ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ "СЕЛОЛЫҚ ЖЕРДIҢ ТАУАР ӨНДIРУШIЛЕРI МЕН ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДI ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ" 1993 ЖЫЛҒЫ 27 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ N 1473 ЖАРЛЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 2 ақпан 1994 ж. N 127. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. ~P020331

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 27 желтоқсандағы N 1473 Жарлығына сәйкес және көп укладты нарықтық экономикаға көшу мен селода кәсiпкерлiк қызметтi дамыту үшiн жағдайлар жасау мәселелерiнде тұтынушылар кооперациясына мемлекеттiк қолдау көрсетудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазтұтынуодағы басқармасына село халқына қызмет көрсетудi жақсарту және кооперативтiк ұйымдар қызметiнiң аясын кеңейту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасы тұтынушылар кооперациясы XVI съезiнiң қарауына енгiзу ұсынылсын.
      Аталған шараларда:
      селолық жерлерде негiзгi тағам өнiмдерiмен және азық-түлiктiк емес тауарлармен олардың белгiленген түр-түрi бойынша үздiксiз сауда жасауын және шаруа қожалықтарының өтiнiмдерi бойынша шағын ауыл шаруашылық техникасын жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi тұтынушылар кооперациясы ұйымдары мен кәсiпорындарының мiндеттерi;
      шаруа қожалықтары мен өзiндiк қосалқы шаруашылықтардан ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң артығын сатып алуды және оларды қалалық кооперациялық сауда жүйесi арқылы сатуға жiберiлуiн ұлғайтуды қамтамасыз ететiн дайындау пункттерi мен селолық кооперациялық дайындау өнеркәсiбiнiң тармақталған жүйесiн құру;
      тұтынушылар кооперациясы кәсiпорындарында азық-түлiк және өнеркәсiп тауарлары өндiрiсiн ұлғайту, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету пункттерi мен шеберханаларын ұйымдастыру көзделсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi кредит ресурстарын бөлу кезiнде тұтынушылар кооперациясы ұйымдарының село халқына қызмет көрсетудi жақсарту Бағдарламасын орындауға, ауыл шаруашылық өнiмдерi мен шикiзат сатып алуға, сақтау мен ұқсатуға, халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiне, сондай-ақ қатынасуы қиын аудандардың тұрғындарын үздiксiз жабдықтау үшiн тұрақты тауар ресурстарын жасауға, маусымдық сұраныс пен мерзiмiнен бұрын жеткiзетiн тауарларды жинауға қажеттiлiгiн ескеретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазтұтынуодағына жеңiлдiктi жағдайда бюджеттiк несие бөлу мүмкiндiгiн iздестiрсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Сауда министрлiгi және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi тұтынушылар кооперациясы ұйымдарына орталықтандырыла бөлiнетiн халық тұтынатын тауарлардың жалпы көлемiнiң 50 проценттен кем болмайтын мөлшерiн оларды республикада өндiру және орталықтандырыла бөлiнетiн валюталық ресурстарға сатып алу есебiнен бөлудi қарастырсын.
      5. Халық тұтынатын тауарлардың бағасын тежеу мақсатында облыстардың әкiмдерi белгiленген тәртiппен тұтынушылар кооперациясының ұйымдары мен кәсiпорындардың жергiлiктi салықтар мен алымдарды төлеуден босату мәселесiн қарап, шешетiн болсын.
      6. Тұтынушылар кооперациясының ұйымдары мен кәсiпорындарына "Қазақстан Республикасы тұтынушылар қоғамдары одағының (Қазтұтынуодағы) экспортқа шығаратын тауарларына кеден салығын салу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 254 қаулысында белгiленген экспортқа шығаратын тауарларға салынатын кеден салығының мөлшерi сақталсын.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi жыл сайын тұтынушылар кооперациясының ұйымдары мен кәсiпорындарына өнеркәсiптiң өндiрушi және ұқсатушы салаларының тауар-шикiзат ресурстарын экспорттау лицензияларымен қамтамасыз етiлген квоталар бөлудi қарастырсын, ал Қазтұтынуодағы осының есебiнен ауыл шаруашылық шикiзатын ұқсату жөнiндегi жабдықтар мен технологияларды сатып алып, республикаға әкелiнуiн және село халқы үшiн қажеттi тауарлар шығаратын кәсiпорындар мен цехтар құрылуын қамтамасыз етсiн.
      (8 тармақ) <*>
      Ескерту. 8-тармағының күшi жойылды - ҚРМК-нің 1994.11.01. N 1219
               қаулысымен.
      Ескерту. 8-тармақ күшiне ендi - ҚРМК-нiң 1994.12.06 N 1374
               қаулысымен.
      Ескерту. 8-тармақ қайтадан күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1995. 07.18.
               N 994 қаулысымен.
      9. Тұтынушылар кооперациясының қатысуымен құрылған инвестициялық жекешелендiру қорларына халық тұтынатын тауарлар, тауар өндiрушiлер мен халықтың мұқтажы үшiн жабдықтар мен технологиялар шығаратын кәсiпорындардың акцияларын сатып алуға қатысуға белгiленген тәртiппен құқық берiлсiн.
      10. Қазақстан Республикасының еңбек министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi, облыстардың әкiмдерi селолық жерлердегi өндiрiстiк әлеует пен еңбек ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында тұтынушылар кооперациясының органдарымен бiрлесе

отырып қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiнде шаралар 
қолдансын.
     11. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi селолық жерлердегi 
тауар өндiрушiлер мен халқына қызмет көрсетудi жақсарту 
бағдарламасын iске асыру жөнiнде қажеттi шараларды жүзеге асырсын
және тұтынушылар кооперациясының жұмысына мемлекеттiк саясаттың 
басым бағыттарының бiрi деп қарайтын болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 декабря 1993 г. N 1473 "О мерах по улучшению обслуживания товаропроизводителей и населения в сельской местности"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 февраля 1994 года N 127 . (Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 марта 2002 г. N 331 ~P020331 )

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 27 декабря 1993 г. N 1473 в целях обеспечения государственной поддержки потребительской кооперации в вопросах создания условий для перехода к многоукладной рыночной экономике и развития предпринимательской деятельности на селе Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Рекомендовать правлению Казпотребсоюза разработать и внести на рассмотрение ХVI съезда потребительской кооперации Республики Казахстан мероприятия по реализации Программы улучшения обслуживания сельского населения и расширения сферы деятельности кооперативных организаций.
      В указанных мероприятиях предусмотреть:
      обязанности организаций и предприятий потребительской кооперации по обеспечению бесперебойной торговли в сельской местности основными продуктами питания и непродовольственными товарами по установленному ассортименту и завозу по заявкам крестьянских хозяйств малой сельскохозяйственной техники;
      создание разветвленной сети заготовительных пунктов и селькоопзаготпромов, обеспечивающих закупку у крестьянских и личных подсобных хозяйств излишков сельскохозяйственных продуктов и увеличение поставок их для продажи через торговую сеть горкоопторгов;
      наращивание производства на предприятиях потребительской кооперации продовольственных и промышленных товаров, организацию пунктов и мастерских бытового обслуживания населения.
      2. Национальному банку Республики Казахстан при распределении кредитных ресурсов учитывать потребность в них организаций потребительской кооперации для выполнения Программы улучшения обслуживания сельского населения, на закупку, хранение и переработку сельскохозяйственной продукции и сырья, производство товаров народного потребления, а также создание устойчивых товарных ресурсов для бесперебойного снабжения жителей труднодоступных районов, накопления товаров сезонного спроса и досрочного завоза.
      3. Министерству финансов Республики Казахстан изыскать возможность выделения Казпотребсоюзу бюджетной ссуды на льготных условиях.
      4. Министерству экономики, Министерству торговли и Министерству внешнеэкономических связей Республики Казахстан предусматривать выделение организациям потребительской кооперации не менее 50 процентов от общего объема централизованно распределяемых товаров народного потребления за счет производства их в республике и закупок на централизованно выделяемые валютные ресурсы.
      5. В целях сдерживания цен на товары народного потребления главам областных администраций в установленном порядке рассмотреть и решить вопрос об освобождении организаций и предприятий потребительской кооперации от уплаты местных налогов и сборов.
      6. Утратил силу - пост. КМ РК от 18 июля 1995 г. N 994.
      7. Министерству экономики и Министерству внешнеэкономических связей Республики Казахстан предусматривать ежегодное выделение организациям и предприятиям потребительской кооперации квот, обеспеченных экспортными лицензиями на товарно-сырьевые ресурсы добывающей и перерабатывающей отраслей промышленности, а Казпотребсоюзу за счет этого обеспечить закуп и завоз в республику оборудования и технологий по переработке сельскохозяйственного сырья и созданию предприятий и цехов по выпуску нужных для сельского населения товаров.
      8. Сноска. Пункт 8 утратил силу постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 ноября 1994 г. N 1219, восстановлен постановлением КМ РК от 6 декабря 1994 г. N 1374, вновь утратил силу постановлением КМ РК от 18 июля 1995 г. N 994.
      9. Предоставить в установленном порядке право инвестиционно-приватизационным фондам, созданным с участием потребительской кооперации, на участие в приобретении акций предприятий, выпускающих товары народного потребления, оборудование и технологии для нужд товаропроизводителей и населения.
      10. Министерству труда и Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, главам областных администраций в целях более эффективного использования производственного потенциала и трудовых ресурсов в сельской местности совместно с органами потребительской кооперации принять меры по организации дополнительных рабочих мест.
      11. Главам областных и районных администраций осуществить необходимые меры по реализации программы улучшения обслуживания товаропроизводителей и населения в сельской местности и рассматривать работу потребительской кооперации как одно из приоритетных направлений государственной политики.
      Премьер-министр Республики Казахстан