Азаматтардың құқығын шектейтiн немесе оған нұқсан келтiретiн мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, лауазымды және басқа да адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне келтiрген шағымдарды сотта қарау кезiнде туындайтын мәселелерге және заңдағы өзгертулерге байланысты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Пленумы қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 76-баптарына сәйкес, әрбiр азамат өз құқығы мен бостандығын қажеттi қорғаныс пен сот қорғауын қоса, барлық заңға қайшы келмейтiн тәсiлмен қорғауға құқықты. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы Соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Жарлығының 5-бабы 1-тармағына сәйкес, әрбiр азамат мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және басқа тұлғалардың, олардың құқықтарына нұқсан келтiретiн немесе заңды мүддесi мен бостандығын шектейтiн шешiм әрекеттерден. Республика Конституциясы және заңдары қарастырғандай кез-келген заңсыз әрекеттерден сот қорғау кепiлдемесi берiлетiндiгiне соттардың назары аударылсын.<*>
Бұл мәселе бойынша, шағымды соттан тыс қарау тәртiбi сақталуы сақталмауына қарамастан, азаматтар тiкелей сотқа арыздануына қақылы.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен .2. Сот қорғауына Конституцияда, заңдарда, басқа нормативтiк актiлерде және халықаралық келiсiмдерде қарастырылған барлық құқықтар мен бостандықтар жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес, қолдануға жататын заң немесе басқа нормативтiк актiнiң Конституцияда бекiтiлген азаматтың және адамның құқығы мен бостандығына нұқсан келтiретiнiн көрсе, сот ол iс бойынша өндiрiстi тоқтатып, Конституциялық Кеңеске осы актiнiң Конституцияға сай еместiгiн тану туралы ұсыныс жасайды.
Мәслихат және әкiмдердiң өкiмдерi мен шешімдерiнiң заңдылығы туралы мәселелердi соттардың өздерiнiң шешуiне жатады (Конституцияның 88-бабы).
АIЖК-нiң екiншi бөлiмiнiң екiншi тарауында қарастырылғандай, соттың, судьяның, прокурордың, тергеушiнiң, сот орындаушысының шешiмi мен iс-әрекеттеріне шағымдануға болмайды. Олар туралы азаматтық iс жүргiзу, қылмыстық іс жүргiзу, әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдарымен шағымдану тәртiбi басқаша белгiленген.<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен .3. Басқару мiндетiн жүзеге асыру кезiнде заңның немесе басқа да нормативті актілердiң берген құқығын толық немесе iшiнара жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айырған /аудандық әкiмшiліктiң тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiнде есепке қоюдан бас тартуы, ондай есептен шығарып тастауы; жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеуге алудан бас тартуы; көлiк құралдарын немесе құрылысты тiркеуден, балаларды мектеп жасына дейiнгi немесе мектеп мекемелерiне алуға бас тартуы; iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң әрекетiне, қоғамдық бiрлестiктердiң жалпы жиналысының шешiмiне арыз беру т.т./, немесе оған заңсыз мiндет жүктеген,/ мәселен, жергiлiктi өкiлеттi орган азаматқа заңда көрсетiлмеген салық салу туралы шешiм қабылданса, шешiмдер мен әрекеттерге келтiрген азаматтардың шағымдары әкiмшiлiк-құқық қатынастардан туындайтын iстердi жүргізу өндiрiстiк тәртiппен қаралады.
4. Әрекеттерiне қарсы сотқа шағым беруге болатын мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарына Мәслихаттар; облыстық, аудандық және селолық әкiмшiлiктер, олардың бөлiмдерiмен басқармалары; мемлекеттік кәсiпорындардың әкiмшiлiктерi, сондай-ақ атқарушылық басқарушы қызметтi жүзеге асыру үшiн белгiлi бiр тәртiппен құрылған мемлекеттiк басқару органдар жатады.
Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында, мемлекеттiк және жеке кәсiпорындық ұйымдарда тұрақты немесе уақытша, ұйымдық-басқару немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндетiн атқаратын, немесе ондай мiндеттердi арнайы өкiлеттiк бойынша орындайтын лауазымды адамдардың әрекеттерiне қарсы сот жолымен шағым келтiруге болады.
Азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтарының бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатымен құрылған саяси партиялар, қозғалыстар, кәсiптiк, шығармашылық одақтар, дiни және басқа да бiрлестiктер қоғамдық бiрлестiктер деп танылады.
Әрекеттерiне шағым келтiруге болатын басқа адамдарға, лауазымды адамдарға танылмайтын мемлекеттiк, кооперативтiк, жеке және басқа мекемелердiң, кәсiпорындық ұйымдардың қызметкерлерi жатады.
АIЖК-нiң 24 тарауында белгіленген тәртiп бойынша азаматтардың құқығын шектейтiн немесе оған нұқсан келтiретiн мұндай адамдардың әрекеттерiне қарсы шағым сотқа, егер олар қызмет бабын пайдаланып жасаған жағдайда ғана кетiрiледi.
5. "Әскери қызметкерлер мен олардың от басы мен мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғау туралы" Заңның 4 бабының 5 бөлiгiне сәйкес, әскери қызметкерлерi құқықтарына нұқсан келтiретiн және ар-ожданы мен намысын қорлайтын басшылар әрекеттерiне қарсы сотқа шағым беруге қақылы.
Әскери қызметтен босатылған азаматтар әскери қызметiн өтеп жүргенде өзiнiң құқықтары мен бостандығын бұзған әскери органдары мен әскери лауазымдағы адамдардың әрекетi мен шешiмдерiне қарсы өз қалауы бойынша халық сотына немесе әскери сотқа шағым беруге қақылы.
6. Құқығым бұзылды деп санайтын азаматтың да, оның өкiлiнiң де, сондай-ақ азаматтың өтiнуi бойынша қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының өкiлеттi өкiлдерiнiң де сотқа шағым беруiне болады. АIЖК-нiң 31 бабына сәйкес, азаматтың құқын және оның заңмен қорғау мүдделерiн қорғау мақсатында прокурордың да сотқа шағым келтiруге қақысы бар.
Азаматтың атынан шағым беретiн өкiлдiң өкiлеттiгi АIЖК-нiң 35 бабына сәйкес толтырылады. Қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымының өкiлiнiң өкілеттігі сайланбалы қоғамдық ұйымның немесе ұжымның жалпы жиналысы қаулысының көшiрмесiмен расталады.
7. АIЖК-нің 236-5 бабы ережесiне сәйкес шағым азаматтың құқығының бұзылуы мерзiмi мәлiм болған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде берiледi.
Егер сот iс материалдарын жан-жақты тексере отырып, сотқа шағым берудiң дәлелсiз себептер бойынша өткiзiлiп жiберiлген деген қорытындыға келсе, ол шағым қанағаттандырусыз қалады.
8. Мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң, лауазымды және басқа да адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне келтiрген шағым АIЖК-нiң 126, 127 баптары ережелерiне сәйкес толтырылады және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк баж туралы" Заңы белгiлеген мөлшерде мемлекеттiк баж төленедi.
Шағымның үлгiсi мен мазмұнына қойылатын талаптар прокурордың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, лауазымды және басқа да адамдардың заңсыз шешiмдерi мен әрекеттерiне келтiретiн шағымы үшiн де мiндеттi.
АIЖК-нiң 130 бабының талап арызды қорғаусыз қалдыру негіздерiнiң тiзiмi туралы ережесi осы аталған категориясына да қолданылады.
9. Азаматтар мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың, лауазымды және басқа да адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне келтiрiлген шағымдары мен бiрге осыларға байланысты басқа талаптар қойса, /мысалы, лауазымды адамның заңсыз әрекеттерi бойынша мүлiктiк және моральдық зиянның орнын толтыру жөнiндегi талап; туралы және т.б./ ондай шағымдар талап iсiн жүргiзу өндiрiстiк тәртiбi бойынша қаралады.
Егер шағымды қайта қарау кезiнде судья соттың қарауына жататын құқық туралы дау барын анықтаса /мысалы, жекешелендiруге рұқсат берiлмеген пәтердi пайдалану құқығы жөнiндегi дау; рұқсат берiлмеген пайдалануға берiлген тұрғын үйдiң бiр бөлiгiне азаматтың құқығы бойынша шағым дау/, арыз берген азаматы даудың талап арыз беру жолымен шешiлетiнi түсiндiрiледi. Ондай жағдайда шағым қараусыз қалдырылады.
10. Мемлекеттiк органның, жергілiктi өзiн-өзi басқару органының, мекеменiң, кәсiпорынның, қоғамдық бiрлестiктiң қайта құрылғанын немесе жойылғанын анықтағаннан кейiн судья азаматтың бұзылған құқығы мен еркiн қалпына келтiру ақысына олардың мұрагерлерiн iске қатыстыруға шараларын белгiлейдi.
Егер әрекетiне шағым келтiрiлген лауазымды адам арыздың қарау сәтiнде жұмыс iстемейтiн болса, судья азаматтың бұзылған құқығы мен бостандығын қалпына келтiру құзыретiне тиiстi органды /ұйымды/ iске қатыстыру жөнiндегi мәселенi шешедi. Шағым қанағаттандырылатын жағдайда судья осы органның /ұйымның/ басшысына арызданушының бұзылған құқығы мен еркiн қалпына келтiру мiндетiн жүктейдi.
11. Мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң, лауазымды және басқа да адамның шешiмдерi мен әрекеттерiне келтiрген шағым бойынша судьялардың шешiмi олардың заңдылығын тексерудiң нәтижелерi бойынша шығарылады.
Шағымды қанағаттандыру туралы соттың шешiмiнде мемлекеттi басқару органы мен лауазымды адамның бұзған заңдары және оларды қалпына келтiру жөнiнде нақты iстер шешiледi. Атап айтқанда:
а) тiркеуден бас тарту жөнiндегi заңсыздықты анықтаған кезде судья, iшкi iстер органының тиiстi лауазымды адамына арызданушыны нақты мекен-жайға тiркеудi мiндеттейдi;
б) қосымша тұрғын алаң алуға құқығының бар екенiн дәлелдеу үшiн созылмалы ауыр түрiмен ауыратын азаматы осындай ауруы жөнiнде қорытынды беруден бас тартқан орайда, сот әрекеттi заңсыз деп табады және емдеу мекемесiнiң тиiстi лауазымды адамына арыз иесiне тұрғын үй органына қажеттi құралдарды берудi мiндеттейдi;
в) салынған немесе сатып алынған тұрғын үйдi азаматтың атына тiркеуден негiзсiз бас тартқан жағдайда, сот тиiстi тұрғын үй-коммуналдық органды осы үйдi тiркеуге мiндеттейтiн шешiм шығарады;
г) автокөлiк құралын тiркеуден негізсiз бас тартқан жағдайда судья мемлекеттiк автомобиль инспекциясының лауазымды адамына шағым иесiнiң атына көлiктi тiркеудi мiндеттейдi.
12. Бюрократтықтың, былықтықтың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу айғақтары бойынша судья жеке ұйғарым шығаруы, ал лауазымды немесе басқа адамның әрекеттерiнде қылмыстың белгiлерi байқалған кезде бұл жөнiнде прокурорға хабарлауы немесе қылмыстық iс қозғауы керек.
13. Соттар тиiстi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның шешiмнiң орындалуын шешiмнiң көшiрмесi түскеннен соң бiр айдан кешiктiрмей судья мен шағым иесiне хабарлау тиiстiгін ескере отырып, шағымды қанағаттандыру жөнiндегi шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi.
Шешiм орындалмаған жағдайда айыпты адам КСРО-ның "Соттарды сыйламағандығы үшiн жауапкершiлiк туралы" Заңның 4 бабына сәйкес жауапқа тартылады. АIЖК-нiң 406 бабы.
14. Аталған қаулының қабылдануына байланысты КСРО Жоғары Соты Пленумының 1990 жылдың 27 шiлдесiндегi "Соттардың мемлекеттiк басқару органдарының және лауазымды адамдардың азаматтардың құқығына нұқсан келтiретiн заңсыз әрекеттерiне келтiрген шағымдарды қарау туралы" N 7 қаулысы қолданылмайды деп танылсын.