Агроөнеркәсiп кешенiнiң салалары үшiн шетелдiк технологияларды, техника мен басқа да өнiмдердi сатып алуды ретке келтiру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 желтоқсан 1993 ж. N 1312. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Агроөнеркәсiп кешенi үшiн шетелдiк технологияларды, техника мен басқа өнiмдердi сатып алуды ретке келтiру, республикаға техниканың, пестицидтердiң, гербицидтердiң, өсiмдiк тұқымдарының мемлекеттiк сорттық сынаудан өтпеген, ескiрген үлгiлерiн әкелудi, сондай-ақ мақсатта жұмсалатын валюталық қаражаттың орынсыз шығындарын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Шетелдiк фирмалардан техникалық-экономикалық жағынан негiздеусiз, сараптау мен тиiстi сынаудан өтпеген техника мен технологияларды, асыл тұқымды малды, өсiмдiк қорғау құралдарын, вакцинаны және ауыл шаруашылығы бағытындағы басқа да өнiмдердi шетел кредитi мен Республикалық валюта қаражаты есебiнен сатып алуға жол берiлмейдi деп есептелсiн. 
      Қазақстан Республикасы агроөнеркәсiп кешенiнiң салалары үшiн шетелдiк технологияларды, техниканы, тұқымды, малды, өсiмдiк қорғау құралдарын, вакцинаны және басқа да өнiмдердi сатып алудың тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген өнiмдердi жасап шығарумен, оларды өндiру және сынаудан өткiзумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарына, ғылыми ұйымдары және басқа да мекемелерi мен кәсiпорындары сынақ лабораторияларын (орталықтарын) тiркеуге әзiрлеудi жүзеге асырсын. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқармасы берiлген өтiнiштерге сәйкес осы өнiмдерге сертификаттық сынақ жасау құқығын беретiн сынақ лабораторияларының (орталықтарының) тiркелуiн жүргiзсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары агроөнеркәсiп кешенi үшiн шетелдiк технологияларды, техниканы, малды, өсiмдiк қорғау құралдарын, вакцина мен басқа да өнiмдердi сатып алғанда олардың белгiлi бiр бөлiгiн Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы мен ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының тәжiрибелiк және эксперименталдық шаруашылықтарына, ғылыми-зерттеу ұйымдарының сынақ лабораторияларына, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң машина сынау станцияларына бiрiншi кезекте бөлiп отырсын. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған үлгiлердi орталықтандыра сатып алуға және оларды сынақтан өткiзудi ұйымдастыруға қажеттi қаражатты жыл сайын бюджет жобаларында көздейтiн болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясымен, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып импортты ауыстыратын материалдар мен техниканы, өсiмдiк қорғау құралдары мен биопрепараттарды отандық технологиялар негiзiнде 1994 жылдан бастап шығаруды ұйымдастыру туралы мәселенi пысықтасын. 
      5. Шетелдiк технологиялар, техника, өсiмдiк тұқымдары, асыл тұқымды мал, өсiмдiк қорғау құралдары, вакцина және агроөнеркәсiп кешенi салалары үшiн басқа да өнiмдердi сатып алу саласындағы қызметтi үйлестiру, сондай-ақ оларды сатып алатын валюта қаражатын шоғырландыру мақсатында осы мәселеге мүдделi министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттiк комитеттер мен акционерлiк компаниялар акционерлiк қоғам құра алады.      

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1993 жылғы 29 желтоқсандағы   
N 1312 қаулысымен       
Бекiтiлген           

Агроөнеркәсiп кешенi салалары үшiн шетелдiк технологияларды, 
техниканы, тұқымды, малды, өсiмдiк қорғау құралдарын, вакцинаны және басқа өнiмдердi сатып алудың тәртiбi туралы
Ереже

      1. Осы Ереже агроөнеркәсiп кешенi салалары үшiн шетелдiк технологияларды, техниканы, өсiмдiк тұқымдарын, асыл тұқымды малды, өсiмдiк қорғау құралдарын, вакцинаны және басқа өнiмдердi шетел кредитi мен Республикалық валюта қорының қаражаты есебiнен сатып алудың тәртiбiн белгiлейдi. 
      2. Шетелден сатып алуға жоспарланған ауыл шаруашылығы бағытындағы импорттық машиналардың, жабдықтардың, технологиялардың, тұқымдардың, асыл тұқымды малдың, вакцинаның, өсiмдiк қорғау құралдарының өнеркәсiптiк үлгiлерiн таңдап алу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеудi министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде, ведомстволарда немесе кәсiпорындарда арнайы құрылған тәжiрибелi мамандар тобы жүргiзедi. Мұндай үлгiлердiң әлемдiк стандартқа сай келуi тиiс және техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жағынан ТМД елдерiнiң өндiрiсiнде бар сол тектестерден асып түсуi шарт. 
      3. Аталған өнiмдердi сатып алу жөнiнде әзiрленген ұсыныстар ғылыми-техникалық сараптау жүргiзу мақсатымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiбi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесiнiң қарауына жiберiледi. 
      Өсiмдiктердi қорғаудың химиялық, биологиялық құралдары мен өсу реттегiштерiн сатып алу мәселесiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен орман алқаптарын қорғаудың химиялық, биологиялық құралдарын, феромондар мен өсу реттегiштерiн сынау және тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы шешедi. 
      4. Сатып алынатын технологиялардың, техниканың, тұқымның, асыл тұқымды малдың, өсiмдiк қорғау құралдары мен ауыл шаруашылығы бағытындағы басқа да өнiмдердiң жоғары тұтынушылық қасиеттерi туралы тиiстi сынақтармен негiзделген дәлме-дәл деректер болған 3-тармақта аталған ұйымдар тиiстi сараптамадан кейiн қосымша сынақтан өткiзбей-ақ осы өнiмдердi сатып алу жөнiнде ұсыныс жасау туралы шешiм қабылдай алады. 
      5. Тұтынушылық қасиеттерi туралы дәлме-дәл деректер мен республика жағдайында қолдану тәжiрибесi болмағанда технологиялар мен техниканың, тұқымның, асыл тұқымды малдың, өсiмдiктер қорғау құралдарының, вакцинаның таңдалған үлгiлерi ғылыми сараптама жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ғана сатып алынады, сараптама Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы ғылыми-зерттеу ұйымдарының бейiмделген лабораторияларында, тәжiрибелiк және эксперименталдық шаруашылықтарында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жоғары ауыл шаруашылық оқу орындарының сорт учаскелерi мен машина сынау станцияларында, оқу-тәрбие шаруашылықтарында жүргiзiледi, сертификаттық сынаулар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқармасында тiркелген лабораторияларда (орталықтарында) жүргiзiледi. Бұл үлгiлерге сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi тарапынан мемлекеттiк экологиялық сараптама да жүргiзiледi. 
      Техникалық-экономикалық негiздемелер әзiрлеуге жұмсалған шығынды импорттық техниканы, технологияларды және ауыл шаруашылығы бағытындағы басқа да өнiмдердi сатып алушы министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындар мойындарына алады. Оларды сынау мемлекеттiк бюджеттен осы мақсатқа бөлiнген қаржы есебiнен жүргiзiледi. 
      6. Сынау қорытындылары тиiсiнше Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен орман алқаптарын қорғаудың химиялық, биологиялық құралдарын, феромондар мен өсу реттегiштерiн сынау және тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясында қаралады. Олардың ұсыныстары әлеуеттi тұтынушылар мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң қаперiне жеткiзiледi. 
      7. Шетелдiк техниканы, технологияларды, тұқымдарды, асыл тұқымды малды, вакцинаны, өсiмдiк қорғау құралдары мен ауыл шаруашылығы бағытындағы басқа да өнiмдердi сатып алу жөнiндегi, сондай-ақ шетел кредитi мен Республикалық валюта қорының қаражаты есебiнен валюталық қаржыландыруды талап ететiн импортты ауыстыратын өнiмдер шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстар Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң мiндеттi түрде сараптауынан өткiзiлуге жатады. 
      8. Шетелдiк технологияларды, техниканы, тұқымдарды, асыл тұқымды малды, вакцинаны және ауыл шаруашылығы бағытындағы басқа да өнiмдердi сатып алудың аса маңызды және даулы мәселелерiн, сондай-ақ импортты ауыстыратын өнiмдердi шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Агроөнеркәсiп кешенiнiң кеңесi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Агроөнеркәсiп кешенiне арналған машина жасау жөнiндегi кеңесте қаралуы мүмкiн. 
      9. Мемлекет кепiлдiгiмен кредит есебiнен белгiленген тәртiптi бұзып сатып алынған импорттық техниканы, технологияларды және ауыл шаруашылығы бағытындағы басқа да өнiмдердi өндiрiске енгiзуден келген зиянның орны қазiргi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тауарлардың сол түрлерiн сатып алуға тапсырыс берген заңды ұйымдар тарапынан толтырылады. 

Об упоpядочении закупок заpубежных технологий, техники и дpугой пpодукции для отpаслей агpопpомышленного комплекса

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 29 декабpя 1993 года N 1312. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

     В целях упорядочения закупок зарубежных технологий, техники и другой продукции для агропромышленного комплекса, предотвращения завоза в республику устаревших образцов техники, пестицидов, гербицидов, семян растений, не прошедших государственные сортоиспытания, а также неоправданных затрат валютных средств на эти цели Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
     1. Считать недопустимым производить закупку у зарубежных фирм за счет иностранных кредитов и средств Республиканского валютного фонда техники и технологий, семян, племенного скота, средств защиты растений, вакцины и другой продукции сельскохозяйственного назначения без технико-экономического обоснования, экспертизы и соответствующих испытаний.
     Утвердить Положение о порядке закупки зарубежных технологий, техники, семян, скота, средств защиты растений, вакцины и другой продукции для отраслей агропромышленного комплекса Республики Казахстан (прилагается).
     2. Министерствам, ведомствам, научным организациям и другим учреждениям и предприятиям Республики Казахстан, занимающимся разработкой, производством и испытанием продукции, указанной в пункте 1 настоящего постановления, осуществить подготовку испытательных лабораторий (центров) к аккредитации.
     Главному управлению по стандартизации и метрологии при Кабинете Министров Республики Казахстан провести аккредитацию испытательных лабораторий (центров) на право проведения сертификационных испытаний этой продукции в соответствии с поданными заявлениями.
     3. Министерствам, государственным комитетам и ведомствам Республики Казахстан при закупках зарубежных технологий, техники, семян, скота, средств защиты растений, вакцины и другой продукции для агропромышленного комплекса в первую очередь выделять определенное количество их опытным и экспериментальным хозяйствам, испытательным лабораториям научно-исследовательских организаций Казахской академии сельскохозяйственных наук и сельскохозяйственных вузов, машиноиспытательным станциям Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
     Министерству финансов Республики Казахстан предусматривать ежегодно в проектах бюджета необходимые финансовые средства для централизованной закупки указанных образцов и организации их испытаний.
     4. Министерству экономики Республики Казахстан совместно с Казахской академией сельскохозяйственных наук, заинтересованными министерствами и ведомствами проработать вопрос об организации начиная с 1994 года производства на основе отечественных технологий импортозамещающих материалов и техники, средств защиты растений и биопрепаратов.
     5. В целях координации деятельности в области закупок зарубежных технологий, техники, семян растений, племенного скота, средств защиты растений, вакцины и другой продукции для отраслей агропромышленного комплекса, а также концентрации валютных средств для их приобретения может быть образовано акционерное общество, учреждаемое министерствами, ведомствами, государственными комитетами и акционерными компаниями, заинтересованными в данном вопросе.

     Премьер-министр
   Республики Казахстан

                                      Утверждено
                            постановлением Кабинета Министров
                                  Республики Казахстан
                             от 29 декабря 1993 года N 1312

                              Положение
          о порядке закупки зарубежных технологий, техники,
        семян, скота, средств защиты растений, вакцины и другой
           продукции для отраслей агропромышленного комплекса

     1. Настоящее Положение устанавливает порядок закупки зарубежных технологий, техники, семян растений, племенного скота, средств защиты растений, вакцины и другой продукции для отраслей агропромышленного комплекса за счет иностранных кредитов и средств Республиканского валютного фонда.
     2. Подготовка предложений по отбору промышленных образцов импортных машин, оборудования, технологий сельскохозяйственного назначения, семян, племенного скота, вакцины, средств защиты растений, планируемых к закупке за рубежом, производится специально созданными в министерствах, государственных комитетах, ведомствах или на предприятиях группами опытных специалистов. Образцы должны соответствовать уровню мировых стандартов и по технико-экономическим показателям превосходить аналоги, имеющиеся в производстве в странах СНГ.
     3. Подготовленные предложения по закупке указанной продукции направляются на рассмотрение Межведомственного научно-технического совета агропромышленного комплекса Республики Казахстан для проведения научно-технической экспертизы.
     Вопрос о закупке химических, биологических средств защиты растений и регуляторов роста решается Государственной межведомственной комиссией по испытанию и регистрации химических, биологических средств защиты, феромонов и регуляторов роста сельскохозяйственных растений и лесных насаждений в Республике Казахстан.
     4. При наличии достоверных, обоснованных соответствующими испытаниями данных о высоких потребительских свойствах закупаемых технологий, техники, семян, племенного скота, средств защиты растений и другой продукции сельскохозяйственного назначения указанные в пункте 3 организации могут после соответствующей экспертизы принять решение о выдаче рекомендаций по закупке этой продукции без повторных испытаний.
     5. В случае отсутствия достоверных данных о потребительских свойствах и опыта применения в условиях республики отобранные образцы технологий и техники, семена, племенной скот, средства защиты растений, вакцины закупаются в количестве, достаточном для проведения научной экспертизы, которая проводится в профильных лабораториях, опытных и экспериментальных хозяйствах научно-исследовательских организаций Казахской академии сельскохозяйственных наук, Национальной академии наук Республики Казахстан, на сортоучастках, машиноиспытательных станциях, учебно-опытных хозяйствах сельскохозяйственных вузов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, сертификационных испытаний в лабораториях (центрах), аккредитованных Главным управлением по стандартизации и метрологии при Кабинете Министров Республики Казахстан. Проводится также государственная экологическая экспертиза этих образцов Министерством экологии и биоресурсов Республики Казахстан.
     Затраты на разработку технико-экономических обоснований несут министерства, государственные комитеты, ведомства и предприятия всех видов собственности, закупающие импортную технику, технологии и другие виды продукции сельскохозяйственного назначения. Испытания их производятся за счет средств, выделяемых из государственного бюджета на эти цели.
     6. Результаты испытаний рассматриваются соответственно Межведомственным научно-техническим советом агропромышленного комплекса Республики Казахстан и Государственной межведомственной комиссией по испытанию и регистрации химических, биологических средств защиты, феромонов и регуляторов роста сельскохозяйственных растений и лесных насаждений в Республике Казахстан. Их рекомендации доводятся до сведения потенциальных потребителей и Национального агентства по иностранным инвестициям при Министерстве экономики Республики Казахстан.
     7. Предложения по закупке зарубежной техники, технологий, семян, племенного скота, вакцины, средств защиты растений и другой продукции сельскохозяйственного назначения, а также по организации производства импортозамещающей продукции, требующие валютного финансирования за счет иностранных кредитов и средств Республиканского валютного фонда, подлежат прохождению обязательной экспертизы в Национальном агентстве по иностранным инвестициям при Министерстве экономики Республики Казахстан.
     8. Особо важные и спорные вопросы закупки зарубежных технологий, техники, семян, племенного скота, вакцины и другой продукции сельскохозяйственного назначения, а также предложения по организации импортозамещающей продукции могут быть рассмотрены Советом агропромышленного комплекса при Кабинете Министров Республики Казахстан и советом по машиностроению для агропромышленного комплекса при Кабинете министров Республики Казахстан.
     9. Возмещение убытков от внедрения импортной техники, технологий, другой продукции сельскохозяйственного назначения, закупленных за счет кредитов под гарантию государства с нарушением установленного порядка, производится в соответствии с действующим законодательством юридическими лицами, выступающими заказчиками по закупке этих видов товаров.