Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 14 сәуiр 1993 ж. N 300. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры туралы" 1993 жылғы 30 қаңтардағы N 1944 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Зейнетақы қорының мiндеттерiн жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң құрылымында Зейнетақы қорының Бас басқармасы, ал жер-жерлерде оның тиiстi бөлiмшелерi құрылсын. 
      3. Зейнетақы қоры қаржыларын басқаруды демократияландыру, сақтық жарналарын төлеушiлердiң, зейнеткерлердiң, мүгедектердiң мүддесiн қорғау, зейнетақы төлеуге жұмсалатын шығындардың уақтылы және толығынан қаржыландырылуына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры басқармасы құрылысын, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының, Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң, Еңбек министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi енедi. 
      4. Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi, Зейнетақы қоры бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорларынан негiзгi қорларды, айналымдағы қаржыларды, активтер мен олардан түсетiн кiрiстердi және дивидендтердi қоса қабылдап алып, өткiзудi қамтамасыз етсiн. 
      Қабылдап алу өткiзу нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне баян етiлсiн. 
      5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаржылардың құралу көздерi мен жұмсалу бағыты бойынша Зейнетақы қорларының бюджетiн, республикалық бюджетпен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ұсынысы бойынша бекiту сұралсын. 
      6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгiзiлсiн. 
      7. Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi, Қаржы министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрге Үкiмет шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы бiр ай мерзiм iшiнде ұсыныс енгiзсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1993 жылғы 14 сәуiрдегi      
N 300 қаулысымен         
Бекiтiлген             

Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры туралы 
ЕРЕЖЕ 

I. Жалпы ережелер 

 
      1. Зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк жағынан қорғау жүйесiне кiредi және Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. 
      2. Зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңына сәйкес төленетiн зейнетақыларға жұмсалатын шығындарды қаржыландырушы көз болып табылады. 
      <*> 
      Ескерту. 2-тармақтың екiншi абзацы күшiн жойған - ҚРМК-нiң 
               1995.08.02. N 1069 қаулысына сәйкес. 
      3. Зейнетақы қорының басты мiндеттерi: 
      мiндеттi сақтық жарналарын төлеушiлердiң толық есебiн алып, тiркеудi қамтамасыз ету; 
      қаржыларды шоғырландырып, зейнетақылар мен жәрдемақыларды, төлеуге жұмсалатын шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз ету; 
      қаржылардың толық келiп түсуiне бақылау жасау жөнiнен салық қызметiмен өзара қарым-қатынаста болу; 
      осы қаржылардың түсуiнiң есебiн және белгiленген мақсатқа жұмсалуын ұйымдастыру болып табылады. 

 

         II. Зейнетақы қорының қаржылары  

 
      4. Зейнетақы қорының қаржылары мыналардың есебiнен: 
      меншiк нысанына және қызмет түрiне қарамастан, жұмыс берушiлердiң, кәсiпкер қызметпен шұғылданатын азаматтардың сақтық жарналарынан; 
      жұмыс iстейтiн азаматтардың мiндеттi сақтық жарналарынан; 
      жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын тағайындалатын зейнетақыларға байланысты және зейнетақы жеңiлдiктi түрде тағайындау мақсатында жұмсалатын шығындардың орнын толтыратын қаржыларынан; 
      нақты адамдар мен заңды ұйымдардан түсетiн ерiктi жарналар мен қайырымдылық қаржыларынан; 
      жұмыс берушiлер мен азаматтардан кейiн қайтарып алу талабымен өндiрiп алынатын қаржылардан; 
      қордың депозит бойынша алатын дивидендтерi мен кiрiстерiнен; 
      (8-абзац)<*> 
       Ескерту. 4-тармақтың сегiзiншi абзацы алынып тасталған - ҚРМК-нiң 1994 ж. 31 қаңтарда N 116 қаулысымен. 
       5. Зейнетақы қорының ақшалай қаржылары мыналарға: 
      қолданылып жүрген заңға сәйкес берiлетiн зейнетақыларды қаржыландыруға; 
      қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау жөнiндегi әлеуметтiк бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуға; 
      халықты әлеуметтiк жағынан қорғаудың жергiлiктi органдарын техникамен жарақтандыруға жұмсалады. 
      6. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi бекiтетiн мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға бөлiнетiн тарифтерге сүйене отырып, Зейнетақы қоры мен Әлеуметтiк сақтандыру қорының арасындағы қаржыларды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi норма бойынша бөледi. 
      7. Зейнетақы қорының қаржылары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiндегi республикалық бюджеттiң банкiсiнiң арнайы шоттарында сақталады. <*> 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 31.01.1994 ж. N 116 қаулысымен

 

          III. Зейнетақы қорының бюджетiн құру 

 
      8. Зейнетақы қоры бюджетiнiң жобасын Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi әзiрлейдi және алдағы жылға арналған республикалық бюджеттi қарау кезiнде бекiтiледi.<*> 
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 
               31.01.1994 ж. N 116 қаулысына сәйкес. 

 

           IУ. Зейнетақы қорын басқару 

 
      9. Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi және оның жер-жерлердегi мекемелерi Зейнетақы қорын басқару органы болып табылады. 
      10. Жедел және ағымды мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнде Зейнетақы қорының Бас басқармасы, ал жер-жерлерде оның тиiстi бөлiмшелерi құрылады. 
      11. Зейнетақы қоры қаржыларын басқаруды демократияландыру, сақтық жарналарын төлеушiлердiң, зейнеткерлердiң, мүгедектердiң мүддесiн қорғау, зейнетақыларды төлеуге жұмсалатын шығындардың уақтылы қаржыландырылуына бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының басқармасы құрылады, оның құрамына Қазақстан Республикасы мен Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының, Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң, Еңбек министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Ұлттық банкiсiнiң және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi енедi. 
      Зейнетақы қорының басқармасы: 
      зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге жұмсалатын шығындардың мақсатты, уақтылы және толығымен қаржыландырылуына бақылау жасауды жүзеге асырады; 
      Зейнетақы қорының алдағы және ағымдағы мiндеттерiн белгiлейдi; 
      Зейнетақы қоры бюджетiнiң жобасын жасайды және оны алдағы жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасына енгiзу үшiн оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне тапсырады;<*> 
      Зейнетақы қорына төленетiн жарналар тарифiнiң мөлшерi жөнiндегi ұсынысты қарап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне енгiзедi; 
      Зейнетақы қоры қызметiнiң мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк және түсiнiк жұмыстарын жүргiзедi; 
      Тексеру комиссиясының есебiн тыңдайды; 
      Тексеру комиссиясының құрамын және ол туралы ереженi бекiтедi. 
      Зейнетақы қорының басқармасы қажеттiлiгiне қарай шақырылады, бiрақ тоқсанына бiр реттен кем болмауға тиiс. Басқарма өз мүшелерiнiң кем дегенде үштен екiсi қатысқанда кәдiмгi көпшiлiк дауыспен шешiм қабылдауға хұқылы. 
       Ескерту. 11-тармақтың бесiншi абзацы жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 31.01.1994 ж. N 116 қаулысына сәйкес.  
      12. Халықты әлеуметтiк жағынан қорғауға бағытталған қаржылардың мақсатты және дұрыс пайдаланылуына бақылау жасау үшiн Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнде Тексеру комиссиясы құрылады, оның мiндеттерi: 
      Зейнетақы қоры қаржыларының халықты әлеуметтiк жағынан қорғау жүйесiнде дұрыс және тиiмдi жұмсалуына бақылау жасау; 
      заңсыз төлемдер жасалғанда мемлекетке келтiретiн зиянның орнын толтыру жөнiнде шаралар қабылдау; 
      халықты әлеуметтiк жағынан қорғау мекемелерiнде құжаттарды тексеру және қаржы қызметiне тақырыптық тексерiс жүргiзу; 
      меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда Зейнетақы қорына аударылатын қаржылардың дұрыстығы және толық екендiгi жөнiнде салық қызметiмен бiрлесiп тексерiс жүргiзудi ұйымдастыру болып табылады. 
      Тексеру комиссиясының Төрағасын Зейнетақы қорының басқармасы тағайындайды. 
      13. Зейнетақы қоры басқармасының органдары мен Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде Зейнетақы қорына енетiн жарналарға және одан төленетiн төлемдерге байланысты құжаттарды тексерiп, талап етуге хұқы бар. Кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, соның iшiнде банкiлер де тексерушi органдар қызметкерлерiне өздерiнiң жұмыстарына қатысты қажеттi құжаттарды беруге мiндеттi. 

О Пенсионном фонде Республики Казахстан

ПОСТАНОВЛЕНИЕ Кабинета Министpов Республики Казахстан от 14 апpеля 1993 г. N 300. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      Во исполнение постановления Верховного Совета Республики Казахстан от 30 января 1993 г. N 1944 "О Положении о Пенсионном фонде Республики Казахстан" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о Пенсионном фонде Республики Казахстан.
      2. В целях оперативного решения задач Пенсионного фонда создать в структуре Министерства социальной защиты населения Республики Казахстан Главное управление Пенсионного фонда с соответствующими подразделениями на местах.
      3. В целях демократизации управления средствами Пенсионного фонда, соблюдения интересов плательщиков страховых взносов, пенсионеров, инвалидов, осуществления контроля за целевым, своевременным и полным финансированием расходов на выплату пенсий создать Правление Пенсионного фонда Республики Казахстан, в состав которого входят представители Аппарата Президента и Кабинета Министров Республики Казахстан, Министерства социальной защиты населения, Министерства труда, Министерства финансов, Национального банка Республики Казахстан и общественных организаций.
      4. Министерству социальной защиты населения, Пенсионному фонду Республики Казахстан в месячный срок обеспечить прием и передачу основных фондов, оборотных средств, включая активы и причитающиеся по ним доходы и дивиденды, от Пенсионного фонда Республики Казахстан.
      О результатах приема и передачи доложить Кабинету Министров Республики Казахстан.
      5. Просить Верховный Совет Республики Казахстан утверждать бюджет Пенсионного фонда по источникам образования средств и направлениям использования одновременно с республиканским бюджетом по представлению Кабинета Министров Республики Казахстан.
      6. Внести в Верховный Совет Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Закон Казахской ССР "О пенсионном обеспечении граждан в Казахской ССР".
      7. Министерству социальной защиты населения, Министерству финансов совместно с Министерством юстиции Республики Казахстан в месячный срок внести предложения о приведении решений Правительства в соответствие с настоящим постановлением.
      Премьер-министр
    Республики Казахстан

                                          УТВЕРЖДЕНО
                               постановлением Кабинета Министров
                                      Республики Казахстан
                                   от 14 апреля 1993 г. N 300

                      П О Л О Ж Е Н И Е
            о Пенсионном фонде Республики Казахстан

                      1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

      1. Пенсионный фонд Республики Казахстан входит в систему социальной защиты населения Республики Казахстан и является структурным подразделением Министерства социальной защиты населения Республики Казахстан.
      2. Пенсионный фонд является источником финансирования расходов по выплате пенсий в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

     Сноска. Абзац второй пункта 2 - утратил силу постановлением КМ РК от 2 августа 1995 г. N 1069.

     3. Главными задачами Пенсионного фонда являются:
     обеспечение полного учета и регистрации плательщиков обязательных страховых взносов;
     аккумулирование средств и обеспечение финансирования расходов на выплату пенсий и пособий;
     взаимодействие с органами налоговой службы по контролю за полнотой поступления средств на пенсионное обеспечение;
     организация учета поступлений и расходования указанных средств по целевому назначению.

                  II. СРЕДСТВА ПЕНСИОННОГО ФОНДА

      4. Средства Пенсионного фонда образуются за счет:
      страховых взносов работодателей, граждан, занимающихся предпринимательской деятельностью, независимо от форм собственности и и видов деятельности;
      обязательных страховых взносов работающих граждан;
      средств, возмещаемых работодателями в связи с назначением досрочных пенсий и на цели льготного пенсионного обеспечения;
      добровольных взносов и благотворительных пожертвований от физических и юридических лиц;
      средств, взыскиваемых с работодателей и граждан в результате предъявления регрессных требований;
      дивидендов и доходов, получаемых по депозитам фонда.
      5. Денежные средства Пенсионного фонда направляются на:
      финансирование пенсий в соответствии с действующим законодательством;
      участие в реализации программ по социальной защите пожилых и нетрудоспособных граждан;
      техническое оснащение местных органов социальной защиты населения.
      6. Исходя из тарифов на государственное социальное страхование, утверждаемых Верховным Советом Республики Казахстан, распределение средств между Пенсионным фондом и Фондом социального страхования производится Кабинетом Министров Республики Казахстан по нормативам.
      7. Средства Пенсионного фонда хранятся на специальном счете республиканского бюджета в Национальном банке Республики Казахстан. <*>

     Сноска. Пункт 7 - в редакции постановления от 31 января 1994 г. N 116.

              III. СОСТАВЛЕНИЕ БЮДЖЕТА ПЕНСИОННОГО ФОНДА

     8. Проект бюджета Пенсионного фонда разрабатывается Министерством социальной защиты населения Республики Казахстан и Министерством финансов Республики Казахстан  и утверждается при рассмотрении республиканского бюджета на предстоящий год. <*>
     Сноска. Пункт 8 - в редакции постановления от 31 января 1994 г. N 116.

               IV. УПРАВЛЕНИЕ ПЕНСИОННЫМ ФОНДОМ


      9. Органом управления Пенсионного фонда является Министерство социальной защиты населения Республики Казахстан и его учреждения на местах.
      10. Для решения оперативных и текущих задач Пенсионного фонда в структуре Министерства социальной защиты населения Республики Казахстан создается Главное управление Пенсионного фонда с соответствующими подразделениями на местах.
      11. В целях демократизации управления средствами Пенсионного фонда, соблюдения интересов плательщиков страховых взносов, пенсионеров, инвалидов, осуществления контроля за целевым, своевременным и полным финансированием расходов на выплату пенсий создается Правление Пенсионного фонда Республики Казахстан, в состав которого входят представители Аппарата Президента и Кабинета Министров Республики Казахстан, Министерства социальной защиты населения, Министерства труда, Министерства финансов, Национального банка Республики Казахстан и общественных организаций.
      Правление Пенсионного фонда:
      осуществляет контроль за целевым, своевременным и полным финансированием расходов на выплату пенсий и пособий;
      определяет перспективные и текущие задачи Пенсионного фонда;
      составляет проект бюджета Пенсионного фонда и представляет его в Министерство финансов Республики Казахстан для включения в проект республиканского бюджета на предстоящий год.<*>
      рассматривает и вносит в Кабинет Министров Республики Казахстан предложения по размерам тарифов взносов в Пенсионный фонд;
      осуществляет методологическую и разъяснительную работу по вопросам деятельности Пенсионного фонда;
      заслушивает отчеты Ревизионной комиссии;
      утверждает состав и положение о ревизионной комиссии.
      Правление Пенсионного фонда созывается по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал. Правление правомочно принимать решение простым большинством голосов при наличии не менее двух третей его членов.
      Сноска. Абзац пятый пункта 11 - в редакции постановления от 31 января 1994 г. N 116.
      12. Для контроля за правильным и целевым использованием средств, направляемых на социальную защиту населения, в Министерстве социальной защиты населения Республики Казахстан образуется ревизионная комиссия, функциями которой являются:
      контроль в системе социальной защиты населения за правильным и рациональным расходованием средств Пенсионного фонда;
      принятие мер по возмещению нанесенного государству ущерба в случае незаконных выплат;
      проведение документальных ревизий и тематических проверок финансовой деятельности в учреждениях социальной защиты населения;
      организация проверок совместно с налоговыми службами на предприятиях, в учреждениях и организациях всех форм собственности по правильности и полноте перечисления средств в Пенсионный фонд.
      Председатель ревизионной комиссии назначается Правлением Пенсионного фонда.
      13. Органы управления Пенсионного фонда и члены ревизионной комиссии имеют право осуществлять на предприятиях, в организациях и учреждениях проверки и истребовать документы, связанные с внесением взносов в Пенсионный фонд и выплатами из него. Предприятия, организации и учреждения, в том числе и банки, обязаны представлять проверяющим органам и их работникам необходимые документы, относящиеся к сфере их деятельности.