Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қатынастарын реттеудiң кейбiр мәселелерi туралы" /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 4, 33-бап/ 1994 жылғы 24 қаңтардағы N 1516 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған жылжымайтын мүлiктi жекешелендiру кезiнде азаматтардың немесе заңды ұйымдардың жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу құқын сатып алуының қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне бағаны тоқсан сайын индекстеу жөнiндегi мемлекеттiк статистика деректерi негiзiнде жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу құқын сатудың бағалы құнын қажеттiлiкке орай анықтау құқы берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 9 наурыздағы
N 250 қаулысымен
Бекiтiлген
Ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған жылжымайтын
мүлiктi жекешелендiру кезiнде азаматтардың немесе
заңды ұйымдардың жер учаскесiн пайдалану немесе
жалға алу құқын сатып алу
ТӘРТIБI
1. Ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған, оның iшiнде толық бiтпеген объектiлердiң жекешелендiрiлген жылжымайтын мүлкi орналасқан жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу құқын сату осы Тәртiппен реттеледi.
2. Жер учаскелерiн пайдалану немесе жалға алу құқын сатып алушылар Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, егер меншiгi мемлекет иелiгiне жатпаса, Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдық ұйымдар бола алады.
Шет мемлекеттердiң азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар және шет елдiктердiң қатысуындағы заңды ұйымдар жер учаскесiн пайдалану құқын жалға алу жағдайымен ғана сатып алады.
3. Жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу құқын сату құнын, көлемi мен шартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органдарының өтiнiмдерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары /қалалық немесе облыстық комитеттер/ жүзеге асырады.
4. Аталған жұмысты жүргiзу бұрынғы жер иеленушiнiң жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу құқын куәландырылатын құжаты барлығын анықтаудан, осы учаскенiң дәл күйiндегi нақты шекарасын анықтаудан басталады. Жергiлiктi архитектура және қала құрылысы органдары өкiлдерiнiң, қозғалмайтын мүлiктi сатушы мен сатып алушының /ол болған кезде/ қатысуымен елдi мекендер құрылысының жоспарлары немесе аумақтың жер-шаруашылық құрылым жоспарларын ескере отырып жаңа жер иеленушiге берiлуi көзделiп отырған жер учаскесiнiң шекарасы мен көлемi, сондай-ақ жердi пайдалану немесе жалға алу шарты мен мерзiмi белгiленедi.
Учаскенiң жалпы көлемiне құрылыстары мен ғимараттары бар аумақтар, оларға қызмет көрсетуге қажеттi учаскелер, сондай-ақ, егер басқа заңды ұйымдар мен азаматтардың пайдалануына берiлмеген болса, объектiлердiң санитарлық қорғау аймақтары, техникалық және басқа аймақтар кiредi.
5. Жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi бойынша онда жер учаскесiнiң нақты және болжамды шекарасы және оның көлемi көрсетiле отырып жекешелендiрiлген объектiнi орналастырудың сол жағдайдағы жоспары /сызбасы/ жасалады.
6. Жер учаскесiнiң көлемiн, олардың шарты мен пайдалану
мерзiмiн жергiлiктi әкiм қарап /объектiнiң орналасқан жерi
бойынша/, бекiтедi және ол бұдан әрi жер учаскесiн пайдалануға
немесе жалға алуға құқық беретiн мемлекеттiк актiнi хаттауға негiз
болады.
7. Ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған жылжымайтын мүлiктi
жекешелендiру кезiнде жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу
құқының орташа бағалық құны төмендегiдей ставкалармен белгiленедi:
а/ елдi мекендердiң халық тұратын аймағында орналасқан
учаскелер бойынша
_____________________________________________________________________
Елдi мекендер | 1 шаршы метрдiң теңгеге
| шаққандағы бағалық құны
_____________________________________________________________________
1 2
----------------------------------------------------------------------
Алматы қаласы 50
Ақмола қаласы 9,4
Ақтау қаласы 13,4
Ақтөбе қаласы 9,4
Арқалық қаласы 8
Атырау қаласы 11,4
Жамбыл қаласы 12,7
Жезқазған қаласы 11,4
Қарағанды қаласы 13,4
Қызылорда қаласы 12
Көкшетау қаласы 8
Қостанай қаласы 8,7
Павлодар қаласы 8
Петропавл қаласы 8
Семей қаласы 12
Талдықорған қаласы 9,4
Орал қаласы 8
Өскемен қаласы 13,4
Шымкент қаласы 12,7
Ленинск қаласы 10,7
Облыстық бағыныстағы қалалар облыс орталығындағы 1 шаршы
метр құнының 85 процентi
Аудандық бағыныстағы қалалар облыс орталығындағы 1 шаршы
метр құнының 75 процентi
Поселкелер 1,3
Селолық елдi мекендер 0,7
Алматы облысы:
Алматы қаласының қала құрылысы ерекше Алматы қаласындағы 1 шаршы
реттелетiн аймағында орналасқан елдi метр құнының 50 процентi
мекендер
облыстық бағыныстағы қалалар 10,7
аудандық бағыныстағы қалалар 9,4
б/ елдi мекендер шегiнен тыс, сондай-ақ оның шегiнде, бiрақ
халық тұратын аумақтардан тысқары орналасқан учаскелер бойынша
____________________________________________________________________
Сапалық балы | 1 гектардан теңгеге шаққандағы
бағалық құны
-----------------------------------------------------------------------
1-10 67-670
11-20 737-1508
21-30 1581-2211
31-40 2285-2881
41-50 2955-3585
51-60 3658-4355
61-70 4429-5159
71-80 5233-5997
81-90 6070-6834
91-100 6908-7906
Ескерту. Елдi мекендер шегiнен тыс, сондай-ақ оның шегiнде, бiрақ халық тұратын аумақтардан тысқары орналасқан учаскелер бойынша Алматы қаласының қала құрылысы ерекше реттелетiн аймағында бiр гектардың теңгеге шаққандағы бағалық құны 2 есе арттырылады.
8. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық /қалалық немесе облыстық комитеттер/ органдарының көлiкке қолайлылығына, санитарлық-гигиеналық жайына, халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету орталығының дамығандығына, коммуникация және басқа факторлардың болуына қарай жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу құқының бағалық құнын екi есеге дейiн көтеруге немесе азайтуға құқы бар.
9. Жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу көлемiн, құнын, шарты мен мерзiмiн белгiлеу жөнiндегi материалдардың көшiрмесi Қазақстан Республикасы, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдарына жiберiледi және ол Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдарымен бiрлесе отырып жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу құқын сату жөнiнде шешiм қабылдауға негiз болып табылады.
10. Ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған жекешелендiрiлген объектiнi сатып алған соң азамат немесе заңды ұйым Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органына жер учаскесiн пайдалану құқын беретiн мемлекеттiк актiнi немесе жалға алу туралы шартты ресiмдеу жайында өтiнiш жасайды.
Өтiнiшпен бiрге ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған жылжымайтын мүлiктi және сатып алынған мүлiк орналасқан жер учаскесiн пайдалану немесе жалға алу құқын сатып алуға арналған құжаттардың көшiрмесi қоса берiледi.
11. Жер учаскесiн пайдалану құқын беретiн мемлекеттiк актiнi немесе жалға алу туралы шартты ресiмдеу белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.