1. Алматы қаласының Төле би - К. Маркс - Гоголь - Зенков көшелерiнiң шектескен аумағында орналасқан тарихи-сәулет ансамбль Алматы мемлекеттiк тарихи-сәулет және мемориалдық қорығы болып жариялансын.
Аталған қорық құрамына 28 Гвардияшы-панфиловшы батырлар атындағы гүлзар, Даңқ мемориалы, Кафедралық собор (Қазақстан халықтарының қолданбалы өнер мұражайы), Офицерлердiң әскери жиналыс үйi (Ықылас атындағы халық саз аспаптары қоражайы, Зенков көшесi, 24), Генерал-губернатор үйi (Алматы әскери госпиталi, Қазыбек би көшесi, 22), Ерлер гимназиясының ғимараты (Қазақ мемлекеттiк театр және кино институты, Қазыбек би көшесi, 28), Верный гимназиясы пансионының ғимараты (Республикалық балалар кiтапханасы, Ленин даңғылы, 15), Қыздар гимназиясының ғимараты (Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнiң оқу үйi, Төле би көшесi, 31), Ерлер гимназиясы директорының үйi, кейiннен мемлекет қайраткерi, академик С. Аспендияров тұрған үй (Түрiк Республикасының елшiлiгi, Төле би көшесi, 29), Верный қалалық төрт кластық бастауыш училищесiнiң ғимараты (Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi, Гоголь көшесi, 37), кезiнде Қазақстандағы Әмiре Қашаубаев атындағы музыкалық мектеп орналасқан Пушкин қыздар училищесi (қалалық санэпидемстанциясы, Гоголь көшесi,
45) енгiзiлсiн.
2. Алматы мемлекеттiк тарихи-сәулет және мемориалдық қорығы аумағында жаңа құрылыс жүргiзуге тыйым салынсын. Қорық аумағында орналасқан ескерткiш болып саналатын барлық ғимараттарды жөндеу, жаңарту, пайдалану Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң келiсiмiмен жүргiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде Алматы мемлекеттiк тарихи-сәулет және мемориалдық қорығы туралы Ереже әзiрлеп бекiтетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi