Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Атқарушы өкiметтiң орталық органдарының жүйесiн ретке келтiру туралы", "Мемлекеттiк басқару орталық органдарының тiзбесi туралы" 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1219, N 1220 жарлықтарын орындау үшiн және Қазақстан Республикасының Жер қойнауы мен минералдық шикiзатты қайта өңдеу туралы кодексiне әрi Қазақстан Республикасының "Еңбектi қорғау туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ереже;
Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының органдары ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан қадағалап отыратын өнеркәсiп, өндiрiс салаларының, объектiлердiң және жұмыстардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Еңбек пен техника қауiпсiздiгiн қорғау саласында келiсiлген мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомына министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi атқарушы органдар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, олардың бiрлестiктерi, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын басқа да заңды және жеке тұлғалар орындауға мiндеттi шешiмдер шығару, сондай-ақ еңбектi қорғау заңдарына қайшы келетiн ведомстволық актiлердiң күшiн тоқтату құқы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы жобалау және жобалау-конструкторлық құжаттамалардың техникалық қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде тәуелсiз сараптау жүргiзудi, сондай-ақ өндiрiсте iстейтiн адамдар, халық және айналадағы орта үшiн аса қауiптi деп саналатын бiртектес өнiмдi сертификаттау мен лицензиялауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппаратын және оның жергiлiктi органдарын (округтерi мен инспекцияларын) ұстауды қаржыландыру шығыны республикалық бюджеттiң есебiнен, сондай-ақ iшiнара шаруашылық қызмет есебiнен жүзеге асырылатын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Комитет төрағасы басқарады.
Комитет Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды.
Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының Төрағасы материалдық-тұрмыстық, көлiктiк және медициналық қызмет көрсету жағдайы жөнiнен Қазақстан Республикасының Министрiне, Төрағаның орынбасарлары - Қазақстан Республикасы Министрiнiң орынбасарларына, орталық аппараттың қызметкерлерi - Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiне теңестiрiлсiн.
Округ бастықтарына және олардың орынбасарларына санаториялық-курорттық қызмет көрсету тиiстi облыстық басқару органдарының басшылары үшiн айқындалған жағдайларды қолдана отырып жүзеге асырылсын.
6. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомына Төрағаның үш орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi және құрамында 9 адамы бар алқаның болуына, бекiтiлген сан шегiнде Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының орталық аппаратында жұмыс iстеу үшiн мамандар шақыруға рұқсат етiлсiн.
7. Былай деп белгiленсiн:
Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезде заңмен қорғалады. Мемкенқадағалаукомының қызметкерi қызметiн жүзеге асыруға байланысты орташа жарақат алған жағдайда оған кейiннен бұл соманы кiнәлi адамдардан өндiрiп ала отырып, республикалық бюджеттiң қаражатынан бес айлық лауазымдық жалақысы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi;
Мемкенқадағалаукомының қызметкерi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кәсiптiк қызметiмен одан әрi шұғылдану мүмкiндiгiнен айыратын ауыр дене жарақатын алған жағдайда оған кейiннен бұл соманы кiнәлi адамдардан өндiрiп ала отырып, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен бес жылға шаққандағы ақша мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы, сондай-ақ оның қызметтегi жалақысы мен зейнетақысының (өмiрлiк) мөлшерi арасындағы айырма төленедi.
Мемкенқадағалаукомының қызметкерi қызмет бабымен жүргенде мерт болған немесе Мемкенқадағалаукомында жұмыс iстеп жүрген кезiнде алған жарақаттың, аурудың салдарынан жұмыстан босағаннан кейiн қайтыс болған жағдайда, мерт болған (қайтыс болған) адамның отбасына я болмаса оның қарауындағыларға (мұрагерлерге) кейiннен бұл соманы кiнәлi адамдардан өндiрiп ала отырып республикалық бюджет қаражатынан мерт болған (қайтыс болған) адамның соңғы iстеген қызметi бойынша он жылға шаққандағы ақша мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi;
Мемкенқадағалаукомы органының қызметкерi қызметтiк мiндетiн атқару барысында мерт болған жағдайда оның отбасына немесе қарауындағы адамдарына асыраушысынан айрылуына байланысты ай сайын алатын еңбекақысының мөлшерiнде өмiрлiк зейнетақы тағайындалады.
Ескерту. 7-тармақтың екiншi абзацынан сөздер алынып тасталған-
ҚРМК-нiң 1995.12.21. N 1826 қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы жергiлiктi органдарының қызметкерлерi үшiн сыныптық шен енгiзiледi және бiрыңғай киiм нысанын берудiң қолданылып жүрген тәртiбi сақталады.
Мемкенқадағалаукомының жергiлiктi органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шенi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап бюджеттi қарағанда Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомына құрал-жабдықтар, авария болған жерге, жарақат орын алған жағдайлар мен шалғайдағы объектiлерге жедел баруды қамтамасыз ету мақсатында аймақтық органдар үшiн құрал-жабдықтар, 10 арнаулы жеңiл автомашина алуға, сондай-ақ қызмет үй-жайларын күрделi жөндеуге, тұрғын үй құрылысына қаражат бөлудi көздейтiн болсын.
Мемкенқадағалаукомы органдарының тұрақты iссапарымен байланысты жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, Мемкенқадағалаукомына Комитетте есеп айырысу жөнiндегi iссапар шығынының сомасын бөлу қарастырылсын.
10. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомымен келiсiлген нысан бойынша, бiр ай мерзiмде республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының өнеркәсiп салаларында алынған жарақат жөнiнде тоқсан сайын есеп жүргiзудi енгiзсiн және оны Мемкенқадағалаукомына табыс етiп отырсын.
11. "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы, Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдарының басқармалары аварияны, қайғылы жағдайлар мен басқа да оқиғаларды зерттеу үшiн бара жатқан Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының қызметкерлерiне қызметтiк және iссапарлық куәлiктерiн көрсетуi бойынша бiрiншi кезекте жол жүру билеттерi бөлiнуiн қарастыратын болсын.
12. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР-iнiң Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" 1982 жылғы 7 шiлдедегi N 289 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 16, 66-бап) күшi жойылды деп есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 8 сәуiрдегi
N 355 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты
қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы) мемлекеттiк басқарудың орталық органы болып табылады, Қазақстан Республикасының министрлер кабинетi оған тiкелей басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, Еңбектi қорғау және Кәсiпорындар туралы заңдарды, Жер қойнауы және минералдық шикiзатты қайта өңдеу туралы кодекстi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң басқа заңдары мен актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомының құзырына енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң жобаларын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен шешiмдерiн әзiрлейдi және оларды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы республика аумағында өзiне жүктелген мемлекеттiк қадағалауды тiкелей және өздерi құрған округтер, инспекциялар мен басқа да органдар арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы және оған ведомстволық бағыныстағы органдары Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының бiртұтас жүйесiн құрайды.
Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес техникалық қауiпсiздiктi мемлекеттiк реттеу мен қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру, сондай-ақ Комитеттiң және оның жергiлiктi органдарының лауазымды адамдарының негiзсiз талаптары мен әрекеттерi үшiн жауап бередi.
Мемлекеттiк қадағалаудың жүзеге асырылуы министрлiктердi, ведомстволарды, өндiрiс орындарын, ұйымдарды және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi, өндiрiстi, технологияны, машиналарды, механизмдердi және басқа бұйымдарды жобалау, құру, қолдану, өндiрiсте пайдалану кезiнде техникалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жауапкершiлiгiнен босатпайды. Аталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi талаптар мен нормаларға жауап бермейтiн кәсiпорындарды, өнеркәсiп пен объектiлердi жұмысқа жiбермеуге мiндеттi.
2. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомының негiзгi мiндеттерi:
техника қауiпсiздiгi саласында бiртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзу, министрлiктермен, ведомстволармен, кәсiпорындармен, ұйымдармен шаруашылық қызметтi және басқа субъектiлермен бiрлесiп, ағымдағы және болашақтағы мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды, кәсiпорындар мен ұйымдардағы авариялардың және жарақаттардың алдын алуды, республикада аталған проблемалар жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзудi үйлестiрудi әзiрлеу әрi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерi мен ведомстволарының, меншiк нысандарына қарамастан республика аумағындағы еркiн экономикалық аймақтарды қоса, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, басқа шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi талаптарды сақтауына тәуелсiз мемлекеттiк қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
авариялар мен өндiрiстiк жарақат алудың туындауын табу, себебiн және жағдайын талдау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi талаптардың орындалуына мемлекеттiк қадағалауды жетiлдiру;
жергiлiктi басқару органдарымен, министрлiктермен, кәсiпорындармен, ұйымдармен және басқа шаруашылық қызмет субъектiлерiмен бiрлесе отырып, авариялар мен өндiрiсте жарақат алудың алдын алу жөнiндегi шаралар әзiрлеу;
ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiнiң негiзiнде қадағаланатын өндiрiстiң, объектiнiң, бұйымдар мен жұмыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық талаптарды қалыптастыру және жетiлдiру;
қадағалауға алынған кәсiпорындардағы технологиялық процестерде пайдаланылатын (процестер, қызмет көрсетулер) өнiмдер мен жабдықтарды сертификаттау, техникалық қауiпсiздiк шарттары мен лицензияларды сақтауға бақылау жөнiндегi көтерiңкi талаптар қойылатын өндiрiстер, технологиялар, объектiлер мен бұйымдар құруға рұқсат (лицензия) беру;
Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының, кәсiпорындарының, ұйымдарының және басқа шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң әрi жергiлiктi өкiмет органдарының өз құзырына жататын мәселелер жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
жергiлiктi органдарының жұмысын әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету және үйлестiру;
жұмысты қауiпсiз жүргiзу саласындағы заңдарды қолданудың практикасын жинақтап, қорыту және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы:
көмiр, руда кенi және руда емес, металлургия, химия, мұнайхимия, мұнай және газ өндiру, мұнай және газ өңдеу өнеркәсiбiнде, әскерилендiрiлген кен құтқару, фонтанға қарсы және газ құтқару бөлiмдерiнде; магистралды мұнайгаз өнiмдерiнiң құбырларында; астық өнiмдерiнiң жарылу, өрт шығу қаупi бар объектiлерiнде, жер астында көлiктiк және гидротехникалық құрылыс жұмыстарын жүргiзген кезде, геологиялық-барлау жұмыстары кезiнде, құрылыстағы басым қаупi бiр объектiлерде және басқа салалардағы жарылыс, өрт әрi жарақат алу қаупi басым объектiлер мен өндiрiстердегi қауiпсiздiктiң жай-күйiне;
жарылғыш заттардың дайындалуына, сақталуына әрi пайдалануына;
табиғи және сұйытылған (пропан-бутан) газдың, әсерi күштi улы заттардың тасымалдауына, сақталуына және пайдалануына;
көтергiш құралдардың, қысыммен жұмыс iстейтiн бу және су жылытқыш қазандықтардың, бу мен ыстық суға арналған труба құбырларының, қауiптiлiгi басым және басқа объектiлердiң орнатылуына, дайындалуына, монтаждалуына және қауiпсiз пайдалануына;
темiр жол көлiгi құрылымдық бөлiмшелерi мен қызметiнiң қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi ережелер мен нұсқауларды сақтауына;
жылы, минералды сулар мен емдiк балшық орындарының пайдаланылуына;
оларда объектiлердi орналастыру үшiн кәдеге жаратылған кен орнының және табиғи жер асты тiлкемдерiнiң жай-күйiне әрi пайдалану қауiпсiздiгiне;
техникалық жағынан қауiпсiз бөлiктегi пайдалы қазбалардың кен орындарын әзiрлеген кезде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының өнеркәсiптiң, жұмыс түрлерiнiң және объектiлердiң аталған салаларына қатысты қызметi жобалауды, құрылыс жүргiзудi, пайдалануды және таратуды, сондай-ақ жабдықтарды, заттарды, материалдарды және оларды қолдану, әзiрлеу кезiнде техникалық қауiпсiздiктiң шарттары мен нормаларының қамтамасыз етiлуiн қоса, олардың тiршiлiк қызметiнiң барлық кезеңдерiне таратылады.
4. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес;
қадағалауға алынған өндiрiс пен объектiлердегi техникалық қауiпсiздiктi мемлекеттiк реттеудiң тәртiбi мен көлемiн белгiлейдi;
өндiрiстiң, объектiлер мен жұмыс түрлерiнiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк, ұлттық және аймақтық бағдарламаларды дайындауға қатысады, еңбек қауiпсiздiгi саласында маманданған ғылыми-зерттеу институттарының қызметiн үйлестiредi;
өзiнiң құзырына енетiн мәселелер бойынша мемлекеттiк және аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды;
жұмыстарды жүргiзудiң, жабдықтарды орнату мен пайдаланудың қауiпсiздiгi жөнiндегi, сондай-ақ жер қойнауын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк талаптарды техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде (ережелер мен нормаларды) белгiленген тәртiппен әзiрлеудi әрi бекiтудi ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының, кәсiпорындарының, ұйымдарының, шаруашылық қызметтегi және басқа субъектiлерiнiң жұмыстарды жүргiзу, жабдықтарды орнату мен пайдалану жөнiндегi талаптарды түзiлген мемлекеттiк стандарттарының жобаларын және басқа нормативтiк құжаттарын қарайды әрi келiседi;
жұмыстарды жүргiзудiң, жабдықтарды орнату мен пайдаланудың қауiпсiздiгi жөнiндегi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үшiн ортақ талаптарды (ережелер мен нормаларды) әзiрлеуге қатысады әрi олардың заң шеңберiндегi және өзiнiң құзырындағы күшiн Қазақстан Республикасының аумағына таратады, аталған ережелер мен нормалардың күшiне ену тәртiбiн айқындайды, қажет жағдайда қосымша талаптар белгiлейдi;
оларды мемлекеттiк және ТМД үшiн ортақ стандарттарға көшiрген кезде жұмыстардың жүргiзiлуi мен жабдықтардың орнатылу қауiпсiздiгiне ықпал ететiн талаптар түзiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үшiн ортақ стандарттардың, сондай-ақ Халықаралық стандарттардың жобаларын әзiрлеуге әрi келiсуге қатысады; жұмыстарды жүргiзудiң, жабдықтарды орнату мен пайдаланудың қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелер мен нормалар қарастырылған талаптардың тұтастығын қамтамасыз етедi, аталған нормативтiк құжаттардың әзiрленуi мен жетiлдiрiлуiн бақылайды;
қадағаланатын өндiрiстi, объектiлердi, тетiктердi және жұмыс түрлерiн тiркеу мен есепке алудың, басым қауiптiлiгiне байланысты қызметтiң жекелеген түрлерiне рұқсат (лицензия) берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
лицензиялануға және мiндеттi түрде сертификаттауға жататын қызмет түрлерiнiң, өнiмдер мен жабдықтардың (процестер мен қызмет көрсетулер) тiзбесiн белгiленген тәртiппен әзiрлейдi әрi бекiтедi;
газ қадағалау объектiлерiн, бу және су жылытқыш қазандарды, қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды, бу мен ыстық су жүретiн труба құбырларын және көтергiш құрылғыларды тiркейдi, қазандықтарды қадағалау, көтергiш құрылғылар объектiлерiнiң кәсiпорындармен және ұйымдармен уақтылы куәландырылуын бақылайды;
қадағалауға алынған кәсiпорындардың, ұйымдардың, шаруашылық қызметтегi және басқа субъектiлердiң қызметiне әлеуметтiк тұрғыдан қауiптi, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк жұмыстарды жүргiзуiне, сондай-ақ қауiптiлiгi басым жұмыстарға байланысты қадағалауға алынған салаларда пайдалануы көзделген машиналарды, тетiктердi және басқа бұйымдарды дайындауға рұқсат (лицензия) бередi;
дайындаушы зауыттарда (құрастырудың техникалық тапсырмасын) келiсу кезеңiнде және тәжiрибелiк үлгiлердi қабылдаған кезде, жөндеу кәсiпорындарында және пайдаланған кезде қауiпсiздiк жөнiндегi көтерiңкi талаптар қойылатын машиналардың, тетiктердiң және жабдықтардың, сондай-ақ жарылыс қауiпсiздiгi сақталып орындалған электр-техникалық бұйымдардың техникалық қауiпсiздiктiң стандарттарына, ережелерi мен нормаларына сәйкестiгiн тексередi, олардың сәйкессiздiгi жағдайында шығарылуын тоқтатады әрi қолдануға тыйым салады;
объектiлердi пайдалануға қабылдап алу ережесiнiң сақталуын бақылайды, техникалық қауiпсiздiк жөнiнде көтерiңкi талаптар қойылатын жарылғыш материалдарға өнеркәсiптiк сынақ жүргiзу және кен-шахта жабдықтары мен электр-техникалық бұйымдардың жаңа үлгiлерiне қабылдау сынақтарын жүргiзу жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысады, қадағалауға алынған кәсiпорындардың технологиялық процестерiнде пайдаланылатын өнiмдер мен жабдықтарды (процестер, қызмет көрсетулер) сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады, осы бұйымдарды сынақтан өткiзуге және тұрақты қолдануға рұқсат (лицензия) бередi;
қадағалауға алынған кәсiпорындар мен объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына өздерiнiң өкiлдерiн тағайындайды;
бақылауындағы өндiрiстер мен объектiлерде авариялардың және өндiрiстiк жарақат алудың жолын кесу, кәсiпорындардың және ұйымдардың мүмкiн болар авариялар мен олардың зардаптарын жоюға дайын болуы жөнiндегi шаралардың әзiрленуiн әрi өткiзiлуiн қадағалауды жүзеге асырады;
қадағалауға алынған өндiрiстер мен объектiлер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiне талапты айқындайды, жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша олардың бiлiмiн тексерудiң тәртiбiн белгiлейдi;
жарылғыш материалдарды сақтауға байланысты жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн қызметкерлер даярлау жөнiндегi курстардың, сондай-ақ кен және жарылыс жұмыстарын жүргiзуге жауаптылық құқына ие мамандар даярлау жөнiндегi курстардың ұйымдастырылуын келiседi;
өндiрiстiң жарылыс, жарылу-өртену және өртену қауiптiлiгi жөнiнен тиiстi санатқа жатқызылуының дұрыстығына әрi өндiрiстi бiр санаттан екiншiсiне көшiрудiң дұрыстығына қадағалау, сондай-ақ қолданылған санаттағы жабдықтың жарылыс қаупi бар қоспа тобына әрi жарылыс, өрт қаупi бар аймаққа сәйкестiгiне бақылау белгiлейдi;
кәсiпорындардың ұсынуы бойынша, газ жөнiндегi шахталардың (кенiштердiң) тиiстi санаттарын белгiлейдi, оларды тозаңды, жынысты, руданы, көмiр мен газды кенеттен лақтыруы, кен екпiнi жөнiнен қауiптiлер қатарына жатқызады әрi шахталардың (кенiштердiң) газ жөнiнен бiр санаттан екiншiсiне көшiрiлуiн бекiтедi;
кәдеге жаратылған кен орындарын әрi табиғи жер асты тiлкемдерiн шаруашылық мақсаттарға пайдаланған кезде және минералдық шикiзатты ұқсатқанда кен мен геологиялық барлау жұмыстарының қауiпсiз жүргiзiлуiн геологиялық-маркшейдерлiк қамтамасыз етуге қадағалауды жүзеге асырады, кен жұмыстарын қауiпсiз жүргiзудiң шекарасын белгiлеудiң, кен жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйiне зиянды ықпалының алдын алу мен болдырмау жөнiндегi, сондай-ақ шахталар мен кенiштерге судың, зиянды әрi қауiптi заттардың лықсып өтуiнiң алдын алу жөнiндегi шараларды өткiзудiң дұрыстығын тексередi;
пайдалы қазбаларды немесе олардың бiр бөлiгiн, мұнай, газ және гидротермальдық ұңғымалар өндiру жөнiндегi кәсiпорындарды таратудың әрi консервациялаудың арнайы жобасын келiседi;
министрлiктермен, ведомстволармен, бiрлестiктермен, кәсiпорындармен, ұйымдармен, шаруашылық қызметтегi және басқа субъектiлермен бiрлесiп, оларда объектiлер орналастыру үшiн кәдеге жаратылған кен орындары мен табиғи жер асты тiлкемдерiн iрiктеуге қатысады;
жұмыстардың техникалық қауiпсiздiгi бөлiгiнде кен орындарын (Қазақстан Республикасының теңiздегi экономикалық аймағының континенталдық шельфiндегi және iшкi тоғандар шегiндегi гидроминералдық жансыз ресурстарды қоса) барлау мен әзiрлеудiң дұрыстығын, әскерилендiрiлген (мамандандырылған) кен құтқару, фонтанға қарсы және газ құтқару бөлiмдерiнiң кәсiпорындардағы аварияны жоюының, алдын алу жұмыстарын жүргiзуiнiң жай=күйiн және дайындығын бақылайды;
аталған бөлiмдердiң жарғыларын, ережелерiн және Қазақстан Республикасының аумағында орналасу схемасын қарайды әрi келiседi;
Қазақстан Республикасының Мемстандартымен бiрлесiп қауiптiлiгi басым өнiмдердi (процестер, қызмет көрсетулер) сертификаттау жөнiндегi ұйымдар мен сынақ лабораторияларын аккредиттеудi жүргiзедi, олардың сертификаттау ережелерiн сақтауын бақылайды, техникалық құзыреттiлiгiн белгiлейдi.
5. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы алға қойылған тапсырмаларды шешу және жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:
Комитеттiң құзырына жататын мәселелер бойынша кәсiпорындарды, ұйымдар мен объектiлердi кез келген уақытта тексеруге, сондай-ақ тиiстi министрлiктермен, кәсiпорындармен және ұйымдармен келiсе отырып, аталған тексерулердi жүргiзу үшiн олардың мамандарын тартуға;
министрлiктерге, мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарына ұсыныстар енгiзуге және қадағалауға алынған кәсiпорындардың, ұйымдардың, шаруашылық қызметтегi және басқа субъектiлердiң сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының қадағалауында объектiлерi бар жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары басқармалары мен бөлiмшелерiнiң жұмыс қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың бұзылуына алып келетiн себептер мен жағдайларды жоюға арналған орындалуы мiндеттi ұйғарымдар шығаруға, сондай-ақ осындай тәртiп бұзушылықтарға, техникалық қауiпсiздiктi бұза отырып жүргiзiлетiн жұмыстарды тоқтатуға әрi тыйым салуға;
егер техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлмесе, жұмыстарды жүргiзу құқына рұқсатты қайтарып алуға, тiршiлiкке қауiп төнген немесе авария туындаған жағдайда жұмыс орнын, жабдықтарды мөрлеуге, адамдарды ол жерден аластатуға;
техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi талаптарға сәйкессiздiк жағдайында қадағалауға алынған кәсiпорындар, ұйымдар, өндiрiстер, объектiлер мен бұйымдар бойынша жобалардың, техникалық және жобалық-конструкторлық құжаттамалардың орындауға берiлуiне, сондай-ақ қадағалауға арналған бұйымдар мен өнiмдердiң тиелуiне тыйым салуға;
жабдықтарды әзiрлеушi, дайындаушы және монтаждаушы кәсiпорындар, ұйымдар, шаруашылық қызметтегi және басқа субъектiлер орындауға мiндеттi конструкциядағы кемшiлiктердi, сондай-ақ дайындау мен монтаждаудағы пайдаланудың қауiпсiздiгiн төмендететiн кемшiлiктердi жою туралы нұсқау беруге;
техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мен нормалардың бұзылуына кiнәлi кәсiпорындар мен ұйымдарды, адамдарды заңда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың, шаруашылық қызметтегi басқа да субъектiлердiң, жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары басқармаларының және бөлiмдерiнiң басшыларына жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi талаптарды жүйелi түрде немесе өрескел бұзатын, Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомы органдарының ұйғарымын орындамайтын, Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының нұсқауы бойынша тоқтатылған жабдықтар мен объектiлерде жұмысты өз бетiнше қайта бастайтын және оларды пайдалануға жол беретiн, жарылғыш материалдарды анықтау мен пайдаланудың белгiленген тәртiбiн бұзатын, қазандықтарды қадағалау, көтергiш құралдар мен газ шаруашылығы объектiлерiн дайындауға, монтаждауға және пайдалануға байланысты кен, бұрғылау, жарылыс, маркшейдерлiк, газ қауiпсiздiгi, электр-техникалық жұмыстарға басшылық жасауға құқы жоқ, техникалық қауiпсiздiктiң ережелерi мен нормаларын бiлудi белгiленген тәртiпте үйренбеген және тексеруден адамдарды белгiленген тәртiппен қызметiнен босату туралы ұсыныс енгiзуге, сондай-ақ қызметкерлерден айрықша қауiптi технологиялық процестер мен жұмыстарды жүргiзуге рұқсатты (лицензияны) қайтып алуға кiнәлi адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды прокуратура органдарына беруге;
қадағалауға алынған кәсiпорындар мен объектiлерде жарақат алу, авариялар болу және жарылғыш заттардың жоғалуы жағдайларын техникалық тергеудi белгiленген тәртiппен жүргiзуге (қатысуға), Комитеттiң құзырына жататын мәселелер бойынша тергеу нәтижесi негiзiнде орындалуы мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
министрлiктерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға, шаруашылық қызметтiң және басқа субъектiлерiне Қазақстан Республикасы Мемкенқадағалаукомының құзырына жататын мәселелер жөнiнде ғылыми-зерттеу, жобалау және жобалау-конструкторлық жұмыстар жүргiзу туралы ұсыныс енгiзуге;
қажет болған жағдайда министрлiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, шаруашылық қызметтегi және басқа субъектiлердiң жабдықтар мен материалдарға бақылау сынағын жасауын, жұмыс ортасын бақылау мен талдауды, жобалау және жобалау-конструкторлық шешiмнiң қауiпсiздiк жөнiндегi нормалар мен ережелерге сәйкестiгi бөлiгiне тәуелсiз сараптау тағайындауға;
жобалау шешiмдерiнiң қадағалауға алынып жұмыс iстеп тұрған, құрылысы жүргiзiлiп жатқан және қайта жаңартылу үстiндегi кәсiпорындардағы, өндiрiстердегi және объектiлердегi, соның iшiнде жер қойнауын пайдаланушылар мен орнын бөлуге лицензия алған жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын көмуге және сарқынды суларды ағызуға пайдаланған кездегi пайдалы қазбалардың кен орнын игерудiң техникалық жобалардың техникалық қауiпсiздiк ережелерi мен нормаларына сәйкестiгiне iрiктелген тәуелсiз сараптау ұйымдастыруға және жүргiзуге;
келiсiм бойынша жұмыс орнындағы еңбекақысын сақтай отырып сарапшы ретiнде министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындардан, ұйымдардан, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық институттардан, жоғары оқу орындарынан, монтаждау мен құрылыс ұйымдарынан мамандар тартуға;
кен, геология, химия-металлургия цехтарындағы және өндiрiстегi, атом-энергетика өнеркәсiбiнiң әскерилендiрiлген кен құтқару бөлiмдерiндегi, астық өнiмдерiнiң жарылу, өртену қаупi басым объектiлерiндегi техникалық қауiпсiздiктiң жай-күйiн, құрылымдық бөлiмшелердiң, темiр жол көлiгi қызметiнiң көлiктiк құрылыс, магистралдық газ, мұнай өнiм құбырларының қызметi кәсiпорындармен, ұйымдармен, шаруашылық қызметтiң және өзге субъектiлерiмен шаруашылық шарт негiзiнде, ал шетел фирмаларымен және бiрлескен кәсiпорындармен валюта негiзiнде жүзеге асырылатын және қаржыландырылатын жарылау, өрт пен жарақат алу қаупi бар және басқа өнеркәсiп салаларының объектiлерiнде қауiптi жүктердiң тасымалдануы жөнiндегi ережелер мен нұсқаулардың сақталуын мемлекеттiк қадағалауға;
Мемкенқадағалаукомы органдарының қызметiне енбейтiн мәселелер жөнiнде кәсiпорындарға, ұйымдарға, шаруашылық қызметтегi және басқа субъектiлерге ақылы қызмет көрсетуге;
министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бiрлесiп, өндiрiстi (технологияны), объектiлердi жобалау, орналастыру, құрылысын жүргiзу, пайдалану және тарату кезеңiндегi техникалық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша тәуелсiз сараптау құруға;
кен жұмыстарын дамытудың кәсiпорындар ұсынған жоспарын келiсуге әрi олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын немесе учаскелердi (қазылатын жерлер) әзiрлеудiң техникалық және жергiлiктi жобаларының, минералдық шикiзаттарды өндiру мен ұқсату жөнiндегi кәсiпорындардың құрылысын жүргiзу мен қайта жаңартуға арналған жобалаулары мен жобаларының техникалық қауiпсiздiк бөлiгiне қатысты мiндеттердiң сақталуын бақылауға;
министрлiктерден, мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарынан, кәсiпорындардан, ұйымдардан, шаруашылық қызметтегi және басқа субъектiлерден техникалық қауiпсiздiктiң, авариялардың, өндiрiстiк жарақаттардың жай-күйi туралы, жұмыс көрсеткiштерi мен жабдықтардың iстен шығуының себептерi туралы, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларды, нормативтiк-техникалық құжаттамаларды және басқа ақпараттарды, бақылаудағы өндiрiске, объектiлер мен технологиялық процестерге арналған техникалық құжаттамаларды, ал лауазымды адамдар мен қызметкерлерден - Мемкенқадағалаукомы органдарының құзырына жататын мәселелер бойынша түсiнiктер әзiрлеу туралы мәлiметтер алуға;
бақылауға алынған кәсiпорындарда, өндiрiстерде, объектiлерде, ұйымдарда, оқу комбинаттары мен кәсiптiк-техникалық училищелерде және басқа оқу орындарында қызметкердi жұмысқа жiберудiң, оларға нұсқау беру мен оқытудың белгiленген тәртiбiнiң сақталуын, маманның қолында оған кен, бұрғылау, жарылыс, маркшейдерлiк, электр техникалық және газ жұмыстарына басшылық жасау құқын беретiн құжаттардың, ал қызметкерлерде - жарылыс, газ қауiптiлiгi, қауiптiлiгi басым және басқа жұмыстарды жүргiзу құқына арналған құжаттардың болуын тексеруге, жауапкершiлiгi айрықша жұмыстарға қабылдау үшiн белгiленген арнайы талаптардың сақталуын бақылауға;
мамандардың қауiпсiздiктiң ережелерi мен нормаларын, технологиялық регламенттердi және жұмысшылардың еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқауды бiлу дәрежесiне iрiктелген тексеру жүргiзуге, кәсiпорындардың, ұйымдардың, объектiлердiң жаңадан тағайындалған басшыларының және белгiленген мерзiмде қалған мамандардың қауiпсiздiктiң ережелерi мен нормаларына қатысты бiлiмiн тексеруге қатысуға;
қадағалауға алынған өндiрiстiң, объектiлер мен механизмдердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, соның iшiнде нормативтiк-техникалық құжаттарды келiсу мен бекiту, объектiлердiң жобаларын және қадағалауға алынған бұйымдарды қарау кезiндегi мәселелер жөнiнде министрлiктердiң, ведомстволардың, шаруашылық қызметтегi және басқа субъектiлердiң арасындағы келiспеушiлiк жағдайында түпкiлiктi шешiм қабылдауға;
халықты және жұмыс iстеушiлердi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, соның iшiнде қоғамдық ұйымдар мен халық депутаттарының сұрау салуы бойынша, қадағалауға алынған өндiрiстегi, объектiлердегi техникалық қауiпсiздiктiң және өндiрiстiк жарақат алудың жай-күйi туралы хабардар етiп отыруға құқылы.
6. Осы Ереженiң 5 тармағында көзделген құқықтар Қазақстан Республикасының Мемкенққадағалаукомы органдарының лауазымдағы