Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, жерде сирек ұшырасатын және сирек элементтердi, платина тобының металдарын, радиоактивтi элементтерiн, олардың қорытпаларын, қосылыстары мен оксидтерiн қоса, ядролық емес арнаулы материалдар, қоса қабат мақсатта пайдаланылатын материалдар мен технологиялар, радиоактивтi иондайтын сәуле көздерi мен изотопты өнiмдер экспорты мен импортына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар, ядролық емес арнаулы материалдар, қоса қабат мақсатта пайдаланылатын жабдықтар, материалдар мен технологиялар, радиоактивтi сәуле көздерi мен изотопты өнiмдер экспорты мен импорты туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен, Экономминiмен, Сырт байланысминiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп бiр ай мерзiмде осы қаулыдан туындайтын қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары ведомстволық нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкестендiретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 9 наурыздағы
N 183 қаулысымен
Бекiтiлген
Ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар,
қондырғылар,ядролық емес арнаулы материалдар,
қоса қабат мақсатта пайдаланылатын жабдықтар,
материалдар мен технологиялар, радиоактивтi сәуле
көздерi мен изотопты өнiмдер экспорты
мен импорты туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже ядролық материалдардың, технологиялардың, жабдықтардың, қондырғылардың және ядролық материалдар өндiру үшiн пайдаланылатын ядролық емес арнаулы материалдардың, қоса қабат мақсатта пайдаланылатын жабдықтардың, материалдар мен технологиялардың, сондай-ақ радиоактивтi қалдықтарды қоса алғанда, радиоактивтi сәуле көздерiнiң және изотопты өнiмдердiң /радиоактивтi және жасанды жолмен алынған тұрақты изотоптардың/ Қазақстан Республикасынан экспортталуы мен Қазақстан Республикасына импортталуын реттейдi және сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының 2612, 2844, 2845 және 8401 бағыттарына енетiн барлық тауарларға қатысты.
Ядролық материалдарды, технологияларды, жабдықтарды, қондырғыларды, ядролық емес арнаулы материалдарды, қоса қабат мақсатта пайдаланылатын жабдықтарды, материалдар мен технологияларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелу мен Қазақстан Республикасынан әкету бұдан әрi ядролық импорт және ядролық экспорт деп аталады.
Осы Ереже осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларындағы Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң /МАГАТЭ/ терминдерi мен анықтамаларында көрсетiлген ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар және ядролық материалдарды өндiру үшiн пайдаланылатын ядролық емес арнаулы материалдар, қоса қабат мақсатта пайдаланылатын жабдықтар, материалдар мен технологиялар тiзбесiне таратылады.
2. Осы Ережемен реттелетiн ядролық экспорт пен ядролық импорт Қазақстан Республикасының Экономминi белгiлейтiн квоталар шегiнде, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiмен алдын ала келiсiлiп белгiленген үлгiдегi өтiнiштер негiзiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi беретiн лицензиялар бойынша жүзеге асырылады. Лицензиялар атом энергиясын пайдалану саласында белгiлi бiр қызмет түрiн жүргiзуге, соның iшiнде тиiстi материалдарды өндiруге, пайдалануға, сақтауға немесе тасымалдауға Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiнен рұқсат алған заңды ұйымдарға берiледi.
3. Ядролық экспортқа лицензиялар беру өтiнiштерiн келiсу үшiн Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне:
а/ ядролық экспорт заттарын дайындаушыны көрсететiн, ал ядролық материалдар мен радиоактивтi сәуле көздерi үшiн - оның тиiстi өндiрiстiк қызметке хұқығын растайтын;
б/ ядролық экспорт заттарының өнiм дайындаушыдан лицензияны ұсынушыға берiлгенiн және олардың шетелге берiлуiне дайындаушы тарапынан шектеулер жоқ екенiн растайтын;
в/ ядролық материалдар мен радиоактивтi сәуле көздерiнiң экспорты кезiнде - өтiнiш жасаушының оларды қолдану жөнiнде тиiстi қызметке хұқығын растайтын;
г/ ядролық экспорт заттарын алушы елге беру туралы алдын-ала жазылған контрактiнi /келiсiмдi/;
д/ төмендегi 4-7-тармақтардағы шарттардың орындалуын растайтын құжаттарды табыс ету қажет.
4. Қазақстан Республикасынан ядролық экспорт ядролық қаруды таратпау туралы шарттың және Қазақстан Республикасы қатысатын басқа да халықаралық шарттардың, келiсiмдер мен уағдаластықтардың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Ядролық қаруы жоқ елдерге ядролық экспортты мұндай елдердiң құзiреттi мемлекеттiк органдары тарапынан өздерi алған ядролық экспорт заттарын, сондай-ақ солардың негiзiнде немесе соларды пайдалану нәтижесiнде өндiрiлген ядролық материалдар мен ядролық емес арнаулы материалдарды, қондырғылар мен жабдықтарды:
а/ ядролық қарулар мен басқа ядролық жарылғыш қондырғылар өндiру үшiн немесе қайсiбiр әскери мақсатқа жету үшiн пайдаланбауға;
б/ алушы ел мен МАГАТЭ арасындағы кепiлдiктер туралы келiсiмдерге сәйкес оларды iс жүзiнде пайдаланудың бүкiл мерзiмi iшiнде МАГАТЭ бақылауында /кепiлдiгiнде/ болуға;
в/ МАГАТЭ ұсынғаннан кем түспейтiн деңгейде нақты қорғаныс шараларымен қамтамасыз етуге;
г/ осы тармақта көзделген шарттарда ғана алушы елден қайтадан экспортқа шығарылады /экспортталады/ немесе оның құзырынан алынады; 20 проценттен астам байытылған уран, плутоний немесе ауыр су жағдайында ядролық экспорт заттары Қазақстан Республикасы энергиясы жөнiндегi агенттiгiнiң жазбаша келiсiмi болған жағдайда ғана қайта экспортталады немесе берiледi.
6. Осы Ереженiң 5-тармағында көзделген уәкiлдердi алушы елдiң мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасынан берiлетiн нақты өнiмдерге байланысты осындай мiндеттемелердi өздерiнiң растауы жолымен немесе қолданылып жүрген көп жақты не екi жақты шарттар, келiсiмдер және алушы ел мен Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын басқа да шарттық-хұқылық актiлер бойынша мiндеттемелерiне сiлтеме жасау жолымен ресiмдеуге тиiс. Бұл уәделердiң жоғарыда 5-тармақта көрсетiлген мiндеттемелерге сәйкестiгiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi белгiлейдi. Мұндай уәделер осы Ереженiң 3-қосымшасында аталған ядролық материалдар мен ядролық емес арнаулы материалдарға қатысты талап етiлмейдi.
5-тармақта көзделген уәделер табыс етiлмеген жағдайда ядролық экспорттың дұрыстығы мен шарттары туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi шешедi.
7. Экспорттайтын ұйым ядролық экспорт заттарының мерзiмiнде және осы Ереженiң N 4 қосымшасындағы ережелерге сәйкес тиеп жөнелтiлгенiн Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне хабарлауға мiндеттi. Ядролық экспорт заттары үшiн жауапкершiлiк алушыға берiлгенге дейiн экспорттаушы ұйым оларды МАГАТЭ ұсынғаннан кем түспейтiн деңгейде нақты қорғаныс шараларымен қамтамасыз етуге жауап бередi.
Осы тармақта аталған талаптар бұзылған жағдайда ядролық экспортқа берiлген лицензияның күшi жойылып, экспорттаушы ұйым оның бұзылғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, оған жаңа лицензиялар лицензияның күшi жойылғаннан кейiн ерте дегенде 1 жылдан соң берiлуi мүмкiн.
8. Алушы ел осы Ереженiң 5-тармағында көзделген уәделердi бұзған жағдайда мұндай елге Қазақстан Республикасынан жасалатын ядролық экспорт аталған бұрмалаушылық жойылған кезге дейiн тоқтатылуға тиiс. Экспорттың тоқтатылуымен бiр мезгiлде Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен және Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесе отырып, халықаралық хұқық нормаларына және халықаралық шарттарға сәйкес алушы елдiң өзi қабылдаған мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады.
9. Ядролық экспортқа лицензиялар берудi сұраған өтiнiштердi келiсу үшiн Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне:
а/ ядролық материалдар мен радиоактивтi сәуле көздерi импорты жағдайында - өтiнiш жасаушының оларды қолдану жөнiндегi тиiстi қызметке хұқығын растайтын құжаттарды;
б/ ядролық экспорт заттарын Қазақстан Республикасына беру туралы алдын ала жазылған контрактiнi /келiсiмдi/;
в/ медицина қолдануға арналған радиоактивтi сәуле көздерi мен изотопты өнiм импорты жағдайында - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң оларды пайдалануға рұқсатын;
г/ ядролық импорт жағдайында - импортталып отырған заттар арналған ұйымның /кәсiпорынның/ мекен-жайы көрсетiлетiн және 10-тармақтың талаптарын сақтау мiндеттемесiн растайтын құжаттар табыс етiлуi қажет.
10. Импорттаушы ұйым ядролық импорт заттарының мерзiмiнде және осы Ереженiң N 4 қосымшасындағы ережеге сәйкес алынғаны туралы Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне хабарлауға мiндеттi. Ядролық импорт заттары МАГАТЭ ұсынғаннан кем түспейтiн деңгейде нақты қорғаныс шараларымен қамтамасыз етiлуге тиiс; ол заттар жөнiнде олардың мөлшерi мен қай жерде екенiн кез келген уақытта анықтауға мүмкiндiк беретiн есеп құжаттары жүргiзiлуге тиiс; оларды Қазақстан Республикасынан қайта экспорттау ядролық экспортқа қойылатын осы Ережеде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, белгiленген тәртiппен берiлетiн лицензиялар бойынша Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiнiң рұқсатымен ғана жасалуы мүмкiн.
Осы тармақтың тараптары бұзылған жағдайда оның бұзылғаны үшiн импорттаушы ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, ядролық импортқа берiлген лицензияның күшi жойылды және жаңа лицензиялар лицензияның күшi жойылғаннан кейiн ерте дегенде 1 жылдан соң берiлуi мүмкiн.
11. Экспорттаушы ел Қазақстан Республикасынан ядролық импорт заттарын пайдаланудың бейбiт сипатына, оларды нақты қорғау және қайта экспорттаудың ережелерiне қатысты, сондай-ақ /Қазақстан Республикасының кейбiр екi жақты уағдаластықтарына сәйкес/ оларды МАГАТЭ кепiлдiктерiмен қамтуға қатысты уәделер берудi талап еткен жағдайда мұндай уәделер беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi шешедi.
12. Осы Ереженiң күшi жүрмейтiн ядролық экспорт пен ядролық импортты реттеу мәселелерiн мүдделi мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi шешедi.
Ядролық материалдар, технологиялар,
жабдықтар, қондырғылар, ядролық
емес арнаулы материалдар, қоса қабат
мақсатта пайдаланылатын жабдықтар,
материалдар мен технологиялар,
радиоактивтi сәуле көздерi мен
изотопты өнiмдер экспорты мен импорты
туралы Ережеге
N 1 Қосымша
Ядролық материалдар, технология, жабдықтар, қондырғылар
және ядролық емес арнаулы материалдар
1. Ядролық материалдар - уран /айырылған, табиғи немесе байытылған, уран 233-тi қоса/, плутоний мен торий, осы заттардың металл қорытпа, химиялық түзiлiс, концентрат, жаңа немесе жұмыста пайдаланылған реакторлық отын нысанындағы кез келгенi.
2. Технология - жария баспасөзде жарияланған ақпаратты қоспағанда, ядролық материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды және ядролық емес арнаулы материалдарды жобалау, өндiру, пайдалану немесе сынау үшiн пайдаланылуы мүмкiн кез келген түрдегi ақпарат /материалдар мен жабдықтардың және мамандарды оқыту кезiнде берiлетiн мәлiметтердiң үлгiлерiн қоса/.
3. Жабдықтар мен қондырғылар - ядролық немесе ядролық емес арнаулы материалдарды өндiруге, ұқсатуға /өңдеуге/ не пайдалануға арнайы арналған немесе солар үшiн дайындалған жабдықтарды немесе олардың жекелеген бөлшектерiн дайындау үшiн пайдаланылуы мүмкiн техникалық құралдарды қоса, соның iшiнде:
3.1. Ядролық реакторлар мен реактор жабдықтары, соның iшiнде:
3.1.1. Қуаты нольдiк реакторларды қоспағанда, өздiгiнен жүрiп жататын тiзбектi бөлшектену реакциясының бақыланатын режимiнде жұмыс iстеуге қабiлеттi комплектiлi ядролық реакторлар.
3.1.2. Ядролық реактордың активтi аймағына орналастыруға арнайы арналған немесе сол үшiн дайындалған және бiрiншi контурлы жылу көздерiнiң жұмыс қысымына төтеп бере алатын құрастырылған жоғарғы қысымды реактор корпустары немесе олардың дайын негiзгi бөлшектерi.
3.1.3. Жұмыс iстеп тұрған ядролық реакторға отын тиеуге немесе одан отынды алуға арнайы арналған немесе сол үшiн дайындалған не тоқтатылып қойылған реакторда отын тиеу жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн бөлшектердi дәл бағдарлауға немесе орналастыруға техникалық мүмкiндiктерi бар, реактор отынын тиеу мен түсiруге арналған машиналар.
3.1.4. Ядролық реактордағы реакцияның жылдамдығын бақылауға арнайы арналған немесе сол үшiн дайындалған реакторлық басқару өзектерi.
3.1.5. Жұмыс қысымы 50 атмосферадан асқан жағдайда реактордағы отын элементтерi мен бiрiншi контурлы жылу көздерiн орналастыруға арнайы арналған немесе сол үшiн дайындалған жоғары қысымды реактор трубалары.
3.1.6. Салмағы жөнiнен гафнийдiң цирконийге қатынасы 1 : 500-ден кем реакторға арнайы арналған немесе сонда пайдалану үшiн дайындалған цирконий трубалар немесе металл күйiндегi цирконийден немесе оның қорытпаларынан жасалған трубалардың құрамалары.
3.1.7. Ядролық реакторлардың бiрiншi контурлы жылу көздерi болып табылатын сұйық металл айналасын ұстауға арнайы арналған немесе сол үшiн дайындалған бiрiншi контурлы сораптар.
3.2. Сәуле алған отын элементтерi мен жабдықтарды қайта өңдеу жөнiндегi, арнайы соған арналған немесе сол үшiн дайындалған қондырғылар, соның iшiнде:
3.2.1. Металл кесу үшiн арнайы құрастырылған қайшылар сияқты, сәуле алуға жол ашатын материалға отын элементтерiн бөлшектеу мен ұсақтауға арналған жабдықтар.
3.2.2. Аумалылық тұрғысынан қауiпсiз, ядролық материал азот қышқылында ерiтiлетiн ерiтiндi бактерi.
3.2.3. Сығындыға арналған жабдық.
3.2.4. Химиялық құрамдарды аралық кезеңде және ұзақ мерзiмде сақтауға арналған ыдыстар.
3.2.5. Плутоний нитратын плутоний тотығына айналдыру жөнiндегi кешендер.
3.2.6. Металл плутоний өндiруге арналған кешендер.
3.3. Ядролық материалдар тасқынын тiкелей өңдейтiн немесе бақылайтын немесе қабық iшiнде ядролық материалды саңылау қалдырмай ұстайтын жабдықтарды қоса, отын элементтерiн дайындау жөнiндегi қондырғылар.
3.4. Уран изотоптарын бөлiп алу қондырғылары және арнайы осыған арналған немесе сол үшiн дайындалған жабдықтар, соның iшiнде:
3.4.1. Газ центрифугалары, сондай-ақ олардың айналып тұратын және қозғалмайтын бөлшектерiн қоса, газ центрифугаларында пайдалануға арнайы арналған немесе сол үшiн дайындалған бөлшектер.
3.4.2. Өнiм мен "қалдықтарды" бөлiп шығару жүйесiн, труба-құбырлары жүйесiн қоса, изотопты байыту жөнiндегi орталықтан тебетiн газ қондырғыларына арналған жабдықтар, бөлшектер мен қосымша жүйелер және уран гексафторидi тасқынына арналған масса-спектрометрлер.
3.4.3. Саңылаулы сүзгiлердi, диффузор камераларды, компрессорларды /газ үрлегiштердi/ қоса, газ-диффузиялық байыту жағдайында пайдалануға арнайы арналған немесе сол үшiн дайындалған тораптар мен бөлшектер олардың толқынын тығыздау және уран гексафторидiне арналған жылу алмастырғыштар.
3.4.4. Өнiм мен "қалдықтарды" бөлiп шығару жүйелерiн, труба-құбырлары жүйелерiн, вакуум жүйелерiн, уран гексафторидiнiң тасқынына арналған ысырмалар мен масса-спектрометрлердi қоса, изотоптық байыту жөнiндегi газ-диффузиялық қондырғыларға арналған жабдықтар, бөлшектер мен қосымша системалар.
3.4.5. Реактивтiк сору, құйындатып бөлу және басқа әдiстермен бөлу жүйелерi.
3.5. Ауыр су, дейтерий және оның қосындыларын өндiруге арналған зауыттар мен қондырғылар және арнайы соған арналған немесе сол үшiн дайындалған жабдықтар, соның iшiнде:
3.5.1. Диаметрi 6-9 м су-күкiрттi сутегiнiң алмастырмалы колоннасы және арнайы су-күкiрттi сутегi алмасу технологиясын пайдалана отырып, ауыр су өндiруге арналған немесе сол үшiн дайындалған, құрамында 70 проценттен астам су-күкiрттi сутегi бар газға арналған компрессорлар /газ үрлегiштер/.
3.5.2. Аммиак-сутегi алмасу технологиясын пайдалана отырып, ауыр су өндiруге арнайы арналған немесе диаметрi 1,5-2,5 м аммиак-сутегi алмасу колонналары, колонналардың iшкi жабдықтары мен сатыаралық сораптары, аммиак крекингiне арналған қондырғылар және байытылған газ тәрiздес дейтерийдi ауыр суға айналдыруға арналған каталитикалық шiлтерлер.
3.5.3. Дейтерийдiң 90 процентке тең және одан жоғары шоғырлануы жағдайында сутегi-дейтерий арақатынасына жедел талдау жасауға арналған абсорбцияның инфрақызыл талдағыштары.
4. Ядролық емес арнаулы материалдар:
4.1. Дейтерий және ауыр су:
Дейтерий, ауыр су /дейтерийдiң қос тотығы/ және дейтерийдiң сутегiне арақатынасы 1 : 5000-нан асып түсетiн басқа да кез келген дейтерий қосылысы.
4.2. Ядролық таза графит:
Жиiлiк дәрежесi бор эквивалентiнiң 5 миллиондық бөлiгiнен жоғары, тығыздығы 1,50 г текше сантиметрден астам графит.
4.3. Саңылаулы сүзгiлерi 3.4.3. тармақ бойынша дайындауға арналған материалдар:
Никельдi немесе құрамындағы 60 проценттен астам никель қорытпасын, жиiлiгi 99,9% немесе одан да көп, бөлшектерiнiң көлемi 10 мкм-дан аз және бөлшектер көлемiнiң бiртектiлiгi жоғары дәрежеде болатын алюминий тотығы немесе толық фторланған көмiрсутектi полимерлердi қоса, уран изотоптарының газ-диффузиялық бөлiп шығару үшiн саңылаулы сүзгiлер жасауға арнайы дайындалған химиялық қосылыстар немесе ұнтақтар.
Ядролық материалдар, технологиялар,
жабдықтар, қондырғылар, ядролық
емес арнаулы материалдар, қоса қабат
мақсатта пайдаланылатын жабдықтар,
материалдар мен технологиялар,
радиоактивтi сәуле көздерi мен
изотопты өнiмдер экспорты мен импорты
туралы Ережеге
N 2 қосымша
Ядролық қызметке қатысы бар қоса қабат
мақсаттағы материалдар
1.1. Сыртқы диаметрi 75 миллиметрден /3 дюймнен/ астам болатын трубалар немесе өзекшелер /шыңдалғандарды қоса/ түрiндегi, 460 МПа /0,46Х10*9Н/м/ дейiнгi немесе 293 К /20 С/ жағдайында болатын, созылғыштағы шектеулi алюминий қорытпа.
Техникалық ескертпе: "төтеп бере алатын" деген тiркесте термиялық өңдеуге дейiнгi және одан кейiнгi алюминий қорытпасы айтылып отыр.
1.2. Мынадай түрдегi бериллий: металл, салмағы бойынша құрамында 50 проценттен астам бериллий бар қорытпалар, қосындылар және одан жасалған бұйымдар бар қосылыстар, бұған мыналар қосылмайды:
а/ рентген құрылғыларына арналған металл терезелер;
б/ электронды компонент бөлшектерi үшiн әзiрленген дайын бұйым
немесе жартылай фабрикаттардағы немесе электронды схемаларға
арнап салған нәрсе ретiндегi тотық нысандары.
Техникалық ескертпе: бұл бақылау, жоғарыда айтылғанындай, құрамында бериллий қалдықтар мен металл сынықтарына қатысты.
1.3. Құрамында күмiс өте аз /миллионға шаққанда 10 бөлiктен кем/, жиiлiгi жоғары /99,99 процент немесе одан жоғары/ висмут.
1.4. Бор және бор қосылыстары, бор енгiзiлген, құрамындағы бор 10 изотопты салмағы бойынша толық бор құрамынан 20 процент асып түсетiн қоспалар мен материалдар.
1.5. Магнийден басқа - салмағы жөнiнен құрамындағы металл қоспалары миллионға шаққанда 1000 бөлiкке жетпейтiн және бордың 10 бөлiгiне жетпейтiн кальций /жиiлiгi жоғары/.
1.6. Хлор трифторидi /СIҒз/.
1.7. Сiлтiлi сұйық металдардың ықпалына төзiмдi материалдарданжасалған ыдыстар, оларға мыналар кiредi:
а/ жиiлiгi 98% немесе одан жоғары материалдармен жасалған немесе қапталған, көлемi 150 мл-ден 8 л-ге дейiнгi мына ыдыстар:
1/ кальций фторидi /СаҒ2/
2/ кальций цирконаты /метацирконат/
3/ церий сульфидi /Се2Sз/
4/ эрбий тотығы /Еr2 Оз/
5/ гафний тотығы /НfО2/
6/ магний тотығы /МgО/
7/ нитридтi ниобий-титан-вольфрам қорытпасы /шамамен 50 процентNb, 30 процент Тi, 20 процент W/
8/ иттрий тотығы /Y22Оз/
9/ цирконий тотығы /ZrО2/
б/ тазалығы 99,9 процент және одан жоғары, танталдан дайындалған немесе сонымен қапталған, көлемi 50 мл-ден 2 л-ге дейiнгi ыдыстар;
в/ танталдан /тазалығы 98 процент немесе одан жоғары/ дайындалған немесе сонымен қапталған, карбид нитрид немесе тантал боридi /немесе олардың кез-келген құрамасы/ жалатылған, көлемi 50мл-ден 2 л-ге дейiнгi ыдыстар.
1.8. а/ "үлестiк модулi" /12,7х10*6/ м және одан жоғары немесе "үлестiк сызғыштығы /23,5х10*4/ м және одан жоғары көмiр тектi немесе арамидтi" талшықты және жiп тәрiздi материалдар;
б/ "үлестiк модулi" /3,18х10*6/ м және одан жоғары немесе "үлестiк сызғыштығы" /7,62х10*4/ м және одан жоғары шыны тектес "талшықты және жiп тәрiздi" материалдар;
в/ жоғарыда 1,8 тармағында аталған "талшықты және жiп тәрiздi" материалдардан дайындалған, iшкi диаметрi 75 миллиметрден /3 дюймен/ 400 миллиметрге /16 дюймен/ дейiн жететiн композиттiк материалдардан жасалған трубалар.
Техникалық ескертпелер:
а/ "Талшықты және жiп тәрiздi материалдар" деген термин үздiксiз тек талшықты жiптер, үздiксiз жгут және таспа жатады;
б/ "үлестiк модуль" - Н/м3 үлес салмағына бөлiнген, температурасы 23+/-2С және салыстырмалы ылғалдылығы 50+/-процент жағдайында өлшенiп, Н/м2 есебiмен алған 10 нг модулi;
в/ "үлестiк созылғыштығы" - Н/м3 үлес салмағы бөлiнген, температурасы 23+/-2С және салыстырмалы ылғалдылығы 50+/-5 процент жағдайында өлшенiп, Н/м2 есебiмен алынған созылғыштығы шектеулi берiктiк.
1.9. Мынадай түрлердегi гафний: металл, қорытпа және құрамындағы салмағы жөнiнен гафний 60 проценттен асатын қосылыстар мен олардан жасалған бұйымдар.
1.10. Мынадай түрлердегi литий /литий-6 изотоппен байытылған/:
а/ құрамында табиғи күйiнен 7,5 атом процент көбiрек шоғырланған байытылған литий-6 бар литий гидридi немесе қорытпа;
б/ термолюминисценттi дозиметрлердегi литий-6 есептелмегенде литий-6 /қосылыстарын, қоспалары мен концентраттарын қоса/ изотопымен байытылған литий бар басқа да кез-келген материалдар.
1.11. Кальцийдi есептемегенде, металл қоспаларының салмағы жөнiнен миллионға шаққанда құрамында көп дегенде 200 бөлшек және бордың көп дегенде 10 бөлшегi бар магний /тазалығы жоғары/.
1.12. Линиялық мөлшерiнiң бiрде-бiреуi 75 миллиметрден аспайтын бұйымдарды қоспағанда, шектеулi созылғыштық берiктiгi 2050 МПа /2,050х10*9 Н/м2/ /300000 қадақ/шаршы дюйм/ немесе температура 293 К /20С/ жағдайында одан да жоғары болатын мартенситтi-ескiрушi болатын.
Техникалық ескертпе: "... болат" деген сөздер термиялық өңдеуге дейiнгi және одан кейiнгi мартенситтi-ескiрушi болатты бiлдiредi.
1.13. Медициналық аспаптар құрамындағы радийдi қоспағандағы радий-226.
1.14. Сыртқы диаметрi 75 миллиметрден /3 дюймнен/ астам трубалар немесе өзекшелер /шыңдалғанын қоса/ түрiндегi, шектеулi созылғыштық берiктiгi 900 МПа /0,9х10*9 Н/м2/ /130500 шаршы қадақ/дюйм/ немесе 293 К /20 С/ жағдайында одан да жоғары болатын титан қорытпасы.
Техникалық ескертпе: "... титан" деген сөз термиялық өңдеуге дейiнгi және одан кейiнгi титанды бiлдiредi.
1.15. Вольфрам, оның iшiнде вольфрамнан, вольфрам карбитiнен немесе салмағы 20 килограмнан асатын 90 проценттен астам вольфрам, iшкi диаметрi 100 миллиметрден /4 дюймнен/ артық, бiрақ көп дегенде 300 мм /12 дюйм/ болатын қуыс симметриялық цилиндр сияқты /цилиндр сияқты сегменттердi қоса/ вольфрам қорытпаларынан жасалған бұйымдар, бұған гамма-сәуле коллиматорларында пайдалану үшiн арнайы дайындалған бөлшектер қосылмайды.
1.16. Цирконий, оның iшiнде: металл, құрамында салмағы жөнiнен цирконий 50 проценттен асатын қорытпалар және құрамындағы гафний мөлшерiнiң цирконий мөлшерiне қатынасы салмағы жөнiнен кем дегенде 1 : 500 болатын қосылыстар мен олардан жасалған бұйымдар; бұған қалыңдығы 0,10 миллиметрден /0,004 дюймнен/ аспайтын фольга түрiндегi цирконий қосылмайды.
Техникалық ескертпе: бұл ереже құрамында белгiлi бiр мөлшерде цирконий қалдықтары мен сынықтары қатысты.
Ядролық материалдар, технологиялар,
жабдықтар, қондырғылар, ядролық емес
арнаулы материалдар, қоса қабат мақсатта
пайдаланылатын жабдықтар, материалдар
мен технологиялар, радиоактивтi сәуле/
көздерi мен изотопты өнiмдер экспорты
мен импорты туралы Ережеге
N 3 Қосымша
Ереженiң 6-тармағынан ерекшелiк берiлетiн
ядролық, ядролық емес арнаулы материалдар,
жерде сирек кездесетiн элементтер мен сирек
металдар, платина тобындағы металдар,
радиоактивтi элементтер
1. Ядролық материалдар:
Жекелеген алушы ел үшiн календарлық жыл iшiнде "а" тармақшасында көрсетiлген шектен аспайтын мөлшерлер және "б" тармақшасында көрсетiлген материал.
а/ соның iшiнде уран-233 - тиiмдi 50 граммды /тиiмдi граммен есептелетiн салмақ грамм есебiмен алынған уран салмағын байыту квадратына көбейту арқылы алынады/ қоса, байытылған уран.
плутоний - 15 г,
табиғи уран - 500 кг,
айырылған уран - 1000 кг,
торий - 1000 кг.
б/ плутоний-238 изотопты шоғырлануы 80 проценттен астам плутоний.
2. Ядролық емес арнаулы материалдар:
а/ дейтерий, ауыр су және басқа дейтерий қосылыстары:
жекелеген алушы елдер үшiн календарлық жыл iшiнде 40 килограмнан аспайтын дейтерий атомдары /200 кг ауыр су/.
б/ ядролық таза графит:
жекелеген алушы елдер үшiн календарлық жыл iшiнде 15 метрлiк тоннадан аспайды;
в/ 3.4.3. тармақ бойынша саңылаулы сүзгiлер дайындауға арналған материалдар.
1-қосымша:
жекелеген алушы ел үшiн календарлық жыл iшiнде 5 метрлiк тоннадан аспайды.
3. Сирек кездесетiн жер элементтерi: скандий /Sс/ иттрий /Y/, лантан /Lа/, церий /Се/, празеодим /Рr/, неодим /Nd/, прометрий /Рм/, самарий /Sм/, европий /Еu/, гадолиний /Gd/, тербий /Тd/, диспрозий /Dу/, гольмий /Но/, эрбий /Еr/, тулий /Тм/, иттербий /Yb/, лютеций /Lu/ - металл, оксидтердi қоса, құймалар мен қосындылар.
4. Сирек кездесетiн металдар: литий /Li/, бериллий /Ве/, ванадий /V/, галий /Gа/, германий /Gе/, селен /Sе/, рубидий /Rb/, цирконий /Zr/, ниобий /Nb/, молибден /Мо/, индий /In/, теллур /Те/, цезий /Сz/, гафний /Нf/, тантал /Та/, вольфрам /W/, рений /Rе/, таллий /Та/ - оксидтердi қоса, металл, құймалар мен қосындылар.
5. Платина тобының металдары: рутений /Ru/, родий /Rh/, палладий /Рd/, осмий /Оs/, иридий /Ir/, платина /Рt/ - оксидтердi қоса металл, құймалар мен қосындылар.
6. Радиоактивтi элементтер: полоний /Ро/, радийй /Rа/,актиний /Ас/, торий /Тh/, протактинит /Ра/, уран /U/, трансурандық элементтер - оксидтердi қоса металл, құймалар мен қосындылар.
Ядролық материалдар, технологиялар,
жабдықтар, қондырғылар, ядролық емес
арнаулы материалдар, қоса қабат мақсатта
пайдаланылмайтын жабдықтар, материалдар
мен технологиялар, радиоактивтi сәуле
көздерi мен изотопты өнiмдер экспорты
мен импорты туралы Ережеге
N 4 Қосымша
Ядролық экспорт пен импорт жөнiнде ақпарат жiберу
1. Ядролық материалдар мен ядролық емес арнаулы материалдардыэкспортқа шығаруды жүзеге асыратын және оларды импорт бойынша алатын,сондай-ақ технологияны, жабдықтар мен қондырғыларды дербес немесесыртқы сауда ұйымдары арқылы жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне мына мекен-жай бойынша хабарланады:
480091 Алматы қаласы,
Республика алаңы, 4
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi
Телефондар: /3272/ 62-53-03, 62-60-40
Телефакс: /3272/ 62-53-03
2. Ядролық материалдар экспорты немесе импорты туралы хабар Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне материал тобының жөнелтiлген немесе алынған нақты күнiнен кейiн 5 күннен кешiктiрмей жiберiледi. Хабарлау үшiн Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiнен күнi бұрын толтыруға арналған нұсқаулармен қоса сатып алынатын стандартты нысан пайдаланылады.
3. Ядролық емес арнаулы материалдар экспорты мен импорты туралы хабар Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне материал тобының жөнелтiлген және алынған нақты күнiнен кейiн 5 күннен кешiктiрмей жiберiлiп, онда мынадай ақпарат көрсетiледi:
Экспорт /импорт/ туралы хабар
- материал тобының атауы /нөмiрi/
- материалдың салмағы
- жөнелтушi /ел және ұйым/
- алушы /ел және ұйым/
- жөнелтiлген /экспорт үшiн/ немесе алынған /импорт үшiн/ күнi.
4. Технология, жабдықтар және қондырғылар экспорты жағдайында хабар Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне экспорт затын беру аяқталғаннан кейiн 30 күннен кешiктiрмей еркiн текст түрiнде жiберiлуге тиiс. Егер тиеп жөнелту ұзақ уақыт кезеңi iшiнде /бiр жылдан астам/ жүргiзiлетiн болса, онда хабар өткен жылы нақты тиеп жөнелтiлген экспорт заттары туралы деректермен бiрге, календарлық жыл аяқталғаннан кейiн 30 күннен кешiктiрмей жiберiледi.