1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Қазмақтадайындауөнеркәсiп" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң негiзiнде мемлекеттiң қатысуымен "Мақта" аумақтық акционерлiк компаниясын құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Компанияның жұмыс органдары функцияларын орындау "Шымкент
Мақта" акционерлiк қоғамының басқармасы мен атқару аппаратына жүктелсiн. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне мыналар тапсырылсын: компанияның құрамына енгiзiлетiн кәсiпорындар мен акционерлiк компаниялардың тiзбесi белгiленсiн; Оңтүстiк Қазақстан облысының мақта өңдеу зауыттары негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi иелену, пайдалану және басқару құқығымен компанияға берiлсiн; бiр ай мерзiм iшiнде компанияның құрылтай құжаттары әзiрленiп, компания акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң иесi атынан Байқаушы кеңесiнiң құрамы бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi