Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi қызметкерлерiнiң айырым белгiлерi және формалы киiмдердiң сипаттамасы, оларды беру нормалары мен формалы киiм-кешек алуға құқы бар лауазымды категориялардың табелiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 6 мамыр 1993 ж. N 366. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi қызметкерлерiнiң айырым белгiлерi және формалы киiмдердiң ұсынылып отырған сипаттамасы, оларды беру нормалары мен формалары киiм-кешек алуға құқы бар лауазым категорияларының табелi бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi       

                                             Қазақстан Республикасы
                                             Министрлер Кабинетiнiң
                                             1993 жылғы 6 мамырдағы
                                                N 366 қаулысымен
                                                  бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар 
          министрлiгi қызметкерлерiнiң айырым белгiлерiнiң,
          нысанды киiмiнiң сипаттамасы, оларды беру нормасы
              және нысанды киiм-кешек алуға құқы бар
                  лауазымдық санатының табелi

                  ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР КИIМДЕРI

             I. Жоғары, аға және орта басшы құрамға 
                    арналған ерлер пәлтесi

     ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 233-64 моделi (Мәскеу қаласы).

      Түймеленетiн мақталы астарлы және түймеленетiн мех жағалы ерлер пәлтесi драптан тiгiледi: екi қаусырма өңiрлi, тiк, жеңдерi қосылып тiгiледi, еркiн формада болады. 
      Жағасы қайырмалы. Жағалық қайырмаға дейiн пәлте формалы үш түймемен түймеленедi. 
      Екi жанында қақпақты, қиып салынған қалталары болады. 
      Арқа ортасындағы тiгiсi етегiнiң айрығына дейiн түсiрiледi. 
      Айырықтың үстiңгi жағының шетi 1,5 см-ге, төменгi жағы 0,7 сантиметрге жеткiзiледi. 
      Айрықтың үстiне 45 градус бұрышталып келетiн кесекөлденең машина тiгiсi жүргiзiледi. 
      Белдегi тiлшiк үш бөлiктен тұрады, қапталдық тiлшiктер ортасындағысымен екi түймемен және екi торланған iлгекпен түймеленедi. Тiлшiк пәлтенiң арқа тұсын 6 сантиметрге керiп тұрады. Жеңдерi екi тiгiстi. Өңiрлерi шетiнен 1,5 сантиметрге қайымдалады. 
      Өңiрлердiң iшiндегi қалталар астардың астына төмен қарай жiберiлiп, ұзына бойына қоса тiгiледi. Астар пәлтенiң етегiне дейiн жеткiзiледi. Мақтамен сырылған жеңсiз астар өңiрлерге он түйме арқылы және iлгекпен түймеленедi. Торланған iлгектер iшiнде болады. Түймелер жылы сырманың жиегiне қадалады. 
      Сырманың алқымы пәлтенiң алқымына қадалған үш түйме және сырыманың жабыстырыла тiгiлген iлгегi арқылы түймеленедi. 
      Сырманың арқалығы мен қапталдарына ромба тәрiздi тiгiс қатарлап жүргiзiледi, олардың ара қашықтығы -4,5-5,0 сантиметр. Бұл жолдар етегiне 4 сантиметр жеткiзiлмейдi. 
      Пәлтенiң мех жағасы пәлтенiң мех жапсырылған негiзгi жағасының астына қадалған бес түймеге түймеленедi. 
      Мех жаға пәлтенiң алқымдарымен және бойларымен астарлық матадан жасалған бес баулық пен қадалған бес түйме арқылы түймеленедi. 

             II. Жоғары, аға және орта басшы құрамға 
                 арналған ерлердiң жазғы пәлтесi 

      ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 221-64 моделi (Мәскеу қаласы). 
      Ерлердiң жазғы пәлтесi қара-көк түстi жүн және жартылай жүн матадан тiгiледi, бiр өңiрлi, еркiн формалы, тiк, жеңдерi жапсырмалы, белiнде айылбасты, жылжымалы белдiкшесi бар белдiк болады. 
      Пәлте қайырмаға дейiн үш формалы түймемен түймеленедi. 
      Жағасы қайырмалы. 
      Арт бойының ортасындағы тiгiсi етек айырығына дейiн жеткiзiледi, айырық үстiнен көлденең машина тiгiсiмен бекiтiледi. 
      Екi қапталында қақпағы бар қиылып келтiрiлген қалталары болады. Оң қалтаның қалтатүп әдiбiне қосарлана кiшкене қалташа орналасқан. 
      Жеңдерi қос тiгiстi, тұтас пiшiлген, iшкi жағынан сырты түстес астармен астарланады. Жеңдерiнiң төменгi жағына жең аузынан 5 және 9 сантиметр жоғары екi формалы түйме қадалады. 
      Пәлте жағасына, өңiрлiк қайырмалығына, өңiрлерiне, қалта қақпақтарына, белдiгiне, айырықтың үстiңгi жағына шет жағынан 1 см қалдырып қалың тiгiс жүргiзедi. Астары етегiне дейiн жеткiзiлiп қалтаның астар жағына қақпақ астына тыстық мата тiгiледi. 
      Пәлтенi белдiкпен де, белдiксiз де киiп жүруге рұқсат етiледi. 

               III. Жоғары, аға, орта және кiшi басшы 
                және қатардағы құрамға арналған плащ 

      ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 366-65 моделi (Мәскеу қаласы). 
      Плащ резиналы У-37 матадан тiгiледi, бiр өңiрлi, еркiн формалы, белiнде белдiгi бар, формалы үш түймемен түймеленедi. Белдiгi айылбасқа бекiтiлiп, белдiкшеден өткiзiледi.
     Жағасы қайырмалы. Қайып тiгiлген өңiр мен жан қалталарына сырма қалта аузы салынып, қиылып келтiрiледi.
      Ортасында тiгiсi бар иықтамалы арқалығы етегiнде айырықпен  аяқталады.
      Жеңдерi қостiгiстi, қаусырылып тұтас тiгiледi.
      Жаға, өңiрлер, иықтамалар жiктерiнiң тiгiсi, жеңдердiң тiгiсi, қалта қақпақтары мен белдiктер iшiне қарай бүгiлiп көмкерiледi.
      Плащтың етегi мен жеңдерiнiң аузына 1 сантиметр қалдырып қалың тiгiс жүргiзiледi.
     Плащ астарсыз болады.  

               IV. Кiшi басшы және қатардағы құрамға
                  арналған ерлердiң шолақ пәлтесi     

     ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 219-64 моделi (Мәскеу қаласы).
 
        Екi қаусырма өңiрлi шолақ пәлте, тiк, еркiн формалы, жеңдерi қосылып тiгiледi. Драптан немесе мәуiтiден тiгiледi. 
      Жағасы қайырмалы. 
      Шолақ пәлте өңiрлiк қайырмаға дейiн формалы үш түймемен және алқымға дейiн төртiншi түймемен түймеленедi. 
      Сол өңiрiнде де сондай төрт түйме болады. 
      Жан қапталдарында қиыла келтiрiлген жапсырма қақпақты қалталары болады. 
      Арқасының ортасындағы тiгiс етек айырығы басталған жерге дейiн жүргiзiледi, тiлшiгi үш бөлiктен тұрады. 
      Бүйiрлiк тiлшiктердiң шеттерi ортасындағымен формалы түйме және торлама iлгек арқылы түймеленедi. 
      Айырықтың үстiңгi жағы iшiне қарай бүктеледi де, төменгi жағына шетiнен 1 сантиметр жер қалдырып, қалың тiгiс жүргiзiледi.
      Өңiр астындағы қалталары төмен түсiрiлiп, астарлық матамен  жиектелiп, қалыпқа келтiрiледi.
      Шолақ пәлтенiң астары етегiне дейiн жеткiзiледi.
      Негiзгi астарынан басқа шолақ пәлтеге жеңсiз, белден төмен, мақталы астары бар жылы сырма түймеленедi.
      Мақталы сырыма өңiрдiң астына 13 түймемен және iлгекпен түймеленедi.
     Iлгектер өңiрлер бойында торланып жасалады.
     Түймелер жылы сырманың өңiрлiк шетiнен қадалады.
     Жылы сырыма, алқым тұсынан бiр түймемен бiр iлгекпен түймеленедi.
     Iлгек жылы сырыманың өңiрiндегi шеттерiнде торланады, ал түйме алқым тұсына қадалады.
     Жылы сырыманың арқалығы мен омырауларына жарыса келетiн ромба тәрiздi тiгiстер жүргiзiледi, олардың арақашықтығы 4-4,5 сантиметр, тiгiс етегiне 2 сантиметр жеткiзiлмейдi.
     Жеңдерi қостiгiстi, тұтас пiшiлiп, астары тысының түсiндей болады, жеңдерiне аузынан 5 және 9 см жоғары екi формалы түйме  қадалады.
     Шолақ пәлте құлақшынмен бiрге киiледi.                         

                  V. Әйелдер пәлтесi     

     ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 1-2585-64 моделi (Мәскеу қаласы).
 
        Әйелдер пәлтесi екi қаусырма өңiрлi, еркiн формалы, тiк, қара-көк түстi жүннен тоқылған драп матадан тiгiледi. Жағасы қайырмалы. Негiзгi жағаға торланған бес iлгекпен және бес баулықпен бес түймеге түймеленетiн мех жаға бекiтiледi. Пәлте өңiрлiк қайырмаға дейiн үш формалы түймемен түймеленедi. 

                   VI. Әйелдер плащы 

      ТУ. Санкт-Петербург Сәндi киiмдер үйiнiң N 2-350 моделi. 
      Плащ қара-көк түстi плащтық материалдардан жасалынады, бiр өңiрлi, еркiн формалы, белiнде белбеуi болады, бес формалық түймемен түймеленедi. Жағасы қайырмалы, белбеуi алмалы-салмалы. Алдыңғы бойының иінiшi болады, қапталдарында қиылып келтiрiлген жапсырма қақпақты қалталары бар. Арқасы да иінiштi болады. Жағасының, өңiрлерiнiң, алдыңғы бой инiштерiнiң, жеңдерiнiң тiгiстерi, белбеулерiнiң шеттерi көмкерiлiп, қалың тiгiс жүргiзiледi. Плащ етегi мен жеңдерiнiң аузына енi 1 см жерден қалың тiгiс жүргiзiледi, астары сыртқы матамен реңдес келедi. 

              VII. Жоғары, аға және орта басшы құрамға 
             арналған ерлер костюмi (пиджак пен шалбар) 

      ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 220 моделi (Мәскеу қаласы). 
      Екi қаусырма өңiрлi ерлер костюмi пиджак пен шалбардан тұрады, қара галстукпен және ақ көйлекпен киiледi, жүн және жартылай жүн маталарынан тiгiледi.
     Ерлер пиджагы екi қаусырма өңiрлi, жартылай денеге жабысып тұратын нысанда болады, жеңдерi қосылып тiгiледi.
     Жағасы қайырмалы.
     Пиджак өңiрлiк қайырмаға дейiн формалы түймелермен түймеленедi.
     Қапталдары қиылып тұйықталады, қолтық тiгiспен белден төмен түсiрiледi.
     Жан қалталары қиылып келтiрiледi, қақпағы болады, сол жақ бойының кеуде тұсында, жапсырма қақпақты төс қалтасы бар.
     Арқасының ортасынан тiгiс жүргiзiледi. 
     Жеңдерi қостiгiстi, екi жең аузына формалы түйме қадалады.
     Өңiрлерi, өңiрлiк қайырмалары, жағасы, пиджактың етегi, қалтаның қақпақтары мен жапсырма қақпақтары шет жағынан 0,2-0,3 сантиметр көмкерiледi.
     Пиджак астарлы болады.
     Астарының iшкi қапталында тыстық материалдан жасалған қалталары болады. 
     Айырым белгiлерi тiгiлiп берiледi.
     Шалбарының мықынға дейiн (әрбiр жартысында екiден) бүрмесi болады.
     Белдiктiң тiгiсi бойында сағат қалта жасалынады.
     Шалбардың артқы жағында төрт (әрбiр жартысында екiден) қынамасы болады.
     Оң жақтағы артқы жартысында бiр түймемен және iлгекпен  бекiтiлетiн қалтасы болады.
     Белiнде белбеу өткiзiлетiн алты белдiкшесi бар.
     Белдiгiнiң алдыңғы жартысындағы үйiрлiк тiгiс деңгейiнде барлық түймешелермен iлгектенетiн тiлшiктер тiгiледi.
     Бант астыңғы жағымен (гульфикпен) төрт түймемен түймеленедi, үстiңгi жағында бiр-бiрiне кигiзiлетiн металдан жасалған iлгек болады.
     Шалбардың манжетi жоқ, етегiнiң енi 25 сантиметрден аспайды.   

                VIII. Жоғары, аға және орта басшы құрамға
                арналған ерлер костюмi (куртка мен шалбар)

     ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 237-64 моделi (Мәскеу қаласы).
     Ерлер костюмы куртка мен шалбардан тұрады, жүн және жартылай жүн матадан тiгiледi.
     Куртка бiр қаусырма өңiрлi, еркiн формалы, төменгi жағында ысырмалы белдiгi бар.
     Жағасы қайырмалы.
     Куртка өңiрлiк қайырмаға дейiн төрт формалы түймемен түймеленедi.
      Арқалығы тұтас иықтық тiгiстерден бiр тiгiс арқылы төмен түсiрiледi, төменгi тiгiс бойымен екi жұмсақ орамды белдiк болады. Қапталдарының жоғары жақтарында жапсырылып тiгiлген қалталары бар. Жеңдерi ұзын, бiр тiгiстi, етегiнде тысы мен астары бiрдей манжетi бар. 
      Манжеттiң тiлiгi үстiнен көлденең тiгiс жүргiзiледi. Жеңдерiнiң жоғары жағындағы манжет тiгiстерiнiң бойымен иiндерi сыртқа қарай екi жұқа қатпар салынады. Манжеттер формалы бiр түймемен және iлгекпен бекiтiледi. 
      Етегiнiң қапталдық тiгiстерi айырық түрiнде болады, олар тiгiстермен бекiтiледi, алдыңғы бойларының белдiгi арқалығының белдiгiне бiр түймемен және iлгекпен түймеленедi. 
      Жағасы, манжеттер, өңiрлер, қапталдық тiгiстер, белдiк, жеңдердiң қапталға түсетiн ендiктерi 16 см аралықта және арқалығынан шынтақтық тiгiске дейiн енi 0,5 см тiгiстiк жолмен жүргiзiледi. Куртка астарлы. Астарындағы қалталар тыстық матадан жасалып оған жапсырыла тiгiлген. 
      Жапсырмалы қалталар мен оларды қақпақтары қостiгiстi жолмен: 
      бiрiншiсi - шетiнен, екiншiсi - алғашқысынан 0,5 см аралықта жүргiзiледi.
      Куртканың иықтық тiгiстерi бойымен айырма белгiлерi бар алмалы-салмалы колоткалар орналастырылады.
     Шалбарының алдыңғы жағында мықын тұсында жан қалталары болады. Белдiгiнiң тiгiс бойында сағат қалтасы бар.
     Шалбарының артқы жағында төрт (әрбiр жартысына екiден) қатпары болады.
     Оң жақ артқы жартысында формалы бiр түйме, бiр iлгекпен түймеленетiн қалтасы болады.
     Белiнiң белбеу өткiзетiн алты белдiкшесi бар.
     Белдiгiнiң алдыңғы жартысында бүйiрлiк тiгiс деңгейiнде екi  түймемен түймеленетiн созылмалы тiлшелер орналастырылады.
     Бант астыңғы жағымен (гульфикпен) төрт түймемен түймеленедi,   металды iлгек пен ағытылатын тiлше iлгегiмен бiрге соңғы жағында болады.
     Шалбар манжетсiз, етегiнiң енi 25 сантиметрден аспайды.   

              IХ. Жоғары, аға және орта басшы құрамға
                   арналған ерлердiң жазғы костюмi

     ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 234-64 (жейде) және N 234-64
(шалбар) моделдерi (Мәскеу қаласы).

     Жазғы костюм қысқа жеңдi жейде мен шалбардан тұрады. Костюм қара түстi аяқ киiммен бiрге киiледi.
      Жейде еркiн киiледi, тiк, формалы төрт түймемен түймеленедi. Жағасы мен жағалық өңiрi қайырмалы. Омырауларында қақпақты екi жапсырма төс қалтасы бар, олардың әрқайсысы екi түйме арқылы түймеленедi. Арқалығы тұтас келiп, иықтық тiгiсi бiр жолмен жүргiзiледi. 
      Жеңдерi бiр тiгiстi, қысқа етегiндегi енi 4 см, манжетi сыртына қайырылады. 
      Жейденiң барлық бөлiктерiне (жағасы, манжеттерi, омыраулықтары, қалта қақпақтары, жеңдерiнiң қолтық тұстары)енi 0,5 см қалың тiгiс жүргiзiледi. Қалтаның жоғарғы шетiне енi 2,5 см-лiк тiгiс жүргiзiледi. 
      Жейденiң етегi 1,5 см ендiлiкпен көмкерiледi. 
      Жейденiң иықтық тiгiстiгi бойымен алмалы-салмалы айырма белгiлерi орналастырады. 
      Шалбарының белi тұсында алдыңғы жартыларының үстiнде қатпар мен жан қалталары бар. Белдiк тiгiстiгi бойында сағат қалтасы болады. 
      Шалбарының артқы тұсының белдiгi бойында төрт (әрбiр жартысында екiден) қатпаршасы бар. Оң жақ артқы тұсында бiр баулықпен және формалы бiр түймемен түймеленетiн қалтасы болады. 
      Алдыңғы жағының белдiгiнде бүйiрлiк тiгiстiктер деңгейiнде екi түймемен бекiтiлген iлмек-тiлшелерi болады. 
      Бант астыңғы бөлiгiне (гульфикпен) төрт түймемен түймеленiп, ұшы металдан жасалған iлгекпен және тiлшемен ұстатылады. 
      Шалбардың манжетi жоқ, балағының енi 25 сантиметрден аспайды. 
 
               Х. Әйелдердiң жазғы костюмi (блуза мен белдемше) 

      ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 2-4461-64 моделi (Мәскеу қаласы). 
      Әйелдердiң жазғы костюмi ұзын жеңдi блуза мен белдемшеден тұрады, мақта матадан тiгiледi. 
      Блуза тiк, еркiн формалы болады, алды омырауы төрт тiгiнен торланған iлгек пен формалы төрт түймеге түймеленедi. 
      Бүйiр тiгiстiкпен өрiлетiн кеуде тұсы бойындағы қосымшаларында бiр-бiрден iшкi жолақ жүргiзiледi. Арқасы тұтас, жоғары жағында түсiрме инiшi болады. Инiштiң бойы тiгiстiгiмен бiр бағытта төрт бүрме жүргiзiледi. Бүрмелiктер иiле келiп беткi тұсында ойықтармен ұластырылады. Инiш қос қабатты. 
      Жеңдерi бiр тiгiстi, аузында манжеттер торланған екi баулықпен және формалы екi түймемен бекiтiледi. 
      Жеңдегi түймелiк астында манжеттiң тiлiгi болады. Жеңдерiнiң манжетi қайып тiгiлген тiгiстiгiнiң бойымен бiр бағытта екi бүрме жүргiзiледi. Бүрмелiктiң сыртқы иiндерi арқаға қарай бүгiледi. 
      Жеңнiң иық бойының тiгiсiне блузаға формалы түйме арқылы түймеленетiн шағын погондар тiгiледi. 
      Өңiрлерi, жағасы, шағын погондары, манжеттерi мен арқалық инiштерi шетiнен 0,5 см қалдырып, қалың тiгiс жүргiзiледi. 
      Басшы құрам үшiн блузаның иықтық тiгiсi бойымен тiгiлген шағын погондар орнына айырмалық белгiсi бар алмалы-салмалы қатырмалар орналастырылады. 
      Белдемше төрт - алдында екi, артында екi тiгiстi болады. Белдемшенiң шеттерiн дөңгелентiп тiккен белдiгi, сол жағына бөксеге сыдырмақ салынып торланған баулықпен және белдiктегi түймемен бекiтiледi. 
      Белдемшенiң алдыңғы бойының бүйiрлiк бөлiктерi мен бүйiрлерiнде әр бойынан бiр-бiр iшкi тiгiс жүргiзiледi. 
      Белдемшеге арналып алмалы-салмалы белдiк жасалады. Жолақты гро-гро белдiгi iлмегi бар екi тiлiктi белдiкшемен иiрiлiп те, тұтастай да жасалынады.
     Белдемшенiң алдыңғы және артқы тiгiстерi, сондай-ақ белдiгi шетiнен 0,5 см қалдырып, өрме тiгiс жүргiзiледi.

            ХI. Әйелдер костюмi (жакет пен белдемше)     

     ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң N 1-2586-64 моделi (Мәскеу қаласы).
     Әйелдер костюмi жакет пен белдемшеден тұрады, жүн және жартылай жүн матадан тiгiледi.
     Жакет бiр қаусырма өңiрлi, еркiн формалы, жеңi қосылып тiгiлген болып келедi.
     Жағасы қайырмалы, өңiрдiң ойығына дейiн қосылып тiгiледi.
     Омырауы алқымынан бастап кеудесiне тiгiспен және бүйiрлiк тiгiспен бiрiктiрiледi.
     Қақпақты жан қалталары қиылып келтiрiледi.
     Арқалығы желкесiнен басталып тiгiледi, екi жолақты тiгiс жүргiзiледi.
     Жеңдерi қостiгiстi, қосылып тiгiледi. Бiлек тiгiсiнiң тұсында екi-екiден формалық түймелер қадалады.
     Белдемше екi тiгiстi. Белдемшенiң алдыңғы жағындағы белi бойымен төрт тiгiс, артқы жағындағы белi бойымен, ортасындағы бүктемемен төрт тiгiс жүргiзiледi.
     Белдемшенiң жоғары жағына iш тартқыш салынады. Iлмегi, сол жақ  бүйiрiнен сыдырмақ жүргiзiледi.    

                         БАС КИIМДЕР
                    1. Ерлер фуражкасы     

      Фуражка жүн матадан тiгiледi.
      Фуражка түпкi жағы оралымды формада тiкелей иiлген ширек доға бейнелi қатырмадан, күнқағары мен алтын түстес қос қатарлы жiбек баудан тұрады. 
      Қатырманың шұғадан жасалған 2 конты болады, бiреуi - тiк қатырманың ширек бөлiктерiнiң басын бiрiктiретiн тiгiске тiгiледi де, екiншiсi - қосыла тiгiлген қант фуражканың қатырмасына кигiзiлген репстi жiбек лентаны ұстап тұру үшiн қатырманың төменгi шетiнен алғанда 0,5 см аралықтан өткiзiледi. 
      Фуражканың формасын келтiрiп, сақтау үшiн алдыңғы шаралылықтары алға қарай шамалы еңкейтiлiп, қатты тағандарға бекiтiледi. Фуражканың iшкi жағына етегiндегi қанттан жоғары металл қаңқа салынады. 
                      2. Формалы құлақшын 
 
        Формалы құлақшын сырылған мақта астарлы, төбесi 4 сай болып келедi, күнқағары мен желкелiгi тұтаса пiшiлген құлақжабары болады. Әртүрлi құрамадан тiгiледi: күнқағарының және құлақжабарымен тұтаса келген желкелiгiнiң үстi қара түстi цигейка мехынан: құлақшынның жоғары жағының қалған бөлiктерi қара түстi былғарыдан тiгiледi.
     Құлақжабарының ұштарына бау тағылады.
     Күнқағарының ортасына белгi қадалады.
     Құлақшынның барлық бөлiктерi төбесiнiң күнқағары мен желкелiгi ортасының желiсiне қарсы келетiн орталық тiгiстерiмен салыстырғанда  тепе-тең орналасуы тиiс. Құлақшынның үстi былғарыдан тiгiледi.

                      3. Формалы берет     

     Формалы берет таза жүннен тiгiссiз, жұмсақ дөңгелек формада жасалады. Береттiң маңдайына белгi тағылады. Берет ерлер мен  әйелдердiң жазғы костюмдерiне сәйкес бас киiмi болып табылады.

                           АЯҚ КИIМ     

     1. Ерлердiң қара түстi iшi мех қысқы етiктерi.
     2. Ерлердiң қара түстi жазғы туфлилерi.
     3. Ерлердiң қара түстi күзгi туфлилерi.
     4. Әйелдердiң қара түстi iшi мех қысқы етiктерi.
     5. Әйелдердiң қара түстi аласа тақалы жазғы туфлилерi.
     6. Әйелдердiң қара түстi, аласа тақалы немесе шағын платформалы күзгi туфлилерi.
     Ескерту: аяқ киiмдер жалпыға бiрдей кең таралған стандарт үлгiлерi бойынша.   
                       ЕРЛЕР ЖЕЙДЕСI

     Жейденiң жеңдерi ұзын келедi. Жейде еркiн формалы, тiк. 4 формалы түймемен түймеленедi.

                БАС КИIМДЕРГЕ ҚАДАЛАТЫН БЕЛГIЛЕР     

      Бас киiмдер үшiн диаметрi 40 мм дөңгелек таңба түрiнде арнаулы үлгiдегi белгi дайындалады. Көгiлдiр фонда ұшып жүрген алтын түстес бүркiт бейнеленедi. Оның биiкке қанат қаққандағы екi қанатының ортасында табиғат ресурстарының негiзгi түрлерi - алдында көк теңiз, одан әрi өсiмдiк әлемiнiң құшағындағы жер, арт жағында шығып келе жатқан күн нұрына шағылысқан ақ қарлы тау сiлемi көрiнедi. 
      Белгiден бұдан басқа формалы фуражкаға сұрғылт түстi жiбектен ызылған екi бау тағылады. 

                  ФОРМАЛЫ КИIМДЕРДIҢ ТҮЙМЕЛЕРI 

      Формалы киiмдерге алтын түстi, үстi тегiс және айналасы жиектелген түймелер пайдаланылады. Пәлтелер мен пиджактар үшiн - 22 мм, жазғы костюмдердiң, курткалардың, блузкалардың жеңiнiң манжеттерi үшiн пәлтенiң тiлшiктерi, пәлте айырықтары, фуражка үшiн - 14 мм. 
                         АЙЫРЫМ БЕЛГIЛЕРI 

      Иықтық айырым белгiлер күмiс түстi алмалы-салмалы иықтық қатырмалардан ұзындығы - 12 см, енi - 5 см болып дайындалады. Оған қанатын қаққан көгершiн түрiндегi кiшi бейнелер мен дәрежесiне байланысты кесе көлденең оқалар мен жұлдызшалар түрiндегi енi  30-дан 7 мм-ге дейiнгi айырым белгiлерi көлемiне сәйкес жұлдызшалар бекiтiледi. Негiзгi белгiнi бекiтетiн түйме шағын формада болады.
     Айырым белгiлер табиғатты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың жоғары, аға, орта, кiшi және қатардағы құрамдардың 9 категориясы үшiн белгiленедi.

          ФОРМАЛЫ КИIМДЕРДI, БАС КИIМДЕР МЕН АЯҚ
            КИIМДЕРДI БЕРУ НОРМАЛАРЫ МЕН КИIС
                      МЕРЗIМДЕРI

     Формалы киiмдерi, бас киiмдерi және аяқ киiмдердi беру кестеде көрсетiлген мерзiмге нормаға сәйкес жүргiзiледi.
                                                       Кесте

          Формалы киiмдi, аяқ киiмдi және бас киiмдi
           беру нормасы мен олардың киiс мерзiмдерi

             Қазақстан Республикасы Экология және
          биоресурстар министрлiгiнiң қызметкерлерiнiң
                    қызмет категорияларының
                          КЕСТЕСI

Об утверждении описания знаков различия и форменной одежды, норм их выдачи и табеля должностных категорий работников Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан, имеющих право на получение форменного обмундирования

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 мая 1993 года N 366. Утратило силу постановлением Правительства РК от 7 июля 2006 года N 646

 

        Сноска. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 мая 1993 года N 366 утратило силу постановлением Правительства РК от 7 июля 2006 года N  646 .
 
        Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: 
      Утвердить прилагаемое описание знаков различия и форменной одежды, нормы их выдачи и табель должностных категорий работников Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан, имеющих право на получение форменного обмундирования. 

    Премьер-министр

  Республики Казахстан

                                                 Утверждены

                                    постановлением Кабинета Министров

                                           Республики Казахстан

                                          от 6 мая 1993 г. N 366
 

               Описание знаков различия и форменной одежды, 
            нормы их выдачи и табель должностных категорий 
            работников Министерства экологии и биоресурсов 
           Республики Казахстан, имеющих право на получение 
                      форменного обмундирования 
 

                      ОДЕЖДА МУЖСКАЯ И ЖЕНСКАЯ 
         I. Пальто мужское для высшего, старшего и 
              среднего начальствующего состава 
 

        ТУ. Модель N 233-64 Дома моделей одежды (г. Москва). 
      Пальто мужское с пристегивающейся ватной подкладкой и пристегивающимся меховым воротником, изготавливается из драпов, двубортное, прямое, свободной формы, с втачными рукавами. 
      Воротник отложной. Застегивается пальто на три форменные пуговицы до перегиба лацкана. 
      Полочки с боковыми прорезными карманами с клапанами. 
      Спинка со швом посередине, заканчивается внизу отлетной шлицей. 
      Верхняя сторона шлицы вспушена на расстояния 1,5 см от края, нижняя - на 0,7 см от края. 
      Вверху шлица скреплена поперечной машинной строчкой под углом 45 градусов. 
      Хлястик по талии состоит из трех частей, концы боковых хлястиков пристегиваются к среднему на две пуговицы и две выметанные петли. Хлястик стягивает спинку на 6 см. Рукава двухшовные. Борта вспушены на расстоянии 1,5 см от края. 
      Карманы на подбортах обработаны в рамку обтачками из ткани подкладки в долевом направлении. Подкладка до низа. Ватная прокладка без рукавов пристегивается к подбортам на десять пуговиц и петель. Петли выметаны на подбортах. Пуговицы пришиты по краю полоски утеплителя. 
      По горловине утеплитель пристегивается на три пуговицы, пришитые на горловине пальто, и петли, выметанные по краю полоски утеплителя. 
      Спинка и полочка ватной прокладки выстеганы параллельными ромбообразными строчками, расстояние между которыми 4,5 - 5 см. Строчки не доходят до низа на 4 см. 
      Меховой воротник пристегивается к основному воротнику со стороны подворотника на пять пуговиц, пришитых на подворотнике меха. 
      К подбортам и горловине меховой воротник пристегивается на пять петель из ткани подкладки и пять пуговиц, пришитых к горловине подбортов и воротника. 
 

            II. Пальто мужское летнее для высшего, старшего 
                 и среднего начальствующего состава 
 

        ТУ. Модель N 221-64 Дома моделей одежды (г. Москва). 
      Пальто мужское летнее изготавливается из шерстяных и полушерстяных тканей, однобортное, свободной формы, прямое, с втачными рукавами, по талии с поясом, застегивающимся на пряжку и передвижную шлевку. 
      Застегивается пальто на три форменные пуговицы до перегиба лацкана. 
      Воротник отложной. 
      Спинка посередине со швом, внизу шов заканчивается шлицей, вверху шлица скреплена поперечной машинной строчкой под углом. 
      Полочки с боковыми прорезными карманами с клапанами. В шве подзора и мешковины правого кармана имеется маленький карманчик. 
      Рукава двухшовные, цельнокройные, внутри обработаны подкладкой из ткани в тон цвета верха. Внизу на рукаве пришиты две форменные пуговицы, расположенные от низа рукава на расстоянии 5 и 9 см. 
      Воротник, лацканы, борта, клапаны, пояс, верхняя сторона шлицы отстрочены строчкой на расстоянии 1 см от края. Подкладка до низа, на полочках подкладки обработаны карманы в рамку обтачками из ткани верха. 
      Пальто разрешается носить с поясом и без пояса. 
 

             III. Плащ мужской для высшего, старшего, среднего 
             и младшего начальствующего и рядового состава 
 

        ТУ. Модель N 366-65 Дома моделей одежды (г. Москва). 
      Плащ изготавливается из ткани прорезиненной У-37, однобортный, свободной формы, с поясом на талии, застегивается на три форменные пуговицы. Пояс застегивается на пряжку и передвижную шлевку. 
      Воротник отложной. Полочки с притачной кокеткой и боковыми 

  прорезными карманами с листочкой.

     Спинка с притачной кокеткой, от кокетки со швом посередине,

заканчивается внизу шлицей.

     Рукава двухшовные, цельнокройные с кокеткой спинки и полочек.

     Воротник, борта, швы притачки кокетки, швы рукавов, листочки 

и пояс отстрочены строчкой в край.

     Низ плаща и низки рукавов отстрочены строчкой шириной 1 см.

     Плащ без подкладки.

              IV. Полупальто мужское для младшего

                  начальствующего и рядового

                         состава

       ТУ. Модель N 219-64 Дома моделей одежды (г. Москва).
 

        Полупальто двубортное, прямое, свободной формы, с втачными 

  рукавами. Изготавливается из полушерстяных драпов или сукна.

     Воротник отложной.

     Застегивается полупальто на три форменные пуговицы до перегиба

лацкана и на четвертую до верха.

     На левой полочке четыре отделочных пуговицы.

     Полочка с боковыми прорезными карманами с листочкой.

     Спинка со швом посередине, внизу шов заканчивается отлетной

шлицей по талии, хлястик из трех частей.

     Концы боковых хлястиков пристегиваются к среднему на форменную

пуговицу и выметанную петлю.

     Верхняя сторона шлицы спущена, нижняя отстрочена строчкой

шириной 1 см.

     Карманы на подбортах обработаны в рамку обтачками из ткани

подкладки в долевом направлении.

     Полупальто на подкладке до низа.

     Кроме основной подкладки к полупальто пристегивается утеплитель

на ватной подкладке длиной ниже талии, без рукавов.

     Ватная подкладка пристегивается к подбортам на 13 пуговиц и 

петель.  

     Петли выметаны на подбортах. 

     Пуговицы пришиты по бортовым краям утеплителя.

     По горловине утеплитель пристегивается на одну пуговицу и петлю.

     Петли выметаны по краю полочки утеплителя, пуговица пришита

на горловине.
 

        Спинка и полочка ватной подкладки выстеганы параллельными ромбообразными строчками, расстояние между ними 4-4,5 см, строчки не доходят до низа на 2 см. 
      Рукава двухшовные, цельнокройные, на подкладке в тон цвета верха, на рукаве пришиты две форменные пуговицы на расстоянии от низа рукава на 5 и 9 см. 
      Полупальто носится с шапкой-ушанкой. 
 

                         V. Пальто женское 
 

        ТУ. Модель N 1-2585-64 Дома моделей одежды (г. Москва). 
      Пальто женское, двубортное, свободной формы, прямое, изготавливается из шерстяных драповых тканей. Воротник отложной. К основному воротнику пристегивается меховой воротник на пять обметанных и пять навесных петель с пуговицами. Застегивается пальто на три форменные пуговицы до перегиба лацкана. 
 

                         VI. Плащ женский 

       ТУ. Модель N 2-350 Санкт-Петербургского дома моделей одежды.

     Плащ изготавливается из плащевой ткани, однобортный, свободной

формы, с поясом на талии, застегивается на 5 форменных пуговиц.

Воротник отложной, пояс съемный. Полочки с притачной кокеткой и с

боковыми прорезными карманами с листочкой. Спинка с притачной кокеткой.

Воротник, борта, швы притачки кокетки, швы рукава и пояс отстрочены

в край. Низ плаща и низ рукавов отстрочены строчкой шириной 1 см.

Прокладка в тон ткани верха.

           VII. Костюм мужской (пиджак и брюки) для высшего,

              старшего и среднего начальствующего состава 

       ТУ. Модель N 220 Дома моделей одежды (г. Москва).

     Костюм мужской двубортный состоит из пиджака и брюк, носится

с белой рубашкой и черным галстуком, изготовляется из шерстяной

и полушерстяной тканей.

     Пиджак мужской двубортный, полуприлегающей формы, с втачными

рукавами.

     Воротник отложной.

     Застегивается пиджак на форменные пуговицы до перегиба лацкана.

     Полочка с отрезным бочком от проймы до низа и передней

вытачкой на талии.

     Боковые карманы прорезные с клапанами, на левой полочке

верхний карман с листочкой.

     Спинка со швом посередине.

     Рукава двухшовные с двумя форменными пуговицами внизу.

     Борта, лацканы, воротник, низ пиджака, клапаны и листочка

вспушиваются на 0,2-0,3 см от края.

     Пиджак на подкладке.

     На полочке подкладки обработаны карманы в рамку из материала

верха.

     Знаки различия вышиваются.

     Брюки с одной складочкой по талии (по две на каждой половинке).

     В шве пояса имеется часовой карман.

     Задние половинки брюк с четырьмя вытачками по талии (по две

на каждой половинке).

     Правая задняя половинка с карманом в рамку, застегивающимся на

одну пуговицу и петлю.

     В поясе шесть шлевок для продевания ремня.

     На поясе передних половинок на уровне боковых швов настрочены

хлястики, застегивающиеся на все пуговицы.

     Бант застегивается гульфиком на четыре пуговицы, металлический

крючок и хлястик-откоска с петлей на конце.

     Брюки без манжет шириной внизу не более 25 см.

              VIII. Костюм мужской (куртка и брюки) 

              для высшего, старшего и среднего

                   начальствующего состава

       ТУ. Модель N 237-64 Дома моделей одежды (г. Москва).

     Костюм мужской состоит из куртки и брюк, изготавливаются из

шерстяных и полушерстяных тканей.

     Куртка однобортная, свободной формы, внизу с притачным поясом.

     Воротник отложной.

     Застегивается куртка на четыре форменных пуговицы до перегиба

лацкана.
 

        Спинка цельная, от плечевых швов по одной вытачке, внизу по шву притачки пояса, заложенные на две мягкие складочки. Полочки вверху с двумя накладными карманами с клапаном. Рукава длинные, одношовные, с притачным манжетом внизу, с разрезами над концами манжет. 
      Вверху разрез закреплен пеперечной строчкой. От швов притачки манжет на верхних половинках рукавов заложены по две мягкие складочки внешними сгибами к разрезу. Манжеты застегиваются на одну форменную пуговицу и петлю. 
      Боковые швы внизу с разрезами, которые скреплены строчкой, пояса полочек пристегиваются к поясу спинки на пуговицу и петлю. 
      Воротник, манжеты, борта, боковые швы, пояс, проймы рукавов на полочке на расстоянии 16 см и по спинке до локтевого шва отстрочены строчкой шириной 0,5 см. Куртка на подкладке. Карманы на подкладке обработаны в рамку обтачками из ткани верха. 
      Накладные карманы и клапаны отстрочены двумя строчками: первая в край, вторая на 0,5 см от первой. 
      По линии плечевых швов куртки располагаются съемные колодки со знаками различий. 
      Брюки с одной складочкой по талии на передних половинках и 

  боковыми карманами в рамку. В шве пояса имеются часовой карман.

     Задние половинки брюк с четырьмя вытачками по талии (по две

на каждой половинке).

     Правая задняя половинка с карманами в рамку, застегивающимся на

одну форменную пуговицу и петлю.

     В поясе шесть шлевок для продевания ремня.

     На поясе передних половинок на уровне боковых швов настрочены

хлястики-затяжники, застегивающиеся на две пуговицы. 

     Бант застегивается гульфиком на четыре пуговицы, металлический

крючок и хлястик отскока с петлей на конце.

     Брюки без манжет, шириной внизу не более 25 см.

            IХ. Костюм мужской летний для высшего,

        старшего и среднего начальствующего состава

       ТУ. Модель N 234-64 (рубашка) и N 237-64 (брюки) Дома моделей

одежды (г. Москва).

     Летний костюм состоит из рубашки с коротким рукавом и брюк.
 

        Рубашка свободная, прямая, застегивается на четыре форменные пуговицы. Воротник и лацканы отложные. На полочках расположены два накладных кармана с клапанами, застегивающимися на две петли и две форменные пуговицы каждый. Спинка цельная, от плечевых швов по одной вытачке. 
      Рукава одношовные, короткие, внизу с манжетами шириной 4 см, отвертывающимися на лицевую сторону. 
      Все детали рубашки (воротник, манжеты, борта, клапаны, проймы рукавов) отстрочены строчкой шириной 0,5 см. Верхний край карманов прошит швов шириной 2,5 см. Низ рубашки подшит швом шириной 1,5 см. 
      По линии плечевых швов рубашки располагаются съемные колодки со знаками различия. 
      Брюки с одной складочкой по талии на передних половинках и боковыми карманами в рамку. В шве пояса располагается часовой карман. 
      Задние половинки брюк с четырьмя вытачками по талии (по две на каждой половине). Правая задняя половинка с карманом в рамку, застегивающимся на одну форменную пуговицу и петлю. 
      В поясе передних половинок брюк на уровне боковых швов настрочены хлястики-застежки, застегивающиеся на две пуговицы. 
      Бант настегивается гульфиком на четыре пуговицы, металлический крючок или хлястик с петлей на конце. 
      Брюки без манжет шириной внизу не более 25 см. 
 

               Х. Костюм женский летний (блуза и юбка) 
 

        ТУ. Модель N 2-4461-64 Дома моделей одежны (г. Москва). 
      Костюм женский летний состоит из блузы с длинными рукавами и юбки, изготавливается из хлопчатобумажных тканей. 
      Блуза прямая, свободной формы, застегивается спереди посередине на четыре выметанные долевые петли и четыре форменные пуговицы. 
      На полочках от боковых швов по линии груди вытачено по одной внутренней вытачке. Спинка цельная, вверху на притачной кокетке. По шву притачки кокетки заложены четыре односторонние складочки. Складочки сгибами закладываются к проймам с лицевой стороны. Кокетка двойная. 
      Рукава одношовные, внизу манжеты с застежкой на две выметанные петли и две форменные пуговицы. 
      На рукавах под застежкой манжет обработаны разрезы. По шву притачки манжет на рукавах заложены по две односторонние складочки, которые внешними сгибами направлены к спинке. 
      На линии плеча в шов втачки рукава втачены погончики, прикрепляющиеся к блузе форменной пуговицей. 
      Борта, воротник, погончики, манжеты и кокетка на спинке отстрочены строчкой на расстоянии 0,5 см от края. 
      Для начальствующего состава по линии плечевых швов блузы вместо втачных погончиков располагаются съемные колодки со знаками различия. 
      Юбка четырехшовная, два шва спереди и два сзади. Юбка на притачном поясе, отстроченном кругом в край, с застежкой-молнией с левой стороны переда в шве и выметанной петлей и пуговицей на поясе. 
      В боковых частях переда от линии талии на юбке и по бокам 

  затачено по одной внутренней вытачке с каждой стороны.

     К юбке изготавливается съемный пояс. Пояс на ленте гро-гро

с двумя шлевками с застежкой на пряжку и блочки.

     Швы юбки спереди м сзади, а также пояс отстрочены отделочными 

строчками на расстоянии 0,5 см от края.

                ХI. Костюм женский (жакет и юбка)

       ТУ. Модель N 1-2586-64 Дома моделей одежды (г. Москва).

     Костюм женский, состоящий из жакета и юбки, изготавливается из

шерстяных и полушерстяных тканей.

     Жакет однобортный, свободной формы, с втачными рукавами.

     Воротник отложной, втачен до уступа борта.

     Полочки с втачкой на груди от горловины и боковой втачкой.

     Карманы боковые прорезные с клапанами.

     Спинка стачная, от горловины с двумя вытачками.

     Рукава двухшовные, втачные. Около локтевого шва пришито по две

форменных пуговицы.

     Юбка двухшовная. Переднее полотнище юбки с четырьмя вытачками

по талии, заднее полотнище с четырьмя вытачками по талии и встречной

складкой посередине.

     Верх юбки на корсаже. Застежка обработана в левом боковом

шве на "молнию".

                        ГОЛОВНЫЕ УБОРЫ 

                      1. Фуражка мужская 

       Фуражка изготавливается из шерстяных тканей.
 

        Фуражка состоит из донышка овальной формы, четырех дугообразных четвертинок прямого околышка, козырька и двойного шнура из шелка золотистого цвета. 
      Околышек имеет 2 канта из сукна, один втачен в шов, соединяющий четвертинки с околышком, второй втачной кант проходит на расстоянии 0,5 см от нижнего края околышка для поддержания репсовой шелковой ленты, надетой на околышек фуражки. 
      Для придания и сохранения формы фуражки передние четвертинки делаются на жестких стойках, слегка наклоненных вперед. Внутрь фуражки выше канта донышка вкладывается металлический каркас. 
 

                     2. Шапка-ушанка форменная 
 

        Шапка-ушанка форменная на стеганой ватной подкладке состоит 

  из 4-клинного колпака, козырька и назатыльника с цельнокройными

к ним наушниками. Изготавливается комбинированной: верх козырька и

назатыльника с наушниками - из меха цигейки черного цвета,

остальные детали верха шапки - из кожи черного цвета.

     К концам наушников пришиты завязки из тесьмы.

     В центре козырька прикрепляется эмблема.

     Все детали шапки-ушанки должны быть расположены симметрично

относительно средних швов колпака, находящихся против линий середины

козырька и назатыльника. Верх шапки-ушанки кожаный.

                       3. Берет форменный

       Берет форменный, чистошерстяной, без швов, имеет круглую

мягкую форму. Спереди на берет прикрепляется эмблема. Берет является

головным убором летних женских и мужских костюмов.

                             ОБУВЬ

       1. Сапоги мужские зимние на меху черного цвета.

     2. Туфли мужские летние черного цвета.

     3. Туфли мужские осенние черного цвета.

     4. Сапоги женские зимние на меху черного цвета.

     5. Туфли женские летние на низком каблуке черного цвета.

     6. Туфли женские осенние на низком каблуке или небольшой

платформе черного цвета.

     Примечание: Обувь общераспространенных стандартных образцов.

                         РУБАШКА МУЖСКАЯ 

     Рубашка с длинными рукавами, свободная, прямая. Застегивается на

4 форменные пуговицы.

                     ЭМБЛЕМА К ГОЛОВНЫМ УБОРАМ
 

          Эмблема специального образца для головных уборов изготавливается в виде круглого знака диаметром 40 мм. На голубом фоне изображен орел золотистого цвета в полете, между крыльями которого при верхнем положении взмаха представлены основные виды природных ресурсов - на переднем плане водоем, далее земля с растительным миром, на заднем плане заснеженные горы, освещенные лучами восходящего солнца. 
      На форменной фуражке кроме эмблемы крепится двойной шнурок из шелка серого цвета. 
 

                      ПУГОВИЦЫ ФОРМЕННОЙ ОДЕЖДЫ 
 

        Для форменной одежды используются пуговицы золотистого цвета с гладким полем и окантовкой. Размер пуговиц для пальто и пиджаков - 22 мм, для манжет рукавов летнего костюма, куртки, блузы, хлястика пальто, шлиц пальто, фуражки - 14 мм. 
 

                            ЗНАКИ РАЗЛИЧИЯ 
 

        Наплечные знаки различия изготавливаются в виде съемных колодок серебристого цвета размером по длине 12 см и по ширине 5 см, на которых прикрепляются малые эмблемы в виде голубя с распростертыми крыльями и знаки различия в зависимости от ранга в виде поперечных галунов шириной от 30 до 7 мм и звездочек соответствующей величины. Пуговица для крепления колодки - малая форменная. 

       Знаки различия предусмотрены для 9 категорий государственных

инспекторов по охране природы - высшего, старшего, среднего,

младшего и рядового состава.

                НОРМА ВЫДАЧИ И СРОКИ НОСКИ ФОРМЕННОЙ

                 ОДЕЖДЫ, ГОЛОВНЫХ УБОРОВ И ОБУВИ

       Выдача форменной одежды, головных уборов и обуви производится

в соответствии с нормами и на сроки, указанные в таблице:

                           (таблица)

            Табель должностных категорий работников Министерства

               экологии и биоресурсов Республики Казахстан

_____________________________________________________________________

Табельный! Звание государственных !        Занимаемая

  ранг   !  инспекторов по охране !         должность

         !       природы          !

_____________________________________________________________________

   1     !        2               !             3

_____________________________________________________________________

1. Главный государственный         первый заместитель Министра

   инспектор Республики Казахстан  экологии и биоресурсов

  2. Заместитель главного            начальники Главгосконтроля,

   государственного инспектора     Главживохраны, Главрыбохраны,

   Республики Казахстан            Председатель Казлескомитета

  3. Старший государственный         заместители начальника

   инспектор Республики Казахстан  Главгосконтроля, Главживохраны, 

                                   Главрыбохраны, заместитель

                                   Председателя Казлескомитета,

                                   начальники бассейновых управлений

  4. Государственнй инспектор        специалисты контрольно-инспекционных

   Республики Казахстан            служб Центрального Аппарата 

                                   Главгосконтроля, Главживохраны,

                                   Главрыбохраны, Казлескомитета

     Главный государственный         заместитель председателя областного

   инспектор области (города)      управления экологии и биоресурсов, 

                                   председатель городского управления

                                   экологии и биоресурсов

  5. Заместитель главного            начальники облживохраны,

   государственного инспектора     облрыбохраны, обллескомитетов

   области

  6. Старший государственный         начальники и главные специалисты

   инспектор области               контрольно-инспекционных служб

                                   областных управлений экологии и

                                   биоресурсов, облживохраны,

                                   облрыбохраны, обллескомитетов,

                                   директора заповедников, заказников,

                                   национальных парков

  7. Государственный инспектор       специалисты и старшие специалисты

   области                         контрольно-инспекционных служб 

                                   облуправления экологии и биоресурсов,   

                                   облживохраны, облрыбохраны,

                                   обллескомитетов; научные работники

                                   заповедников, заказников,

                                   национальных парков

  8. Старший государственный         начальники и главные специалисты

   инспектор области               контрольно-инспекционных служб,

                                   облуправлений экологии и биоресурсов,

                                   начальники и главные специалисты

                                   районных подразделений Главживохраны,

                                   Главрыбохраны, Казлескомитета,

                                   специалисты заповедников, заказников,

                                   национальных парков

  9. Государственный инспектор       специалисты и работники

   района                          контрольно-инспекционных служб

                                   районных управлений экологии и

                                   биоресурсов Главживохраны,

                                   Главрыбохраны, Казлескомитета,

                                   заповедников, заказников,

                                   национальных парков.