ЖЕР ҚОЙНАУЫН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ, ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ӨНДIРУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ МАҚСАТТАРҒА ПАЙДАЛАНУ ҮШIН БЕРУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 сәуiрдегі N 377 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Геологиялық зерделеу мен пайдалы қазбаларын өндiру үшiн жер қойнауын пайдалануды ретке келтiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 1637  U941637_ Жарлығын орындау үшiн және жер қойнауын игеруге отандық және шетел инвестицияларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жер қойнауын барлауға және (немесе) пайдалы қазбаларын өндiруге беру (лицензиялау) және жер қойнауын өзге мақсаттарға пайдалану жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жұмыс органы болып белгiленсiн. 
      2. Былай деп белгiленсiн: 
      жер қойнауын геологиялық зерделеуге және (немесе) пайдалы қазбаларын өндiруге Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал кең таралған жалпы пайдалы қазбалар бойынша, соның iшiнде өз аумақтарында құрылыс жүргiзушi құрылыс ұйымдарына жер қойнауын басымдық тәртiбiмен Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң аймақтық басқармаларының ұсынуы бойынша облыстардың әкiмдерi бередi. Барлық жағдайда да лицензия Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан берiледi. 
      жер қойнауын пайдалану (немесе жер қойнауының учаскесiн барлау жүргiзуге қосу және (немесе) (пайдалы қазбалар өндiру) құқығын (лицензиясын) алу үшiн барлық министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi әкiмдер, заңды және жеке тұлғалар, оның iшiнде шетелдiк тұлғалар Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне, ал кең таралған жалпы пайдалы қазбалар кен орындары бойынша Үкiметтiң немесе облыс әкiмдерiнiң тиiстi шешiмiн дайындау үшiн аумақтық басқармаларына өтiнiмдер беруге тиiс. 
      Өтiнiмдер берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қаралуға және олар қабылданғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң арнаулы журналында (бюллетенiнде) жариялануға тиiс. 
     3. Жер қойнауын пайдалану шарттары мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге алынуға және олар Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне, ал кең таралған жалпы пайдалы қазбалар бойынша оның аумақтық басқармаларына сақтауға берiлуге тиiс. Тiркеу фактiсi арнаулы актiмен куәландырылады. Жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiмен немесе жергiлiктi әкiмдермен бұрын келiсiмдер (шарттар, контракттар) жасасқан шетелдiк компаниялар жер қойнауын пайдалану шарттарын бiр ай мерзiм iшiнде тiркетiп, түп нұсқасын Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне немесе оның аумақтық басқармаларына мемлекеттiк сақтауға тапсырсын. 
      4. Пайдалы қазбалар учаскелерiн немесе кен орындарын барлауға және (немесе) игеруге инвестициялар тарту үшiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi мiндеттi түрде пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге лицензия алу құқығына конкурс ұйымдастыратын болсын. 
      Халықаралық конкурстар мен олардың шарттарын Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жариялайды. 
      Жер қойнауын пайдалануға үкiмет лицензиясын алған тұлғамен келiссөз жүргiзу мен келiсiм (контракт) дайындауды әрбiр нақтылы жағдайда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген құзырлы орган жүзеге асырады.
      5. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi 1994 жылғы 1 маусымға дейiн Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау туралы Ереже әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне табыс етсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

О порядке предоставления недр для геологического изучения, добычи полезных ископаемых и пользования в иных целях

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 апреля 1994 года N 377. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2008 года N 406.

       Сноска. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 апреля 1994 года N 377 утратило силу постановлением Правительства РК от 04.05.2008  N 406 .

      Во исполнение  Указа Президента Республики Казахстан от 5 апреля 1994 г. N 1637 "О дополнительных мерах по упорядочению недропользования для геологического изучения и добычи полезных ископаемых" и в целях стимулирования отечественных и иностранных инвестиций в освоении недр Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет: 
      1. Определить Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан рабочим органом Правительства Республики Казахстан по предоставлению (лицензированию) недр в пользование для разведки и (или) добычи полезных ископаемых и пользования недрами в иных целях. 
      2. Установить, что: 
      недра для геологического изучения и (или) добычи полезных ископаемых предоставляются по представлению Министерства геологии и охраны недр Республики Казахстан - Правительством Республики Казахстан, а по общераспространенным полезным ископаемым, в том числе в приоритетном порядке для строительных организаций, ведущих строительство на их территориях, по представлению территориальных управлений Министерства геологии и охраны недр - главами областных администраций. Во всех случаях лицензия выдается от имени Правительства Республики Казахстан; 
      заявки на получение права (лицензии) на недропользование (или предложения по вовлечению в разведку участка недр и (или) добычу полезных ископаемых) всеми министерствами, ведомствами, главами местных администраций, юридическими и физическими лицами, в том числе иностранными, должны подаваться в Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан, а по месторождениям общераспространенных полезных ископаемых - в его территориальные управления для подготовки соответствующего решения Правительства или глав областных администраций. 
      Заявки подлежат рассмотрению в течение месяца со дня подачи и должны быть опубликованы в специальном журнале (бюллетене) Министерства геологии и охраны недр Республики Казахстан после их принятия. 
      3. Договоры на недропользование подлежат обязательной государственной регистрации и сдаче на хранение в Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан, а по общераспространенным полезным ископаемым - в его территориальные управления. Факт регистрации удостоверяется специальным актом. Всем недропользователям, в том числе иностранным компаниям, ранее заключившим соглашения (договоры, контракты) с Правительством Республики Казахстан или главам местных администраций, в месячный срок зарегистрировать и сдать на государственное хранение оригиналы договоров на пользование недрами в Министерство геологии и охраны недр Республики Казахстан или его территориальные управления. 
      4. Для привлечения инвестиций в разведку и (или) разработку участков или месторождений полезных ископаемых Министерству геологии и охраны недр Республики Казахстан, как правило, организовать конкурсы на право получения лицензии на разведку и (или) добычу полезных ископаемых. 
      Международные конкурсы и их условия объявляются Правительством Республики Казахстан по представлению Министерства геологии и охраны недр Республики Казахстан. 
      Переговоры и подготовку соглашений (контрактов) с лицом, получившим правительственную лицензию на недропользование, осуществляет компетентный орган, определяемый Кабинетом Министров Республики Казахстан в каждом конкретном случае. 
      5. Министерству геологии и охраны недр Республики Казахстан до 1 июня 1994 г. разработать Положение о лицензировании недропользования и представить в Кабинет Министров Республики Казахстан на утверждение. 
      Премьер-министр Республики Казахстан