Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
1. Мыналар:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы жүйесiндегi басшы және жедел құрамның киiм тiзбесi N 1 қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы жүйесiндегi басшы және жедел құрамның нысандық киiм (арнайы киiм), аяқ киiм (арнайы аяқ киiм) заттары мен жабдықтарын киiп және тағып жүру Тәртiбi (қоса берiлiп отыр);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы жүйесiндегi қызметкерлердiң нысандық және арнайы киiм заттарының тiзбесi N 2 қосымшаға сәйкес;
Келте тондар мен пималар алуға хұқығы бар кедендердiң тiзбесi N 3 қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы жүйесiндегi қызметкерлерге тегiн берiлетiн нысандық киiм мен аяқ киiм заттарының нормалары (қоса берiлiп отыр);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы
жүйесiндегi қызметкерлерге тегiн берiлетiн арнайы киiм мен арнайы
аяқ киiмнiң нормалары (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден
басқармасы нысандық киiм заттарын тiккiзу мен жасату тапсырыстарын
орналастыруды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Бас кеден басқармасы мекемелерiнiң басшы және жедел құрамын үлестiк
нормалары бойынша осы заттармен қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 3 мамырдағы
N 344 қаулысына
N 1 Қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң
Бас кеден басқармасы жүйесiндегi басшы және
жедел құрамның киiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
Толық мемлекеттiк кеңесшiге және кеден
қызметiнiң I, II, III дәрежелi мемлекеттiк
кеңесшiлерiне арналған киiм нысандары
I/ Бiр киер киiм нысандары
Қызыл шұғамен тысталған, алтын түстi кокардалы, сұр түстi таза
қаракөлден тiгiлген тiк бөрiк.
Басқа киетiн жерiнiң жиектерi қызылмен көмкерiлген, алтын түстi кокарданың айналасы алтындалған жiппен жиектелген, күнқағарлы және өрме белбеушелi, ақ түстi жүннен тiгiлген фуражка.
Сұрғылт қара жүннен тiгiлген, жиектерi қызыл түспен көмкерiлген,
погоны бар, қос қаусырма өңiрлi пәлте. Жеке тiгiледi.
Су өтпейтiн қара түстi костюмдiк матадан тiгiлген бiр қаусырма
өңiрлi жаздық плащ немесе пәлте. Жеке тiгiледi.
Ашық ақ түстi жүннен тiгiлген, жағасы мен жеңiнiң қайырма тұсы
алтындалған қызыл жiппен жиектелген, погоны бар, қос қаусырма өңiрлi
китель. Жеке тiгiледi.
Қара-көк галстугi, погоны бар, ақ түстi күрте-кеудеше (көйлек).
Қызыл түспен жиектелген және лампасты, көгiлдiр түстi жүн матадан
тiгiлген балағы түсiңкi шалбар. Жеке тiгiледi.
Қара түстi былғары бәтеңкелер (қысқа қонышты бәтеңкелер,
туфлилер).
Ақ түстi мойын орамал.
Ақ түстi былғары қолғап.
Салтанат белбеуi.
2/ Күнделiктi киiм нысандары
Бiр киер киiм нысандары тәрiздi тiк бөрiк, пәлте, фуражка,
шалбарлар, мойын орамал.
Қызыл түспен жиектелген, жағасы алтынданған жiппен тiгiлген,
погоны бар, ашық көгiлдiр түстi жүннен тiгiлген қос қаусырма өңiрлi
кител. Жеке тiгiледi.
Погоны, қара-көк, түстi галстугi бар, көгiлдiр және ақ түстi
күрте-кеудеше (көйлек).
Су өткiзбейтiн көгiлдiр түстi костюмдiк матадан тiгiлген, погоны
тiгiлмелi жаздық пәлте (плащ) плащ (шымқай қара матадан тiгiледi).
Жеке тiгiледi.
Ақ түстi бөкебай.
Сұр түстi мех жағалы, погоны бар, қара-көк матадан мехпен
көмкерiп тiгiлген күрте-бушлат.
Кеден қызметiнiң I,II,III дәрежелi кеңесшiлерiне
және кеден қызметiнiң I,II,III дәрежелi
инспекторларына (ерлерге) арналған киiм нысандары
Сұр түстi шұғамен көмкерiлген, алтын түстi кокардалы, қой
терiсiнен тiгiлген көгiлдiр түстi мех құлақшын.
Басқа киетiн жерi аспан түстi және жиектерi көгiлдiр түспен көмкерiлген, кокардасы, алтын түстес өрме жiптерi, жиектерiнде алтын түстi түймелерi бар жүннен тiгiлген көгiлдiр түстi фуражка.
Аспан түстi матадан тiгiлiп, көгiлдiр түспен жиектелген пилотка.
Шымқай қара шұғадан тiгiлген, тiгiлмелi погоны, кеден қызметiнiң кеңесшiлерiне арналған эмблема мен петлица белгiлерi бар қос қаусырма өңiрлi маусымдық пәлте.
Шымқай қара шұғадан тiгiлген, тiгiлмелi погондары, кеден қызметiнiң инспекторларына арналған эмблемалары бар, қос қаусырма өңiрлi маусымдық пәлте.
Су өткiзбейтiн көк түстi матадан тiгiлген шалбарымен қоса погоны бар жылы күртке.
Су өткiзбейтiн костюмдiк матадан тiгiлген, погоны тiгiлмелi жаздық пәлте (плащ).
Көгiлдiр костюмдiк матадан тiгiлген, тiгiлмелi погоны кеден
қызметiнiң кеңесшiлерiне арналған эмблема мен петлица белгiлерi бар
қос қаусырма өңiрлi пенжак (китель).
Көгiлдiр костюмдiк матадан тiгiлген тiгiлмелi погондары мен
кеден қызметiнiң инспекторларына арналған эмблемалары бар қос
қаусырма өңiрлi пенжак (китель).
Көк түстi матадан тiгiлген, пагоны бар жаздық комбинезон.
Аспан түстi костюмдiк матадан тiгiлiп, көгiлдiр түспен
жиектелген шалбар.
Ақ және көгiлдiр матадан тiгiлген, ағытылмалы пагондары бар
күрте-кеудеше (көйлек).
Қара-көк түстi матадан тiгiлген галстук.
Ақ түстi бөкебай.
Жүн қолғап.
Қара түстi былғарыдан тiгiлген қысқа қонышты бәтеңке (туфли).
Табиғи былғарыдан тiгiлген, қысқа қонышты юфтi етiктер.
Қара былғары белбеулер.
Қара-көк түстi жартылай жүн шұлықтар.
Сұрғылт, ақ, аспан түстес матадан тiгiлiп, көгiлдiр түспен
айшықталған погондар. Бекiтiлген нысандар бойынша металдан жасалған
айырым белгiлерi (жұлдыздар), омырауға тағатын белгiлер, кокардалар,
эмблемалар, петлицалық белгi.
Кеден қызметiнiң I,II,III дәрежелi кеңесшiлерiне
және кеден қызметiнiң I,II,III дәрежелi
инспекторларына (әйелдерге) арналған киiм нысандары
Сұр түстi шұғамен көмкерiлген, алтын түстi кокардалы, қой
терiсiнен тiгiлген мех құлақшын.
Көгiлдiр түстi фетрден тiгiлген әйелдер телпегi.
Аспан түстес матадан тiгiлiп, көгiлдiр түспен жиектелген пилотка.
Қара-сұр шұғадан тiгiлген, тiгiлмелi погоны, кеден қызметiнiң кеңесшiлерiне арналған эмблема мен петлица белгiлерi бар қос қаусырма өңiрлi маусымдық пәлте.
Қара-сұр шұғадан тiгiлген, тiгiлмелi погондары мен кеден қызметiнiң инспекторларына арналған эмблемалары бар қос қаусырма өңiрлi маусымдық пәлте.
Су өткiзбейтiн көк түстi матадан тiгiлген, шалбарымен қоса погоны бар жылы күрте.
Су өткiзбейтiн костюмдiк матадан тiгiлген, погоны тiгiлмелi жаздық пәлте (плащ).
Көгiлдiр костюмдiк матадан тiгiлген, тiгiлмелi погоны, кеден
қызметiнiң кеңесшiлерiне арналған эмблема мен петлица белгiлерi бар
қос қаусырма өңiрлi пенжак.
Көгiлдiр костюмдiк матадан тiгiлген, тiгiлмелi, погондары мен
кеден қызметiнiң инспекторларына арналған эмблемалары бар қос
қаусырма өңiрлi пенжак.
Көк түстi мақта матадан тiгiлген, погоны бар жаздық комбинезон.
Көгiлдiр костюмдiк матадан тiгiлген белдемше.
Көгiлдiр костюмдiк матадан тiгiлген, ағытылмалы погондары
бар көйлек.
Ақ және көгiлдiр матадан тiгiлген, ағытылмалы погондары бар
күрте-кеудеше (көйлек).
Қара-көк түстi матадан тiгiлген галстук.
Ақ түстi бөкебай.
Жүн қолғап.
Қара түстi былғарыдан тiгiлген туфли.
Қара түстi былғарыдан тiгiлген қыстық жылы етiк.
Қара-көк түстi жартылай жүн шұлықтар.
Сұрғылт, ақ, аспан түстес матадан тiгiлiп, көгiлдiр түспен
айшықталған погондар.
Бекiтiлген нысандар бойынша металдан жасалған айырым белгiлерi
(жұлдыздар), омырауға тағатын белгiлер, кокордалар, эмблемалар,
петлицалық белгi, түймелер.
Арнайы киiмдер
Табиғи мехтан тiгiлген келте тон.
Пималар.
Халаттар.
Әйелдерге арналған хром бәтеңке.
Қысқа қонышты және басы табиғи мехтан тiгiлген ерлер етiгi.
Қозғалмай тұрғанда түсетiн салмақтан және қалжыраудан
сақтайтын бәтеңкелер.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы "3" мамырдағы
N 344 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Бас кеден
басқармасы жүйесiндегi басшы және жедел құрамының нысандық
киiм (арнайы киiм), аяқ киiм (арнайы аяқ киiм)
заттары мен жабдықтарын киiп және тағып жүру
ЕРЕЖЕСI
I. Жалпы ережелер
I. Киiм нысандарын киiп жүру құқығын өздерiне берiлген арнаулы атақтарға сәйкес, Бас кеден басқармасы жүйесiндегi мекемелердiң басшы және жедел құрамдағы адамдары иеленедi.
2. Осы Тәртiп оның I тармағында көрсетiлген адамдардың киiм нысандарын киiп жүруi тәртiбiн реттейдi.
3. Киiлетiн киiм нысандары заттары белгiленген үлгiлер мен сипаттамаларға сай болуға тиiс, мұқият шақтап тiгiлiп, мiнсiз таза күйде күтiп-ұсталуы керек. Қызмет уақытында азаматтық киiм киюге белгiленген тәртiппен рұқсат етiлген адамдардан басқа басшы және жедел құрамның адамдары өздерiне берiлген арнаулы атаққа сәйкес қызмет уақытында өздерi үшiн белгiленген киiм нысандарын киiп жүруге мiндеттi.
4. Басшы және жедел құрамдағы адамдар үшiн бiр киер, күнделiктi және арнаулы киiм нысандары белгiленген, олардың әрқайсысы жаздық және қыстық киiм болып бөлiнедi.
5. Бiр киер киiм нысандары жоғары басшы құрамның адамдары үшiн көзделген.
6. Киiм нысандары мынадай жағдайларда:
бiр киер- Бас кеден басқармасына ордендер мен тулар тапсырылған кезде; мемлекеттiк наградалар алған кезде; салтанатты мәжiлiстерде, ресми қабылдауларда, сондай-ақ мереке күндерiнде киiледi.
Сонымен бiрге бiр киер киiм нысандарын қызметтен бос уақытта
киiп жүруге рұқсат етiледi;
күнделiктi- қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде, сабақтарда
және қызметтен бос уақытта киiледi.
Арнаулы киiмдер - арнаулы жұмыстарды орындауға байланысты
қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде киiледi.
7. Мыналарға:
белгiленбеген үлгiдегi киiм нысандары заттарын, жабдықтарды, аяқ
киiмдi киiп, айырым және омырау белгiлерiн тағып жүруге;
ерекше көзделген жағдайда болмаса, арнаулы киiм нысандары
заттарын, сондай-ақ азаматтық киiмдi бiр мезгiлде киiп жүруге
тыйым салынады.
Жоғары басшы құрамының киiм нысаны
Бiр киер киiм нысаны:
Жазғы
Фуражка, балағы түсiңкi шалбарлы китель, қара-көк түстi галстук,
ақ түстi көйлек, қара түстi (қысқа қонышты бәтеңке, туфли) бәтеңкелер,
әсем белбеу, ақ түстi қолғаптар.
Қысқы
Бөрiк, сұрғылт-қара түстi қос қаусырма өңiрлi жүн матадан тiгiлген пәлте, китель, балағы түсiңкi шалбар, қара-көк түстi галстук, ақ түстi күрте-кеудеше (көйлек), қара түстi (қысқа қонышты бәтеңке) бәтеңкелер, әсем белбеу, ақ түстi қолғаптар, ақ түстi мойын орамал.
Күнделiктi киiм нысаны:
Жазғы
Фуражка, қара түстi плащ, китель, балағы ұзын немесе етiктiң iшiне жiберiлген шалбар және қара-көк түстi галстук, жазғы комбинезон, көгiлдiр немесе ақ түстi күрте-кеудеше (көйлек), қара түстi (қысқа қонышты бәтiңке, туфли) бәтеңкелер немесе етiктер.
Қысқы
Бөрiк, сұрғылт-қара түстi жүн матадан тiгiлген қос қаусырма өңiрлi пәлте немесе қара-көк түстi жылы (бушлар) күрте, китель, балағы түсiңкi немесе етiктiң iшiне жiберiлген шалбар, қара-көк түстi галстук, көгiлдiр немесе ақ түстi күрте-кеудеше (көйлек), қара түстi (қонышты қысқа бәтеңке) бәтеңкелер немесе етiктер, қоңыр түстi қолғаптар, ақ түстi мойын орамал.
Басшы және жедел құрам киiмiнiң нысаны
Күнделiктi киiм нысаны:
Жазғы
Фуражка, пилотка, плащ, жазғы пәлте, балағы түсiңкi шалбар мен пенжак, жазғы комбинезон, қара-көк түстi галстук, көгiлдiр немесе ақ түстi күрте-кеудеше (көйлек), шалбар мен көгiлдiр немесе ақ түстi күрте-кеудеше (көйлек), қара түстi қысқа қонышты (туфли) бәтiңкелер.
Қысқы
Құлақшын, пәлте, жылы күрте, балағы түсiңкi немесе етiктiң iшiне жiберiлген шалбар, қара-көк түстi галстук, көгiлдiр немесе ақ түстi күрте-кеудеше (көйлек), қара түстi (қысқа қонышты бәтеңке) бәтеңкелер, жылы етiктер, жүн қолғап, ақ түстi бөкебай.
Басшы және жедел құрамдағы әйелдердiң киiм нысандары
Күнделiктi киiм нысаны:
Жазғы
Фетрлi бас киiм, пилотка, плащ немесе жазғы пәлте, көгiлдiр түстi белдемшелi пенжак, көгiлдiр түстi матадан тiгiлген көйлек, күрте-кеудешемен киетiн (көйлекпен) белдемше, жазғы комбинезон, қара-көк түстi галстук, көгiлдiр немесе ақ түстi күрте-кеудеше (көйлек), қара түстi туфли, ақшыл-қоңыр, қоңыр немесе сұр түстi шұлықтар.
Қысқы
Құлақшын, маусымды пәлте, жылы күрте, белдемшелi пенжак, қара-көк түстi галстук, көгiлдiр немесе ақ түстi күрте-кеудеше (көйлек), қысқы етiктер, ақшыл-қоңыр сұр түстi шұлықтар, қолғаптар, ақ түстi бөкебай.
Киiм мен аяқ киiмнiң жекелеген заттарын киiп жүру
1. Бөрiк, құлақшын, фуражка, фетрлi бас киiм мен пилотка олардың төменгi жиегi қастың үстiнен бiр-екi елiдей жоғары жерде тұратындай, ал фуражканың күнқағары қас деңгейiнде болатындай етiп киiледi. Кокарданың орта шенi кеңсiрiктiң үстiнде тұруы тиiс. Бөрiк, мех құлақшын, фуражка, фетрлi бас киiм мен пилотка оң жаққа қарай аздап қисайтып, ал құлақшын мен фуражка қисайтылмай тура киiледi.
2. Жазғы пәлте мен плащ белбеуi iлiнген күйiнде киiледi. Жазғы пәлте мен плащтың етегi мен еденнiң арақашықтығы 42-45 сантиметр.
3. Кителдiң, пенжак пен күртенiң барлық түймелерi қадалады.
4. Күрте-кеудеше (көйлек) сыртында китель, пенжак немесе күрте болғанда галстукпен ғана киiледi.
5. Жүн матадан тiгiлген және жазғы көйлектер галстуксiз киiледi.
6. Галстук сырт көйлекке оның жоғарғы жағындағы үшiншi және
төртiншi түймелер аралығына белгiленген үлгiдегi қысқышпен бекiтiледi.
7. Аяқкиiм әрдайым таза болуға тиiс. Бәтеңкелер (қысқа қонышты
бәтеңкелер, туфли) ұқыпты түрде баулануы қажет.
8. Бөкебай пәлте (плащ) жағасынан iшiне ұқыпты түрде салынады.
9. Пәлте мен бүрме көйлектiң, мех күртелердiң барлық түймелерi
салынады.
10. Омыраулық айырым белгi төстiң сол жағына тағылады. Бұл
орайда оның жоғары шетiнiң ортасы:
пәлтеде - жоғары шетiндегi екiншi түйменiң орта шенiнде және
одан 40 мм солға қарай;
күртелерде - iлгек бойынша 120 мм төмен және одан 120 мм
солға қарай;
жазғы пәлтеде, плащта, пенжакта - қайырманың жанасқан деңгейiнде
және одан 40 мм солға қарай орналасады;
күрте-кеудешеде (көйлекте) және сыртқы киiмде белгi төс қалтаның
үстiңгi жағынан тiгiсi жымдасқан жерiнiң ортасына тағылады.
Айырма белгiлерi
1. Нысанды киiм (арнайы киiм)заттарына погондар тағылады:
бекiту тәсiлi бойынша- тiгiлмелi, ағытылмалы болады.
Пәлтеге, плащка (жоғары басшы құрамнан басқалар), кительге,
пенжакқа және жылы күртеге тiгiлмелi погондар;
жоғары басқарушы құрамның плащына, күрте-кеудешеге (көйлекке),
сыртқы жазғы көйлекке - ағытылмалы погондар тағылады.
2. Түр -түсi бойынша:
жоғары басшы құрамның кителiне - алтын түстес;
аға және кiшi басшы және жедел құрамның пенжагiне - сұрғылт
түстi;
ақ түстi күрте-кеудешелерге (көйлектерге) - ақ түстi;
көгiлдiр түстi күрте-кеудешелерге (көйлектерге) - көгiлдiр түстi
погондар тағылады.
Бас кеден басқармасы жүйесiнiң жоғары, аға және кiшi басшы және жедел құрамының погондарында атағына сәйкес алтын түстi стильденген он қырлы жұлдыздар мынадай тәртiппен орналастырылады.
Кесте
3. Погондардағы жұлдызшалар:
Толық мемлекеттiк кеңесшiде, Мемлекеттiк кеңесшiлерде - дәл орта желiсiнiң ұзына бойына;
Кеден қызметiнiң 1 дәрежелi кеңесшiсiнде - төменгi екi жұлдызша - ақ жолақтарға, үшiншiсi алғашқы екеуiнен жоғары дәл орта желiсiнiң ұзына бойына;
Кеден қызметiнiң II дәрежелi кеңесшiсiнде - екi төменгi жұлдызшалары - ақ жолақтар бойынша;
Кеден қызметiнiң III дәрежелi кеңесшiсiнде - екi төменгi жұлдызшылары - дәл орта желiсiнiң ұзына бойына;
Кеден қызметiнiң I дәрежелi инспекторында - төменгi жұлдызшалары - погонның шеттерi мен ақжолағы арасында бiр-бiрден, үшiншiсi мен төртiншiсi - алғашқы екеуiнен жоғары ақжолақта;
Кеден қызметiнiң II дәрежелi инспекторында - төменгi жұлдызшалары - погонның шеттерi мен ақжолақ арасында бiр-бiрден, үшiншiсi алғашқы екеуiнен жоғары ақжолақта;
Кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторында - погон шеттерi мен ақжолақ арасында бiр-бiр жұлдызшадан орналастырылады.
4. Жоғары басшы құрамның мундирi, кителi жағасының жиектерiнде, киiмiнiң петлицаларында - алтын түстес лавр жапырақшасы болады.
Аға, кiшi басшы құрамның және жедел құрамның пәлтесi, плащы, костюмi жағасының жиектерiнде бүйiр тұсынан 30 мм және төменгi жағынан 40 мм қашықтықта "кеден қызметiнiң белгiсi" эмблемасы болады.
Кеден қызметiнiң кеңесшiлерi үшiн жағаның төменгi және бүйiр шеттерiнiң эмблемасы аралығында жаға жиектерiнiң 110 градус бұрышында алтын түстес өрнекпен тiгiлген немесе осындай түстегi металдан қалыптау әдiсiмен жағаның шетiнен 5 мм қашықтықта жасалған жолақ орналасады.
5. Ағытылмалы погондарда:
Аға, кiшi басшы және жедел құрам үшiн - "кеден қызметiнiң белгiсi" эмблемасы болады.
6. Аға, кiшi басшы және жедел құрамның құлақшыны мен фуражкасында бас киiмнiң белгiсi тағылады.
Жазғы арнайы киiм - телпектер мен пилоткаларда кеден қызметiнiң белгiсi орналасқан стильдiк қалқан түрiндегi белгi тұрады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы "3"мамырдағы
N 344 қаулысына
N 2 Қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң
Бас кеден басқармасы жүйесiндегi қызметкерлердiң
нысандық және арнайы киiм заттарының
ТIЗБЕСI
Кесте
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы "3" мамырдағы
N 344 қаулысына
N 3 Қосымша
Келте тондар мен пималар алуға құқығы бар кедендердiң
ТIЗБЕСI Кесте
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы "3"мамырдағы
N 344 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Бас
кеден басқармасы жүйесiндегi қызметкерлерге тегiн
берiлетiн арнайы киiм мен арнайы аяқ киiмнiң
НОРМАЛАРЫ
Кесте
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы "3" мамырдағы
N 344 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Бас кеден
басқармасы жүйесiнiң қызметкерлерiне тегiн берiлетiн
нысандық киiм заттары мен аяқ киiмнiң
НОРМАЛАРЫ
Кесте