Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 19 наурыздағы
N 217 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ғылым және
жаңа технологиялар министрлiгi туралы
Ереже
1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi (бұдан әрi Министрлiк) республиканың ғылымы мен техникасы саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлейтiн және жүргiзетiн республикалық мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
2. Министрлiк өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Министрлiк заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.
4. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
республикада ғылым мен техниканы дамытудың жайы мен перспективаларын талдау, iрi ғылыми-техникалық және аймақтық проблемаларды шешуде ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарын айқындау, ғылыми мекемелердiң оңтайлы жүйесiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
ғылым мен техниканы дамыту мәселелерiнде министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, ассоциациялар мен өндiрiстiк бiрлестiктердiң қызметiн үйлестiру және оларға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету;
инновациялық қызметтiң әралуан нысандарын дамытуға жәрдемдесу, ғылыми-техникалық салада экономикалық тетiктi жетiлдiру, ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша республикалық, мемлекетаралық және халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру мен iске асыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
ғылыми және ғылыми-педагог кадрларын даярлау, ғылыми-техникалық салада мамандарды қайта даярлау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
информатика мен есептеу техникасы саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу, осы заманғы есептеу құралдары мен ақпараттық технологиялар негiзiнде басқарудың бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн жасау;
қорғаныыс мақсатындағы кәсiпорындар мен объектiлерде жүргiзiлетiн ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарға басшылық ету әрi үйлестiру;
министрлiк жүйесiнде өнертабыс пен патент-лицензия жұмысын ұйымдастыру мен жетiлдiру, республикалық патент қорын қалыптастыру;
республикада ғылыми-техникалық прогрестi дамытуға жұмсалатын шығындарды негiздеу, ұлттық ғылыми орталықтар шеңберiнде ғылымды, мақсатты және кешендi ғылыми-техникалық бағдарламаларды, iздестiру бағдарламалары мен техникалық жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен, сондай-ақ, Ғылым қорын қоса, қаржыландырудың басқа да көздерiнен бөлiнетiн қаражатты бөлу мен оның ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру, ғылым мен техника жетiстiктерiн, сондай-ақ олардың нәтижелерiн республиканың халық шаруашылығында пайдаланылуын насихаттау;
ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге бағытталатын ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтiң хұқықтық және нормативтiк тәртiбiн белгiлейтiн заң актiлерiнiң, ережелерi мен нұсқамаларының жобаларын әзiрлеу;
ғылыми интеллектуалдық меншiктi қорғау, инновациялық қызмет, ғылыми қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, ғылымды өндiрiспен тұтастыру жүйесiн жетiлдiру, ғылыми-техникалық өнiмдердiң рыногын қалыптастыру;
ғылым мен жаңа технологиялар саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
5. Министрлiк өзiнiң қызметiн орталық мемлекеттiк басқару органдарымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен, республиканың мамандандырылған академияларымен, басқа да ғылыми қоғамдастықтармен, бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл арқылы жүзеге асырады, республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн бiрiктiру мен дамытуға жәрдемдеседi.
6. Министрлiк Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң белгiленген тәртiппен оған табысталған хұқығына сәйкес қарамағындағы кәсiпорындардың мемлекеттiк мүлкiне иелiк етудi, оны пайдалану мен басқару iсiн жүзеге асырады.
7. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
ғылым, техника және жаңа технологиялар саласында мемлекеттiк тапсырыс берушi функциясын жүзеге асырады;
мақсатты және кешендi салааралық, мемлекеттiк және мемлекетаралық ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру мен iске асыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
ғылымға және ғылыми-техникалық прогреске қажеттi шығындарды негiздейдi, республикалық бюджеттен және ғылымды қаржыландырудың басқа да көздерiнен бөлiнген қаражатты шоғырландырады, қаржылық қаражаттың бөлiнуiн бекiтедi және оның ұтымды пайдаланылуына бақылау жасайды;
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының, республиканың мамандандырылған ғылым академияларының, жоғары оқу орындарының, салалық ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және ғылым мен техника саласындағы басқа да ұйымдардың қызметiн үйлестiредi.
8. Министрлiкке:
iргелi және қолданбалы зерттеулердi, ғылыми-техникалық тұжырымдамаларды қаржыландыру үшiн, ғылымға икемделген өндiрiстердi дамыту, ғылым қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау, конкурстар өткiзу үшiн Ғылым қорының қаражатын пайдалануға;
өз құзыры шегiнде ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарды, ұйымдарды және оның қарамағындағы басқа да бөлiмшелердi құру, қайта құру және тарату;
барлық ғылыми ұйымдардан, олардың ведомстволық бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан, белгiленген тәртiппен қажеттi ақпаратты сұрату және алу;
сараптау жүргiзу және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырудың тәртiбiн белгiлеу;
министрлiк құратын сараптау комиссияларының, жұмыс топтарының қызметiне олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, кәсiпорындар мен ғылыми ұйымдардың өкiлдерiн белгiленген тәртiппен тарту хұқы берiледi.
9. Министрлiктi лауазымға Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Ғылым және жаңа технологиялар министрi басқарады.
Министрдiң орынбасарлары лауазымдарына Министрдiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды.
10. Министрлiкте құрамында Министр (төраға), Министрдiң орынбасарлары, Министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi болатын алқа құрылады.
Министрлiк алқасының жеке құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
11. Алқа Министрлiктiң басқарушы органы болып табылады, ол Министрлiктiң ағымдағы қызметiнiң негiзгi мәселелерiн, аса маңызды бұйрықтардың, нұсқамалар мен басқа да нормативтiк құжаттардың жобаларын қарайды, республиканың технологиялық серпiнiн қамтамасыз ету жөнiндегi перспективалар мен шараларды айқындайды, қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасайды.
12. Министрлiк жанында дербес құрылымдық бөлiмше хұқысындағы Мемлекеттiк бас ғылыми-техникалық сараптама iс-қимыл жасайды.
13. Министрлiкте Министр басшылық ететiн Ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Кеңестiң құрамы Министрлiктiң жауапты қызметкерлерiнен, сондай-ақ ғалымдар мен халық шаруашылығының мамандарынан жасақталады. Ғылыми-техникалық немесе кеңес туралы Ереженi Министр бекiтедi.
14. Ғылым мен жаңа технологиялар Министрi:
осы Ережеде Министрлiкке жүктелген мiндеттердi iске асыруды қамтамасыз етедi;
белгiленген лауазымдық жалақыларға қарай еңбекке ақы төлеудiң бөлiнген қоры шегiнде Министрлiк қызметкерлерiнiң штаты мен жалақы мөлшерiн бекiтедi;
Министрдiң орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөледi;
Министрлiк қызметкерлерiн, сондай-ақ қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын жұмысқа алады және лауазымдық мiндеттерiнен босатады;
Министрлiктiң бюджеттiк қаражатының мақсаты бойынша пайдаланылуын жүзеге асырады және оған бақылау ұйымдастырады;
Министрлiк жұмысының регламентiн, алқа туралы Ереженi, бiлiктiлiк лауазымдық талаптарды, қызметкерлерге аттестациялау өткiзу тәртiбiн, сондай-ақ Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың жарғыларын бекiтедi.
Ескерту. 14 тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
1995.02.06. N 115 қаулысымен.
15. Министр және оның орынбасарлары Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке дара жауап бередi.
16. Министрлiктi ұстау шығындары республикалық бюджет есебiнен қамтамасыз етiледi.