Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi қызметкерлерi лауазымдық жалақыларының схемасы N 1-5 кестелерге сәйкес бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қажет болған жағдайда аталған мақсаттарға арнап, қосымша қаржы және еңбек ақы қорын бөлу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 16 ақпандағы N 116 қаулысына N 1 кесте Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң орталық аппараты басшыларының, басшы қызметкерлерi мен мамандарының Лауазымдық жалақылары N 2 кесте Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң облыстардағы, Алматы және Ленинск қалаларындағы басқармаларының басшы қызметкерлерi мен мамандарының Лауазымдық жалақылары N 3 кесте Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiнiң қалалардағы бөлiмшелерiнiң басшы қызметкерлерi мен мамандарының Лауазымдық жалақылары N 4 кесте Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi аудандық бөлiмшелерiнiң басшы қызметкерлерi мен мамандарының Лауазымдық жалақылары N 5 кесте Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi органдарының аппараты қызметшiлерiнiң Лауазымдық жалақылары
Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi аппаратының жалпы бөлiм, бiрiншi бөлiм, шаруашылық бөлiмi, құжатхана, қабылдау және басқа осындай бөлiмшелерi бастықтарының /меңгерушiлерiнiң/ лауазымдық жалақылары комитеттiң тиiстi органы бас /жетекшi/ мамандарының лауазымдық жалақылары деңгейiнде белгiленедi.