1. "КРАМДС-Арнаулы болат" акционерлiк қоғамының құрылтайшы кәсiпорындары мен ұйымдарының "Вест Интернешнл тобы" және "Хетч Асосиетс" (Канада) шетел фирмаларының қатысуымен және шетел кредитiн тартумен Ақтөбе қаласында 1997 жылы iске қосылатын жылына тот баспайтын болаттан жасалған 200 мың тонна жұқа қаңылтыр өндiретiн электр металлургия зауытының құрылысын "дайын етiп тапсыру" туралы инициативасы мақұлдансын.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi "КРАМДС-Арнаулы болат" акционерлiк қоғамының қатысуымен, тот баспайтын болат өндiру жөнiндегi электр металлургия зауытының құрылысын жүргiзудiң бағдарламасын оны энергиямен қамтамасыз ету және қажеттi инфрақұрылым объектiлерi кешенiмен бiрге белгiленген мерзiмде жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi Қазақстан Әлем Банкiмен бiрлесiп, жалпы сомасы 1 млрд. АҚШ долларына кредиттiк келiсiмге үкiметтiк кепiлдiк тапсыру үшiн электр металлургия зауытының құрылысын жүргiзуге құжаттарды сараптауды белгiленген тәртiппен жүргiзетiн болсын.
Зауыттың құрылысын жүргiзудi валюталық қаржыландыруды оның құрылтайшылары мен шетелдiк әрiптестер кейiннен аталған кәсiпорында өндiрiлген дайын өнiмдi шетелге жеткiзу есебiнен кредиттiң орнын жабумен жүзеге асыратыны еске алынсын.
3. Ақтөбе облысының әкiмi, мемлекеттiк басқару органдары "КРАМДС-Арнаулы болат" акционерлiк қоғамына және оның құрамына кiретiн кәсiпорындарға Ақтөбе қаласында тот баспайтын болат өндiру бағдарламасын жүзеге асыруға жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi