Отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 24 маусым N 528. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.03.21. N 382 қаулысымен. ~P970382

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бала

 

туғанда берiлетiн бiр жолғы жәрдемпұл, кәмелетке толмаған

балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемпұл, жалғызiлiктi

аналарға мемлекеттiк жәрдемпұл тағайындау және төлеу тәртiбi

туралы Ереженi бекiту туралы" 1992 жылғы 2 наурыздағы N 177

қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 9, 162-бап)

күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң             


                                      1993 жылғы 24 маусымдағы

                                          N 528 қаулысымен

                                             Бекiтiлген

            Отбасыларына жәрдемақы тағайындау және

                   төлеу тәртiбi туралы

                        Ереже

                   1. Жалпы қағидалар

     1. Отбасыларына жәрдемақының түрлерi:

     бала туғанда берiлетiн бiржолғы жәрдемақы;

     балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы;

     жалғызiлiктi аналарға;

     7 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп баласы бар жұмыс

істемейтiн аналарға;

     мерзiмдi қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлердiң

балаларына жәрдемақы;

     адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен

ауырған балаларға жәрдемақы.


 
       Жәрдемақының аталған түрлерiнiң әрқайсысы, осы Ережеде көзделген жәрдемақының басқа түрлерiн алатындығына қарамастан, тағайындалып, төленедi.
      2. Отбасыларына жәрдемақылардың мөлшерi мен оларды қаржыландырудың көздерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңымен белгiленедi.
      3. Отбасыларына жәрдемақы туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балаларға тағайындалып, төленедi.
      4. Мемлекеттiң қамсыздандыруына толық алынған, кәсiптiк-техникалық училищелер мен арнаулы орта оқу орындарының оқушыларына, жоғары оқу орындарының студенттерiне және жұмыс iстейтiн балаларға отбасылық жәрдемақы тағайындалмайды деп төленбейдi.
      Ата-аналық құқығынан айрылған ата-аналарға да отбасылық жәрдемақы тағайындалмайды әрi төленбейдi.
 
                    II. Бала туғанда берiлетiн бiржолғы
                               жәрдемақы
      5. Бала туғанда отбасына бiржолғы жәрдемақы тағайындалып, төленедi. Екi және одан да көп бала туғанда жәрдемақы әрбiр балаға төленедi.
      Бала өлi туған жағдайда жәрдемақы төленбейдi.
 
                    III. Балалары бар отбасыларына бiрыңғай
                                  жәрдемақы
      6. Балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы отбасы алатын табысына қарай Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен тағайындалып, төленедi. Бұл ретте жәрдемақы балаларға басқа жәрдемақы, зейнетақы немесе алимент алынатындығына қарамастан тағайындалып, төленедi.
      Балалары бар отбасыларына отбасындағы баланың еңбекке жарайтын әкесi жұмыс iстемесе, оқымаса, әскери қызмет атқармаса және жұмыспен қамту қызметiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмесе, бiрыңғай жәрдемақы тағайындалмайды да төленбейдi.
 
                    IV. Жалғызiлiктi аналарға жәрдемақы
      7. Жалғызiлiктi (некеде тұрмаған) анаға баланы ұстау мен тәрбиелеу үшiн, егер тууы туралы куәлiкте баланың әкесi жөнiнде жазу болмаса немесе оның әкесi туралы шешесiнiң айтуы бойынша белгiленген тәртiппен жазылса, жәрдемақы тағайындалып, төленедi.
      Сондай-ақ балалары бар жесiр әйелдер мен салт басты еркектерге, егер олар балалары үшiн асыраушысынан айрылғаны жөнiнде немесе әлеуметтiк зейнетақы алмайтын болса, аталған жәрдемақы тағайындалып, төленедi.
      8. Жалғызiлiктi аналардың балалары қамқоршыға немесе қорғаншыға тәрбиелеу үшiн (шешесiнiң қайтыс болуына, оның науқастануына және басқа себептерге байланысты) белгiленген тәртiппен берiлген жағдайда балаларға тиесiлi жәрдемақы қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалып, төленедi.
      Жалғызiлiктi ана балаларының қамқоршысына (қорғаншысына) балаларға асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы немесе әлеуметтiк зейнетақы тағайындалғанына қарамастан, мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалып, төленедi.
      9. Бұрын некеде болған әйелдерге - некесi бұзылғанға дейiн немесе одан кейiн, күйеуi қайтыс болған соң немесе ол мүлдем хабарсыз кеттi деп танылғаннан кейiн, басқа адамнан тапқан балаларына да, егер олардың тууы туралы куәлiгiнде баланың әкесi жөнiнде шешесiнiң айтуы бойынша белгiленген тәртiппен жазылған болса, жалғызiлiктi аналар үшiн белгiленген жәрдемақы тағайындалады.
      10. Жалғызiлiктi ана некеге тұрғанда оған дейiн басқа адамнан тапқан балаларына жәрдемақы алу құқы сақталады.
      11. Анасы балаларына зейнетақы немесе алимент алатын болса, сондай-ақ әйел бала тапқан адам белгiленген тәртiппен баланың әкесi деп танылса немесе егер бала асырауға алынса, жалғызiлiктi аналар үшiн белгiленген жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейдi.
      12. Егер некеде тұрмаған әйел тууы туралы тiркеу кiтабында асырап алған баланың анасы ретiнде жазылса, онда оған жалғызiлiктi ана ретiнде берiлетiн жәрдемақы жалпы негiзде тағайындалады, бiрақ ол анасы ретiнде жазылған айдан ерте тағайындалмайды.
      13. Тiркелген некеде тұрмаған және тұрмайтын, бiрақ онымен

 

бiрге тұрып, ортақ шаруашылықпен айналысатын және балаларды бiрге

тәрбиелесетiн адамнан баласы бар әйелдiң жалғызiлiктi аналарға

берiлетiн жәрдемақыны алуға құқы бар. Бұл әйел балалы болған

адаммен некеге тiркелсе де, одан туған балаға жәрдемақы

тағайындалмайды да, төленбейдi.


                   V. 7 Жасқа дейiнгi төрт және одан да

               көп балалары бар жұмыс iстемейтiн көп балалы

                           аналарға жәрдемақы

     14. 7 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп балалары бар жұмыс

iстемейтiн көп балалы аналарға ай сайын ең аз жалақы мөлшерiнде

жәрдемақы төленедi.


                   VI. Мерзiмдi қызмет атқарып жүрген әскери

                     қызметшiлердiң балаларына жәрдемақы

     15. Мерзiмдi қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлердiң

балаларына әрбiр балаға ай сайын жәрдемақы тағайындалып, төленедi.

     16. Балаға жәрдемақы әскери қызметшi мерзiмдi мiндеттi әскери

қызметiн атқарып жүрген кезiнде төленедi.


                   VII. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған

                       және СПИД-пен ауырған балаларға жәрдемақы


 
       17. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе СПИД-пен ауырған 16 жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау мен төлеу "Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР-iнiң Заңына сәйкес 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға әлеуметтiк зейнетақы тағайындау мен төлеу сияқты тәртiппен жүзеге асырылады.
      18. Аталған жәрдемақы бала жасынан мүгедек болған 16 жасқа дейiнгi балалар үшiн белгiленген тәртiппен денсаулық сақтау органдары беретiн медициналық қорытынды негiзiнде тағайындалады.
 
                    VIII. Отбасыларына жәрдемақы тағайындау
                           жөнiнде өтiнiш жасау
      19. Бала туғанда берiлетiн бiржолғы жәрдемақы және балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiштi баланың ата-анасының бiрi (қамқоршы) жұмыс iстейтiн орнына, жұмыс iстемейтiндер (соның iшiнде ата анасы оқитын болса, әскери қызметте жүрсе) - ата-анасының тұрған жерiндегi халықты әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық) бөлiмiне бередi.

 

     Отбасыларына жәрдемақының қалған түрлерiн тағайындау туралы

өтiнiш ата-анасының (қамқоршының) тұрған жерiндегi халықты

әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық) бөлiмiне берiледi.

     20. Жәрдемақы тағайындауға өтiнiш берген адам мынадай

құжаттарды табыс етедi:

     а) бала туғанда берiлетiн бiржолғы жәрдемақы үшiн:

     жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш;

     жәрдемақы алу үшiн ЗАГС органдары берген баланың туғандығы

туралы анықтама;

     б) балалары бар отбасыларына берiлетiн бiрыңғай жәрдемақы

үшiн:

     жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш (өтiнiште сонымен бiрге

отбасының анықтамада келтiрiлген табысынан басқа табысы жоқ

екендiгi көрсетiледi);

     баланың тууы туралы куәлiктiң көшiрмесi;

     отбасының құрамы туралы анықтама;

     отбасы мүшелерiнiң табысы туралы анықтама;

     в) жалғызiлiктi аналарға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы

үшiн:

     жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш;

     баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;

     баланың тууы туралы куәлiгiне әкесi жөнiнде мәлiметтер

енгiзудi негiздеген ЗАГС органдарының анықтамасы;

     отбасының құрамы туралы анықтама;

     г) 7 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп баласы бар жұмыс

iстемейтiн көп балалы аналарға берiлетiн жәрдемақы үшiн:

     жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш;

     балалардың тууы туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;

     отбасының құрамы туралы 18 жасқа дейiнгi балалары көрсетiлген

анықтама;


 
       көп балалы ананың еңбек кiтапшасының көшiрiм немесе оның

 

еш жерде жұмыс iстемейтiндiгiн растайтын басқа құжат;

     д) мерзiмдi қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлердiң

балаларына берiлетiн жәрдемақы үшiн:

     жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш;

     баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;

     баланың әкесi мiндеттi мерзiмдi әскери қызмет атқарып жүргендiгi

туралы қызметiнiң мерзiмi көрсетiлген аудандық әскери

комиссариатының анықтамасы;

     отбасының құрамы туралы анықтама;

     ж) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен

ауырған балаларға жәрдемақы алу үшiн:

     жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш;

     баланың тууы туралы куәлiктiң көшiрмесi;

     отбасының құрамы туралы анықтама;

     денсаулық сақтау органдары берген медициналық қорытынды.


 
       Балалардың қамқоршысына (қорғаншысына) жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшке қамқоршы (қорғаншы) тағайындау туралы халық депутаттарының аудандық, қалалық, поселкелiк немесе селолық Кеңесiнiң тиiстi органының шешiмiнен көшiрiм қоса тiркеледi.
      21. Жәрдемақы тағайындауға арналған қажеттi құжаттар түпнұсқа түрiнде де, белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрме түрiнде де түсiрiлуi мүмкiн.
 
                    IХ. Жәрдемақыларды тағайындау
      22. Жұмыс iстейтiн адамдарға отбасылық жәрдемақыны балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiндегi комиссия тағайындайды, ол жұмыс берушiнiң өкiлiнен (комиссияның төрағасы), бас (аға) бухгалтерден және кәсiподақ комитетiнiң өкiлiнен құралады.
      Жалғызiлiктi аналарға, 7 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп баласы бар жұмыс iстемейтiн аналарға, мерзiмдi қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлердiң балаларына, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен ауырған балаларға, сондай-ақ бала туғанда бiржолғы және жұмыс iстемейтiн адамдарға (соның iшiнде ата-аналары оқитындарға, әскери қызметте жүргендерге) ай сайынғы жәрдемақыларды халық депутаттарының аудандық (қалалық) Кеңестерi құрған балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiндегi комиссиялар тағайындайды.
      Комиссия оның атынан комиссия мүшесiне халықты әлеуметтiк жағынан қорғаудың аудандық (қалалық) бөлiмiнiң меңгерушiсiне отбасылық жәрдемақыны өз тарапынан тағайындауға өкiлеттiк беруге қақылы. Алайда барлық жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш берген адамның және басқа мүдделi адамдар мен ұйымдардың талап етуi бойынша отбасылық жәрдем-ақы тағайындау туралы мәселенi комиссия шешедi.
      23. Жәрдемақы тағайындау жөнiнде барлық қажеттi құжаттары бар өтiнiш ол түскеннен кейiн 10 күн мерзiм iшiнде тиiстi комиссияда қаралады.
      24. Жәрдемақы тағайындау қабыл алынбаған жағдайда балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi комиссия тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей қабыл алынбаудың себебiн және шағым берудiң тәртiбiн айтып өтiнiш берушiге хабарлайды әрi барлық құжаттарын қайтарып бередi.
      Комиссияның шешiмiне шағымды аудандық (қалалық) халық сотына беруге болады.
      25. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш пен қоса ұсынылған барлық құжаттар, сондай-ақ балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiндегi комиссияның жәрдемақы тағайындау туралы шешiмi бар хаттамасы немесе оның көшiрiмi жәрдемақы алушының жеке iсiнде сақталады.
      26. Бала туғандағы бiржолғы жәрдемақы ол туралы өтiнiш бала туғаннан кейiн кем дегенде 12 айдан кешiктiрмей жасалғанда тағайындалады. Отбасылық жәрдемақылардың қалған түрлерi өтiнiш жәрдемақы алуға құқылы болған күннен 12 айдан кешiктiрмей жасалғанда тағайындалады. Жәрдемақы алуға 12 айдан соң өтiнiш жасалғанда жәрдемақы өткен уақытқа тағайындалып, төленедi, бiрақ ол жәрдемақы тағайындау туралы барлық қажеттi құжаттары бар өтiнiштi табыс еткен айға дейiнгi 12 айдан артық болмауға тиiс.
      27. Бала туғаннан кейiн одан бала тапқан адамнан ажырасқан жалғызiлiктi анаға жәрдемақы тағайындау туралы барлық қажеттi құжаттары бар өтiнiш берiлген айдан бастап мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалады.
 
                    Х. Отбасылық жәрдемақыларды төлеу
      28. Бала туғанда берiлетiн бiржолғы жәрдемақы мен баласы бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақыны жұмыс iстемейтiн ата-анасына (қамқоршыға) оның жұмыс орнындағы жұмыс берушi төлейдi. Жәрдемақы айдың екiншi жартысының жалақысымен бiр мезгiлде өткен айға төленедi.
      Халық депутаттарының аудандық (қалалық) Кеңестерi жанындағы жәрдемақы тағайындау жөнiндегi комиссиялар тағайындаған отбасылық жәрдемақыларды қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен халықты әлеуметтiк қорғау органдары төлейдi.
      29. Жәрдемақы алатын адам басқа жұмысқа ауысқан жағдайда бұрынғы жұмыс орны бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады және бұрынғы жұмыс орнында төлем тоқтатылған уақыттан бастап жаңа жұмыс орны бойынша қайта төлене бастайды.
      Қызметкерi басқа жұмысқа ауысып кеткен жұмыс берушi (жәрдемақы алушының өтiнiшi бойынша) жәрдемақы төленген соңғы айы көрсетiлген жәрдемақы алу жөнiндегi iс-қағазды жаңа жұмыс орнына жiбередi.
      Жаңа жұмыс орны жәрдемақы алу жөнiндегi iс-қағазын, алғаннан кейiн балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiндегi комиссияның рұқсаты бойынша жәрдемақы төлеудi жалғастырады.
      Ата-анасының бiрi жұмысты тастап кеткен жағдайда жәрдемақы алу жөнiндегi iс-қағазын жұмыс берушi (өтiнiш бойынша) екiншi ата-анасының жұмыс орнына жiбередi, ал ол болмаған жағдайда - халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне жiбередi, сөйтiп жәрдемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi комиссияның рұқсаты бойынша жәрдемақы төлеу жалғастырылады.
      30. Тағайындалып, мезгiлiнде талап етiлмеген отбасылық жәрдемақының сомасы өткен уақытқа төленедi, бiрақ ол жәрдемақы алуға өтiнiш жасалған уақыттан бұрынғы үш жылға ғана төленедi.
      Жәрдемақы тағайындап, төлейтiн органның кiнәсынан мезгiлiнде алынбаған жәрдемақының сомасы қандай да болсын мерзiммен шектелмей өткен уақыт үшiн төленедi.
      Аталған жағдайларда жәрдемақының сомасы бiр мезгiлде төленедi.
      31. Жәрдемақы төлеудi тоқтататын немесе қайта бастайтын жағдайлар туындағанда (баланы асырап алу, әкесiн анықтау, баланың қайтыс болуы, 7 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп баласы бар ананы жұмысқа орналастыру, жалғызiлiктi ананың одан балалары бар адаммен некеге тiркелуi және т.с.с.) жәрдемақы төлеу тиiстi жағдайлар туындағаннан кейiнгi айдан бастап тоқтатылады немесе қайта төлене бастайды.
      32. Жәрдемақы алушылар жәрдемақы төлеуге ықпал ететiн барлық өзгерiстер туралы тиiстi комиссияларға немесе әлеуметтiк қамсыздандыру органдарына хабарлап отыруға мiндеттi.
      Баланың әкесi анықталып, оның туу туралы куәлiгiне әкесi жайында мәлiметтер актiлiк жазбаға енгiзiлген жағдайда ЗАГС органдары баланың шешесi тұрған жердегi халықты әлеуметтiк қорғау органына баланың тууы туралы актiлiк жазбасына өзгерiс енгiзiлгенiн хабарлайды.
      33. Жәрдемақы алушының сұғанақтығы салдарынан (мәселен, көрiне терiс мәлiметтер келтiрiлген құжаттар түсiру, жәрдемақы төлеуге ықпалы бар жағдайларды жасыруы арқасында) артық төленген отбасылық жәрдемақының сомасы тиiстi комиссияның шешiмi бойынша әрбiр жәрдемақы төлеуге есептелетiн соманың 20 процентiнен аспайтын мөлшерде өндiрiлiп алынады.
      34. 7 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп баласы бар жұмыс iстемейтiн аналарға, жалғызiлiктi аналарға, мерзiмдi қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлердiң балаларына, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен ауырған балаларға жәрдемақылар (балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақыдан басқасы) өндiрiстiк емес салаларға арналған қазiргi аудандық коэффициенттi қолдану арқылы тағайындалып, төленедi.
      35. Меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда отбасылық жәрдемақылар төлеу жөнiнде есеп жүргiзудiң және есеп берудiң тәртiбi туралы нұсқауларды Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен бiрлесе отырып, Қаржы министрлiгi, Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитет бекiтедi.
 

Об утверждении Положения о порядке назначения и выплаты семейных пособий

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 июня 1993 года N 528. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21 марта 1997 г. N 382 ~P970382.

      Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о порядке назначения и выплаты семейных пособий.
      2. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 марта 1992 г. N 177 "Об утверждении Положения о порядке назначения и выплаты единовременного пособия при рождении ребенка, единого пособия семьям с несовершеннолетними детьми, государственного пособия одиноким матерям" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 9, ст. 162).
 

     Премьер-министр

  Республики Казахстан



                                              Утверждено



                                  постановлением Кабинета Министров

                                        Республики Казахстан

                                      от 24 июня 1993 г. N 528



 
 
                           ПОЛОЖЕНИЕ

 

       о порядке назначения и выплаты семейных пособий


                    I. Общие положения


     1. Виды семейных пособий:

     единовременное при рождении ребенка;

     единое семьям, имеющим детей;

     одиноким матерям;

     неработающим матерям, имеющим четырех и более детей до 7 лет;

     на детей военнослужащих срочной службы;

     на детей, инфицированных вирусом приобретенного иммунодефицита

человека и больных СПИДом.


 
       Каждый из перечисленных видов пособий назначается и выплачивается независимо от получения других видов пособий, предусмотренных настоящим Положением.
      2. Размеры семейных пособий и источники их финансирования устанавливаются Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете.
      3. Семейные пособия назначаются и выплачиваются на рожденных, усыновленных, а также взятых под опеку детей.
      4. Семейные пособия не назначаются и не выплачиваются на детей, находящихся на полном государственном обеспечении, учащихся профессионально-технических училищ и средних специальных учебных заведений, студентов высших учебных заведений и работающих.
      Семейные пособия также не назначаются и не выплачиваются родителям, которые лишены родительских прав.
 
               II. Единовременное пособие при рождении ребенка
 
      5. При рождении ребенка семье назначается и выплачивается единовременное пособие. При рождении двух и более детей пособие выплачивается на каждого ребенка.
      В случае рождения мертвого ребенка выплата пособия не производится.
 
                  III. Единое пособие семьям, имеющим детей
 
      6. Единое пособие семьям, имеющим детей, назначается и выплачивается в порядке, определяемом Кабинетом Министров Республики Казахстан в зависимости от получаемого дохода семьи. При этом пособие назначается и выплачивается независимо от получения на детей других пособий, пенсий или алиментов.
      Единое пособие семьям, имеющим детей, не назначается и не выплачивается на период, когда в семье трудоспособный отец ребенка не работает, не учится, не служит и не зарегистрирован в качестве безработного в службе занятости.
 
                     IV. Пособие одиноким матерям
 
      7. Одинокой матери (не состоящей в браке) пособие назначается и выплачивается на содержание и воспитание детей, если в свидетельстве о рождении отсутствует запись об отце ребенка или запись об отце произведена в установленном порядке по указанию матери.
      Указанное пособие назначается и выплачивается также вдовам и вдовцам, если они имеют детей и не получают на них пенсию по случаю потери кормильца или социальную пенсию.
      8. При передаче в установленном порядке детей одинокой матери на воспитание опекуну или попечителю (вследствие смерти матери, ее болезни и других причин) полагающееся пособие на детей назначается и выплачивается опекуну (попечителю).
      Государственное пособие опекуну (попечителю) детей одинокой матери назначается и выплачивается независимо от назначения детям за нее пенсии по случаю потери кормильца или социальной пенсии.
      9. Женщинам, ранее состоявшим в браке, пособие, установленное для одиноких матерей, также назначается на детей, родившихся от другого лица до или после расторжения брака, смерти мужа или признания его безвестно отсутствующим, если у них в свидетельстве о рождении запись об отце ребенка произведена в установленном порядке по указанию матери.
      10. При вступлении одинокой матери в брак за ней сохраняется право на получение пособия на детей, родившихся до вступления в брак от другого лица.
      11. Пособие, установленное для одиноких матерей, не назначается и не выплачивается на детей, на которых мать получает пенсию или алименты, а также если лицо, от которого мать родила ребенка, признано в установленном порядке отцом ребенка или если ребенок усыновлен.
      12. Если женщина, не состоящая в браке, записана в книге записей рождения в качестве матери усыновленного ею ребенка, то пособие ей как одинокой матери назначается на общих основания, но не ранее чем с месяца, в котором она записана в качестве матери.
      13. Женщина, имеющая детей от лица, с которым она не состояла и

 

не состоит в зарегистрированном браке, но с которым совместно

проживает, ведет общее хозяйство и совместно воспитывает детей,

право на получение пособия одиноким матерям не имеет. При вступлении

этой женщины в зарегистрированный брак с лицом, от которого имеет

детей, пособие на детей, рожденных от этого лица, не назначается

и не выплачивается.


            V. Пособие неработающим многодетным матерям,

           имеющим четырех и более детей в возрасте до 7 лет


     14. Неработающей многодетной матери, имеющей четырех и более

детей в возрасте до 7 лет, выплачивается ежемесячное пособие в размере

минимальной заработной платы.


                 VI. Пособие на детей военнослужащих

                            срочной службы


     15. На детей военнослужащих срочной службы назначается и

выплачивается ежемесячное пособие на каждого ребенка.

     16. Выплата пособия на ребенка производится в период прохождения

военнослужащим срока срочной действительной военной службы.


             VII. Пособие на детей, инфицированных вирусом

          приобретенного иммунодефицита человека и больных СПИДом


     17. Назначение и выплата государственного пособия на детей в

возрасте до 16 лет, инфицированных вирусом иммунодефицита человека

или больных СПИДом, производятся в таком же порядке, как и

назначение и выплата социальной пенсии детям-инвалидам в возрасте до

16 лет в соответствии с Законом Казахской ССР 


Z912100_


  "О пенсионном

обеспечении граждан в Казахской ССР".


 
       18. Указанное пособие назначается на основании медицинского заключения, выдаваемого органами здравоохранения в порядке, установленном для детей-инвалидов с детства до 16 лет.
 
               VIII. Обращение за назначением семейных пособий
 
      19. Заявление о назначении единовременного пособия при рождении ребенка и единого пособия семьям, имеющим детей, подается по месту работы одного из родителей (опекуна), неработающими (в том числе когда родители учатся, служат) - в районный (городской) отдел

 

социальной защиты населения по месту жительства родителей.

     Заявление о назначении остальных видов семейных пособий подается

в районный (городской) отдел социальной защиты населения по месту

жительства родителей (опекуна).

     20. Лицо, обратившееся за пособием, представляет следующие

документы:

     а) для единовременного пособия при рождении ребенка:

     заявление о назначении пособия;

     справку о рождении ребенка, выданную органами ЗАГСа для получения

пособия;

     б) для единого пособия семьям, имеющим детей:

     заявление о назначении пособия (в заявлении также указывается,

что  семья не имеет других доходов, кроме перечисленных в справке

о доходах);

     копию свидетельства о рождении ребенка;

     справку о составе семьи;

     справку о доходах членов семьи;

     в) для государственного пособия одиноким матерям:

     заявление о назначении пособия;

     копию свидетельства о рождении ребенка;

     справку органов ЗАГСа об обосновании внесения в свидетельство о

рождении ребенка сведений об отце;

     справку о составе семьи;

     г) для пособий неработающим многодетным матерям, имеющим

четырех и более детей в возрасте до 7 лет:

     заявление о назначении пособия;

     копии свидетельств о рождении детей;

     справку о составе семьи с указанием детей в возрасте до 18 лет;

     выписку из трудовой книжки многодетной матери или другой

документ, подтверждающий, что она нигде не работает;

     д) для пособия на детей военнослужащих срочной службы:

     заявление о назначении пособия;

     копию свидетельства о рождении ребенка;

     справку рай(гор)военкомата о том, что отец ребенка находится

на действительной срочной военной службе с указанием срока службы;

     справку о составе семьи;

     ж) для пособия на детей, инфицированных вирусом иммунодефицита

человека и больных СПИДом:

     заявление о назначении пособия;

     копию свидетельства о рождении ребенка;

     справку о составе семьи;

     медицинское заключение, выдаваемое органами здравоохранения.

     К заявлению о назначении пособия опекуну (попечителю) детей

прилагается выписка из решения соответствующего органа районного,

городского, поселкового или сельского Совета народных депутатов об

установлении опеки (попечительства).


 
       21. Документы, необходимые для назначения пособия, могут быть представлены как в подлинниках, так и в копиях, заверенных в установленном порядке.
 
                 IХ. Назначение пособий
 
      22. Назначение семейных пособий работающим производится комиссией по назначению пособий на детей, образуемой в составе представителя работодателя (председатель комиссии), главного (старшего) бухгалтера и представителя профсоюзного комитета.
      Пособия одиноким матерям, неработающим матерям, имеющим четырех и более детей до 7 лет, на детей военнослужащих срочной службы, на детей, инфицированных вирусом приобретенного иммунодефицита и больных СПИДом, а также единовременное при рождении ребенка и ежемесячное пособие неработающим (в том числе когда родители учатся, служат) назначаются комиссиями по назначению пособий на детей, образуемыми районными (городскими) Советами народных депутатов.
      Комиссия вправе уполномочить члена комиссии - заведующего районным (городским) отделом социальной защиты населения - назначать единолично от ее имени семейные пособия. Однако во всех случаях по требованию обратившегося за пособием и других заинтересованных лиц и организаций вопрос о назначении семейного пособия решается комиссией.
      23. Заявление со всеми необходимыми документами о назначении пособий рассматривается соответствующими комиссиями в 10-дневный срок со дня поступления.
      24. В случае отказа о назначении пособия соответствующая комиссия по назначению пособий на детей извещает заявителя не позднее 5 дней после вынесения соответствующего решения с указанием причин отказа и порядка обжалования и одновременно возвращает все документы.
      Жалоба на решение комиссии может быть подана в районный (городской) народный суд.
      25. Заявление о назначении пособия со всеми представленными документами, а также протокол комиссии по назначению пособий на детей с решением о назначении пособия либо выписка из него хранятся в личном деле получателя.
      26. Единовременное пособие при рождении ребенка назначается, если обращение за ним последовало не позднее 12 месяцев со дня рождения ребенка. Остальные виды семейных пособий назначаются со дня возникновения права на пособия, если обращение последовало не позднее 12 месяцев со дня возникновения этого права. При обращении за пособием по истечении 12 месяцев оно назначается и выплачивается за истекшее время, но не более чем за 12 месяцев до месяца, в котором подано заявление о назначении пособия со всеми необходимыми документами.
      27. Одинокой матери, прекратившей после рождения ребенка совместную жизнь с лицом, от которого она имеет ребенка, государственное пособие назначается с месяца подачи заявления о назначении пособия со всеми необходимыми документами.
 
              Х. Выплата семейных пособий
 
      28. Выплата единовременного при рождении ребенка и единого пособия семьям, имеющим детей, работающему родителю (опекуну) осуществляется работодателем по месту работы. Выплата пособий производится за истекший месяц одновременно с выплатой заработной платы за вторую половину месяца.
      Семейные пособия, назначенные комиссиями по назначению пособий при районных (городских) Советах народных депутатов, выплачиваются органами социальной защиты населения в установленном действующим законодательством порядке.
      29. В случае перехода получателя пособия на другую работу выплата пособия по месту прежней работы прекращается и возобновляется по новому месту работы с того времени, с которого выплата была прекращена по прежнему месту работы.
      Работодатель, откуда работник перешел на другую работу, пересылает (по заявлению получателя) по новому месту работы дело на получение пособия с указанием месяца, по который пособие было выплачено.
      При получении по новому месту работы дела на получение пособия выплата пособия продолжается по разрешению комиссии по назначению пособий на детей.
      При оставлении работы одного из родителей, дело на получение пособия пересылается (по заявлению) работодателем по месту работы другого родителя, а при его отсутствии - в отдел социальной защиты населения, и выплата продолжается по разрешению соответствующей комиссии по назначению пособий.
      30. Назначенные суммы семейных пособий, невостребованные своевременно, выплачиваются за прошлое время, но не более чем за три года до обращения за получением пособия.
      Суммы пособия, не полученные своевременно по вине органа, назначающего и выплачивающего пособие, выплачиваются за прошлое время без ограничения каким-либо сроком.
      В указанных случаях суммы пособия выплачиваются единовременно.
      31. При наступлении обстоятельств, влекущих прекращение или возобновление выплаты пособия (усыновление ребенка, установление отцовства, смерть ребенка, устройство многодетной матери, имеющей четырех и более детей в возрасте до 7 лет, на работу, вступление одинокой матери в зарегистрированный брак с лицом, от которого имеет детей и др.) выплата пособия прекращается или возобновляется с месяца, следующего за тем месяцем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.
      32. Получатели пособий обязаны извещать соответствующие комиссии или органы социального обеспечения обо всех изменениях, влияющих на выплату пособий.
      В случае установления отцовства и внесения сведений об отце в запись акта о рождении ребенка органы ЗАГСа сообщают органу социальной защиты населения по месту жительства матери о внесении изменения в актовую запись о рождении ребенка.
      33. Суммы семейного пособия, излишне выплаченные вследствие злоупотреблений получателя (например, в результате представления документов с заведомо неправильными сведениями, сокрытия обстоятельств, влияющих на выплату пособия), взыскиваются по решению соответствующей комиссии в размере не свыше 20 процентов суммы, причитающейся при каждой выплате пособия.
      34. Пособие неработающим матерям, имеющим четырех и более детей до 7 лет, пособие одиноким матерям, пособие на детей военнослужащих срочной службы, пособие на детей, инфицированных вирусом приобретенного иммунодефицита человека и больных СПИДом (кроме единого пособия семьям, имеющим детей) назначаются и выплачиваются с применением районного коэффициента, действующего для непроизводственных отраслей.
      35. Указания о порядке ведения учета и составления отчетности по выплате семейных пособий на предприятиях, в учреждениях и организациях всех форм собственности утверждаются Министерством финансов, Государственным комитетом по статистике и анализу совместно с Министерством труда Республики Казахстан.