Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол ғимараттарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды пайдалану тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол
ғимараттарын пайдалану ережесi және оларды қорғау тәртiбi бекiтiлсiн
(қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Көлiк құрылысы министрлiгiне, Iшкi
iстер министрлiгiне бекiтiлген Ереженiң орындалуына бақылау жасау
мiндеттелсiн.
3. "Республиканың автомобиль жолдарының жайы және оларды жөндеу
мен күтiп ұстауды жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақ ССР
Министрлер Советiнiң 1975 жылғы 30 маусымдағы N 339 қаулысы
7-тармағының (Қазақ ССР ҚЖ, 1975 ж., N 14, 67-ст., күшi жойылған
деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 20 сәуiрдегi
N 316 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағында
автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын
пайдалану ережесi және оларды қорғау
ТӘРТIБI
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы ережелер автомобиль жолдары мен жол ғимараттарының күтiп ұсталуын және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында оларды пайдалану тәртiбiн белгiлейдi. Ереже барлық министрлiктер мен ведомстволарға, кәсiпорындар мен мекемелерге, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың, жүргiзушiлердiң және оларды пайдаланатын, бөлiнген автомобиль жолдары тiлкемi шегiнде құрылыс және жөндеу жұмысын жүргiзетiн азаматтардың бәрiне қолданылады.
2. Ереже автомобиль жолдарын пайдаланушылардың, жол органдарының және шаруашылықтық автомобиль жолдарын иеленушiлердiң құқын, мiндетi мен жауапкершiлiгiн анықтайды.
. Жол органдары - балансында жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары бар ұйымдар.
3. "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 19 наурыздағы N 260 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҰАЖ, 1992 ж., N 12, 201-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарын саралау жөнiндегi ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан автомобиль жолдары жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары және шаруашылық автомобиль жолдары деп бөлiнедi. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары өзiнiң халық шаруашылық және әкiмшiлiк маңызына қарай республикалық және жергiлiктi автомобиль жолдары деп бөлiнедi.
4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары олардың құрамына енетiн барлық ғимараттарымен және жайғастыру элементтерiмен (көпiрлерiмен, құбырларымен, жол пайдалану қызметi үйлерiмен, қардан қорғау құрылғыларымен және қоршауларымен, сәулеттiк безендiрулерiмен, қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарымен, автосервис кешендерiмен және т.б.), сондай-ақ жасыл желектi алқаптарымен қоса мемлекеттiк меншiк болып табылады.
Жалпы пайдаланудағы жолдарды қорғауды Қазақстан Республикасының жол органдары жүзеге асырады.
5. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы қозғалыс осы Ереже мен Жол қозғалысы ережесiн сақтай отырып жүзеге асырылуға тиiс.
Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың
құқықтары мен мiндеттерi
6. Жолдар мен жол ғимараттарының сақталуын және оларда қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн көлiк құралдарының автомобиль жолдарында жүрiп-тұруына жол берiледi.
7. Автомобиль көлiгi мен көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен жолда қауiпсiз, әрi iркiлiссiз жүрiп-тұруын қамтамасыз ету барлық жол пайдаланушылардың, жол органдарының, жол қозғалысын бақылау мен реттеу органдарының мiндетi болып табылады.
8. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және автомобиль жолдары мен жол ғимараттарында қозғалыс қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн ақауларды байқаған азаматтар оларды өз күштерiмен жою жөнiнде өздерiне байланысты шараларды қолдануға немесе бұл жайында таяу жердегi жол органына ие Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға тиiс.
9. Көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды және басқа адамдар, жер қазу немесе құрылыс жұмыстарын атқарушы ұйымдар, кәсiпорындар көлiк құралдарының өте жақсы төсенiшi бар жолға шыға берiсте доңғалақтарды балшықтан тазартуға және оның жүрiп-тұру бөлiгiн ластауына жол берiлмеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
10. Бөлiнген тiлкемнiң шекарасынан тысқары автомобиль жолдары өтетiн аумақтағы жер пайдаланушылар:
жалпы пайдаланудағы жолға шығаберiс тұсы мен оларға кiреберiс тұсын техникалық жағынан түзiк күйiнде ұстауға;
жолда көлiк құралдарының жайғастырылмаған кiреберiс және шығаберiс тұсының болуына жол бермеуге;
жолмен жапсарлас қоршаулар мен құрылыстарды түзiк күйiнде ұстауға;
көру мүмкiндiгiн қиындатып, қозғалыс қауiпсiздiгiн нашарлататын конструкциялардың, тастардың және басқа материалдардың үйiлуiне жол бермеуге;
арамшөптi орып тастауға мiндеттi.
11. Кәсiпорындардың, мекемелердiң, шаруашылықтардың және ұйымдардың лауазымды адамдары, сондай-ақ пайдалануында жолмен шектесетiн жер учаскелерi бар азаматтар үй малдары мен құстардың жолға шығуына жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.
12. Жол иесi берген және мемлекеттiк автомобиль инспекциясымен келiсiлген жұмыс атқару құқығы ордерi болғанда ғана жолда жұмыс жүргiзуге жол берiледi.
13. Автомобиль жолдарында жұмыс жүргiзiлетiн жерде қозғалыс тәртiбi мен оны ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы бөлiмшелерiмен келiсiлiп қолданылып жүрген нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
14. Жол шегiнде немесе бөлiнген тiлкемде нендей бiр жұмыс жүргiзетiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар жол органдары және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы берген техникалық шарттарды, осы жұмыстарды жүзеге асыру мерзiмiн сақтауға, жұмыс жүргiзiлетiн аймақтар мен уақытша айналма жолда қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге толық жауап бередi.
Автомобиль жолдарын пайдаланушыларға
арналған мiндеттi түрдегi келiсулер тiзбесi
15. Автокөлiк иелерi автомобиль жолдарын пайдаланған кезде жол органдарымен, автоинспекция бөлiмшелерiмен:
аса көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды;
жарылғыш, радиоактивтi және өте уытты заттарды тасымалдауды;
автомобиль жолдары каналдарды, байланыс пен электр желiлерiн, мұнай газ, су құбырларын және темiр жолды қиып өтетiнiн;
темiр жол желiсiнiң дөңестiгi мен еңкiштiгiн немесе автомобиль жолын бiр деңгейде қиып өтетiн жағдайда қосымша жол төсеудi;
темiр жол өткелдерiн қайта құруды жөндеудi және жабуды;
киоскiлердi, павильондарды немесе өзге де құрылыстарды орналастыруды;
жол ақпаратына қатысы жоқ транспаранттар, маңдайша жазулар, жарнамалар, плакаттар iлудi;
сыртқы жарық беру бағаналарын орнатуды;
мелиорациялық және басқа мақсат үшiн көпiрден жоғары немесе төмен қарай 2,5 километрлiк қашықтықта өзен мен су ағызу арнасын тереңдетедi;
жолмен жапсарлас немесе жердiң еңiстiгiне қарай жолдан биiк шлюздердi, плотиналар мен басқа да мелиоративтiк және техникалық ғимараттарды салуды, жаңғыртуды, жөндеудi;
бұқаралық және спорт шараларын өткiзудi;
бөлiнген тiлкемде және онымен шектес жерде үйлер тұрғызуды, дуалдар салуды, карьерлер жасауды;
жолаушылардың жалпы пайдаланудағы көлiк құралдары маршруттарын ашуды;
жолдан шығаберiс және жүк тиеу мен түсiруге арналған алаңдар жасауды, сондай-ақ ағаш кесудi және оны отырғызуды;
жолды және жол ғимараттарын өлшеп, суретке түсiрудi келiседi.
16. Егер көлемдi, ауыр жүк тиелген, немесе белдiкке нормативтi мөлшерден көп салмақ түсетiн көлiк құралдары доңғалақтарының түрпiсi бар машиналар мен механизмдердiң өтуi салдарынан автомобиль жолдары бұзылса немесе шөгiп кетсе, онда оларды бастапқы қалпына келтiрудi жол органдары жүк пен көлiк құралдары иелерiнен өндiрiп алатын ақы есебiнен жүргiзедi.
17. Министрлiктер,ведомстволар мен басқа да заңды ұйымдар жобалау тапсырмасын жол органдарымен және шаруашылық жолдары иелерiмен келiскеннен кейiн ғана объектiлердi жобалап, салуды, сондай-ақ жол бойына қойылатын сәулеттiк шағын нысандарды безендiрудi жүзеге асыра алады. Соңғыларының автомобиль жолдарын салу, көркейту, көгалдандыру жобасы сақталмай жүзеге асырылып жатқан объектiлер құрылысын тоқтата тұруға құқығы бар.
18. Келешекте жалпы пайдаланудағы жолды салу мен оны жаңғыртуға жағдай жасау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және жол маңындағы жер бедерiнiң бүлiнуiн болдырмау мақсатында жол органдарымен алдын ала келiспейiнше;
жергiлiктi маңызы бар жолдан кемiнде 100 метр қашықтықта;
республикалық маңызы бар жолдан кемiнде 200 метр қашықтықта елдi мекендердi, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды және басқа объектiлердi жобалау мен салуға тиым салынады.
Осы жол маңындағы тiлкемдерде жер учаскелерi жол қызметi мен жол сервисiнiң үйлерi мен ғимараттарын салу үшiн ғана бөлiнуi мүмкiн.
Автомобиль жолдарының бойындағы инженерлiк коммуникациялар елдi мекендерде топырақ төсемiнiң шетiнен кемiнде 25 метр және одан тысқары жерлерде - кемiнде 50 метр қашықтықта тартылуға тиiс.
Коммуникацияларды тарту кезiнде жолды және жол ғимараттарын қалпына келтiру жөнiндегi жұмыс оны орындаушы, ұйымдардың қаржысы мен материалдары есебiнен атқарылады. Бұл жұмысты жол ұйымдары немесе инженерлiк коммуникацияларды тартумен шұғылданатын ұйымдар орындайды.
19. Жол органдарынан инженерлiк коммуникацияларды тартуға рұқсат алу үшiн осы жұмысты атқарушы ұйымдар:
белгiленген тәртiппен әзiрленiп, бекiтiлген жобалық құжаттаманы;
тапсырыс берушiнiң жұмысты қаржыландыру қамтамасыз етiлетiнi туралы кепiлдiк хатын;
жұмысты орындаудың күнтiзбектiк графигiн;
жолдың бүлiнген элементтерiн қалпына келтiру туралы мiндеттеменi немесе жолдың бүлiнген учаскесiн қалпына келтiретiн нақты жол ұйымын қаржыландыру туралы кепiлдiк хатын табыс етуге тиiс.
Егер қалпына келтiру жұмысын жол ұйымы атқаратын болса, онда бұл үшiн қажеттi қаржы оның есеп айырысу шотына аударылғаннан кейiн ғана инженерлiк коммуникацияларды тартуға рұқсат етiледi. Бұл үшiн бүлiнген жер учаскесiн қалпына келтiру мерзiмi көрсетiлiп жол төсемiнiң, топырақ үйiндiсiнiң, айналма жол мен жол ғимараттарының нақты жай-күйi, алдағы атқарылар жұмыстың сипаты мен көлемi туралы жол ұйымының және тапсырыс берушi ұйымның өкiлдерi екiжақты актi ресiмдейдi.
Жұмыс елдi мекендермен шектес жерлерде атқарылатын жағдайда тиiстi жергiлiктi әкiмнiң рұқсаты да қажет.
20. Жол органдары жалпы пайдаланудағы жолда жүргiзiлетiн жұмысты мемавтоинспекциямен келiсiп алуға мiндеттi.
21. Шұғыл түрде авариялық-қалпына келтiру жұмысын жүргiзу қажет болған жағдайда бұл жұмыс осы жол қарауында тұратын жол органының өкiлi мен шаруашылық жолы иесiнiң қатысуымен атқарылып, берiлген рұқсат кейiннен осы Ереженiң 19-тармағымен белгiленген тәртiп бойынша ресiмделуге тиiс.
Жол органдары өкiлi нұсқауының қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты бөлiгi орындалуға мiндеттi болып табылады.
22. Жолдарда орындалған қалпына келтiру жұмысын жол органдары атқарушы ұйымдардың қатысуымен қабылдайды және екiжақты актiмен ресiмделедi.
23. Жүк таситын көлiк құралдарының белдiгiне түсетiн салмақтың шегi пұрсатты мөлшерден аспауға тиiс. Бұл салмақтың шегi туралы ақпаратты жол органдары белгiлейдi. Тасылатын жүктiң салмағы бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда жол төселiмiн қалпына келтiру шығынын көлiк құралдарының иелерi Қазақстан Республикасының Көлiк құрылысы министрлiгi бекiткен нормативтер бойынша өтеуге мiндеттi.
24. Басқа мемлекеттердiң көлiк құралдарының иелерi автомобиль жолындағы аумағына кiргенi үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен тариф бойынша жол қорына ақы төлейдi. Мұндай ақы төлеу өз аумағына автокөлiк құралдарының кiргенi үшiн осындай ақы (алым) енгiзген мемлекеттерге қолданылады.
Жол органдарының және шаруашылық
жолдары иелерiнiң жолды пайдаланушылар
жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
25. Жолдарды, көпiрлердi, жол құбырларын, қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарын және басқа ғимараттарды пайдалануға жауапты жол органдары мен шаруашылық жолдарының иелерi автомобиль жолдарында көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында:
қолданылып жүрген нормативтi құжаттардың талаптарына сәйкес автомобиль жолдары мен олардағы ғимараттарды түзiп және қозғалыс үшiн қауiпсiз етiп күтiп-ұстауға, сондай-ақ осы жолдардағы жүрiп-тұру жағдайын жақсартуға қажеттi шаралар қолдануға;
қыста жолдар мен ғимараттарды дер кезiнде қардан тазартып, төселiмнiң тайғанақтығын және жолдың ластануын болдырмайтын шараларды қолданып, қозғалысқа қатысушыларға жылыну қостары мен түнемелiк орындар беруге;
жолдың авариялық учаскелерiн шарбақтармен қоршауды, жол белгiлерiмен, күндiз-түнi бiрдей жақсы көрiнетiн басқа да құралдармен қамтамасыз етуге, жолдың жөнделiп жатқан учаскелерiн айналып өтетiн жолдар мен уақытша ғимараттар салуға, оларға қажеттi жол белгiлерiн қоюға және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей етiп ақаусыз ұстауға;
жүргiншiлердi метеорологиялық жағдайдың күтiлiп отырған қатерлi өзгерiстерi, сондай-ақ қозғалысты уақытша шектеу немесе доғару туралы хабардар етудiң қажеттi шараларын қолдануға;
қолайсыз ауа райы мен тосын құбылыстардың туындауы, немесе жол табаны төселiмiнiң бұзылуы, сондай-ақ құрылыс салу-жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде қозғалысты шектеуге немесе оған тиым салуға (жол белгiлерiнiң, таңбалардың, ұйымдастырудың арнаулы құралдарының көмегiмен ғана шектеу енгiзiлуi мүмкiн), бұл жайында тиiстi жергiлiктi әкiмдер мен автомобиль көлiгiн басқару органдарын дереу хабардар етуге, Жол органдары мен Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы қозғалысты шектеудiң немесе оған тиым салудың қолданылатын мерзiмiн көрсету, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жол қозғалысына қатысушыларды хабарландыру туралы шешiм қабылдайды;
жол-көлiк оқиғаларының есебiн жүргiзiп, олардың пайда болу себептерi мен жағдайына талдау жасап, тиiсiнше шаралар қолдануға;
авария, автоапат, тосын күйзелiс жағдайында дәрiгерлер келгенше медициналық жәрдем көрсетiп, жол қозғалысына қатысушыларды құтқару шараларын қолдануға;
адамдардың өлiмiне әкеп соқтырған және материалдық елеулi нұқсан келтiрген жол-көлiк оқиғаларын тексеруге қатысуға, сондай-ақ, егер жолдың жайы мен күйiне қарай жол-көлiк оқиғасы жасалған болса, қызмет бабындағы тексерудi жүргiзуге;
көлiк құралдарын жүргiзушiлерге ақылы қызмет көрсету үшiн жол бойындағы автосервис пен автокөлiк құралдарын жөндеу мекенi жүйесiн дамыта беруге ықпал етуге мiндеттi.
26. Темiр жол арқылы өтетiн өткелдердiң автомобиль жолдарымен бiр деңгейде ұсталуын, сондай-ақ шлагбаумдардың барлық түрiнiң болуын және өткелдердi күзетудi темiр жол дистанциялары немесе тиiсiнше темiр жол иелерi, ал жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының темiр жол арқылы өтетiн өтпежолын күтiп-ұстауды Қазақстан Республикасы Көлiк құрылысы министрлiгiнiң жол органдары жүзеге асырады.
27. Төселiмнiң жетiлдiрiлген түрлерiмен қапталған негiзгi жолдар табанының ластануына жол бермеу үшiн оларға шығаберiс пен олардан түсеберiстiң бәрi құмдауыт және құмды топырақ жағдайында 50 метрлiк, топырақтың жай түрiнде - 100 метрлiк, ал қиыршық тас төселген жолдарда - кемiнде 25 метрлiк қатқыл табанды төселiмi болуға тиiс. Жалпы пайдаланудағы жолдарды қиып өтетiн немесе оларға түйiсетiн кiреберiс пен шығаберiске қатқыл табанды төселiм төсеудi осы жолдар қарауында тұрған кәсiпорындар, ұйымдар, шаруашылықтар өздерiнiң қаржысы есебiнен, Қазақстан Республикасы Көлiк құрылысы министрлiгi жол органдарының техникалық бақылау жасауымен жүзеге асырады.
28. Жол табанының бүлiнуi салдарынан жабық немесе жүрiп-тұру шектелген жол учаскелерi арқылы шұғыл тасымал оны жасайтын ұйым бүлiнген жердi түзеп, жүккөтерiмдiлiгiн қалпына келтiру шығындарына өтем жасаған жағдайда жол органдарының рұқсат етуiмен ғана жүргiзiледi.
29. Жол салушы немесе оны жаңғыртушы жол органдары мен шаруашылық жолдарының иелерi ескi жол учаскелерiн шектес жер құрамында пайдалануға болатындай күйге келтiруге мiндеттi.
Автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын
пайдалану ережесiн және оларды қорғау
тәртiбiн бұзғандық үшiн жауаптылық
30. Автомобиль жолдарында:
жалпы көлемi, массасы немесе жүкпен не жүксiз белдiкке түсетiн салмағы нормадан астам немесе қойылған жол белгiсiнде көрсетiлгеннен көп көлiк құралдарын жүргiзуге;
жолды, жол ғимараттарын, қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарын, желектi алқапты және жолды жайғастырудың басқа заттарын бүлдiруге;
көлiк құралдарының, ауыл шаруашылық және басқа техниканың белгi қойылып, жабдықталмаған жерде жолға шығуы мен одан түсуiне және олар арқылы өтуiне;
барлық көлiк құралдарының айырым тiлкемiне шығып, онда аялдауына;
рұқсат етiлмеген жолда жаттығу жүрiсiн жасауға;
шынжыр табанды көлiктiң, доңғалақтарында шығыңқы бедерлерi: түрпiлерi, тiкендi сымдары, шынжырлары, т. б. бар мәшинелер мен механизмдердiң жүрiп өтуiне;
жанар-жағар материалдардың төгiлуi ықтимал жұмыстарды орындауға, көлiк құралдарын жөндеп, майлауға, оларды тазартып, жууға (осы жұмыстар қажет болуына қарай арнайы жабдықталған жерлерде, ал айрықша жағдайларды жол жиегiнде жасалып, соның өзiнде көлiк құралдарының жүргiзушiлерi немесе олардың иелерi қалған қоқысты, материалдарды және басқа заттарды жинап алуға тиiс);
жолдың жүрiп-тұру бөлiгiн, жиегiн, көпiрлердi, трубаларды, арықтарды, дренаждық және суағызар құрылғылар мен бөлiнген тiлкемдердi құрылыс материалдарымен, ауыл шаруашылық өнiмдерiмен және басқа заттармен ластауға, сондай-ақ тиiсiнше оралып, қапталмаған, жолға және бөлiнген тiлкемге шашылатын жүктердi тасуға, жолдың жүрiп-тұру бөлiгiнде жүк тиеп, түсiруге;
арнайы бөлiнгеннен тысқары жерлерде, сондай-ақ түнде және бұлыңғырлау көрiнетiн жағдайда малды жолды қиып айдап өтуге, өте жетiлдiрiлген төселiмдi жолмен мал айдауға және оны тiлкемдерде жайып-бағуға;
жолдың бөлiнген тiлкемдерi шегiнде демалыс лагерьлерiн, шатырлық және басқа қалашықтарды орналастыруға, белгi қойылмаған жерлерде
сауда жасауға;
автомобиль жолдарының жүрiп-тұру бөлiгi мен көпiрлерде, сейiлдеуге, көпiрлерде, көпiр таяныштары мен мұз кескiштерден 50 метр қашықтықта кiр жууға, балық аулауға;
көпiрлер астына қайық стансаларын орналастыруға, қайықтар мен плоттарды көпiр таяныштарына байлауға;
ағаш көпiрлер мен ағаш төселген көпiрлерде шылым шегуге, бөлiнген тiлкемде және ағаш көпiрлерден 100 метрге дейiн жерде от жағуға;
жолдың бөлiнген тiлкемiнде өрттен сақтану талабын сақтамай тез тұтынатын және жанар материалдарды (жалпы қоюға рұқсат болғанымен) үйiп қоюға;
құрғақ шөптi өртеуге;
сым үзiлетiн жағдайда қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн сақтандыру құрылғыларынсыз автомобиль жолдарының жоғары вольттi электр желiлерiн қиып өтуiне;
топырақ төсемiнiң, сондай-ақ көпiрлер мен жол құбырлары астында нендей бiр коммуникациялар (мұнай, су, газ құбырларын, канализация және т. б.) тартуға;
автомобиль жолдарын судың басып кетуiне, бөлiнген тiлкемнiң батпақтануына әкелiп соқтыратын сортаң жерлердi шаюға, жол жиегiндегi жыраларды суландырғыш ретiнде пайдалануға, ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға;
канализациялық, өнеркәсiптiк, мелиоративтiк және сарқынды суды су бұрғыш ғимараттар мен резервтегi орынға ағызуға;
көпiрлердiң жоғары және төменгi жағында кемiнде 2,5 метр қашықтықта құм мен қиыршық тас қазу үшiн карьерлiк жұмыстар жасауға, өзендер мен субұрғыш арналарын тереңдетуге;
кюветтiң сыртқы жиегiне, шұқыр шетiне немесе төсем табанына бiр метр тақау жердi жыртуға;
шлюздер, плотиналар мен басқа да мелиоративтiк және гидротехникалық ғимараттар салуға тыйым салынады.
31. Жол органдары кiнәсынан осы Ережелердiң талаптарын бұзғандық үшiн оның қызметкерлерi заңмен белгiленген материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
32. Жол иелерi табыс еткен актiлер негiзiнде осы Ережелердi бұзғандық үшiн лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Автомобиль жолдарын пайдалану Ережесiн бұзған кәсiпорындар мен азаматтар айыппұлды төлегенiне қарамастан жол органдарына келтiрiлген шығынды толық өтейдi.
33. Жол қозғалысына қатысушылар мен автокөлiк құралдарына жол органдары кiнәсiнен материалдық нұқсан келтiрiлген жағдайда жол органдары оны қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.
34. Жол шегiнде және оған бөлiнген тiлкемде жұмыс жасаушы кәсiпорындар мен азаматтар жол органдарымен және мемлекеттiк автомобиль инспекциясы органдарымен келiсiлген технология мен жұмыс мерзiмiн сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргiзiлiп жатқан аймақта, сонымен бiрге жолдан уақытша шығаберiстер мен айналма жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпегенi үшiн заңмен белгiленген тәртiппен жауап бередi.
35. Автомобиль жолымен жанасатын немесе оны қиып өтетiн құрылысты өз бетiмен салуға, жолды және оның ғимараттарының жайғастырылуын бүлдiруге, сондай-ақ өз бетiмен жұмыс жасауға, ғимараттар салып, орнатуға жол берген кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер мен азаматтар жол шаруашылығына келтiрiлген материалдық нұқсанды қолданылып жүрген заңда белгiленген тәртiппен төлейдi. Сонымен қатар жол органдарының талап етуi және олар белгiлеген тәртiп бойынша кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер мен азаматтар өздерi тұрғызған ғимараттарды өз күштерiмен әрi өздерiнiң қаражаты есебiнен бұзып, жер учаскесiн ретке келтiруге мiндеттi.
Келтiрiлген нұқсанды өтеу мақсатымен осы тармаққа сәйкес өндiрiп алынған ақшалай қаражат жол органдарының есепшотына аударылады және автомобиль жолдары мен ғимараттарын жөндеп, қалпына келтiруге пайдаланылады. Автомобиль жолының бөлiнген тiлкемiнде ағаш кесiп, жасыл желектi алқапты зақымдауға кiнәлiлер қолданылып жүрген заңға сәйкес жауап бередi.
36. Осы Ережелердiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Көлiк құрылысы министрлiгiнiң жол органдары мен Iшкi iстер министрлiгiнiң органдарына жүктеледi.