1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шараларды қаржы жағынан қамтамасыз ету үшiн республикалық бюджетте қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп 1993 жылғы шiлдеге дейiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң актiлерi мен шешiмдерiн аталған Заңға сәйкестендiру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн:
Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары
аталған Заңға қайшы келетiн нормативтi актiлерiн қайта қарайтын немесе олардың күшiн жоятын болсын. 3. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi мен ведомстволары осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi