Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
"Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң "Арнайышахтамонтаждаугазсыздандыру" басқармасы мен "Қарағандышахтақұрылысы" комбинаты жұмысшыларының жекелеген санаттарына осы жұмыстарда кемiнде 20 жыл iстегенде жасына қарамастан зейнетақы алуға құқық беретiн жұмыстар мен мамандықтардың қоса берiлген тiзiмi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 2 ақпандағы
N 126 қаулысымен
Бекiтiлген
"Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң
"Арнайышахтамонтаждаугазсыздандыру" басқармасы мен
"Қарағандышахтақұрылысы" комбинаты жұмысшыларының жекелеген
санаттарына осы жұмыстарда кемiнде 20 жыл iстегенде жасына
қарамастан зейнетақы алуға құқық беретiн жұмыстар мен
мамандықтардың
Тiзiмi
"Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң
"Арнайышахтамонтаждаугазсыздандыру" басқармасы бойынша
"Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң
"Арнайышахтамонтаждаугазсыздандыру" басқармасы бұрғылау қондырғыларының жерасты машинистерi.
"Қарағандышахтақұрылысы" комбинаты бойынша
1. Кешендi бригадалар құрамында көмiр шахталарының күрделi кен және дайындау забойларында жабдықтарды монтаждау мен бөлшектеуде тұрақты жұмыс iстейтiн жерасты электрослесарьлары, жерасты тау-кен монтажшылары.
2. Мамандандырылған бригадалардың құрамында көмiр шахталарының күрделi кен және дайындау забойларында жабдықтарды монтаждау мен бөлшектеуде тұрақты жұмыс iстейтiн жерасты тау-кен монтажшылары.
3. Проходкалаушының тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларында көрсетiлген жұмыстарды орындайтын кешендi бригадалардың құрамында күрделi кен және жерасты забойларында тұрақты жұмыс iстейтiн жерасты электрослесарьлары, жерасты тау-кен жұмысшылары.