Ескерту. Қаулының мәтiнiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлдi - ҚРМК-нің 1994.09.29. N 1077 қаулысымен .
Әскери қызметтегi офицерлер мен iшкi iстер органдарының басшы құрамдағы адамдарын Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарына және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасына iссапарға жiберудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:<*>
1. Әскери қызметтегi офицерлер мен iшкi iстер органдарының басшы құрамдағы адамдарын Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарына және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасына iссапарға жiберудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы негiзiнде жүргiзедi.<*>
2. Iссапарға жiберiлген офицер және басшы құрамдағы адамдарға : Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарында және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасында тиiстi санаттағы қызметкерлерiне белгiленген лауазымдық жалақы, сондай-ақ әскери және арнаулы әскери атағы бойынша ақшалай үлесiнiң жалақысы, қызмет өткерген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы, азық-түлiк үлесiнiң орнына лауазымдық жалақысына үстеме ақы қолданылып жүрген заңдарда iшкi iстер органдарының офицерлерi мен басшы құрамдағы адамдарына белгiленген мөлшерде төленедi.<*>
Iссапарға жiберiлген офицер және басшы құрамдағы адамдарға сыйлық беру Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарының және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының қызметкерлерiне белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда сыйлық тек лауазымдық жалақыдан есептеледi.<*>
Iссапарға жiберiлген офицер және басшы құрамдағы адамдарға лауазымдық жалақы төлеу мен сыйлық беру Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарында және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасында ұстауға арналған қаражат есебiнен жүргiзiлсiн. Оларға тиесiлi үлестiң барлық басқа түрлерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi бередi. Оларға тиесiлi заттай мүлiктiң бәрiнiң орнына ақшалай өтем жасалуы мүмкiн.<*>
3. Iссапарға жiберiлген адамдардың өзiне кезектi әскери және арнаулы әскери атақ берiлуiне құқығы бар.<*>
Iссапарға жiберiлген офицер және басшы құрамдағы адамдарға кезектi әскери және арнаулы әскери атақ, сондай-ақ бұларды мерзiмiнен бұрын беру белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Жоғарғы Кеңестiң Аппараттары басшыларының және Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының ұсынуы бойынша жүргiзiледi.<*>
Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Апараттарында және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасында iссапарға жiберiлген офицер және басшы құрамдағы адамдарға аттестация жасалмайды.<*>
4. Iссапарға жiберiлген офицер және басшы құрамдағы адамдар мен олардың отбасыларына қолданылып жүрген заңдарда әскери қызметтегi офицерлер мен iшкi iстер органдарының басшы құрамдағы адамдарына және олардың отбасыларына көзделген құқықтар, жеңiлдiктер мен артықшылықтар сақталады.<*>
Iссапарға жiберiлген офицер және басшы құрамдағы адамдар "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз етiледi. Мұндай жағдайда олардың Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарының және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының атқарған лауазымдары бойынша лауазымдық жалақысы есепке алынады.<*>
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi