1. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық жалақы қоры 404055 АҚШ доллары сомасында жылдық жалақы қоры бар 25,5 адам мөлшерiнде. <*>
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
13.04.1994 ж. N 384 қаулысына сәйкес.
2. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы 2050 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы штат кестесiне сәйкес ГФР-дегi Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасымен есептелетiн жалақысына қарай белгiленсiн.
3. Германия Федеративтiк Республикасымен қатынастардың ерекше маңыздылығын, күрделiлiгiн және жұмыс көлемiнiң көптiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң жалақысына оның шетел валютасымен есептелетiн жалақысының 20 процентi мөлшерiнде үстеме белгiленсiн.
4. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсету үшiн
олардың АҚШ долларымен есептелетiн жалақы қорының 2 процентi мөлшерiнде аударым бөлiнсiн. 5. Қазақстан Республикасының ГФР-дегi Елшiлiгiнiң шығыс сметасы 1993 жылға 669,1 мың АҚШ доллары және 58566,9 мың сом болып бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылға арналған республика бюджетi мен Республикалық валюта қорында көзделген жоғарыда аталған мақсаттарға тоқсан сайын қаржы бөлудi қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi