1. Халықтың Қазақстан Республикасы Жинақбанкiнiң мекемелерiнде сақтаулы салымдары бойынша ставкалар 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап, орташа 20 проценттен кем емес мөлшерде арттырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жинақбанкi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен келiсе отырып, салымдардың сақталу мерзiмiне қарай, нақты проценттiк ставка мөлшерiн белгiлесiн және шығыстарды жабу көздерiн анықтасын.
3. Қазақстан Республикасының Жинақбанкi республика халқына салымдар бойынша проценттiк ставканы арттыру туралы хабарласын және оны сапалы атқаруды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары