1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылға арналған Республикалық бюджетте көзделген қаржыдан Аралды құтқарудың Халықаралық қорының Атқару дирекциясына алғашқы жарна бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Алматы қаласының әкiмi ұсынылған есептер бойынша дирекция аппаратын және Халықаралық экологиялық "Аралэкобанк" банкiн орналастыру үшiн Аралды құтқарудың Халықаралық қорының атқару дирекциясының балансына үй-жай беретiн болсын.
3. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы, Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi 1993 жылғы III тоқсанда Қордың дирекциясын оның өтiнiмi бойынша автомобильдермен, жұмсақ және қатты мүкәммалмен, iс техникасымен, телефон, телефакс және телекс байланыс құралдарымен және басқа қажеттi жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi мемлекеттiк қажеттiлiктердi түзген кезде Аралды қорғаудың Халықаралық қорының Атқару дирекциясына құрылтайшы мемлекеттер қабылдаған келiсiмдерге сәйкес орталықтандырылған қаржы бөлудi қарастыратын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Алматы қаласында Қордың Атқару дирекциясы үшiн тұрғын-үй құрылысына қаржы бөлудi көздесiн.
6. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың, қалалардың және аудандардың әкiмдерi Аралды құтқарудың Халықаралық қорына жан-жақты қолдау көрсетiп, Қорға белгiленген тәртiп бойынша кәсiпорындар мен ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың және басқа да заңды ұйымдар мен жеке адамдардың қаражаттарын тартуға
жәрдем көрсетсiн. 7. Атқару дирекциясының бөлiм бастықтары мен олардың орынбасарлары медициналық қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiне тiркелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi