1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
шақырылатындар және әскери мiндеттiлер қатарынан Қарулы Күштерге әскери-техникалық мамандар даярлау мен қайта даярлау, сондай-ақ жастарды әскери оқу орындарына түсуге бастапқы даярлау үшiн ӘАФКЕҚ-ның спорттық-техникалық клубтарының, оқу және авиация ұйымдарының мүмкiндiктерiн кеңiнен пайдалансын;
Қазақстан Республикасының ӘАФКЕҚ Орталық комитетiмен келiсе отырып ӘАФКЕҚ-ның оқу орындарында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн даярланатын мамандықтардың тiзбесiн бекiтсiн;
жыл сайын Қазақстан Республикасының Шекара, Iшкi әскерлерiне, сондай-ақ үкiметтiк байланыс әскерлерi мен Республика ұланына әскери-техникалық мамандар даярлау жөнiндегi қажеттiлiктi анықтасын;
ӘАФКЕҚ-ның оқу ұйымдарында даярлануға тиiстi шақырылушылардың санын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi;
ӘАФКЕҚ-ның оқу және авиация ұйымдарын жабдықтау табельдерi мен нормаларына сәйкес қару-жарақпен, арнаулы техникамен, оның босалқы бөлшектерiмен, автомобильдермен, оқытудың техникалық құралдарымен және мүлiкпен жасақтайтын болсын. ӘАФКЕҚ-ның шаруашылық есептегi ұйымдарына аталған мүлiк пен техника төлемақы алып берiледi;
Қазақстан Республикасының бiлiм министрлiгiмен және ӘАФКЕҚ Орталық комитетiмен бiрлесiп әскери-техникалық мамандар даярлау мен қайта даярлау, ӘАФКЕҚ-ның оқу және авиация ұйымдарының басшы және оқушы құрамының бiлiктiлiгiн көтеру бағдарламасын қайта қарап, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
2. КСРО Қорғаныс министрлiгi бұрын одан әрi қызмет өткеру үшiн ӘАФКЕҚ-ға iссапарға жiберген КСРО Қарулы Күштерiнiң офицерлер құрамы ӘАФКЕҚ-ға уақытша iссапарға жiберiлген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң кадрында тұратындар деп саналсын. Бұдан былай офицерлер құрамындағы адамдарды одан әрi қызмет атқару үшiн ӘАФКЕҚ жүйесiне iссапарға жiберу Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ Орталық комитетiнiң өтiнiмi бойынша жүргiзiлетiн болсын.
Қазақстан Республикасының ӘАФКЕҚ-ға уақытша iссапарға жiберiлген офицерлер құрамын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi барлық үлес түрлерiмен қамтамасыз етсiн.
3. ӘАФКЕҚ-ға уақытша iссапарға жiберiлген Қарулы Күштердiң офицерлер құрамындағы адамдары атқаратын Қазақстан Республикасының ӘАФКЕҚ-дағы лауазымдар тiзбесi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
ӘАФКЕҚ-ға уақытша iссапарға жiберiлген Қарулы Күштердiң офицер құрамындағы адамдары атқаратын ӘАФКЕҚ лауазымдарының тiзбесiн дүркiн-дүркiн қайта қарап, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен келiсiп отыру Қазақстан Республикасының ӘАФКЕҚ Орталық комитетiне ұсынылсын.
Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ-ға уақытша iссапарға жiберiлген офицер құрамындағы адамдарды қызметке тағайындауды, оларға әскери атақ берудi, сондай-ақ әскери қызметтен босатуды республика ӘАФКЕҚ Орталық комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қорғаныс министрлiгi жүргiзедi деп белгiленсiн.
4. Қарулы Күштер мен халық шаруашылығы үшiн ӘАФКЕҚ-да мамандар даярлау шарт негiзiнде жүзеге асырылсын.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, Туризм, дене тәрбиесi және спорт министрлiгi, кәсiпорындар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының ӘАФКЕҚ Орталық комитетiмен бiрлесiп спорттың техникалық, әскери-қолданбалы түрлерi одан әрi дамытылуын, жастардың әскери-техникалық үйiрмелерге кеңiнен тартылуын, шақырылатын және шақыруға дейiнгi жастар үшiн жарыстар өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi тиiстi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп ӘАФКЕҚ Орталық комитетiнiң өтiнiмi бойынша республикада спорттың техникалық және әскери-қолданбалы түрлерiн дамыту үшiн қажеттi спорт автомобильдерiн, мотоциклдерiн, карттарын, дельталеттерiн, шағын литражды двигательдер, радио аппаратуралар мен спорт техникасының басқа да түрлерiн шығаруды қамтамасыз етсiн.
7. Жергiлiктi әкiмдер:
Қарулы Күштерге, халық шаруашылығына мамандар даярлау жөнiндегi жұмыста, спорттың техникалық және әскери-қолданбалы түрлерiн дамыту iсiнде, бiрлескен және шағын кәсiпорындар, өндiрiстiк шеберханалар мен басқа да шаруашылық есептегi ұйымдар құруды ӘАФКЕҚ-ның мектептерi мен комитеттерiне нақты көмек көрсетсiн;
спорттың техникалық және әскери-қолданбалы түрлерiнiң оқу-материалдық базасын дамыту мен жетiлдiру, шақырылатын және шақыруға дейiнгi жастардың спорт жарыстарын өткiзу үшiн жергiлiктi бюджеттерде қаржы мен материалдық құрал-жабдық бөлiнуiн көздейтiн болсын;
ауыл шаруашылығы басқармалары мен автомобиль көлiгi өндiрiстiк бiрлестiктерi арқылы ӘАФКЕҚ ұйымдарының оқу және спорттық мототехниканың босалқы бөлшектерге деген өтiнiмдерi орындалуын қамтамасыз етудi көздеп отырсын;
ӘАФКЕҚ оқу ұйымдарында оқитын селолық жерлерден шақырылушыларға жатақханалар бөлудi немесе оларды салуды қамтамасыз етсiн;
ӘАФКЕҚ ұйымдарының оқу техникасын шақырылушыларды оқытумен және халық шаруашылығына мамандар даярлаумен байланысты емес жұмыстарға қатыстыру мен пайдалануға жол бермейтiн болсын;
әскери-патриоттық клубтардың сабақ өткiзуi үшiн спорт залдарын, ғимараттары мен үй-жайларын тегiн бөлiп отырсын.
8. Экономика министрлiгi, "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы, "Қазмұнайөнiм" мемлекеттiк концернi Қарулы Күштер мен халық шаруашылығына мамандар даярлау үшiн қажеттi материалдық-техникалық ресурстардың белгiленген тәртiппен ӘАФКЕҚ ұйымдарына бөлiнуiн көздеп отырсын.
9. ӘАФКЕҚ курстарында тиiстi даярлықтан өткен адамдарға, оның iшiнде ұшу аппараттары мен авиация техникаларын басқаруға, бұл аппараттарға күтiм жасауға даярланған адамдарға белгiленген үлгiдегi анықтамалар мен куәлiктердi беру құқын беру туралы ӘАФКЕҚ Орталық комитетiнiң ұсынысы кұпталсын.
10. Министрлiктерге, ведомстволарға, қауымдастықтарға, бiрлестiктерге, кәсiпорындар мен ұйымдарға меншiк нысандарына қарамастан, халықты жұмыспен қамту орталықтарына N 2 қосымшаға сәйкес бұқаралық техникалық кәсiп кадрларын даярлау үшiн ӘАФКЕҚ-ның мүмкiндiктерiн кеңiнен пайдалану ұсынылсын.
11. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Бiлiм
министрлiгi, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ӘАФКЕҚ Орталық комитетiмен және басқа қоғамдық ұйымдармен, шығармашылық одақтармен бiрлесiп халыққа патриоттық тәрбие беру, жастарды әскери iстiң негiздерiмен таныстыру жөнiндегi жұмысты күшейтiп, қорғаныс қоғамының қызметiн кеңiнен насихаттайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 479 қаулысына N 1 қосымша ӘАФКЕҚ-ға уақытша iссапарға жiберiлген Қарулы Күштердiң офицерлер құрамдағы адамдары атқаратын ӘАФКЕҚ-дағы лауазымдар Тiзбесi (Кесте) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 479 қаулысына N 2 қосымша Қазақстан Республикасы ӘАФКЕҚ-ның аудандық, қалалық комитеттерiнде, спорттық-техникалық клубтарында, оқу ұйымдарында даярлау үшiн рұқсат берiлген кәсiптердiң Тiзбесi (Кесте)