Кәсiптiк-техникалық училище оқушыларын материалдық қамтамасыз етудiң қолданылып жүрген шартын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Былай деп белгiленсiн:
10 ай және одан да көп мерзiм оқитын кәсiптiк-техникалық училищенiң оқушылары заттай норма бойынша тамақпен N 1 қосымшаға сәйкес қамтамасыз етiледi.
Кәсiптiк-техникалық училище директорларының оқушыларды тамақпен қамтамасыз ете алмаған төтенше жағдайда отбасында тұратын оқушыларға оқушылардың және олардың ата-аналарының өтiнiшi бойынша тамақтың орнына тамақ рационының белгiленген құны мөлшерiнде, сауда үстемесiн есептемегенде, ақшалай өтемақы беруге құқы бар. (Оқушылардың дәлелсiз себеппен қалған күндерiне ақшалай өтемақы төленбейдi).
Мұнан бөлек:
- өндiрiстiк практика кезiнде - сауда үстемесiмен бiрге;
- демалыс, мереке және басқа күндерi - сауда үстемесiнсiз;
- каникул кезiнде - оқу кезiндегi тамақ құнының 60 процентi мөлшерiнде (сауда үстемесiнсiз) тамақ орнына ақшалай өтемақы төленедi;
- оқу орны орналасқан жерде басқа жаққа барып практиканың барлық түрiнен өткен кезде 10 айға дейiнгi оқу мерзiмiмен күндiзгi бөлiмде оқитын кәсiптiк-техникалық оқу орындарының оқушыларына, практикаға барар жолда және керi қайтуын қоса, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерi iссапарының әрбiр күшiне байланысты қосымша шығынды өтеу үшiн қолданылып жүрген заңмен белгiленген тәулiктiк норманың 40 процентi мөлшерiнде тәулiктiк төленедi. Практикадан өтетiн жерге бару және керi қайту жолы толық мөлшерде төленедi.
10 ай және одан да көп мерзiм оқитын, тамақпен қамтамасыз етiлетiн кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушыларына, практикадан өтетiн жерге бару және керi қайту уақытын қоса, өндiрiстiк практикадан өткен кезде тамақ рационының құны сауда үстемесiмен бiрге төленедi. Сондықтан оқушылардың аталған санатына өндiрiстiк практика кезiнде тәулiктiк төленбейдi. Бұл оқушылардың практикадан өтетiн жерiне баруы мен керi қайту жолы толық мөлшерде төленедi;
10 ай және одан да көп мерзiм оқитын, толық емес, аз қамтамасыз етiлген от басылардан шыққан оқушылар кәсiптiк-техникалық училище кеңесiнiң шешiмiмен N 2 қосымшаға сәйкес арнаулы киiммен, киiммен және аяқ киiммен қамтамасыз етiледi.
Арнаулы киiммен, киiммен және аяқ киiммен қамтамасыз етуге мүмкiндiк болмаған жағдайда облыстық бiлiм беру басқармалары (кәсiптiк-техникалық бiлiм беру) ведомстволық бағыныстағы кәсiптiк-техникалық оқу орындарына белгiленген нормативтерге сәйкес арнаулы киiмнiң орнына төленетiн ақшалай өтемақы мөлшерiн айқындау құқын бередi.
Мұнан бөлек, аталған санаттағы оқушыларға басшылық шешiмiмен бөлiнген қаражат шегiнде материалдық көмек көрсетiледi;
кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушыларына мемлекеттiң есебiнен оқулықтар мен оқу құралдары, ал ата-аналарынан бөлек тұратын оқушыларға бұлардың сыртында N 3 қосымшадағы белгiленген нормативтерге сәйкес жеке гигиена заттары берiледi;
осы қаулыда көзделген оқушыларды материалдық қамтамасыз етудiң тәртiбi мен шарты барлық министрлiктердiң және ведомстволардың қарауындағы кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушыларына таратылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мына шешiмдерiне төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Жоғарғы, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының студенттерi мен оқушыларын киiндiру және тамақтандыруға арналған шығындардың заттай мөлшерi туралы" 1992 жылғы 28 тамыздағы N 720 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 34, 521-бап) қаулысының 2 тармағынан және N 1-4 қосымшалардың атауынан "кәсiптiк-техникалық училищелер мен", "Кәсiптiк-техникалық училищенiң",
"кәсiптiк-техникалық училищелердiң" сөздерi алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Оқушы жастарды
әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 ж. 5 қаңтардағы N 9 (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 1, 15-бап) қаулысының 4 тармағынан
"және кәсiптiк-техникалық" сөздерi алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 30 мамырдағы
N 573 қаулысына
N 1 қосымша
Кәсiптiк-техникалық училищенiң бiр оқушысына
тағамның заттай мөлшерi (азық-түлiктiң тәулiктiк жиынтығы)
---------------------------------------------------------------------
Азық-түлiктердiң аты ! Бiр күнге азық-түлiктер
! дiң грамдық саны
---------------------------------------------------------------------
Бидай наны 280
Қара бидай наны 170
Макаронды өнiмдер 20
Жармалар 60
Бұршақтар 8
Бидай ұны 50
Бидайдан кептiрiлген нан 10
Крахмал 3
Қант 75+5 конд.өнiм
Ет 160
Колбаса өнiмдерi 10
Сорпалық азық түлiк (жүрек, бауыр, бүйрек) 30
Балық 70
Соның iшiнде май шабақ 5
Жұмыртқалар 28 (0,7 дана)
Сүт және сүт өнiмдерi 300
Майлылығы орташа сүзбе 60
Майлылығы 30 процент қаймақ 15
Iрiмшiк 15
Сары май 25
Соның iшiнде салыммен 20
Маргарин 30
Өсiмдiк майы 15
Картоп 300
Көкөнiс 350
Томат езiндiсi 10
Балауса жемiс немесе қойыртпақ шырын 85
Кептiрiлген жемiстер 15
Кофе сусыны 2
Шәй 2
Какао 1
Дәмдеуiштер 2
Тұз 10
Ашытқы 1
---------------------------------------------------------------------
Ескерту:
Өндiрiстiк практика, демалыс, мейрам және оқушылар отбасында
өткiзетiн басқа да күндерi (ата-аналар мен оқушылардың өтiнiшi
бойынша) кезеңiнде ыстық тамақ жоқ болса, тағамның орнына алынған
ыстық тағамның орны толтырылмаған күн мөлшерiнде белгiленген
тәртiппен толық немесе iшiнара (егерде бiр-екi рет тамақтанған
жағдайда) ақшадай төленедi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 30 мамырдағы
N 573 қаулысына
N 2 қосымша
Кәсiптiк-техникалық училищелердегi бiр оқушыға
белгiленген арнаулы киiм, аяқ киiм және iш киiмдердi
берудiң, әрi оларды кию мерзiмiнiң нормалары
---------------------------------------------------------------------
Бұйымдардың аты ! Өлшем ! Беретiн мөлшерлер ! Кию мерзiмдерi
! бiрлiгi----------------------! жыл есебiмен
! ! балаларға ! қыздарға !
---------------------------------------------------------------------
Жылы балон курткасы дана 1 1 2 жыл
Балаларға қалың жүннен
костюм-тройка >> 1 - 2 жыл
;Қыздарға қалың жүннен
костюм-тройка >> - 1 2 жыл
;Қыздарға кеудеше >> - 1 1 жыл
;Балаларға көйлек >> 1 - 1 жыл
;Қыздарға кеудеше және
белдемше >> - 1 1 жыл
;Балаларға мақта матадан
костюм >> 1 - 1 жыл
;Бәтеңке (қыздарға туфли) жұп 1 1 1 жыл
Жылы етiк (қонышы қысқа
етiк) >> 1 1 1 жыл
;---------------------------------------------------------------------
Ескерту:
Оқу орындарының басшыларына аталған киiм тiзбесiне оның құнының
шегiнде жекелеген өзгертулер енгiзу құқы берiледi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 30 мамырдағы
N 573 қаулысына
N 3 қосымша
Кәсiптiк-техникалық училищелердiң ата-анасынан
бөлек тұратын әр оқушысына арналған жеке
гигиена заттарының нормативтерi
---------------------------------------------------------------------
Жеке гигиена ! Өлшем ! Мерзiмi ! Саны
заттарының аты ! бiрлiгi ! (қанша !-------------------
! ! айға) !балаларға !қыздарға
---------------------------------------------------------------------
Жеке қолдану үшiн граммен 1 150 200
сабын
Моншада шомылу үшiн сабын граммен 1 100 100
Тiс щеткасы дана 3 1 1
Тiс сықпасы дана 1 2 2
Тiс ұнтағы граммен 1 100 100
Гигиеналық қажеттiлiк граммен 1 - 250
үшiн мақта
Тарақ дана 6 1 1
Тұрмыстық бөлмедегi киiм
щеткасы дана 6 25 оқушыға 1 дана
есебiнен
Жеке дана 3 1 1
Кiр жууға арналған ұнтақ граммен 1 250 250
Оқу өндiрiстiк шеберхана
үшiн сабын граммен 1 100 100