1. Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшiлiгiнiң штаттағы қызметкерлерi жылдық айлықақы қоры 190176 АҚШ доллары сомасында 18,25 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiне 1400 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң штат кестесiне сәйкес шет ел валютасындағы жалақысына қарай белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Елшiлiгiнiң жұмыс көлемiнiң ауқымдылығы және оған жүктелген мiндеттiң маңыздылығы ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына оның шет ел валютасындағы жалақысының 20 процентi мөлшерiнде үстемеақы белгiленсiн.
4. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге арналып
жасалатын аударым олардың АҚШ долларындағы айлықақы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Елшiлiгiнiң шығыс сметасы 1993 жылдың екiншi жартысына 579,4 мың АҚШ доллары және 48815,1 мың сом мөлшерiнде бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылға арналған республикалық бюджет пен Республикалық валюта қорында осы мақсатқа көзделген қажеттi қаржының Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне тоқсан сайын бөлiнуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi