - сатып алушы тәртiптерi бойынша жүргiзiледi, мұндағы өндiрушi - геологиялық барлау кәсiпорны (аттестацияланған), сатушы-басқарма, сатып алушы-кез келген заңды ұйым немесе жеке адам.
      13. Егер жер қойнауы жөнiндегi ақпарат бәсекелiк ұсыныстар процесiнде территорияны немесе кен көздерiн концессияларға табыстауға өткiзiп сатылатын болса, онда сату жағдайлары (баға, кiрiстi бөлу) бәсеке ережелерiмен Қазақстан Республикасы жер қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату туралы Кодексiнiң 37 бабына сәйкес белгiленедi.
      14. Жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты сату-сатып алу фактiсiн және ол ақпаратты жаңа иеленушiнiң көзделген мақсатқа пайдалану хұқығын дәлелдейтiн бiрден-бiр құжаттар сату-сатып алу актi (шарт)  және ақпараттың толыққандылығы туралы төлқұжат-сертификат (кепiлдемелiк мiндеттеме) болып табылады. Ол екi құжат қатаң есепте болады және оларды Геологиялық ақпарат басқармасы дайындайды.

                 III. Геологиялық ақпараттарды
                     таратудағы хұқылық жағдайлар

     15. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне жүктелетiн жауапкершiлiк:
     жер қойнауы жөнiндегi таратылатын мемлекеттiк ақпараттың дұрыстығы үшiн;
     жер қойнауы жөнiндегi ақпараттың дұрыс дайындалуы және оны тарату тәртiбiнiң сақталуы үшiн;
     ақпаратты таратудан мемлекет көзқарасымен қарағанда пайда  түсуi үшiн.
      16. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң геологиялық ақпаратты тарату кезiнде:
      айырбастың мәнi мен ретiн белгiлеуге;
      маңыздылығына және конъюктураға байланысты таратылатын ақпараттың құнын белгiлеуге;
      мемлекеттiк және қоғамдық органдардың заңға қайшы барлық әрекеттерiн көрсетiп, сотқа шағым-арыз беруге және аралық сотқа талдауға хұқығы бар.
      17. Егер жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты сатып алу-сату актi Геологиялық ақпарат басқармасынан тыс жүргiзiлген болса, онда барлық түсiм Республиканың валюталық қорына қайтарылады, ал жер қойнауы жөнiндегi ақпарат сатып алушыдан жер қойнауын қорғау және пайдалану үшiн Мемлекеттiк бақылау органдары арқылы қайтарылып алынады.
      18. Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, кәсiпорындары, заңды ұйымдары мен азаматтары, ТМД республикалары, шет елдер арасында жер қойнауы жөнiндегi ақпараттарды тарату жөнiнде туған даулар соттарда және арбитраждық соттарда Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiп бойынша қаралуға тиiс.

Об утверждении Положения о порядке реализации (передачи, обмена, продажи) информации о недрах Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 8 декабря 1992 года N 1034. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 4 августа 2003 г. N 779

      Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Утвердить прилагаемое Положение о порядке реализации (передачи, обмена, продажи) информации о недрах Республики Казахстан.
 

                     Премьер-министр
           Республики Казахстан

                                    УТВЕРЖДЕНО
                          постановлением Кабинета Министров
                                Республики Казахстан
                           от 8 декабря 1992 года N 1034

                           П О Л О Ж Е Н И Е
      о порядке реализации (передачи, обмена, продажи)
          информации о недрах Республики Казахстан

                    I. Общие положения
      Положение разработано на основании Кодекса Республики Казахстан о недрах и переработке минерального сырья.
      1. Информация о недрах включает в себя все геологические, геофизические, геохимические, аэрокосмические, экономические и иные данные, характеризующие недра и полученные в процессе геологоразведочных, научно-исследовательских, эксплуатационных и других работ.
      2. Собственником информации является заказчик, финансирующий работы, в результате которых получена информация.
      Заказчиками геологического изучения недр могут быть: государство, финансирующее эти работы из госбюджета; предприятия, юридические и физические лица, финансирующие работы по геологическому изучению недр за счет собственных средств.
      3. Информация о недрах является товаром и имеет стоимостное выражение (цену). Цену информации определяет ее собственник на основании конъюнктуры.
      4. Независимо от источника финансирования геологическая и иная информация о недрах в обязательном порядке безвозмездно по установленному стандарту передается на хранение и систематизацию в Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан.
      5. В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О недрах и переработке минерального сырья" (ст. 37, п.7) за Министерством геологии и охраны недр Республики Казахстан закреплены права и обязанности собственника на геологическую информацию о недрах, которую оно может реализовать (передать, обменять, продать) в порядке, установленном данным Положением, если она получена за счет госбюджетных ассигнований. Информация о недрах, полученная в результате работ другого заказчика, финансировавшего получение этой информации за счет иных источников, реализуется Министерством геологии и охраны недр Республики Казахстан по договору с этим заказчиком. Интересы государства как собственника (интересы государственного бюджета) защищаются налоговым законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. В пункте 5 исключены слова - постановлением Правительства РК от 19 января 1996 г. N 71.
      6. Объем дохода от продажи информации определяется комиссионным договором между Министерством геологии и охраны недр Республики Казахстан (его представителем) и собственником информации. В договоре четко устанавливается на какой стадии финансировались геологоразведочные и другие работы и прямым сметно-финансовым расчетом определяется цена именно этой части информации о недрах.
      Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан осуществляет продажу информации с участием собственника и получает свою долю за услуги от чистого дохода.
      7. Договоры и контракты на реализацию информации о недрах подлежат учету и регистрации в Министерстве геологии и охраны недр Республики Казахстан.
      Реализация (передача, обмен, продажа) информации о недрах осуществляется без права передачи, перепродажи в третьи руки или тиражирования, кроме случаев, оговоренных договором или контрактом.
      8. Защита прав собственности на информацию о недрах охраняется в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан о недрах и переработке минерального сырья и нормами гражданского законодательства.
      Настоящее Положение не распространяется на информацию, составляющую государственную тайну.
      Сноска. В абзаце первом заменены слова - постановлением Правительства РК от 19 января 1996 г. N 71 .

          II. Порядок реализации (передачи, обмена,
                  продажи) информации о недрах
      Настоящим Положением определяется порядок передачи, обмена, продажи геологической информации.
      9. Вся информация о недрах по целевому назначению делится на пять типов пакетов:
      списки месторождений, зачисленных в государственный фонд, публикуются ежегодно и могут находиться постоянно в свободной продаже, в том числе зарубежным фирмам и гражданам;
      общая (ознакомительная) информация (проспекты), в которую включаются местонахождение месторождения, структуры или региона, их краткая геологическая характеристика, общий объем полезных ископаемых и ориентировочные технико-экономические параметры будущей эксплуатации. Такие проспекты могут находиться в свободной продаже, в том числе зарубежным фирмам и гражданам;
      информация, на основе которой можно составить проекты учредительных документов на создание хозяйственных структур для реализации их производств. Эта информация должна обеспечить разработку реальных предложений со стороны покупателя (технологию и объем производства, ожидаемую прибыль, расчетную себестоимость, ожидаемые выплаты в бюджет республики и др.). Такие пакеты продаются Министерством геологии и охраны недр Республики Казахстан по согласованию с собственником юридическим и физическим лицам внутри Республики Казахстан и иностранным фирмам и лицам, ведущим официальные переговоры с организациями Министерства;
      полный пакет информации о месторождении (участке недр) продается с правом проведения эксплуатации месторождений, в том числе иностранным фирмам и лицам;
      определенная часть информации о недрах или месторождении, в которой заинтересован покупатель, может быть реализована в особых случаях.
      10. Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан создает хозрасчетное Управление геологической информации, которое наделяется правами юридического лица. Вся предпродажная подготовка пакетов информации и их продажа, обмен, передача производятся только в указанном Управлении.
      11. Все заказчики, финансирующие геологоразведочные работы, независимо от их принадлежности к ведомству и форме собственности, могут реализовать (продать, передать, обменять) полученную геологическую информацию только через Управление геологической информации, которое ведет учет и регистрацию реализации. При этом приемка геологической информации и ее подготовка (превращение в пакеты) осуществляются на договорных условиях при сохранении прав собственника на будущую выручку от реализации с учетом предварительных и комиссионных выплат.
      12. Продажа геологической информации осуществляется по правилам классических взаимоотношений: производитель - продавец - покупатель, где производитель - геологоразведочное предприятие (аттестованное), продавец - Управление, покупатель - юридическое или физическое лицо.
      13. В случае, если информация о недрах продается в процессе конкурсных предложений на предоставление концессии на территорию или месторождение, то условия продажи (цена, распределение дохода) устанавливаются в соответствии с положением конкурса и соблюдением ст. 37 Кодекса Республики Казахстан о недрах и переработке минерального сырья.
      14. Документами, подтверждающими факт купли-продажи информации о недрах и право нового владельца использовать эту информацию по назначению, являются акт (договор) купли-продажи и паспорт-сертификат о полноценности информации (гарантийное обязательство). Оба документа являются документами строгой отчетности и оформляются Управлением геологической информации.

          III. Правовые условия реализации геологической
                             информации
      15. Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан несет ответственность за:
      достоверность реализованной государственной информации о недрах;
      правильность оформления и соблюдение порядка реализации информации о недрах;
      выгодную с точки зрения государства реализацию информации.
      16. Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан имеет право при реализации геологической информации:
      устанавливать предмет и процедуру обмена;
      устанавливать стоимость реализуемой информации в зависимости от ее значимости и конъюнктуры;
      судебного обжалования всех неправомерных действий государственных и общественных органов и третейского разбора споров.
      17. В случае совершения акта купли-продажи информации о недрах вне Управления геологической информации вся выручка возвращается в Республиканский валютный фонд, а информация о недрах изымается у покупателя органами Государственного контроля за охраной и пользованием недрами.
      18. Споры по реализации информации о недрах между Министерством геологии и охраны недр Республики Казахстан и государственными органами, предприятиями, юридическими лицами и гражданами Республики Казахстан, республик СНГ, зарубежных стран подлежат рассмотрению в судах и арбитражных судах в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.