Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ғылым, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комитетiнiң аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Лауазымдық жалақылардың жаңа мөлшерi 1992 жылғы 1 тоқсаннан бастап енгiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
"Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм
саласындағы Мемлекеттiк Кабинетi жанындағы Қазақстан
Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы
Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы Ереженi
бекiту туралы" 1992 жылғы 7 қазандағы N 834 қаулысының
2-бабының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 54 қаулысымен бекiтiлген |
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым,
техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк
сыйлықтары жөнiндегi комитет аппараты
қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары