Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi етiп қайта құру туралы" 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 1063 U931063_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi монополиялық қызметтi шектеу, бәсекенi дамыту, экономиканы монополиясыздандыру және әдiлетсiз бәсекенi тыю жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзетiн орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы осыған қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жүйесiне монополияға қарсы саясат жөнiндегi облыстық, Алматы және Ленинск қалалық аумақтық комитеттерi кiредi деп белгiленсiн. Монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен қосылып бiртұтас құрылым құрайды, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитеттi жүктеген өкiлеттiк шеңберiнде және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларымен өзара iс-қимыл жасай отырып ұйымдастырады.
Облыс әкiмдерiне монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердiң төрағаларын жергiлiктi атқарушы органдардың алқа құрамына енгiзу ұсынылсын.
Монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердiң басшыларын қызметке Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы тағайындайды.
4. Экономикалық реформа барысында экономиканы монополиясыздандыру және монополиялық қызметтi шектеу жөнiнде келiсiлген мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ол туралы Ережеге сәйкес және оған жүктелген функциялар шегiнде министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, олардың бiрлестiктерi, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке адамдар үшiн орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдау құқығы берiлсiн.
Республикалық және аймақтық нарықтарды дамыту, экономиканы монополиясыздандыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ қаржы мен тауар нарықтарында үстем жағдайға ие болған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi және олардың бiрлестiктерiн құру мен қайта құру, акцияларының бақылау пакеттерiн, үлестерi мен жарналарын сатып алу-сату немесе басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң акцияларының бақылау пакеттерiн, үлестерi мен жарналарын олардың сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулыларының, министрлiктер, ведомстволар және басқа мемлекеттiк басқару органдары, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнiң жобалары мiндеттi түрде алдын ала қорытынды беру үшiн Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне немесе оның монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттерiне табыс етiледi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне өз құзыры шеңберiнде министрлiктердiң, ведомстволардың және басқа мемлекеттiк басқару органдарының, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың монополияға қарсы заңдарға қайшы келетiн нормативтi актiлердiң күшiн тоқтата тұру құқығы берiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны (үйлердi күту және оларға күтiм жасау жөнiндегi қызметкерлерден басқа) 80 адам болып белгiленсiн.
6. Монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер қызметкерлерiнiң саны 200 адам болып белгiленсiн (ғимаратты күзететiн, қамтитын адамдарсыз).
7. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппаратын, монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердi ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделiп мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
8. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Төрағаның үш орынбасары, оның iшiнде бiреу бiрiншi және 11 адам құрамында алқасы болуға рұқсат етiлсiн.
9. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi орталық аппаратына қызмет бабындағы 6 жеңiл автомобильге, монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттерге - бiр жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.
10. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы материалдық-техникалық, көлiк және медициналық қызмет көрсету шарттары бойынша Қазақстан Республикасының Министрiне, Төрағаның орынбасарларына, орталық аппараттың қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң қызметкерлерiне теңестiрiлсiн.
Монополияға қарсы саясат жөнiндегi облыстық, Алматы және Ленинск қалалық аумақтық комитеттерiнiң бастықтарына санаторий-курорт қызметiн көрсету тиiстi облыстық және қалалық басқару органдарының басшыларына белгiленген шарттарға қарайлас жүзеге асырылсын.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiн қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қажеттi мүкәммал, жабдықтар, ұйымдық техника, автомашина сатып алу, қызметтiк үй-жайларды күрделi жөндеу, үйлер мен әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық объектiлер салу үшiн қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
12. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның облыстық басқармалары;
Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi республикалық комитетiмен келiсiлген нышандар бойынша республикалық, аймақтық қаржы және тауар нарықтарында үстем жағдайға ие болған кәсiпорындарды анықтау мақсатымен республикалық бюджеттiң қаржылары есебiнен жыл сайын статистикалық тексеру жүргiзсiн;
Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуi бойынша бiр айлық мерзiмде Монополист бiрлестiктер мен кәсiпорындардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге арналған статистикалық есеп берудiң арнаулы нысанын әзiрлеп, күшiне енгiзсiн.
13.
Ескерту. 13-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.12.
N 813 қаулысымен.
14. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi республикалық басқару органдарының өзара ақпараттық қамтамасыз етуiнiң ортақ тәртiбi енгiзiлгенге дейiн қызмет бабында пайдалану үшiн олар шығаратын нұсқауларды, нұсқамалар мен жалпы қолданудағы нормативтi және әдiстемелiк сипаты бар басқа да актiлердi Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жiберетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне осыған орайлас құжаттарды аталған Комитетке жiберiп тұру ұсынылсын.
15. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi өтiнiмдер мен қажеттi есептер ұсынылғаннан соң Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн телефон, телекс және факсимильдi байланыспен қамтамасыз етсiн.
16. Облыстың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi:
үш айлық мерзiмде монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық
комитеттерге бiр қызметкерге шаққанда кемiнде 10 шаршы метр есебiнен
қызметтiк үй-жайлар бөлсiн;
монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердiң
материалдық-техникалық база жасау мен нығайтуына көмек көрсетсiн;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының
Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен
монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердiң
қызметкерлерiне тұрғын алаң бөлiнуiн, олардың пәтерлерiнде телефон
орнатылуын, мектепке дейiнгi мекемелерде орын берiлуiн қамтамасыз
етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 29 наурыздағы
N 242 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы
саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы
Е Р Е Ж Е
1. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, бұдан былай "Комитет" деп аталады, өз қызметiн экономиканы монополиясыздандыру саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзеге асыру, бәсекелiк күрес ережелерiн және шаруашылық құрылымдарын кооперациялау мен ұйымдық бiрiктiру процестерiн бақылауды қатайту мақсатында жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады. Комитетке Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тiкелей басшылық етедi.
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
- экономиканың әртүрлi салаларында монополиясыздандыру саясатын жүргiзу, бәсекенi дамыту және қатарлас әрi баламалы құрылымдардың пайда болуына жағдай жасау;
- монополиялық қызметтiң және әдiлетсiз бәсекенiң алдын алу, шектеу және тыйым салу;
- монополияға қарсы заңдардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жасау.
4. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
- республикалық және аймақтық қаржы мен тауар нарығына, өнiм өндiру мен өткiзуге талдау жасау негiзiнде монополиясыздандырудың мемлекеттiк саясатының, әр салалардағы бәсекенi дамытудың бағыттарын, Қазақстан Республикасында монополиялық қызметтi шектеу мен болдырмау тәртiбiн анықтайды. Тиiстi бағдарламаларды әзiрлеп, үйлестiредi және олардың орындалу барысына бақылау жасайды;
-монополист кәсiпорындар мен бiрлестiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi. Монополист кәсiпорындардың қызметiн мемлекеттiк реттеу мен бақылаудың арнаулы шараларын әзiрлеп, оларды күшiне енгiзедi. Меншiк нысандарына қарамастан мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi өндiрiстi монополиясыздандыру және көп салалы етiп дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге мiндеттейдi. Ол бағдарламаларды келiседi, орындалу барысын бақылайды;
- монополияға қарсы заңдардың сақталуын бақылайды, оларды бұзу фактiлерiн анықтап, қарастырады, бұлар жөнiнде өз құзыры шеңберiнде шешiмдер қабылдайды, заңдарды қолдану практикасын жинақтайды, оларды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеп, тиiстi мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына жiбередi. Комитеттiң құзырына жататын мәселелер бойынша заңдық және нормативтi актiлердiң жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзедi;
- алдын ала қорытынды беру жолымен одақтар, қауымдастықтар, концерндер, корпорациялар, холдинг компаниялары, кәсiпорындардың салалық, салааралық, аймақтық және басқа бiрлестiктерi нысанындағы ұйымдық-басқарушылық, қаржы-басқарушылық құралымдарын құру мен қайта құруға, мемлекеттiк басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi аталған бiрлестiктерге айналдыруға, сондай-ақ нарықта үстем жағдайға ие болған шаруашылық серiктестiктер, одақтар және басқа шаруашылық жүргiзушi объектiлердi құру мен қайта құруға, олардың акцияларының бақылау пакетiн, үлестерiн және жарналарын сатып алу мен сатуға, сондай-ақ басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, оның iшiнде жекешелендiру процесiнде республикалық, коммуналдық меншiк кәсiпорындардың акционерлiк кәсiпорын етiп қайта құру кезiнде акцияларының бақылау пакетiн, үлестерi мен жарналарын олардың сатып алуына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;
- монополиясыздандыру және бәсекенi дамыту жөнiндегi шаралар мен бағдарламалардың әзiрленуiн үйлестiредi және оларды министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң жүзеге асыруын бақылайды;
- Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, министрлiктер мен ведомстволардың, жергiлiктi атқарушы органдардың экономиканы басқару құрылымдарын қайта құру, республикалық және аймақтық қаржы мен тауар нарығын дамыту мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiнiң жобасына мiндеттi түрде қорытынды бередi;
- iрi мемлекеттiк объектiлердi акционерлендiру және жекешелендiру бағдарламасының жобаларын әзiрлеуге қатысады және олардың жүзеге асырылуын келiседi. Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысады;
- тауар нарығында үстем жағдайға ие болған мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жоспарының жобаларын мiндеттi түрде келiседi;
- мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң республикалық және облыстық бағдарламаларының жобаларына қорытынды бередi. Өз өкiлдерiн мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi комиссиялардың, конкурстар мен аукциондар өткiзу жөнiндегi комиссиялардың құрамына жiбередi;
- жұмыста жариялылықты қамтамасыз етедi, монополиясыздандыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырудың барысы туралы, бәсекенi дамыту және Комитет қызметiнiң басқа да мәселелерi жөнiнде республиканың халқын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның iшiнде мамандандырылған мерзiмдi басылымдар арқылы ұдайы хабардар етiп отырады, кәсiпкерлердiң одақтарымен, қауымдастықтарымен және басқа ұйымдарымен, қоғамдық ұйымдармен және қозғалыстармен байланысты қамтамасыз етедi;
- Комитеттiң құзырына жататын мәселелер бойынша әдiстемелiк және ақпараттық-талдаулық құжаттарды әзiрлейдi, олардың нақты жүзеге асырылуына шаралар қолданады;
- Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне заңдар мен өзге де нормативтi актiлердiң жобалары бойынша қорытынды, монополиялық қызметтi шектеу, қаржы мен тауар нарығын, бәсеке мен монополиясыздандыруды мәселелерiне қатысты талдау материалдары мен ұсыныстарды табыс етедi.
Ескерту. 4-шi тармақтың 5-шi абзацына өзгерту енгiзiлдi -
ҚРМК-нiң 1995.10.12. N 1320 қаулысымен. P951320_
5. Комитет өз функцияларын қолданылып жүрген заңдардың шегiнде орындауы үшiн:
- министрлiктерге, ведомстволарға, жергiлiктi атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттiк басқару органдарына, мекемелерге, банктерге, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге келуiне, олардың лауазымды адамдарынан және Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын азаматтарынан, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардан монополияға қарсы заңдардың бұзылуына жол берiлуi жөнiнде, егер мұның өзi Комитетке жүктелген функциялардың орындалуы үшiн қажет болса, керектi ақпарат, мәлiмет құжаттардың көшiрмесiн, сондай-ақ ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;
- шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi Монополист бiрлестiктер мен кәсiпорындардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы және оларды аталған тiзiлiмнен шығару туралы шешiм қабылдауға, сондай-ақ оларды қайта құрудың қосымша ережелерiн және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үлестерiн, жарналарын, акцияларын сатып алуының, өзге ұйымдық-басқарушылық және қаржы-басқарушылық құралымдардың құрамына кiруiнiң тәртiбiн белгiлеуге, сондай-ақ өкiмет пен басқару органдарымен бiрлесiп монополист кәсiпорындардың қызметiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау жасаудың арнаулы әдiстерi мен шараларын әзiрлеуге;
- ұйымдық-басқарушылық (оның iшiнде қаржы-басқарушылық) құрылымдар құруды, егер оларды құру бәсекенi елеулi түрде шектеуге әкелiп соқтырса немесе соқтыруы мүмкiн болса, тiркеуге келiсiм беруден бас тарту нысанында тыйым салуға;
- белгiлi бiр тауар нарығында үстем жағдайға ие болған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң немесе басқарушылық құралымдардың сол тауар нарығында жұмыс iстейтiн басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң акцияларын, жарналарын, жарғылық капиталға қатысқан үлесiн сатып алуына, сондай-ақ үстем жағдайға ие болған шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң, басқарушылық құралымның акцияларының бақылау пакетiн, жарналарын, қатысу үлестерiн, егер мұның өзi бәсекенi елеулi түрде шектеуге әкелiп соқтырса немесе соқтыруы ықтимал болса, кез келген заңды ұйымдардың немесе жеке адамдардың сатып алуына тыйым салуға;
- өз құзыры шеңберiнде мемлекеттiк басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге монополияға қарсы заңдарды бұзушылықты тоқтату туралы, сондай-ақ нарықта үстем жағдайға ие болған және бұл жағдаймен қиянат жасайтын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi ықтиярсыз бөлу туралы қарастыру үшiн мiндеттi мағлұмхаттар және орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге;
- Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша лауазымды адамдар мен азаматтарға монополияға қарсы заңдарды бұзғаны үшiн өз құзыры шегiнде айыппұл салуға;
- Комитеттiң құзырына жататын мәселелер жөнiнде ресми түсiндiрмелер беруге;
- қажет болған жағдайда Комитеттiң қаржысы есебiнен төлей отырып, тексеру жүргiзу мен сараптау жасауға басқа мекемелер мен ұйымдардан бiлiктi мамандарды, сондай-ақ өзге бақылаушы және құқық қорғаушы органдардың қызметкерлерiн қатыстыруға;
- республикалық бюджеттен осы мақсаттар үшiн бөлiнген қаржы есебiнен монополияға қарсы саясатты жүргiзу, қаржы және тауар нарығын дамыту мәселелерi бойынша шарттар жасасуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыруға;
- Комитеттiң қызметiне байланысты мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн белгiленген тәртiп бойынша ғылыми-зерттеу, ақпарат және талдау мекемелерiн, мамандандырылған қорлар құруға;
- Комитеттiң құзырына жататын мәселелер бойынша шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен және үкiметтiк емес ұйымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуды жүзеге асыруға;
- монополияға қарсы саясатты жүргiзу мәселелерi бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
6. Комитеттi лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi құрамына кiретiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикалық өзгерiстер кеңесiнiң мүшесi болып табылатын Төраға басқарады.
7. Комитеттiң төрағасын қызметке Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды және қызметтен босатады.
Комитет Төрағасының орынбасарларын қызметке Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды және қызметтен босатады.
8. Комитеттiң Төрағасы оған басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi.
Төрағаның орынбасарлары арасында мiндеттер бөлiнiсiн, Комитеттiң орталық аппаратының және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердiң құрылымы мен штат кестесiн қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде бекiтудi, құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтудi және олардың басшыларының мiндеттерiн бөлiсудi Комитеттiң төрағасы жүргiзедi.
9. Комитеттiң төрағасы оның қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар, өкiмдер мен нұсқаулар шығарады, тапсырмалар бередi.
10. Комитет қызметiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiн талқылау үшiн Комитет төрағасының (алқаның төрағасы) және лауазым бойынша Комитет төрағасының орынбасарларының, Комитет басқармаларының (бөлiмдерiнiң) басшылары құрамындағы 11 адамнан алқа құрылады.
Комитет алқасы мүшелерiнiң жеке құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. Алқаның шешiмдерi қаулы нысанында шығарылады және Комитеттiң Төрағасы қол қояды.
11. Комитеттiң жүйесiне монополияға қарсы саясат жөнiндегi облыстық, Алматы және Ленинск қалалық аумақтық комитеттерi кiредi. Аумақтық комитеттер Комитетпен қосылып бiртұтас құрылым құрайды, Комитетке жүктелген барлық функцияларды орындайды және тек оған есеп бередi, өз жұмысын жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларымен өзара iс-қимыл жасай отырып ұйымдастырады.
Монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердiң басшыларын Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы қызметке тағайындайды.
12. Комитеттiң функцияларын жүзеге асыру үшiн оның жанынан сарапшылар кеңестерi құрылып, жұмыс iстейдi.
Сарапшылар кеңестерiнiң жұмысын ұйымдық қамтамасыз етудi Комитеттiң аппараты жүзеге асырады.
Сарапшылар кеңестерiнiң құрамы ғалымдар мен мамандардан, Комитеттiң, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiнен қалыптастырылады.
13. Комитеттiң орталық аппараты мен монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналып Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген қаражат есебiнен қаржыландырылады.
14. Комитет заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.