ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛIК МИНИСТРЛIГIНIҢ ӘУЕ КӨЛIГI ДЕПАРТАМЕНТI ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 6 қаңтар N 29. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.19. N 1563 қаулысымен.

      Әуе көлiгiн мемлекеттiк басқару жүйесiн қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң орталық аппараты құрамында Әуе көлiгi департаментi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ азаматтық авиация басқармасын қайта құру және "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясын құру туралы" 1993 жылғы 27 тамыздағы N 741 қаулысының 2 тармағына сай, Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясына уақытша жүктелген мемлекеттiк басқару функциясы Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Әуе көлiгi департаментiне берiлетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң орталық аппаратының шектi саны 25 адамға көбейтiлсiн. Министр орынбасарының қосымша тағы бiр лауазымын енгiзуге қатысты тармағы. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 14.03.1994 ж.
               N 264 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң орталық аппаратына бөлiнетiн қызмет автомобильдерiнiң саны 2 автомобильге көбейтiлсiн.
      5. Әуе көлiгi департаментiнiң аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру мемлекеттiк бюджетте мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаржының есебiнен жүргiзiлетiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының көлiк министрлiгi бiр ай мерзiм

iшiнде Әуе көлiгi департаментiнiң құрылымы мен штат кестесiн 
және ол туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
     7. Мыналардың күшi жойылған деп саналсын:
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан
Республикасының азаматтық авиациясы қызметiн басқаруды жетiлдiру
туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 53 қаулысының 3 тармағы;
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ азаматтық
авиация басқармасының Жарғысын бекiту туралы" 1992 жылғы
2 шiлдедегi N 576 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1992 ж., N 27, 414 бап).
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
      
      


О Департаменте воздушного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 января 1994 года N 29. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 декабря 1996 г. N 1563. ~P961563

      В целях формирования системы государственного управления воздушным транспортом Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Образовать в составе центрального аппарата Министерства транспорта Республики Казахстан Департамент воздушного транспорта.
      2. Передать Департаменту воздушного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан функции государственного управления, временно возложенные на Национальную акционерную авиакомпанию "Казакстан ауе жолы" согласно пункту 2 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 27 августа 1993 г. N 741 "О реорганизации Казахского управления гражданской авиации и создании Национальной акционерной авиакомпании "Казакстан ауе жолы".
      3. Увеличить предельную численность центрального аппарата Министерства транспорта Республики Казахстан на 25 единиц. Ввести дополнительно должность одного заместителя Министра. <*>
      Сноска. Пункт 3 - утратил силу в части введения дополнительно должности одного заместителя Министра постановлением от 14 марта 1994 г. N 264.
      4. Увеличить лимит служебных автомобилей центральному аппарату Министерства транспорта Республики Казахстан на 2 единицы.
      5. Финансирование расходов на содержание Департамента воздушного транспорта осуществлять за счет ассигнований на содержание органов государственного управления, предусмотренных государственным бюджетом.
      6. Министерству транспорта Республики Казахстан в месячный срок разработать и утвердить структуру, штатное расписание и Положение о Департаменте воздушного транспорта.
      7. Признать утратившими силу:
      пункт 3 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 января 1993 г. N 53 "О совершенствовании управления деятельностью гражданской авиации Республики Казахстан";
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 июля 1992 г. N 576 "Об утверждении Устава Казахского управления гражданской авиации" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 27, ст. 414).
      Премьер-министр Республики Казахстан