Республикада архив iсiнiң дамуын және құжаттардың түзiлуi мен құжат айналысы процестерiн мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ жергiлiктi өкiмет және басқару органдарымен бiрлесе отырып, министрлiктер мен ведомстволардың, басқа ұйымдардың осы мәселелер жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Бас архив басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы (Қазақстан Республикасының Бас архивi) болып қайта құрылсын.
2. Архивтер мен құжаттама Бас басқармасына:
республиканың барлық аумағында архив iсi мен құжаттардың түзiлуi саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат пен мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының, жергiлiктi өкiмет және басқару органдарының, мемлекеттiк емес ұйымдардың және құжаттары мен архивтерi, архив қорлары мен коллекциялары жалпыұлттық құндылық болып танылатын жеке азаматтардың осы мәселелер жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын құру және оның қызметi, жұмыс iстеуi, архивтердi, архив қорлары мен коллекцияларын олардың қай жерде орналасқанына және меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру;
тарих пен мәдениеттiң деректi ескерткiштерiн қорғау және оларды мемлекеттiк сақтауға қабылдауды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк архив қызметiн басқару;
архив iсi мен құжаттардың түзiлуi мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар даярлау;
республикада архив iсiн және құжаттар мен құжаттамаға қатысты бүкiл жұмысты өркендетудiң мемлекеттiк бағдарламаларының жобаларын әзiрлеу және жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құрамына енетiн құжаттар бойынша ақпараттар желiсi мен мәлiметтер базасын құру;
архив құжаттарын басып шығаруды, сондай-ақ оларды бұқаралық ақпарат құралдарында отандық тарихты объективтi баяндау, мәдениет пен тәрбиенi дамыту, халық шаруашылығының мiндеттерiн шешу мақсатында пайдалану мен жариялауды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының аумағында архив iсi жөнiндегi заңдардың сақталуына, мекемелердiң, ұйымдардың және кәсiпорындардың, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан архивтер мен құжаттамаларды жүргiзудiң белгiленген талаптарын орындауына мемлекеттiк бақылау жасау;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк архив қызметi мекемелерiнiң шетелдiк байланыстарын дамыту және үйлестiру, архив iсi мен құжаттаманы басқару жөнiндегi халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң архив iсi мен құжаттаманы басқару мәселелерi жөнiндегi, соның iшiнде бұрынғы КСРО мемлекеттiк архивтерiне қатысты құқықтық мұрагерлiк мәселелерi жөнiнде көпжақты және екiжақты келiсiмдердi жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасының жүйесiне Қазақстан Республикасының барлық Мемлекеттiк архив қызметi мекемелерi, соның iшiнде архив iсi мен құжаттаманы басқарудың республикалық және облыстық органдары, әр түрлi бағдардағы мемлекеттiк архивтер мен олардың филиалдары, жергiлiктi әкiмшiлiктер жанындағы аудандық (қалалық) архивтер мен құжаттарды микрофотокөшiрмелеу және қалпына келтiру лабораториялары кiредi деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 28 адамнан тұратын (қызмет көрсету және ғимаратты қорғау жөнiндегi қызметшiлердi есептемегенде) болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасына басқарма бастығының бiр орынбасары мен 7 адамнан құралған алқа болуына рұқсат етiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналып республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасының бастығына белгiленген адам саны мен еңбекақы қоры шегiнде Бас басқарманың орталық аппараты мен оған ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң құрылымы мен штатын бекiту құқы берiлсiн.
8. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасына қызмет бабында пайдаланылатын бiр жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.
9. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Архивтер мен құжаттама бас басқармасы туралы ереженiң жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi табыс етсiн.
10. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
Қазақстан ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Бас архив басқармасы туралы ереженi және Қазақ ССР-iнiң орталық мемлекеттiк архивтерiнiң жүйесiн бекiту туралы" 1980 жылғы 15 тамыздағы N 326 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1980 ж., N 18, 45 бап);
Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Юстиция министрлiгi жанындағы Бас архив басқармасын Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Бас архив басқармасы етiп қайта құру туралы" 1989 жылғы 27 қаңтардағы N 48 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1989 ж., N 7, 28 бап).
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi