1. Қазақстан Республикасы "Қайрат" селолық дене мәдениетi-спорт қоғамы Төралқасының село еңбекшiлерiмен және олардың мүшелерiмен спорттың әрi дене мәдениетi-сауықтыру жұмыстарын жақсарту жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
"Қайрат" селолық дене мәдениетi-спорт қоғамына материалдық және қаржы ресурстарының негiзгi бөлiгiн спорттың ұлттық түрлерiн дамытуға, республиканың селолық аудандарында дене мәдениетi-сауықтыру және спорттық шараларды өткiзуге бағыттау ұсынылсын.
2. Облыстардың және аудандардың әкiмдерi "Қазақ КСР-iнде ауыл-село және агроөнеркәсiп кешендерiн басым дамыту туралы" Қазақ КСР Заңының дене мәдениетi-сауықтыру және спорт құрылыстарын салуға, жинақтауға қаржыны бiрiншi кезекте бөлу, селолық жерлерде тұратын дене мәдениетi мен спорт қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау жөнiнде көзделген жеңiлдiктер белгiлеу бөлiгiндегi талаптардың орындалуын қамтамасыз етсiн. "Қайрат" селолық дене мәдениетi спорт қоғамының жергiлiктi құрылымдық бөлiмшелерiне дене мәдениетi-сауықтыру жұмыстарын жүргiзуге және спорттық ұлттық түрлерiн дамытуға жан-жақты жәрдем көрсетсiн.
3. Совхоздарға, колхоздарға, агроөнеркәсiп кешенiнiң кез-келген меншiк нысандарындағы кәсiпорындары мен ұйымдарына "Қайрат" селолық дене мәдениетi-спорт қоғамының кеңестерiне дене мәдениетi-сауықтыру жұмыстарын қаржыландыру үшiн (кейiннен ақшаның құнсызданатынын ескере отырып) сол шаруашылықтардағы жұмыс iстейтiн әрбiр адамға жылына кемiнде 100 сомнан қаржы бөлу ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, агроөнеркәсiп кешенiнiң басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволары Қазақстан Республикасының Туризм, дене мәдениетi және спорт министрлiгi "Қайрат" селолық дене мәдениетi-спорт қоғамымен бiрлесiп екi ай мерзiмде дене мәдениетi-сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмыстарды дамыту, республиканың село халқының арасында спорттың халықтық және ұлттық түрлерiн қайта түлету жөнiндегi практикалық шаралар кешенiн әзiрлесiн.
5. "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы "Қайрат" селолық дене мәдениетi-спорт қоғамы үшiн қолма-қол есеп айырусыз бiр жеңiл автомобиль, бiр микроавтобус және бiр комплект компьютерлiк техника бөлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi, Тұтыну қоғамдарының одағы (Қазтұтынуодағы), Қазақстан Республикасының "Қайрат" селолық дене мәдениетi-спорт қоғамымен келiсе отырып, қажеттi мөлшерде спорттық киiмдер мен жабдықтар бөлудi қарастырсын.
7. Қазақстан Республикасы кәсiподақтар Федерациясының Кеңесiне "Қайрат" селолық дене мәдениетi-спорт қоғамының Орталық кеңесiне балалар мен жеткiншектер арасындағы селолық жарыстарды қаржыландыруға, БЖСМ-ға спорттық киiм мен жабдықтар алуға, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерiнен республикалық спартакиада өткiзуге әлеуметтiк сақтандыру қаражатының есебiнен ақшалай қаржы бөлу ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi