Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Осыған қосылған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына қызмет өткерген жылдары үшiн үстемақы төлеу тәртiбi туралы Ереже;
қызметкерлерiнiң қызмет өткерген жылдары үшiн үстемақы алуға құқығы бар мемлекеттiк басқару органдарының тiзiмi қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 29 наурыздағы
N 305 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару
органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына қызмет
өткерген жылдары үшiн үстемақы төлеу тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органда қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына қызмет өткерген жылдары үшiн ай сайынғы үстемақы төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
Мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына қызмет өткерген жылдары үшiн үстемақы N 1-2 қосымшаларға сәйкес жұмыс стажына байланысты төленедi.
Үстемақы айына бiр рет төленедi.
Қызмет өткерген жылдары үшiн үстемақы алу
құқығын беретiн жұмыс стажын есептеу
1. Қызмет өткерген жылдары үшiн проценттiк үстемақы алу құқығын беретiн мемлекеттiк басқару органдарындағы жұмыс стажына, басқару деңгейi мен атқарған лауазымына қарамастан, мемлекеттiк басқару органдарында үзiлiссiз жұмыс iстеген уақытының бәрi қосылады.
Жұмыс стажы жыл сайын тиiстi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептелiнедi.
2. Қызмет өткерген жылдары үшiн лауазымдық жалақысына үстемақы алу құқығын беретiн жұмыс стажына сондай-ақ;
офицерлер құрамындағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың және мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштерде (Армияда, Республикалық ұланда, iшкi, шекара және темiр жол әскерлерiнде) мiндеттi әскери қызметте болған уақыты;
қызметшiлердiң ҰҚК, Iшкiiсминi органдарында, соттар мен прокуратурада жұмыс iстеген уақыты;
мемлекеттiк басқару органдарымен еңбек қатынастарында болған әйелдерге - бала бiр жарым жасқа толғанға дейiн оны бағып-күту жөнiнде берiлетiн ақысы iшiнара төленетiн демалыс болу және бала үш жасқа толғанға дейiн оны бағып-күту жөнiнде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс болу уақыты;
егер оны бiтiргеннен кейiн жолдама берiлiп, мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс iстеумен жалғасса, жоғары немесе арнаулы оқу орнында оқыған уақыты;
егер шет елге жiберiлер алдында қызметшi мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс iстеп, шет елден қайтып оралғаннан кейiн, жолда болу уақытын есептемегенде, екi айдың iшiнде мемлекеттiк басқару органдарында жұмысқа тұрса, шет елде жұмыс iстеген уақыты;
1992 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының партия, кәсiподақ және комсомол органдарында жұмыс iстеген уақыты;
қызметшiнi мемлекеттiк басқару органдарына қызметке жоғарылату, тағайындау немесе бекiту тәртiбiмен ауыстырғанда мемлекеттiк кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде мемлекеттiк басқару органдарындағы басшы қызметтерде банк ұйымдарына және мемлекеттiк сақтандыруда, мамандығымен тектес мамандық бойынша қызметтерде жұмыс iстеген уақыты қосылады.
Ескерту. 2-тармақтың 8 абзацына өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
1994 ж. 21 желтоқсандағы N 1427 қаулысымен.
3. Мынадай жағдайларда қызмет өткерген жылдары үшiн үстемақы алу құқығын беретiн жұмыс стажы үзiлмейдi, бiрақ үзiлiс уақыты:
қызметкер әскери қызметке шақырылғанға дейiн мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс iстеп, запасқа шығарылғаннан кейiн мемлекеттiк басқару органдарына, жолда болу уақытын есептемегенде, 3 ай iшiнде қайтып оралса, мерзiмдi шұғыл әскери қызметте болуы;
егер қызметкер курсқа оқуға түскенге дейiн мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс iстеп оны бiтiрген соң мемлекеттiк басқару органына қайта оралса, жұмыстан қол үзiп, кадрлар даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курста оқығаны;
егер қызметшi ол ұйымдарға дейiн мемлекеттiк басқару органдарында болып, бiр ай iшiнде мемлекеттiк басқару органдарына жұмысқа орналасса, мемлекеттiк басқару органдарының жүйесiне жатпайтын ұйымдардағы жұмысы;
егер қызметшi халық шаруашылығына жұмысқа тұрғанға дейiн мемлекеттiк басқару органдарында, партия, кәсiподақ, совет және комсомол органдарында жұмыс iстеп, бiр ай iшiнде мемлекеттiк басқару органдарына жұмысқа тұрса, қызметшiлердiң халық шаруашылығы кәсiпорындарындағы, ұйымдары мен мекемелерiндегi жұмысы бұл стажға қосылмайды.
Қызмет өткерген жылдары үшiн лауазымдық
жалақыға проценттiк үстемақыны есептеу және
төлеу тәртiбi
1. Қызметкердiң лауазымдық жалақысына қызмет өткерген жылдары үшiн проценттiк үстемақыны есептегенде үстемақы мен қосымша ақының барлық түрлерi ескерiлмейдi.
2. Күнтiзбелiк ай iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн алатын үстемақының мөлшерiн арттыру құқығы пайда болған қызметкерлерге бiр айдағы үстемақының жалпы сомасы ай кезеңдерi бойынша тиiстi мөлшерде есептелген үстемақыларды қосу жолымен белгiленедi. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақы өзгерген жағдайда қызмет өткерген жылдары үшiн берiлетiн үстемақының сомасы осы тәртiппен белгiленедi.
3. Қызмет өткерген жылдары үшiн берiлетiн проценттiк үстемақы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерге сақталатын орташа жалақыны есептеген кезде (демалыста болу, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау уақыты үшiн, уақытша еңбекке жарамсыз болған кезеңдер үшiн, мемлекеттiк зейнетақы тағайындағанда және басқа жағдайларда) ескерiледi.
4. Қызмет өткерген жылдарына проценттiк үстемақы төлеу үшiн жұмыс стажын еңбек стажын анықтау жөнiндегi комиссия белгiлейдi.
Комиссияның құрамын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органының басшысы бекiтедi.
5. Жұмыс стажын анықтау үшiн қажеттi негiзгi құжат еңбек кiтапшасы болып табылады. Еңбек кiтапшасы болмағанда, сондай-ақ еңбек кiтапшасында жұмыс iстеген кезеңдерi туралы қажеттi жазулар болмағанда, қате немесе анық емес жазулар жазылған жағдайда еңбек стажын растау ретiнде анықтамалар, бұйрықтардың көшiрмелерi, жалақы беру жөнiндегi жеке шоттар мен ведомостар және жұмыс кезеңдерi туралы мәлiметтер бар өтпе де құжаттар қабылданады. Қызмет өткерген жылдары үшiн проценттiк үстемақы алу құқығын беретiн жұмыс стажын куәгерлер айғақтарымен растау заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
6. Жұмыс стажын анықтау туралы комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
Шешiмнiң көшiрмесi екi дана өтiп жасалып, бiр данасы - бухгалтерияға, екiншiсi - кадр бөлiмiне берiледi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 29 наурыздағы
N 305 қаулысымен бекiтiлген
Ережеге
N 1 қосымша
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы
Баға комитетi, облыстардың, қалалар мен аудандардың
әкiмдерiнiң аппараттары, Қазақстан Республикасының Сыртқы
экономикалық байланыстар министрлiгi, Қаржы министрлiгi,
Еңбек министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қазақстан
Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының
Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, ТМД
елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiне қызмет өткерген
жылдары үшiн лауазымдық жалақыларына қосылатын үстемақының
МӨЛШЕРI
Ескерту. 1-шi қосымшаның тақырыбы толықтырылды - ҚРМК-нiң
1995.09. N 1244 қаулысымен.
----------------------------------------------------------------------
Қызмет өткерген жылдары үшiн үстемақы ! Айлық лауазымдық жалақысына
алу құқығын беретiн жұмыс стажы ! қосылатын үстемақының мөлшерi,
мынадай болғанда ! процентпен
----------------------------------------------------------------------
3 жылдан 5 жылға дейiн 10
5 жылдан 10 жылға дейiн 20
10 жылдан 15 жылға дейiн 30
15 жылдан жоғары 40
----------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 29 наурыздағы
N 305 қаулысымен бекiтiлген
Ережеге
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару
органдарының қызметкерлерiне қызмет өткерген
жылдары үшiн лауазымдық жалақыларына қосылатын
үстемақының
МӨЛШЕРI
----------------------------------------------------------------------
Қызмет өткерген жылдары үшiн үстемақы ! Айлық лауазымдық жалақысына
алу құқығын беретiн жұмыс стажы ! қосылатын үстемақының мөлшерi,
мынадай болғанда ! процентпен
----------------------------------------------------------------------
3 жылдан 5 жылға дейiн 10
5 жылдан 10 жылға дейiн 15
10 жылдан 15 жылға дейiн 20
15 жылдан 20 жылға дейiн 25
20 жылдан жоғары 30
----------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 29 наурыздағы
N 305 қаулысына
қосымша
Қызметкерлерiнiң қызмет өткерген жылдары үшiн
үстемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк басқару органдарының
ТIЗIМI
Министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттер
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы комитеттер
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Бас басқармалар
Елшiлiктер
Қазақстан Республикасының агенттiктерi
Ұлттық патент ведомствосы
Мемлекеттiк "Қазақстан" теле-радио хабарларын тарату
компаниясы
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Қазақстан Республикасының Жоғары
аттестациялық комиссиясы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
жекешелендiру қоры
Министрлiктер мен ведомстволар жанындағы бас
басқармалар, комитеттер, департаменттер
Министрлiктер мен ведомстволардың жергiлiктi
жерлердегi дербес бөлiмдерi, басқармалары мен
комитеттерi
Жергiлiктi әкiмшiлiктер
Жергiлiктi әкiмшiлiктердiң бөлiмдерi, басқармалары
мен комитеттерi
"Сауда өкiлдiктерi
"Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясы
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi /орталық аппараты/
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпараттық қорғау жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссия";