Қазақстан Республикасы темiр жолдарының халықаралық темiр жол жүк қатынастары туралы келiсiм негiзiнде халықаралық және мемлекетаралық жүк тасымалын ұйымдастыруға көшуi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 4 мамыр 1994 ж. N 474 Қаулысы

      Халықаралық және мемлекетаралық қатынастарды (Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде) жүктердi темiр жолдармен тасығаны үшiн тасымал төлемiн алуды толық қамтамасыз ету және есеп айырысуды жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 

      1. 1994 жылдың 1 мамырынан бастап темiр жол көлiгi мен халықаралық және мемлекетаралық жүктердi тасу 1951 жылдың 1-қарашасынан бастап қолданылатын Халықаралық темiр жол жүк қатынастары туралы келiсiмде айқындалған шарттармен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. 

      2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң темiр жол әкiмшiлiктерi басшыларының ТМД мемлекеттерiнiң темiр жолдарымен жүк тасыған кезде Халықаралық темiр жол жүк қатынастары туралы Келiсiмнiң жекелеген баптарын қолдану ережелерiн белгiлегенi (Мемлекетаралық және халықаралық қатынастарда жүктердi тасымалдау құжаттарын ресiмдеу мен тасығаны үшiн тасымалдау төлемiн алу тәртiбi туралы 1994 жылғы 21 қаңтардағы келiсiм) қаперге алынсын. 
      Бұл ретте қолданылып жүрген халықаралық практикаға сәйкес: 
      - жөнелтiлетiн станцияда жөнелтушiден - жөнелтiлетiн станциядан Қазақстан Республикасы темiр жолының шекарасынан шығатын станциясына дейiнгi тасымалданатын қашықтық үшiн, ал ТМД мемлекеттерiнiң темiр жолдары бойынша темiр жолдар жанынан да, сол сияқты меншiк нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар тарапынан құрылатын экспедиторлық ұйымдар арқылы транзиттiк тасымалдау үшiн; 
      - әкелiнетiн станцияда жүктi алушыдан - Қазақстан Республикасы темiр жолының шекарасына кiретiн станциясынан әкелiнетiн станцияға дейiнгi қашықтыққа тасымалдағаны үшiн төлем алынады. 

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi: 
      - республика аумағында орналасқан, бiрақ Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы темiр жолдарының құрамына енетiн темiр жол станцияларында Қазақстан Республикасы "резиденттерiнiң" жүк тасығаны үшiн тарифтердi қолдану мен тасымалдау төлемiн есептеудiң шектес ТМД мемлекеттерiнiң темiр жол әкiмшiлiктерiмен келiсiлген тәртiбiн белгiлесiн; 
      Мемлекетаралық және халықаралық қатынастарда жүк тасығаны үшiн тасымалдау құжаттарын ресiмдеу мен тасымал төлемiн алу тәртiбi туралы келiсiмнiң жекелеген параграфтары мен баптарын қолдану тәртiбiн айқындасын және жүк иелерiнiң жүк бағасын жариялағаны үшiн қосымша алымның және иелерiнiң өтiнiмдерi бойынша жүктi тасу шарттарына жасаған өзгерiсi үшiн алымның ставкаларын бекiтсiн; 
      темiр жол станциялары арасындағы республикалық жүк тасқыны мен вагондар тасқынын ең ұтымды әрi экономикалық жағынан тиiмдi нұсқалар бойынша бағыттаудың тәртiбiн қарастырып, белгiлесiн. Республиканың темiр жолдарындағы станциялар арасында жүк тасығаны үшiн тасымал төлемдерi жөнелту станциясында баратын станциясына дейiнгi нақтылы қашықтық бойынша жүретiн жолының бәрiне алынатын болсын. 

      4. Жүк тасығаны үшiн тарифтiк есеп айырысу швейцариялық франкпен белгiленсiн. 

      5. Есеп айырысу: 
      Қазақстан Республикасының темiр жолдары бойынша транзитпен басқа мемлекеттердiң жүктерi тасылған кезде - еркiн айналыстағы немесе өзге де шарттық валютамен; 
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша республика "резиденттерi" жүзеге асыратын экспорттық-импорттық тасымалдау кезiнде - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен; 
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша республиканың "резидент еместерi" жүзеге асыратын экспорттық-импорттық тасымалдау кезiнде - еркiн айналыстағы валютамен немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен жүзеге асырылады. 
      Еркiн айналыстағы валюта Қазақстан Республикасының валютасына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң төлем күнiндегi бағамы бойынша айырбасталады.
      Жүк тасудан алынған валюталық түсiм ол темiр жолдың валюталық шотына түскеннен кейiн мiндеттi түрде сатылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

О пеpеходе железных доpог Республики Казахстан к оpганизации междунаpодных и межгосудаpственных пеpевозок гpузов на основе соглашения о междунаpодном железнодоpожном гpузовом сообщении

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 4 мая 1994 г. N 474

      В целях обеспечения полноты взимания провозных платежей за железнодорожные перевозки грузов в международных и межгосударственных (в рамках Содружества Независимых Государств) сообщениях и ускорения расчетов Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:

      1. Установить, что с 1 мая 1994 г. международные и межгосударственные перевозки грузов железнодорожным транспортом осуществляются на условиях, установленных Соглашением о международном железнодорожном грузовом сообщении, действующим с 1 ноября 1951 г.

      2. Принять к сведению, что руководителями железнодорожных администраций стран Содружества Независимых Государств определены правила применения отдельных статей Соглашения о международном железнодорожном грузовом сообщении при перевозках грузов на железных дорогах государств СНГ (Соглашение о порядке оформления перевозочных документов и взимания провозных платежей за перевозки грузов в межгосударственном и международном сообщениях от 21 января 1994 г.)
      При этом взимание платы за перевозки производится в соответствии с действующей международной практикой:
      с отправителя груза на станции отправления - за расстояние перевозки от станции отправления до пограничной выходной станции железной дороги Республики Казахстан, а за транзитные перевозки по железным дорогам государств СНГ - через экспедиторские организации, создаваемые как при железных дорогах, так и другими юридическими и физическими лицами, независимо от форм собственности;
      с получателя груза на станции назначения - за расстояние перевозки от входной пограничной станции железных дорог Республики Казахстан до станции назначения.

      3. Министерству транспорта Республики Казахстан:
      определить согласованный с железнодорожными администрациями сопредельных государств СНГ порядок применения тарифов и исчисления провозных платежей за перевозки грузов, осуществляемые "резидентами" Республики Казахстан на железнодорожных станциях, расположенных на территории республики, но входящих в состав железных дорог Российской Федерации, Республики Узбекистан и Кыргызской Республики;
      определить порядок применения отдельных параграфов и статей Соглашения о порядке оформления перевозочных документов и взимания провозных платежей за перевозки грузов в межгосударственном и международном сообщениях и утвердить ставки дополнительного сбора за объявления грузовладельцами ценности груза и сбора за изменение по заявке грузовладельцев условий договоров на перевозки;
      разработать и установить порядок направления республиканских грузопотоков и вагонопотоков между станциями железных дорог по наиболее рациональным и экономически целесообразным вариантам. Провозные платежи за перевозки грузов между станциями железных дорог республики взимать на станции отправления за весь путь следования до станции назначения по фактическому расстоянию.

      4. Определить, что расчет тарифа за перевозки грузов производится в швейцарских франках.

      5. Установить, что расчеты осуществляются:
      при перевозках грузов других государств транзитом по железным дорогам Республики Казахстан - в свободно конвертируемой или иной договорной валюте;
      при экспортно-импортных перевозках по территории Республики Казахстан, выполняемых "резидентами" республики, - в национальной валюте Республики Казахстан;
      при экспортно-импортных перевозках по территории Республики Казахстан, выполняемых "нерезидентами" республики, - в свободно конвертируемой валюте или национальной валюте Республики Казахстан.
      Перевод свободно конвертируемой валюты в валюту Республики Казахстан производится по курсу Национального банка Республики Казахстан на день платежа.
      Обязательная продажа валютной выручки, полученной за перевозки грузов, производится после зачисления ее на валютные счета железных дорог.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан