1. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлдiгi (Елшiлiгi) жанынан екi адамнан - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) Кеңесшiсi деңгейiндегi Бюро жетекшiсiнен және Қазақстан Республикасы Өкiлеттi Өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) екiншi хатшысы деңгейiндегi референттен тұратын Қазақстан Республикасының Президентi Баспасөз-хатшысы қызметiнiң Мәскеу бюросы құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлдiгiн (Елшiлiгiн) ұстауға кететiн шығыс сметасында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Баспасөз-хатшысы қызметiнiң Мәскеу бюросының екi қызметкерiн ұстауға қажеттi қаржы бөлiнуiн көздесiн.
3. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлi (Елшiсi) Президент Баспасөз хатшысы қызметiнiң Мәскеу бюросының жұмысына, оның Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi Өкiлдiктiң (Елшiлiктiң) қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасауына тиiстi жағдай туғызылуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi