1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң өндiрiстiк және ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктерiнiң, кәсiпорындары мен акционерлiк қоғамдарының құрылымдық бөлiмшелерi негiзiнде мынадай мемлекеттiк холдинг компанияларын құру туралы ұсынысы құпталсын:
а) Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының аумағында қатты пайдалы қазбаларға геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзетiн "Намыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы (N 1 қосымшаға сәйкес құрамда) құрылсын.
Компания басқармасының орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн;
б) Маңғыстау облысының аумағында мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзетiн "Жарқын" мемлекеттiк холдинг компаниясы (N 2 қосымшаға сәйкес құрамда) құрылсын.
Компания басқармасының орналасатын жерi Ақтау қаласы болып белгiленсiн;
в) Қазақстан Республикасының аумағында геофизикалық жұмыстар жүргiзетiн "Геофизика" мемлекеттiк холдинг компаниясы (N 3 қосымшаға сәйкес құрамда) құрылсын.
Компания басқармасының орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Зерттеу", "Топаз", "Маржан", "Алға", "Тұлпар", "Поиск", "Ақ Бота", "Сенiм", "Жарыс", "Толқын" мемлекеттiк холдинг компаниялары туралы" 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысымен бекiтiлген "Жарыс" және "Ақ Бота" мемлекеттiк холдинг компаниялары құрамынан N 4, 5 қосымшаларға сәйкес ұйымдар мен кәсiпорындар шығарылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы қаулының 1 тармағында аталған мемлекеттiк холдинг компанияларына (бұдан былай - компаниялар) заңда белгiленген тәртiппен олардың құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ компанияның құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын беретiн болсын.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акцияландыру барысына қарай, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялар пакеттерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында белгiленген тәртiппен компаниялардың иеленуi, пайдалануы және басқаруына берiлсiн.
4. Компаниялар қызметiнiң негiзгi мақсаты бәсекелiк және эксаумақтық негiзде мемлекеттiк бюджет қаржысы, сондай-ақ бюджеттен тыс қаржылар есебiне геологиялық барлау (геофизикалық) жұмыстарын жүргiзу деп белгiленiп, оларға:
өздерiнiң құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың
қызметiн, олардың қызметiне неғұрлым тиiмдi жағдай туғызу үшiн үйлестiру; геологиялық барлау (геофизикалық) жұмыстарын жүргiзуге тапсырыстар iздестiру; өздерiнiң құрамына кiретiн ұйымдарға қажеттi өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдар құруға жәрдемдесу; өздерiнiң құрамына кiретiн бөлiмшелерге пайдалы қазбалар, кен көздерiн игерудi ұйымдастыруға жәрдемдесу; геологиялық барлау (геофизикалық) жұмыстар процесiне ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiн енгiзу; компаниялардың құрамына кiрген кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын тағайындау және бекiту; еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың Байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларда өз өкiлдерiн тағайындау;
компанияларда жұмылдыру даярлығы мен азаматтық қорғаныс жөнiндегi қызметтер мен мiндеттерге құқықтық мұрагерлiктi қамтамасыз ету жүктелсiн.
5. Компаниялар бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың Байқаушы кеңестерiнiң құрамына өз өкiлдерiн тағайындайтын және олардың басшылығын бұрынғы қалпында қалдыратын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
компаниялар қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдайтын болсын;
компанияға кiретiн кәсiпорындар мен мемлекеттiк басқару қызметтерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында негiзгi құрал-жабдықтарды бөлудi iске асыратын болсын;
бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне келiсу үшiн Байқаушы кеңестердiң дербес құрамы мен компаниялар президентi қызметiне кандидатуралар жөнiнде ұсыныстар енгiзетiн болсын.
7. Компаниялардың Байқаушы кеңестерi бiр ай мерзiмде компаниялар басқармаларының құрылымы мен аппараттарының санын анықтасын.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитеттерi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгiмен бiрлесiп, компанияларға қолдағы ресурстар есебiнен қажеттi қызмет үй-жайларын, техникалық жабдықтарды, телефон және телекс байланысы арналарын бөлетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1288 қаулысына
N 1 қосымша
"Намыс" мемлекеттiк холдинг компаниясына
кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың
Тiзбесi
Бұрынғы Оңтүстiк Қазақстан өндiрiстiк геологиялық кәсiпорнының ұйымдары:
Қаратау геологиялық барлау экспедициясы, Оңтүстiк Қазақстан
облысының кентау қаласы, сонымен бiрге оның құрамында: "Барит" шағын кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласы "Брекчия" шағын кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласы "Жаңатас" геологиялық барлау экспедициясы, Жаңатас қаласының Бүркiттi поселкесi Жоңғар геологиялық барлау экспедициясы, Текелi қаласындағы Тельман поселкесi "Қайнар" барлау-өндiру кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Георгиевка селосы, сонымен бiрге оның құрамында: "Геосервис" шағын кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Георгиевка селосы Iздестiру-картаға түсiру экспедициясы, Алматы қаласы Оңтүстiк Қазақстан алтын кендi экспедициясы, Алматы қаласы, сонымен бiрге оның құрамында: "Кеншi" кен өндiру кәсiпорны, Алматы қаласы Орталық лаборатория, Алматы қаласы "Арман" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Гео-эко-орталық" жауапкершiлiгi шектелуi қоғамы, Алматы қаласы Өндiрiстiк-техникалық жабдықтау басқармасы, Алматы қаласы Автобаза, Алматы қаласы Құрылыс-монтаж басқармасы (ҚМБ), Алматы қаласы Алматы жұмысшыларды жабдықтау бөлiмi (ЖЖБ), Алматы қаласы Гранитогор кен байыту комбинаты, Жамбыл облысының Гранитогор поселкесi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысына N 2 қосымша
"Жарқын" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Маңғыстау мұнай және газ барлау өндiрiстiк кәсiпорнының ("Маңғыстаумұнайгазгеология" ӨБ) ұйымдары: N 1 мұнайгазбарлау экспедициясы, Маңғыстау облысының Құрық поселкесi N 2 мұнайгазбарлау экспедициясы, Маңғыстау облысының Құрық поселкесi Скважиналарды сынау экспедициясы, Маңғыстау облысының Құрық поселкесi Жұмысшыларды жабдықтау бөлiмi (ЖЖБ), Маңғыстау облысының Құрық поселкесi Мұнара құру кеңесi, Маңғыстау облысының Құрық поселкесi Автокөлiк кәсiпорны, Маңғыстау облысының Құрық поселкесi Құрылыс-монтаж басқармасы, Маңғыстау облысының Құрық поселкесi Өндiрiстiк-техникалық жинақтау басқармасы, Маңғыстау облысының Құрық поселкесi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысына N 3 қосымша
"Геофизика" мемлекеттiк холдинг компаниясына
кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың
Тiзбесi
Геофизикалық жұмыстар бойынша бұрынғы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктер:
Қазақ геофизика ғылыми-зерттеу институты, Алматы қаласы
Алматы геофизикалық экспедициясы, Алматы қаласы, Мамыр
поселкесi
Аэрогеофизикалық экспедициясы, Алматы облысының Николаевка
поселкесi
Тұрлан геофизикалық экспедициясы, Шымкент қаласы
"Казгеосервис" мамандандырылған кәсiпорны, Алматы қаласы,
Мамыр поселкесi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысына N 4 қосымша
"Жарыс" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан шығарылатын ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Бұрынғы Оңтүстiк Қазақстан өндiрiстiк геологиялық кәсiпорнының ұйымдары: Қаратау геологиялық барлау экспедициясы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласы, сонымен бiрге оның құрамында: "Барит" шағын кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласы "Брекчия" шағын кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласы "Жаңатас" геологиялық барлау экспедициясы, Жаңатас қаласының Бүркiттi поселкесi Жоңғар геологиялық барлау экспедициясы, Текелi қаласының Тельман поселкесi "Қайнар" барлау-өндiру кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Георгиевка селосы, сонымен бiрге оның құрамында: "Геосервис" шағын кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Георгиевка селосы Оңтүстiк Қазақстан алтын кендi экспедициясы, Алматы қаласы, сонымен бiрге оның құрамында: "Кеншi" кен өндiру кәсiпорны, Алматы қаласы Орталық лаборатория, Алматы қаласы "Арман" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Гео-эко-орталық" жауапкершiлiгi шектеулi қоғамы, Алматы қаласы Гранитогор кен байыту комбинаты, Жамбыл облысының Гранитогор поселкесi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысына N 5 қосымша
"Ақ Бота" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамынан шығарылатын ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Маңғыстау мұнай және газ барлау өндiрiстiк бiрлестiгiнiң ("Маңғыстаумұнайгазгеология" ӨБ) ұйымдары: N 1 мұнайгазбарлау экспедициясы, Маңғыстау облысының Ералиев поселкесi N 2 мұнайгазбарлау экспедициясы, Маңғыстау облысының Ералиев поселкесi Скважиналарды сынау экспедициясы, Ақтау қаласы Жұмысшыларды жабдықтау бөлiмi (ЖЖБ), Маңғыстау облысының Ералиев поселкесi