1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, екi ай мерзiм iшiнде түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасын сатып алу, әкелу, сақтау және пайдалану тәртiбi жөнiндегi нұсқаулық әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi көбейткiш-көшiргiш техника пайдаланылатын объектiлерде рұқсат беру жүйесiнiң ережелерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк белгiленуiн көздейтiн "Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне және Қазақ ССР-iнiң әкiмшiлiк право бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасын даярлап, Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзетiн болсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы түрлi-түстi көшiргiш техниканы жеткiзудiң белгiленген ережелерiнiң сақталынуына бақылау жасауды жүзеге асыратын болсын.
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 15 қаңтардағы N 35 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
2, 8 тармақтар және 12 тармақтың бiрiншi абзацы "оқ-дәрiлерге", "оқ-дәрi", "оқ-дәрiлердi" сөздерiнен кейiн тиiсiнше "түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасына", "түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасы", "түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасын" сөздерiмен толықтырылсын.
4 тармақ "қаруларды" сөзiнен соң "түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасын" сөздерiмен толықтырылсын; 13 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: " - түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техника сатып алуға, сақтауға және пайдалануға"; (7-абзац) <*> Ескерту. 4-тармақтың 7-шi абзацының күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.02.02. N 110 қаулысымен. P950110_ Қазақстан Республикасының Премьер-министрi