Қазақстан Республикасының халықаралық сауда-экономикалық, саяси және мәдени байланыстарының кеңеюiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы қоса берiлiп отырған ережелер бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi еңбек жағдайлары туралы ережелер 1994 жылғы 1 маусымнан күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 31 мамырдағы
N 577 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң шетелдегi
еңбек жағдайлары туралы
Ережелер
I. Жалпы қағидалар
1. Осы Ережелер:
а) Қазақстан Республикасынан жiберiлген Қазақстан Республикасының қызметкерлерiне немесе шетелде осы қызметкерлердiң отбасылары мүшелерiнен Қазақстан Республикасының шетелдегi бюджеттiк мекемелерiне (бұдан әрi - шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi) штаттағы қызметке қабылданғандарға;
б) материалдық қамтамасыз етiлуi жағынан (Қазақстан Республикасының заңдары бойынша олар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды есепке алғанда) жағдайлары шетелдегi Қазақстан Республикасы бюджеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерiне теңестiрiлген басқа да қызметкерлерге;
в) қысқа мерзiмдi iссапарымен шетелге баратын мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының, мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қызметкерлерiне қолданылады.
Ескертулер:
1. Республика қызметкерлерiнiң отбасылары мүшелерiнен шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне сол жерде жұмысқа қабылданған штаттан тыс қызметкерлердiң еңбек жағдайлары осы Ережелерге N 5 қосымшаға сәйкес реттелiнедi.
2. Шетелдiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен жасалған контрактiлерге (шарттарға, келiсiмдерге) сәйкес шетелге жұмысқа жiберiлген Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарының талаптарын орындай отырып, сол контрактiлермен (шарттармен, келiсiмдермен) реттелiп отырады.
2. Қазақстан Республикасы заңдарының күшi шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiне осы Ережелерде белгiленген ерекшелiктер есепке алына отырып қолданылады.
3. Қазақстан Республикасынан жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматтары және сол азаматтардың отбасылары мүшелерiнен республиканың шет елдердегi мекемелерiне жұмыс iстеу үшiн штаттағы қызметке сол жерде қабылданғандар шетелдегi тиiстi Қазақстан Республикасының мекемелерiне қатысты реттеушiлiк немесе жедел қызметтi жүзеге асырушы министрлiктердiң (ведомстволардың) қызметкерлерi болып саналады.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiн барлық лауазымдық тағайындаулар мен ауыстырулар, шетелдегi Қазақстан Республикасының тиiстi мекемелерiнiң бұйрығына қарамастан, аталған министрлiктердiң (ведомстволардың) бұйрықтарымен (өкiмдерiмен) ресiмделедi. Олардың шетелдегi жұмысы туралы еңбек кiтапшаларындағы жазбалар осы министрлiктерде (ведомстволарда) жүргiзiледi.
II. Шетелдегi Қазақстан Республикасының
мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбек және материалдық
қамсыздандыру жағдайлары
А. Шетелге жұмысқа жiберуге ресiмдеу
4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа жiберуге ресiмдеу кезiнде қызметкердiң Қазақстан Республикасындағы негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады.
5. Шетелге жұмысқа ресiмдеу үшiн Қазақстан Республикасының басқа аудандарынан Алматыға шақырылған қызметкерлерге сол қызметкерлер штатта тұратын кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың басшылары оларға ресiмдеу пунктiне бару үшiн iссапары куәлiктерiн бередi.
Қызметкерлердi шақырған министрлiк (ведомство) Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлар туралы заңдарға сәйкес оларға 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын тәулiктiк ақы төлейдi, жолақы құнын және тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығынын өтейдi. Iссапар мерзiмi министрлiк (ведомство) басшылығының рұқсатымен ерекше жағдайда ғана ұзартылуы мүмкiн.
Шетелге жiберiлгенге дейiн жұмыс iстемеген және жалақы алмаған (жас мамандар және т. б.) адамдарға жалақы, тәулiктiк ақы төлеу мен тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындарды өтеу қызметкер тағайындалған лауазым бойынша сәйкес келетiн сол министрлiк (ведомство) жүйесiнде белгiленген лауазымдық еңбекақысына (тарифтiк ставкасына) қарай жүргiзiледi. Бұл адамдарды ресiмдеу пунктiнде ұстауға байланысты шығындарды оларды шетелдегi жұмысқа ресiмдеу үшiн жiберген министрлiк (ведомство) көтередi.
Ресiмдеу пунктiнде дәлелсiз себептермен кiдiрiп қалған жағдайда жалақы мен тәулiктiк ақы төленбейдi және тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындар өтелмейдi.
Б. Шетелге жұмысқа жiберу
6. Шетелге жұмысқа жiберiлген қызметкерлермен Қазақстан Республикасындағы жұмыс орны бойынша, еңбек демалысы қоса есептелiп, толық есеп айырысады.
Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа тағайындалғанға дейiнгi уақыты үшiн қызметкердi шақырған министрлiк (ведомство) оған негiзгi жұмыс орны бойынша алып жүрген орташа еңбекақысын төлейдi, сондай-ақ осы Ережелердiң 10-тармағының "г" және "е" тармақшаларында белгiленген нормалар бойынша жолақы, тұрғын үй жалдау мен қол жүгiн тасу жөнiндегi шығындарын (отбасы мүшелерiне шығындарды қосқанда) өтейдi.
7. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге жолақы қызметке тағайындалған күннен бастап шекараны кесiп өткенге дейiн теңгемен (қызметкер тағайындалған лауазым бойынша белгiленген үстемемен бiрге теңгемен еңбек ақысының 100 процентi есебiнен), ал шекараны кесiп өткен күннен бастап - осы Ережелердiң 15-тармағына сәйкес теңгемен және шетел валютасымен төленедi.
Ескерту:
Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық еңбек ақысына теңгемен белгiленген климаттық және дербес үстеме ақылары шетелге жұмысқа жiберiлгенде Қазақстан Республикасының аумағында жүрген кезiне көтерме жәрдемақы мен жалақы есептегенде еске алынбайды.
Демалыс, iссапары кезiндегi және басқа жағдайларда жалақы (зейнетақы тағайындаудан басқа) климаттық және дербес үстемелер қосылып, нақты алған үстеме ақылары ескерiле отырып есептелiнедi. Бұл ретте климаттық үстемеақы нақты алған лауазымдық еңбекақының 50 процентi мөлшерiнде теңгемен есептеледi.
8. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне кемiнде бiр жыл мерзiмге жұмысқа жiберiлген адамдарға көтерме жәрдемақы қызметкердiң тағайындалған лауазымы бойынша:
теңгемен - белгiленген үстемелерiмен қоса теңгемен лауазымдық еңбекақысының 100 процентi мөлшерiнде<*>;
Ескерту. Осы Ережелердiң 7-тармағындағы ескерту ескерiледi.
шетел валютасымен - лауазымдық еңбекақысының 50 процентi мөлшерiнде шетел валютасымен төленедi.
Көтерме жәрдемақыны қызметкердiң шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне лауазымдық қызметке тағайындалғаны туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн теңгемен, ал шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесi бойынша тиiстi бұйрық шығарылған соң министрлiк (ведомство) шетел валютасымен төлейдi.
Отбасы мүшелерiне көтерме жәрдемақы әр адамға есептiк көрсеткiш мөлшерiнде теңгемен төленедi.<*>
Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.09. N 987 қаулысымен.
9. Шетелдегi жұмыс орнына бара жатқан кезде жол үстiндегi уақыты үшiн қызметкерге тәулiктiк ақы мынадай тәртiппен:
а) республика аумағы бойынша жүргенде - Қазақстан Республикасы шегiндегi iссапарларға ақы төлеу туралы заңдарда белгiленген нормалар бойынша - теңгемен;
б) шетел аумағы бойынша жүргенде - қызметкер жiберiлген елдiң Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесiнде жұмыс iстеу үшiн Қазақстан Республикасынан жiберiлген қызметкерлерге белгiленген нормалар бойынша - шетел валютасымен төленедi. Бұл ретте осы Ережелердiң қосымшасына сәйкес қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн белгiленген үстеме ақылар төленедi.
Егер қызметкер шетел аумағындағы жол үстiнде қызмет бабындағы тапсырманы орындау үшiн немесе оған байланысты емес басқа да себептермен тәулiктен астам мерзiмге кiдiрсе, онда оған кiдiрген уақытына тәулiктiк ақы iссапар ақысы төленетiн ел үшiн белгiленген нормалар бойынша шетел валютасымен төленедi.
Жол үстiнде қызметкер немесе қызметкермен бiрге келе жатқан отбасының мүшесi ауырып қалған және өзгелердiң көмегiнсiз қала алмайтын жағдайда, осыған байланысты амалсыз кiдiрген уақыты үшiн қызметкерге тәулiктiк ақы төленедi, бiрақ ол төрт айдан аспайды.
Қазақстан Республикасынан шетелге бара жатқан қызметкердiң жол үстiнде шекараны кесiп өткен күнi шетел валютасымен тәулiктiк ақы төленетiн күндерге енедi, ал шет елден Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткен күнi тәулiктiк ақы теңгемен төленетiн күндерге енедi.
Шетелге бара жатқан қызметкерлердiң сомдық аймақ шекарасынан өткен күнi және Қазақстан Республикасына оралған күнi қызметкердiң шетелдiк паспортына соғылған белгi бойынша анықталады.
Қызметкердiң отбасы мүшелерiне жұмыс орнына бару мен кейiн қайту уақыты үшiн тәулiктiк ақы қызметкердiң өзi үшiн көзделген тәртiппен төленедi, отбасының кәмелетке жетпеген мүшелерiне тәулiктiк ақы белгiленген нормалардың 50 процентi мөлшерiнде төленедi.
10. Отбасы мүшелерiнiң (қызметкердiң отбасы мүшелерiне: әйелi, күйеуi, 18 жасқа дейiнгi және 18 жастан асқан еңбекке жарамсыз балалары жатады) жол шығындарын қоса есептегенде, шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа жiберiлген қызметкерлердiң мынадай шығындары:
а) әуе, темiр жол және су көлiгiмен жүруге:
шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарларына - 1-шi класты тариф бойынша;
қалған барлық қызметкерлерге - 2-шi тариф бойынша (ұшақтарда - экономикалық класс тарифi бойынша, кемелерде - туристiк класс тарифi бойынша) өтеледi.
Аталған көлiк түрлерiмен жүзу кезiнде әуе айлағы, сақтық, комиссиялық және жергiлiктi алымдарды төлеу жөнiндегi шығындар өтеледi.
Ескертулер:
1. Қазақстан Республикасы министрлiгiнiң (ведомствосының) рұқсатымен аталған көлiк түрлерiмен жүру жөнiндегi шығындары 1-шi кластық тариф бойынша басқа қызметкерлерге де өтелiне алады.
2. Егер жолаушылар кемелерi каюталарының жiктелуi санаттармен белгiленсе, онда бiрiншi, екiншi және үшiншi санаттағы каюталар - 1-шi класты, ал басқа санаттағы каюталар - 2-шi класты (туристiк) каюталар болып есептеледi.
3. Елде 2-шi класты вагондар (ал кемелерде - каюталар) болмаған жағдайда шығындар 1-шi кластық тариф бойынша өтеледi.
4. Азия мен Африка елдерiнiң темiр жолдары бойынша жүру құны барлық қызметкерлерге 1-шi кластық тариф бойынша өтеледi.
5. Қазақстан Республикасының елшiлерi отбасы мүшелерiнсiз жол жүрсе, оларға жол шығыны жеке екi орындық купе немесе екi орындық каюта бойынша өтеледi;
б) вокзалға, әуе айлағына немесе су айлағына баруы, сондай-ақ жөнелту, бағыттау, қайта отырғызу (қызметкерге тегiн жүру құралдарын беруден басқа) орындарындағы вокзалдан, әуе айлағынан немесе су айлағынан жүруi жөнiндегi шығындары;
в) жазық, тас төселген жолдар мен су өткелдерi арқылы жүрген шығындары;
г) қызметкер мiнген көлiк түрiнiң билетi бойынша тегiн алып жүруге болатын қызметкердiң өзiне және отбасының әрбiр мүшесiне 80 килограмнан аспайтын, багаж санына қарамастан, отбасына шаққанда жалпы салмағы 240 кг жүк алып жүрген шығындары;
д) қызметкерге және оның отбасы мүшелерiне шетелдiк паспорттар мен қолтаңбалар алуына, сондай-ақ паспорттарының тiркелуi үшiн жұмсалған шығындары;
е) шекаралық пункттердi қоса, Қазақстан Республикасының аумағына жол үстiнде амалсыз кiдiрген жағдайда, Қазақстан Республикасының шегiнде қызмет бабындағы iссапарлар кезiнде тұрғын үй жалдау үшiн белгiленген нормалар бойынша, бiрақ 5 күннен аспайтын, тұрғын үй жалдаған шығындары;
ж) шетел аумағы бойынша жол үстiнде амалсыз кiдiрген жағдайда, тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындар - нақты шығындар мөлшерiнде, бiрақ қызметкер үшiн белгiленген шектi нормалардан аспайтын және оның отбасына осы нормалардың 50 процентi мөлшерiнде өтеледi, бұған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындарын белгiленген шектi нормаларға қарамастан, нақты шығындары бойынша рұқсат етiлген қызметкерлердiң жекелеген санаттары кiрмейдi. Қазақстан Республикасының сол елдегi елшiсiнiң (өкiлiнiң) рұқсатымен жекелеген жағдайларда үй жалдау жөнiндегi шығындар белгiленген шектi нормалардан артық мөлшерде төленуi мүмкiн. Егер сол елде Қазақстан Республикасының Елшiлiгi болмаса немесе ол басқа қалада орналасса, онда қызметкердiң аталған шығындары Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiгi (ведомствосы) басшылығының рұқсатымен өтелiне алады.
Жол үстiнде дәлелсiз себептермен кiдiрген уақыты үшiн жалақы, тәулiктiк ақы төленбейдi және тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындар өтелмейдi.
Жол үстiнде кiдiру қажеттiлiгi (9-тармақтың "б" тармақшасы, 10-тармақтың "е" және "ж" тармақшалары) шетелдегi Қазақстан Республикасының тиiстi мекемесiнiң, ал ондай мекеме болмаған жағдайда - кiдiрiс жасалған сол елдiң тиiстi мекемесiнiң анықтамасымен расталуы тиiс.
11. Қызметкердiң отбасы мүшелерi одан жеке дара шетелге көшкен жағдайда, олардың көшiп келуi жөнiндегi барлық нақтылы шығындары (соның iшiнде жүктi алып жүру және жолда аялдаған жерiнде тұрғын үй жалдау шығындары) оған қызметкердiң өзi үшiн белгiленген нормалар бойынша төленедi.
Отбасы мүшелерi су көлiгiмен жолға шыққанда билеттiң бағасына қосылған тамақтың құны қызметкерлерге билет құнының 10 процентi мөлшерiнде өтеледi.
12. Қызметкердiң, сондай-ақ оның отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасынан шетелге көшу және Қазақстан Республикасына керi қайту жол шығындары бiр-ақ рет (қызметкердi шетелге жiбергенде және оны Қазақстан Республикасына қайтарғанда) өтеледi, ал ерекше жағдайларда, ауыр сыртқы немесе басқа да кезек күттiрмейтiн себептерге байланысты қызметкердiң немесе оның отбасы мүшелерiнiң келген елден Қазақстан Республикасына бару қажеттiгiне орай - Қазақстан Республикасы министрлiгi (ведомствосы) басшылығының рұқсатымен өтеледi.
13. Осы Ережелердiң 10 және 11-тармақтарында көрсетiлген шығындар оны растайтын құжаттарды (есеп қағаздары, квитанциялар, жол билеттерi және т.б. 10-тармақтың "д" тармақшасында көрсетiлген шығындардан өзгесi) қызметкер тапсырған соң белгiленген нормалар бойынша өтеледi.
В. Шетелде қызмет ауыстырылуы
14. Қызметкердi бiр елден екiншi елге қызметке ауыстырғанда, жол үстiнде жүрген уақыты үшiн жалақысы шекарадан өткенге дейiн (ол бара жатқан елдiң) бұрынғы атқарған лауазымы бойынша, ал шекарадан өткен күннен (сол күндi қоса) бастап тағайындалған лауазымы бойынша төленедi.
Қызметкердi бiр елден екiншi елге немесе сол елдiң iшiнде бiр жұмыстан екiншi жұмысқа ауыстырған кезде тәулiктiк ақы мен жол жүруге байланысты шығындары Қазақстан Республикасынан шетелге жiберiлген қызметкерлерге арналған осы Ережелердiң 9-13-тармақтарында көзделген тәртiппен өтеледi.
Бiр елден екiншi елге жұмысқа ауыстырылған кезде көтермелiк жәрдемақы, соңғы жәрдемақы алған мерзiмiне қарамастан, қызметкер жұмысқа ауысқан елдiң валютасымен жаңа лауазымы бойынша еңбекақысының 25 процентi мөлшерiнде шетел валютасымен төленедi.
Сол елдiң iшiнде бiр жерден екiншi жерге ауыстырылған кезде көтермелiк жәрдемақы төленбейдi.
Егер қызметкер бiр елден екiншi елге жұмысқа ауысқан кезде, әкiмшiлiктiң ұйғарымы бойынша, жаңа қызметке байланысты мәселелердi шешу үшiн немесе еңбек демалысын өткiзу үшiн Алматыға келуi керек болса, Қазақстан Республикасында болған уақыты үшiн жалақы осы Ережелердiң 27 және 29-тармақтарына сәйкес төленедi. Жол жүру шығындары Ережелердiң 9-13-тармақтарында көзделген тәртiппен өтеледi.
Г. Еңбекке ақы төлеу
15. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жұмысқа жiберiлген қызметкерлердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан жiберiлген қызметкерлердiң отбасы мүшелерiнен шетелде штаттық қызметке қабылданғандардың еңбегiне ақы белгiленген еңбекақылар мен оларға қосылатын үстемелерге қарай теңгемен және шетел валютасымен төленедi, бұл ретте, қызметкердiң қарауындағы отбасы мүшелерiнiң бар-жоғына қарамастан, лауазымдық жалақылар 100 процент мөлшерiнде шетел валютасымен төленедi.
Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне толық емес жұмыс күнi немесе толық емес жұмыс аптасы болатын штаттағы лауазымдарға жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге еңбекақы жұмыс атқарған уақытына қарай төленедi. Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiнен шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне сол жерде штаттық қызметке қабылданған қызметкерлерге де еңбекақы дәл осындай тәртiппен төленедi.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң жекелеген қызметкерлерiне теңгемен берiлетiн жалақы лауазымдық ақылар схемасында көзделген өзгеше тәртiппен белгiленген жағдайда, бұл қызметкерлердiң демалыс, iссапары кезiндегi жалақысы, көтермелiк жәрдемақысы, тәулiктiк және басқа да төленетiндерi шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiнде тиiстi лауазымдық қызмет атқаратын қызметкердiң лауазымдық еңбекақыларына қарай теңгемен есептелiнедi.
Шетел тiлдерiн бiлетiн және олардың күнделiктi практикалық жұмыста қолданатын қызметкерлер үшiн белгiленген үстеме ақылар, дипломатиялық шендерi үшiн үстемелер, сондай-ақ климаттық үстеме ақылар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен белгiленген тәртiп пен мөлшер бойынша теңгемен төленедi.
Климат жағдайы ауыр елдердегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн теңгемен алатын лауазымдық ақыларына 50 процент үстеме белгiленген осы Ережелердiң N 2 қосымшасында көрсетiлген.
Осы Ережелердiң 9-тармағында аталған жағдайларда жолда кiдiрген уақыты үшiн жалақы Қазақстан Республикасының төлем жасалатын елдегi мекемелерде тиiстi лауазым бойынша белгiленген еңбекақыға қарай шетел валютасымен төленедi.
Толық емес ай үшiн теңгемен және шетел валютасымен берiлетiн жалақы айлық ақысына белгiленген үстемелермен бiрге және сол айда нақтылы жұмыс атқарылған күндердiң санына қарай айқындалады.
Қазақстан Республикасының отбасы мүшелерi шетелде жұмыс iстейтiн отағасына қонаққа келгенде, оның лауазымдық еңбекақысы өзгермейдi.
16. Шетелдегi қызметкерлерге жалақы шетел валютасымен айына бiр-екi рет төленедi.
Қызметкердiң қалауы бойынша жалақысы теңгемен тиiстi ұйым (мекеме, кәсiпорын) арқылы Қазақстан Республикасының аумағындағы жинақ банкiсiндегi ағымдағы есеп шотына аударылады немесе қызметкердiң сенiм хаты бойынша ұйым (мекеме, кәсiпорын) тарапынан берiледi.
17. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi қызметкерлерiнiң жалақысынан сот шешiмдерi және сөзсiз өндiрiп алу төлемдерi бойынша ұсталымдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi қызметкерлерiнiң жалақысынан Қазақстан Республикасында тұратын адамдардың пайдасы үшiн ұсталуға тиiстi алименттер үстеме ақыны қоса теңгемен лауазымдық еңбекақысының 200 процентi есебiнен шығарылады. Шетел валютасымен берiлетiн жалақыдан алименттер теңгемен есептелiп, ұсталуға тиiс.
Д. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты
18. Шетелдегi Қазақстан Республикасының әрбiр мекемесiнiң iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiн сол министрлiктерде (ведомстволарда) қолданылып жүрген iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiне сәйкес және шетелдегi жұмыс жағдайларына лайықталып келген елдегi Қазақстан Республикасының тиiстi мекемелерi басшыларының ұсынысы бойынша министрлiктер (ведомстволар) белгiлейдi.
19. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн жұмыс уақыты мен демалыс уақытының (соның iшiнде мерекелiк күндер) ұзын-ырғасы Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес белгiленедi.
Демалыс күндерi жергiлiктi жағдайларға лайықталып белгiленуi мүмкiн.
Материалдық қамтамасыз етiлуi жағынан шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiне теңестiрiлген қызметкерлер үшiн жұмыс уақыты мен демалыс уақыты (соның iшiнде жыл сайынғы мерекелiк күндер) келген елдiң еңбек туралы заңдарына сәйкес белгiленедi.
Осы Ережелердiң N 3 қосымшасында көрсетiлген климаты ыстық және ылғалды болатын елдердегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн алты сағаттық жұмыс күнi белгiленедi.
N 3 қосымшада көрсетiлмеген климаты ыстық және ылғалды елдерде Қазақстан Республикасының мекемесi жұмыс iстеген немесе жаңадан ұйымдастырылған жағдайларда жұмыс күнiнiң ұзын-ырғасы туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен және Кәсiподақтар Федерациясының Кеңесiмен келiсе отырып Сыртқы iстер министрлiгi шешедi.
20. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесi әкiмшiлiгiнiң кәсiподақ комитетiмен келiсуi бойынша жалпы ереже түрiнде де, сол сияқты жекелеген уақыт аралығында қызметкерлердiң кейбiр санаттары үшiн кезеңдер бойынша (екi апталық, айлық және т.б., бiрақ бiр тоқсаннан аспайтын) жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленуi мүмкiн, бұл ретте есептi кезеңдегi жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы сол кезеңге келетiн жұмыс сағатының қалыпты санынан аспауы керек.
Iшкi еңбек тәртiбi ережелерiндегi жұмыс уақытының жиынтық есебiнде жекелеген жұмыс күндерiне жұмыс уақытының шектi ұзақтығы белгiленуi тиiс.
21. Қазақстан Республикасының Кәсiподақтары Федерациясының Кеңесiмен келiсiм бойынша тиiстi министрлiк (ведомство) бекiткен тiзбелерде көрсетiлген лауазымдарды атқаратын қызметкерлер үшiн нормаланбаған жұмыс күнi белгiленедi.
22. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiндегi жұмысшылар мен қызметшiлердiң сол мекеме үшiн белгiленген жұмыс күнi аяқталғаннан кейiнгi кезекшiлiгi демалыс және мереке күндерi тек ерекше жағдайларда және Қазақстан Республикасының мекемесi кәсiподақ комитетiнiң келiсуi бойынша ғана енгiзiлуi мүмкiн.
Жұмыс күнi аяқталған соң кезекшiлiкке тартылған жағдайда қызметкерлер үшiн кезекшiлiкте болу күнi жұмысқа келуi нормаланған жұмыс күнiнде де, сондай-ақ нормаланбаған жұмыс күнiнде де кештеу уақытқа көшiрiледi. Кезекшiлiкте болу уақыты заңмен белгiленген жұмыс күнiнiң ұзақтығынан аспауы керек.
Демалыс және мереке күндерiндегi кезекшiлiкте болу таяудағы екi апта iшiнде сол кезекшiлiк уақытының ұзақтығындай демалыс берiлiп, жоғарыда аталған күндерге ақы төленбей, өтеледi.
23. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiне жыл сайынғы төленiмдi еңбек демалыстары мынадай ұзақтықта:
а) елдерде - бұрынғы ССРО республикаларында, еуропалық елдерде, АҚШ пен Канадада - 24 жұмыс күнi;
б) қалған елдерде - осы Ережелердiң N 4 қосымшасына сәйкес берiледi.
Аталған ұзақтықта еңбек демалысын алуға құқық беретiн жұмыс мерзiмi қызметкердiң шетелдегi тағайындалым орнына қарай жолға шыққан күнiнен бастап есептеледi.
Демалыс берiлу кезегiн шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесiнiң кәсiподақ комитетiнiң келiсiмi бойынша әкiмшiлiк белгiлейдi.
Қызметкер жұмыстан шығарылып, еңбек демалысын пайдаланбағаннан басқа жағдайларда, еңбек демалысына ақшалай өтем жасауға жол берiлмейдi.
24. Еңбек жағдайы зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлердiң ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес белгiлеген қосымша еңбек демалысын алуға құқығы бар.
25. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң кәсiподақ комитетiнiң келiсiм бойынша шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесiнiң қызметкерлерiне еңбек демалыстарын қосып алуға рұқсат етiледi, бiрақ ол екi жылдың есебiнен артық болмауы керек.
26. Қызметкер бiр елден екiншi елге ауыстырылған жағдайда кезектi және қосымша, сондай-ақ жиынтық еңбек демалыстары Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн сол елдердiң әрқайсысында белгiленген еңбек демалысының ұзақтығына қарай, әр елде болған уақытына орай жаңа жұмыс орнында берiледi.
27. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi еңбек демалыстарын кез келген елде пайдалануға құқығы бар.
Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi қызметкерлерiнiң демалыс уақытына лауазымдық еңбекақысының 100 процентi мөлшерiнде белгiленген үстемелермен қоса шетел валютасымен және теңгемен төлем жасалады.
Ескерту:
Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң сырттай оқу орындарында оқитын қызметкерлерiне есепке жатқызулар (зачеттар) мен емтихандар тапсыру үшiн, сондай-ақ диплом жобасын (жұмысына) дайындау және қорғау үшiн қосымша демалыс берiлген жағдайда үстеме ақыларын қоса, лауазымдық еңбекақысының 200 процентi есебiнен жалақысы тек теңгемен сақталады.
Қызметкерге Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекенiнен оқу орны орналасқан пунктке дейiн және керi қайтуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде жолақысы төленедi.
28. Демалыстарын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасына және ТМД елдерiне жол жүргенде қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелерiне күнтiзбелiк жылда бiр рет жұмыс орнынан тұрақты тұратын жерiне дейiн жол жүру құны және тұрақты тұратын жерiнен шетелдегi жұмыс орнына дейiн қайта келу құны осы Ережелердiң 10-тармағында белгiленген нормалар бойынша шетел валютасымен және теңгемен төленедi, бұған жүк тасымалдау мен тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындар кiрмейдi. Шетел авиакомпаниясы ұшағының рейсiмен "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының ұшағы рейсiнiң сәйкес келмеуiне байланысты ауысып отыратын жерде кiдiрген күндерi үшiн (авиакомпания тегiн тұрғын орын бермеген жағдайларда) шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесi басшысының шешiмiмен осы Ережелердiң 10-тармағындағы "ж" тармақшасында көрсетiлген нормалар бойынша тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындары төленуi мүмкiн. Бұл ретте ұшақтардың таяудағы рейстерi ғана қаперге алынады.
Еңбек демалысын үшiншi елде немесе өзi келген елде өткiзгенде жұмыс орнынан демалыс өткiзу мекенiне дейiн және одан қайта оралуына жол жүру ақысы төленбейдi.
Еңбек демалысына бара жатқанда (Қазақстан Республикасына және ТМД елдерiне) жұмыс орнынан шыққан күннен бастап және еңбек демалысынан қайтқанда шетелдегi жұмыс орнына оралған күнге дейiнгi жол үстiнде өткен уақыты үшiн қызметкерге тәулiктiк ақы осы Ережелердiң 9-тармағында белгiленген тәртiппен төленедi, бiрақ бұл Алматы қаласына дейiн және керi қайту жолына төленетiн жол ақысынан артық болмауы тиiс.
Еңбек демалысына бара жатқанда су көлiгiне отырған жағдайда, билет бағасына енгiзiлген тамақ құны қызметкерге билет құнының 10 процентi мөлшерiнде өтеледi.
Шетелдегi жұмыс орнынан Алматыға және керi қайту бағыты бойынша жолға қажеттi уақытынан аспайтын қызметкерлердiң жол үстiндегi уақыты еңбек демалысының мерзiмiне кiрмейдi.
Ескерту:
Шетелдегi Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң жанындағы мектептердiң мұғалiмдерiне еңбек демалыстары аяқталған соң оқу жылы басталғанға дейiнгi уақытқа жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
29. Мекеменiң әкiмшiлiгi мен қызметкердiң келiсуi бойынша тиiстi министрлiктiң (ведомствоның) рұқсатымен еңбек демалысы Қазақстан Республикасына баратын iссапарға қосыла берiлуi мүмкiн.
Мұндай жағдайда шетелден Қазақстан Республикасына (шекараны кесiп өткенге дейiн) және керi қайтардағы жол үстiндегi уақыты үшiн қызметкерге жалақы мен тәулiктiкақы төленедi, сондай-ақ iссапарға жiберiлгенi ретiнде (Ережелердiң 55 және 58-тармақтары) басқа да шығындары өтеледi.
Қызметкердiң Қазақстан Республикасында пайдаланған демалысына iссапары қосылып берiлген жағдайда тәулiктiк ақы төлеу және шетелден Қазақстан Республикасына және кейiн қайту жолында жүрген уақыты үшiн шығындарды өтеу демалысқа бара жатқан қызметкер ретiнде жүргiзiледi (Ережелердiң 27 және 28-тармақтары).
Демалысы iссапарға, сондай-ақ iссапары демалысына қосылып берiлген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында iссапарда жүрген кезiндегi уақыты үшiн шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi қызметкерлерiнiң жалақысы шетел валютасымен және теңгемен сақталады, тәулiктiк ақы төленедi, сондай-ақ iссапарға жiберiлген адам ретiнде басқа да шығындары өтеледi (Ережелердiң 58-шi тармағы).
Мұндай жағдайда демалыс уақыты үшiн ақы Ережелердiң 27-шi тармағына сәйкес төленедi.
30. Шетелдегi Қазақстан Республикасының бiр мекемесiнен екiншiсiне ауыстырылған қызметкерлерге (Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң ведомстволық бағыныштылығына қарамастан) пайдаланбаған демалысы үшiн өтем жасалмайды. Жаңа жұмыс орны бойынша демалыс жұмыс iстеген уақыты мен бұрынғы жұмыс орны бойынша демалысының ұзақтығы ескерiле отырылып берiледi.
31. Қызметкердi шетелден Қазақстан Республикасына керi қайтарған кезде шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесi пайдаланылмаған демалысы үшiн қызметкермен ешқандай есеп айырысу жасамайды.
Мұндай жағдайда шетелден қайтарылып, қарауына келген қызметкерге министрлiк (ведомство) осы Ережелердiң 23 және 24-тармақтарында белгiленген демалысының ұзақтығына қарай шетелде жұмыс iстеген уақытына пара-пар пайдаланылмаған демалысын беруге мiндеттi. Демалыс уақыты үшiн ақы белгiленген үстемелерiмен бiрге шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiндегi соңғы лауазымы бойынша теңгемен еңбек ақысының 200 процентi есебiнен төленедi. Қызметкер жұмыстан босатылғанда министрлiк (ведомство) пайдаланылмаған демалысы үшiн оған осындай тәртiппен ақшалай өтем жасайды.
32. Қазақстан Республикасынан жiберiлген қызметкерлердiң отбасы мүшелерiнен тiкелей шет елде штаттық лауазымдарға жұмысқа қабылданған адамдар сол жерде Қазақстан Республикасына кетпей тұрып та, кеткенде де жұмыстан босатылғанда, Қазақстан Республикасына оралысымен оларға осы Ережелердiң 31-тармағында белгiленген тәртiппен пайдаланылмаған демалысы үшiн теңгемен өтем жасалады.
Е. Жоқ қызметкерлердiң жұмысын қоса атқару
және орнында iстеу
33. Шетелдегi Қазақстан Республикасының басқа бiр мекемесiнде қоса атқару тәртiбiмен жұмыс iстеуге, сондай-ақ уақытша болмаған қызметкерлердiң орнында жұмыс iстеу үшiн қызметкердi басқа мекемеге ауыстыруға - қызметкердi шетелге жiберген министрлiктiң (ведомствоның) және басқа да тиiстi министрлiктiң (ведомствоның) рұқсатымен ерекше жағдайда ғана жол берiледi.
Жұмысты қоса атқарған, сондай-ақ уақытша болмаған қызметкердiң орнында iстеген кезiнде еңбекақы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленедi.
34. Шетелдегi Қазақстан Республикасының бiр мекемесiнен сол елдiң басқа бiр қаласындағы екiншi бiр мекемеге қызметкердi жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкерге:
а) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмысқа жiберiлген адамдар үшiн белгiленген нормалар бойынша жұмыс орнына дейiнгi және қайтар жолдағы уақытына тәулiктiк ақы;
б) Қазақстан Республикасынан шетелге iссапармен жiберiлгендер үшiн белгiленген нормалар бойынша жол жүру құны;
в) егер қызметкерге тегiн тұрғын үй берiлмесе, осы Ережелердiң 10-шы тармағындағы "ж" тармақшасына сәйкес уақытша жұмыс iстеген орнында тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындары төленедi.
Ж. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, медициналық
көмек және қамсыздандырудың басқа да түрлерi
бойынша жәрдемақылар Уақытша еңбекке жарамсыздығы
кезiндегi қамсыздандыру
35. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ олардың шетелде штаттық қызметке қабылданған отбасы мүшелерi шетелде тұрған кезiнде, сондай-ақ шетелде iссапармен жүрген кезiнде уақытша еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, еңбекке жарамсыз болған барлық уақытына, бiрақ төрт айдан аспайтын уақытқа жалақы алады.
Егер қызметкердiң уақытша еңбекке жарамсыздығы төрт айдан артыққа созылса және ол денсаулық ахуалы бойынша Қазақстан Республикасына бара алмайтын болса (көлiкке жарамсыз) онда Қазақстан Республикасына жiберу мүмкiндiгi туралы дәрiгерлердiң шешiмiне дейiн емдеу мекемесiнде болған барлық уақыты үшiн оған жалақысы теңгемен және шетел валютасымен төленедi.
Егер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қызметкер Қазақстан Республикасына қайтарылса немесе қайтарылған қызметкер Қазақстан Республикасында ауырып қалса, онда оған осы Ережелердiң 36-тармағындағы белгiленген нормалар бойынша уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленедi.
36. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi iссапарда немесе Қазақстан Республикасы аумағында еңбек демалысында жүрген кезеңде, сондай-ақ демалыста жүрген кезеңде уақытша еңбекке жарамсыз болып қалса, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормалар бойынша үстемелерiн қосқанда теңгемен лауазымдық еңбекақысының 175 процентi есебiнен, ал егер қызметкердiң қарауындағылар шетелде тұрса, үстемелерiмен бiрге сол еңбек ақысының 150 процентi есебiнен уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнiнде теңгемен жәрдемақы алады.
Мұнымен қатар осы қызметкерлерге, үстеменi қосқанда, шетелдегi жұмыс орны бойынша алатын лауазымдық ақысының 25 процентi мөлшерiнде шетел валютасымен, ал қызметкердiң қарамағындағылар шетелде тұрса - үстемемен қоса сол еңбек ақының 50 процентi мөлшерiнде шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесiнiң қаражаты есебiнен шетел валютасы бойынша жалақы төленедi.
Егер қызметкер шетелде еңбекке жарамсыз болып қалып, бiрақ уақытша Қазақстан Республикасына емдеуге жiберiлген жағдайда да осындай тәртiп қолданылады.
37. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа жiберілген кезде немесе қызметкердi қайтаруға байланысты Қазақстан Республикасына келе жатқанда, шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасында немесе басқа елдерде iссапармен жүргенде, сондай-ақ еңбек демалысына бара жатқанда немесе еңбек демалысынан шетелдегi жұмыс орнынан келе жатқанда шетел аумағы бойынша жол үстiнде ауырған уақыты үшiн қызметкердiң ауырған күнге дейiн алып жүрген жалақысы сақталады.
Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа жiберiлген кезде немесе қайтарылғанына байланысты келе жатқанда Қазақстан Республикасының аумағы мен шетел аумағы бойынша жол үстiнде ауырған уақыты үшiн қызметкерге осы Ережелердiң 36-тармағында көзделген тәртiппен жәрдемақы төленедi.
Жол үстiнде еңбекке жарамсыз болып қалған уақыты үшiн қызметкерге (шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiне жұмысқа бара жатқанда және Қазақстан Республикасынан шетелге iссапармен жолға шыққанда) тәулiктiк ақы төленедi және тұрғын үй жалдау жөнiндегi нақты шығындары өтеледi. Өзiнiң ауырғанына немесе өзiмен бiрге келе жатқан отбасы мүшелерiнiң бiрi ауырып, оны көмексiз қалдыра алмайтынына байланысты жол үстiнде амалсыз аялдауға тура келгенде, шетел аумағында тұрғын үй жалдау жөнiндегi нақты шығындар шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жұмысқа жiберiлгендер үшiн белгiленген нормалар бойынша (10-шы тармақтың "ж" тармақшасы), ал Қазақстан Республикасының аумағында - Қазақстан Республикасының шегiнде қызмет бабындағы iссапарларға төлемдер жасау туралы заңдарда белгiленген нормалар бойынша өтеледi.
Аталған тәртiп шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiн Қазақстан Республикасына қайтарған кезде, сондай-ақ сол қызметкерлердi шетелге iссапарларға жiберiлген кезде қолданылады.
Шетелде ауырғаны шетелдегi Қазақстан Республикасы тиiстi мекемесiнiң, ал ондай жоқ болғанда, науқастықтан бөгелген елдiң тиiстi мекемесiнiң анықтамасымен расталуы тиiс.
38. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жұмысқа жiберiлген әйелдерге, сондай-ақ шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жұмысқа жiберiлген қызметкерлердiң отбасы мүшелерiнен сол жерде штаттағы қызметке қабылданғандарға жүктiлiгi және босануы жөнiндегi демалыс, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ұзақтықта, бүкiл демалыс кезеңiнде олардың алатын жалақысы сақтала отырып, берiледi.
Олар жүктiлiгi және босануы жөнiндегi демалыс кезеңiнде Қазақстан Республикасына келген жағдайда жәрдемақы осы Ережелердiң 36-тармағында көзделген тәртiп бойынша теңгемен берiледi.
Медициналық көмек және қамсыздандырудың
басқа да түрлерi
39. Қазақстан Республикасынан шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жұмысқа жiберiлген қызметкерлер, олардың отбасы мүшелерi, сондай-ақ шетелде iссапармен жүрген қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi шетелдегi Қазақстан Республикасының тиiстi мекемелерiнiң есебiнен қажеттi медициналық жәрдемнiң мынадай түрлерiн:
а) ауруды тұрақты емдеу орнына (соның iшiнде перзентхана да) жатқызуды талап ететiн ауырған барлық жағдайда, сондай-ақ, егер бақытсыз жағдай салдарынан болмаған пластикалық-косметикалық операциялардан басқа, тұрақты жағдайда операцияны талап ететiн барлық кезде - ауруханалық көмек алуға;
б) мамандандырылған емханалық медициналық жәрдемдi (оның iшiнде егер бақытсыз жағдайдың салдарынан болмаған протездеуден басқа, тiс емдеу) және кiшi хирургиялық емдi қосқанда, емханалық қызмет көрсетудi талап ететiн барлық жағдайда, - емханалық жәрдем алуға;
в) науқас ауруханаға орналастырылмағанда және емханада емделе алмайтын жағдайда, - үйiне жәрдем алуға құқы бар.
Медициналық жәрдемге қаражат жұмсаудың тәртiбi Қазақстан Республикасы министрлiгiнiң (ведомствосының) өзiне қарасты шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерi үшiн бекiтiлген ережелермен белгiленедi.
40. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiне шетелде бала туғанына, егер ата-аналардың бiреуiнiң жалақысы ол еңбекақысының 50 процентiнен аспайтын болса, Қазақстан Республикасының сол елдегi Елшiсiнiң шетел валютасымен алатын еңбек ақысының 15 процентi мөлшерiнде сол жерде шетел валютасымен бiржолғы жәрдемақы төленедi.
41. Шетелде қызметкердiң отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда оған шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесi басшысының шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесi кәсiподақ комитетiнiң келiсуi бойынша әрбiр жекелеген жағдайға белгiленген мөлшерде мекеменiң есебiнен жерлеуге бiржолғы ақшалай жәрдемақы төленедi.
Қызметкердiң өзi қайтыс болған жағдайда жерлеуге отбасы мүшелерiне оның соңғы лауазымы бойынша шетел валютасымен айлық еңбек ақысының мөлшерiнде жәрдемақы төленедi. Қайтыс болған қызметкердiң отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасындағы бұрынғы мекен-жайына қайтуы үшiн осы Ережелердiң 10-тармағында белгiленген нормалар бойынша жол шығындары өтеледi, бұл ретте жүк тасу жөнiндегi шығындар қызметкердiң немесе отбасы мүшесiнiң олардың қайтыс болғанға дейiнгi тиесiлi нормалары ескерiлiп, төленедi.
42. Қазақстан Республикасынан жiберiлген шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерiн, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнен сол жерде штаттағы қызметке қабылданғандарды әлеуметтiк сақтандыруға тиiстi министрлiктер мен ведомстволар аталған қызметкерлерге теңгемен және шетел валютасымен төленетiн жалақысы сомасынан Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген процентте Қазақстан Республикасында орталықтандырылған тәртiппен сақтандыру жарналарын төлейдi.
З. Шетелден Қазақстан Республикасына керi
қайтару
43. Шетелден қызметкерлер Қазақстан Республикасына шетелде олар жұмыс iстеген жүйедегi министрлiктiң (ведомствоның) қарамағына қайтарылады.
Қазақстан Республикасына жүруiне байланысты шетелде жұмыстан босатылған қызметкерлерге осы Ережелердiң 9-13-тармақтарында белгiленген жол жүру өтемақысы төленедi.
Қызметкердiң және оның отбасы мүшелерiнiң жол жүру және жүк тасу құны шетелдегi жұмыс орнынан қызметкердi шетелге жiберген министрлiктiң (ведомствоның) орналасқан жерiне дейiн немесе, егер қызметкер мен оның отбасы мүшелерi сонда қайтатын болса, бұрынғы тұрақты мекен-жайына дейiн төленедi. Қызметкер тұрақты мекен-жайына оралған жағдайда оған жалақысы және жолда болған уақыты үшiн лауазымдық ақысының 200 процентi есебiнен тәулiктiк ақы белгiленген үстемелерiмен бiрге теңгемен төленедi.
44. Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi шетелден Қазақстан Республикасына баратын кезде шетел аумағы бойынша жол жүрген уақыты үшiн ақы осы Ережелердiң 15-тармағына сәйкес теңгемен және шетел валютасымен, ал шекарадан өткен күннен бастап оның шетелдегi соңғы лауазымы бойынша үстемелерiн қосқанда теңгемен алған лауазымдық еңбекақысының 200 процентi шамасында есептеледi.
45. Қызметкер жұмыстан босаған кезде шығу жәрдемақысы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген жағдайларда теңгемен алып жүрген лауазымдық ақысының 200 процентi есебiнен төленедi.
46. Барлық өтемақылар қызметкер шетелде жұмыс iстеген жүйедегi министрлiктiң (ведомствоның) есебiнен төленедi.
47. Кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары қызметкерлер Қазақстан Республикасына оралған кезде оларға жұмыс беруге, шетелден оралған отбасы мүшелерiне олардың мекен-жайы, мамандықтары мен жұмыс тәжiрибелерiн ескере отырып, дер кезiнде жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге мiндеттi.
48. Шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жiберiлген қызметкерлердiң, сондай-ақ сол жерде штаттағы қызметке қабылданған олардың отбасы мүшелерiнiң сол мекемелердегi жұмыс iстеген уақыты - тұрақты мекен-жайына келе жатқандағы жол үстiндегi және шетелдегi жұмыс уақыты үшiн пайдаланылмаған еңбек демалысының уақыттарын есептемегенде, Қазақстан Республикасына оралғаннан кейiн екi ай iшiнде жұмысқа тұрған жағдайда мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру бойынша жәрдемақы тағайындалғанда олардың үзiліссiз еңбек стажына есептеледi.
Егер, тұрақты мекен-жайына келе жатқандағы жол үстiндегi уақытын есептемегенде, Қазақстан Республикасына оралған күнi мен жұмысқа тұрған күнiнiң арасындағы үзiлiс екi айдан аспайтын болса, аталған қызметкерлердiң шетелде болған уақытында Қазақстан Республикасының мекемелерiнде жұмыс iстемеген отбасы мүшелерiнiң еңбек стажы үзiлмейдi.
49. Егер қызметкер шетелге жiберiлгенге дейiн сыйақы немесе үстемеақы алуға құқық беретiн қызмет iстесе немесе сондай жұмыс атқарса және онда Қазақстан Республикасына оралғаннан кейiн екi ай iшiнде (мекен-жайына бару мен шетелде жұмыс iстеген уақыты үшiн пайдаланылмаған демалысында жүрген уақытын есептемегенде) қолданылып жүрген ережелер бойынша аталған сыйақылар немесе үстемелер төленетiн жұмысқа тұрса, шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiндегi жұмыс уақыты көп жылғы сiңiрген еңбегi үшiн сыйақы алуға немесе мамандығы бойынша жұмыс стажы үшiн үстемелер алуға құқық беретiн еңбек стажын үзбейдi. Қызметкермен бiрге шетелде болған отбасы мүшелерiнiң стажы да осындай тәртiппен сақталады.
Егер қызметкер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасына оралған соң шетелге жiберiлгенге дейiн жұмыс iстеген кәсiпорынына жұмысқа орналасса, кәсiпорынның жалпы жылдық жұмыс қорытындылары үшiн берiлетiн сыйақыларының мөлшерiн белгiлеген кезде ескерiлетiн үздiксiз еңбек стажын есептегенде де аталған тәртiп қолданылады.
50. Мамандығы бойынша жұмыс стажына (педагогикалық, медициналық және т.б.) шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiнде осы мамандық бойынша жұмыс iстеген уақыты кiредi.
III. Iссапарлар
А. Қазақстан Республикасынан шетелге iссапарлар
51. Қазақстан Республикасынан шетелге қызмет бабымен iссапарына жiберiлген қызметкерлердiң жұмыс орны (қызметi) мен жалақысы сақталады.
52. Iссапарда жүрген кезiнде қызметкерлерге тәулiктiкақы төленедi, сондай-ақ жол жүру, жүк тасу, тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындары, шетелдiк паспорт пен рұқсат қағаз үшiн, халықаралық байланыс желiлерiн пайдаланғаны үшiн, анықтамалар алғаны үшiн, СПИД-тiк тексерiлуден өткенi үшiн (тиiстi құжаттары болған кезде), сондай-ақ паспортын тiркеген және шетел валютасына ауыстырғандағы комиссиялық алым үшiн шығындары өтеледi.
53. Iссапарда болған кезде тәулiктiк ақылар:
а) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүргенде - Қазақстан Республикасының шегiнде қызмет бабындағы iссапарларға ақы төлеу туралы заңдарда белгiленген нормалар бойынша теңгемен;
б) басқа елдердiң шетелдiк аумағында жол жүргенде және болған уақыты үшiн - Қазақстан Республикасынан шетелге уақытша iссапарларға баратын қызметкерлер үшiн белгiленген нормалар бойынша шетел валютасымен төленедi.
Қызметкерлердiң жекелеген санаттарына осы Ережелердiң N 1 қосымшасына сәйкес тәулiктiк ақы нормаларына қоса шетел валютасымен үстемелер төленедi.
Тәулiктiк ақы төлегенде осы Ережелердiң 9-тармағында көзделген тиiстi қағидалар қолданылады. Бұл ретте шетелге қызмет бабындағы iссапарға шыққан күнi үшiн, дәл осындай қайта оралғанда шекарадан өткен күнi үшiн тәулiктiк ақы шетел валютасымен белгiленген нормалардың 100 процентi мөлшерiнде төленедi.
Қызметкердi екi не одан да көп елге iссапарға жiберген кезде тәулiктiк ақы бiр елден екiншi елге жүрiп кеткен күнiне қызметкер бара жатқан елдiң нормасы бойынша 100 процент мөлшерiнде шетел валютасымен төленедi.
54. <*>
Тегiн тұрғын үй берiлген жағдайда, бұл мақсатқа төлем жасалмайды.
Ескерту. 54-баптың 1-абзацы күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.04.19. N 479 қаулысымен.
55. Iссапарға байланысты шығындар нормалар бойынша және шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге арналған осы Ережелердiң 10 және 13-тармақтарында көзделген тәртiппен, осы тармақта айтылған қағидалар ескерiле отырып, өтелiнедi.
Тамақтану сомасы және тұрғын үй жалақысының есебiне енгiзiлген басқа да жеке қызмет көрсетулер тәулiктiк ақы есебiнен төленедi және өтелуге жатпайды.
Ескерту.
Тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындар - сол ел бойынша да, тұтас алғанда басқа елдер бойынша да iссапардың жекелеген күндерiндегi артық шығындары есепке алынбай, әр тәулiк үшiн белгiленген нормалар шегiнде өтеледi.
56. Егер шетелге iссапарға барған қызметкер сонда Қазақстан Республикасының мекемесiне тұрақты жұмысқа ауысса, онда оның iссапарға шығар кездегi алған өтемақылары есепке кiргiзiлiп, сол мекемеден Қазақстан Республикасынан шетелге жұмысқа жiберiлгендер үшiн белгiленген өтемақылар алады. Мұндай жағдайда қызметкердiң жүк тасымалдау жөнiндегi шығындары, бұрын төленген сомасы есепке алынбай, адам басына 80 кг, ал отбасына шаққанда 240 кг аспайтын мөлшерде өтеледi.
Шетелде уақытша iссапарларда болған қызметкерлерге олар үшiн Қазақстан Республикасындағы жұмыс орны бойынша белгiленген сол ұзақтығындай жалпы негiздегi еңбек демалыстары берiледi.
Б. Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң
шетелден Қазақстан Республикасына және
шетелдегi iссапарлары
57. Шетелдегi қызметкерлердi Қазақстан Республикасына, сондай-ақ үшiншi елдерге қызмет бабындағы iссапарларына жiберген кезде iссапарының мерзiмiн - жiберушi ұйым, ал елдiң iшiндегi iссапарларда - шетелдегi Қазақстан Республикасының тиiстi мекемесiнiң басшылығы белгiлейдi.
58. Iссапарлардың бүкiл уақытында қызметкерлердiң атқарған лауазымы сақталады.
Қызмет бабындағы iссапармен шетел аумағында жүрген уақытында шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесi қызметкерлерiнiң жалақысы шетел валютасымен және теңгемен сақталады.
Қазақстан Республикасының аумағында қызмет бабындағы iссапарларда жүрген уақыты үшiн оларға тәулiктiк ақы Қазақстан Республикасының шегiндегi қызмет бабындағы iссапарлары үшiн белгiленген нормалар бойынша, шетелден Қазақстан Республикасына және қайта оралған жол жүру құны, сондай-ақ егер iссапармен бара жатқан жерi олардың тұрақты мекен-жайы болмаса, онда тұрғын үй жалдау жөнiндегi нақты шығындары теңгемен төленедi.
Шетел аумағы бойынша жол жүру уақыты үшiн қызметкерлерге шетелде жұмыс iстеген уақытындағы сияқты сондай тәртiппен жалақы қызметкерлердi шетелге жұмысқа жiбергенде олар үшiн белгiленген нормалар бойынша шетел валютасымен тәулiктiк ақы төленедi, сондай-ақ осы Ережелердiң 55-тармағында көзделген тәртiппен және нормалар бойынша басқа шығындары да өтеледi.
59. Сол бiр елдiң iшiндегi iссапарлардың уақыты үшiн тәулiктiк ақы болған елдiң iшкi iссапарларына белгiленген нормалар бойынша шетел валютасымен төленедi.
60. Шетелде бiр елден екiншi елге iссапарларға шыққан уақыты үшiн қызметкерге тәулiктiк ақы Қазақстан Республикасынан шетелге iссапармен баратын қызметкерлер үшiн белгiленген нормалар бойынша шетел валютасымен төленедi. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарына осы Ережелердiң N 1 қосымшасына сәйкес шетел валютасымен белгiленген тәулiктiк ақы нормаларына үстемелер төленедi.
61. Қызметкерлер сол бiр елдiң iшiнде немесе бiр елден екiншi елге iссапарларға жiберiлген жағдайларда, тегiн тамақпен және тұрғын үймен қамтамасыз етiледi, оларға осы Ережелердiң 54-тармағында белгiленген қағидалар қолданылады.
62. Тәулiктiк ақыны төлегенде осы Ережелердiң 9-тармағында көзделген тиiстi қағидалар қолданылады.
IV. Қорытынды Ережелер
63. Жұмысқа немесе шетелге iссапарға жiберiлген не шетелден Қазақстан Республикасына қайтарылған барлық адамдарға, бiр елден екiншi елге ауыстырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелден қызмет бабындағы iссапармен немесе еңбек демалысына баратын қызметкерлерге нысаналы жерiне жеткен соң есеп айырысу үшiн негiз болатын ақшалық аттестаттар берiледi.
Аттестатта төлемдердiң нормасы, маршруттары, қызметкердiң баратын жерi және оның алған барлық ақшалай төлемдерi, iссапарға шыққан кезде - сондай-ақ iссапардың мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
Тиiстi министрлiктер (ведомстволар) аталған қызметкерлердi оларға шетел валютасымен берiлген аванстың есептесу анықтамасымен, ол қызметкерлер жұмысқа немесе iссапарға жiберiлген елдердегi жергiлiктi валютаны апару мен әкетуге қатысы бар валюталық шектеулермен және алған авансына есеп беретiндiгi туралы, сондай-ақ шетел валютасының кем болып шыққаны үшiн жауапкершiлiгi туралы қолданылып жүрген ережелермен таныстыруға мiндеттi.
64. Аяқталмаған есеп айырысу бойынша қызметкерге тиесiлi шетел валютасындағы сома Қазақстан Республикасында төленуге тиiс болған жағдайда, бұл сома қызметкердiң қалауы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң бағамы бойынша не шетел валютасымен, не теңгемен төленедi.
65. Шетелге жұмысқа немесе iссапарға жiберiлген және өз есебiне шетел валютасын алған қызметкерлер қабылданылған есеп бойынша сомадан артық жұмсалған валютаның қалғанын дәлелсiз себептермен 15 күн iшiнде өткiзбеген жағдайда, мойнындағы қарызды төлем күнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң бағамы бойынша теңгемен өтеуге мiндеттi.
66. Қызметкердiң Қазақстан Республикасынан бұрын өзi жұмыс iстеген елге қайтадан жiберiлетiндiгiне немесе басқа елге жiберiлетiндiгiне қарамастан, қызметкердiң шетелге кеткен күнiнен бастап есептегенде, жылға толмаса жаңа көтерме жәрдемақы берiлмейдi. Бұл ретте бiр елден екiншi елге ауысқан кезiнде төленген көтерме жәрдемақы есепке алынбайды.
Қызметкердi Қазақстан Республикасына қайтарған кезде көтерме жәрдемақы төленбейдi.
Өзiне қатыссыз себептерге байланысты (науқастану, мерзiмiнен бұрын қайтару және т.б.) қызметкер шетелден Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын оралған жағдайда алған көтерме жәрдемақысы қайтарылмайды.
67. Қазақстан Республикасының шетелдегi қызметкерлерi жиhазы бар пәтерлермен осы Ережелердiң N 6 қосымшасында көрсетiлген тәртiппен және нормалар бойынша қамтамасыз етiледi.
68. Шетелде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек даулары сол жердегi әкiмшiлiкпен бiрлесiп кәсiподақ комитетiнде (кәсiподақ ұйымдастырушысымен) қаралады.
Егер еңбек дауы бойынша келiсiмге келмесе, не еңбеккер қабылданған шешiммен келiспесе, бұл iске мүдделi қызметкер қабылданған шешiм туралы хабардар етiлген күннен бастап, 10 күн мерзiмi iшiнде дауды шешу туралы Қазақстан Республикасы кәсiподақтары Федерациясының Кеңесiне арыз беруге құқы бар.
Қазақстан Республикасының кәсiподақтары Федерациясының Кеңесi тиiстi министрлiк (ведомство) өкiлiнiң қатысуымен еңбек дауының негiзi бойынша соңғы шешiм қабылдайды.
69. Шетелдегi қызмет бабындағы iссапардан келген адамдар 5 күн мерзiм iшiнде жұмсалған сомалар туралы аванстық есеп түсiруге мiндеттi.
Аванстық есепке: тұрғын үй жалдау жөнiндегi, екi жағына жол жүру (таксиден басқа) жөнiндегi құжаттар, шетелдiк паспорттың көшiрмесi, валюта айырбастау жөнiндегi алым үшiн банктiң түбiртектерi, өкiлдiк мақсаттарға жұмсалған шығындардың құжаттары қосылады. Өкiлдiк мақсаттарға жұмсалған шығындардың құжаттары болған елдегi Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң (өкiлдiктерiнiң, консульстволарының) өкiлi тарапынан құпталуы және елтаңбалы мөрмен расталуы немесе делегацияның үш мүшесi тарапынан жазбаша түрде құпталуы тиiс.
70. Шетелдегi қызметкердiң жалақысынан табыс салығын төлеу Қазақстан Республикасында қабылданған нормативтiк актiлерге сәйкес табысы туралы Декларацияның негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң шетелдегi
еңбек ету жағдайлары туралы
ережелерге
N 1 қосымша
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.10.22. N 1586 қаулысымен. P991586_
Тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы
проценттік үстемеақылар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін белгіленген тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы проценттік үстемеақылар:
Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламент Сенатының Төрағасына, Парламент Мәжілісінің Төрағасына, Премьер-Министріне, Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Премьер-Министрінің орынбасарларына - 30 процент мөлшерінде;
мемлекеттік органдардың басшыларына, облыс әкімдеріне, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі төрағаларының орынбасарларына, Парламент Палаталары тұрақты комитеттерінің төрағаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасына - 20 процент мөлшерінде;
Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшыларының орынбасарларына, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі Аппараттарының Басшыларына, мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен жеке күзетінің бастықтарына - 15 процент мөлшерінде төленеді.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң
қызметкерлерi үшiн олардың теңгемен алатын
лауазымдық еңбекақыларына 50 проценттiк үстеме
белгiленген климаттық жағдайлары ауыр елдердiң
Тiзбесi
Ангола
Бангладеш
Бахрейн
Бенин
Бирма
Боливия
Ботсвана
Буркина-Фасо
Бурунди
Вьетнам
Габон
Гайана
Гана
Гвинея
Гвинея-Бисау
Джибути
Заир
Замбия
Зимбабве
Үндiстан
Йемен Республикасы
Кабо-Верде
Камерун
Кампучия
Кения
ҚХР<*>
Комор аралдары
Конго
КХДР
Кот-Д'ивуар
Куба
Кувейт
Лаос
Либерия
Лесото
Маврикий
Мавритания
Малагасий Республикасы
Мали
Мозамбик
Нигер
Нигерия
Бiрiккен Араб Эмираттары
Папуа-Жаңа Гвинея
Руанда
Сан-Томе және Принсипи
Сауд Аравиясы
Сейшель аралдары
Сенегал
Сингапур
Сьерра-Леоне
Сомали
Судан
Суринам
Танзания
Того
Уганда
Орталық-Африка Республикасы
Чад
Экваториалды Гвинея
Эфиопия
<*>ҚХР-да үстемақы 40 процент мөлшерiнде белгiленген.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
N 3 қосымша
Ауа райы ыстық және ылғалды елдердегi
Жұмыс уақытының ұзақтығы туралы
Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң ауа райы ыстық және ылғалды елдердегi қызметкерлерi үшiн мына төмендегi айларға 36 сағаттық жұмыс аптасы белгiленедi:
Алжир - маусым-қыркүйек
Аргентина - желтоқсан-наурыз
Ауғанстан - мамыр-тамыз
Бангладеш - жыл бойы
Бахрейн - жыл бойы
Бенин - жыл бойы
Бирма - жыл бойы
Боливия - жыл бойы
Бразилия - жыл бойы
Буркина-Фасо - жыл бойы
Бурунди - жыл бойы
Венесуэла - мамыр-қыркүйек
Вьетнам - наурыз-қараша
Габон - жыл бойы
Гайана - жыл бойы
Гана - жыл бойы
Гвинея - жыл бойы
Гвинея-Бисау - жыл бойы
Греция - маусым-қыркүйек
Египет - маусым-қыркүйек
Заир - жыл бойы
Замбия - жыл бойы
Израиль - маусым-тамыз
Үндiстан - жыл бойы
Индонезия - жыл бойы
Иордания - маусым-тамыз
Ирак - сәуiр-қазан
Иран - маусым-тамыз
Йемен Республикасы - жыл бойы
Камбоджа - жыл бойы
Камерун - жыл бойы
Кения - жыл бойы
Кипр - маусым-тамыз
Кытай - маусым-тамыз
Конго - жыл бойы
КХДР - шiлде-тамыз
Кот-Д'ивуар - жыл бойы
Куба - маусым-қыркүйек
Кувейт - жыл бойы
Лаос - жыл бойы
Либерия - жыл бойы
Ливан - маусым-тамыз
Ливия - маусым-тамыз
Маврикий - жыл бойы
Мавритания - жыл бойы
Мадагаскар - жыл бойы
Малайзия - жыл бойы
Мали - жыл бойы
Марокко - маусым-қыркүйек
Нигер - жыл бойы
Нигерия - жыл бойы
Бiрiккен Араб Эмираттары - жыл бойы
Пәкстан - жыл бойы
Перу - желтоқсан-наурыз
Руанда - жыл бойы
Сенегал - жыл бойы
Сингапур - жыл бойы
Сирия - маусым-тамыз
Сомали - жыл бойы
Судан - жыл бойы
Сьерра-Леоне - жыл бойы
Таиланд - жыл бойы
Танзания - жыл бойы
Того - жыл бойы
Тунис - маусым-тамыз
Туркия - 15-шi маусымнан - 31-шi тамызға дейiн
Уганда - жыл бойы
Уругвай - желтоқсан-наурыз
Орталық Африка Республикасы - жыл бойы
Чад - жыл бойы
Шри Ланка - жыл бойы
Эквадор - жыл бойы
Экваториалды Гвинея - жыл бойы
Эфиопия - жыл бойы
Ямайка - мамыр-қазан
Жапония - маусым-тамыз
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
N 4 қосымша
Климат жағдайлары ауыр елдердегi Қазақстан
Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi
үшiн белгiленген Жыл сайынғы кезектi
Демалыстарының ұзақтығы
--------------------------------------------------------------------
Елдердiң атауы ! Демалыстардың ұзақтығы
! --------------------------------
! нормаланбаған ! нормаланған
! жұмыс күнiмен ! жұмыс күнiмен
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
--------------------------------------------------------------------
Австралия 30 24
Алжир 36 24
Ангола 48 36
Аргентина 30 24
Ауғанстан 36 24
Бангладеш 48 36
Бахрейн 48 36
Бенин 48 36
Бирма 48 36
Боливия 48 36
Ботсвана 48 36
Бразилия 36 24
Буркина-Фасо 48 36
Бурундия 48 36
Венесуэла 36 24
Вьетнам 48 36
Габон 48 36
Гайана 48 36
Гана 48 36
Гвинея 48 36
Гвинея-Бисау 48 36
Гренада 36 24
Джибути 48 36
Египет 36 24
Заир 48 36
Замбия 48 36
Зимбабве 48 36
Израиль 36 24
Үндiстан 48 36
Индонезия 48 36
Иордания 36 24
Ирак 48 36
Иран 48 36
Исландия 36 24
Йемен Республикасы 48 36
Кабо-Верде 48 36
Камбоджа 48 36
Камерун 48 36
Катар 48 36
Кения 48 36
Қытай 36 24
Кипр 30 24
Колумбия 48 36
Комор аралдары 48 36
Конго 48 36
КХДР 36 24
Корея Республикасы 36 24
Коста-Рика 36 24
Кот-Д'ивуар 48 36
Куба 36 24
Кувейт 48 36
Лаос 48 36
Лесото 48 36
Либерия 48 36
Ливан 42 30
Ливия 42 30
Маврикий 48 36
Мавритания 48 36
Малагас Республикасы 48 36
Малайзия 48 36
Мальта 30 24
Мали 48 36
Марокко 30 24
Мексика 36 24
Мозамбик 48 36
Монголия 36 24
Непал 48 36
Нигер 48 36
Нигерия 48 36
Никарагуа 48 36
Жаңа Зеландия 30 24
Оман 48 36
Бiрiккен Араб Эмираты 48 36
Пәкстан 48 36
Папуа-Жаңа Гвинея 48 36
Перу 36 24
Руанда 48 36
Сан-Томе и Принсипи 48 36
Сауд Аравиясы 48 36
Сейшель аралдары 48 36
Сенегал 48 36
Сингапур 48 36
Сирия 36 24
Сомали 48 36
Судан 48 36
Суринам 48 36
Сьерра-Леоне 48 36
Таиланд 48 36
Танзания 48 36
Тунис 36 24
Түркия (Ыстамбұл қаласы) 30 24
Түркия (Анкара қаласы) 36 24
Уганда 48 36
Уругвай 30 24
Филиппин 48 36
Орталық Африка Республикасы 48 36
Чад 48 36
Чили 30 24
Шпицберген (арал) 54 30
Шри-Ланка 48 36
Эквадор 42 30
Экваториалды Гвинея 48 36
Эфиопия 48 36
ОАР 36 24
Ямайка 42 30
Жапония 36 24
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
N 5 қосымша
Шетелдегi Қазақстан Республикасының
мекемелерiне Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң
отбасы мүшелерiнен сол жерде қабылданған
Штаттан тыс қызметкерлерiнiң
еңбек жағдайлары
1. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң штаттан тыс қызметкерлерi - бұлар мекеменiң штаттық есебiне алынбай жұмыс iстейтiн адамдар.
Штаттан тыс қызметкерлер белгiлi бiр мерзiмге жасалған жазбаша еңбек шарттары (еңбек келiсiмдерi) бойынша жұмысқа қабылданады да кейiннен шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесi бойынша бұйрықпен ресiмделедi.
Еңбек шартында жұмыс атауы (түрi, сипаты), оның орындалу мерзiмi мен еңбекке ақы төлеу жағдайлары көрсетiледi.
Штаттан тыс қызметкерлерге шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiнде енгiзiлген iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерi қолданылады.
2. Штаттан тыс қызметкерлерге ақы еңбек еткен уақытына немесе атқарған жұмысына пара-пар төленедi, бiрақ бұл шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемесiндегi дәл осындай лауазымға көзделген шетел валютасымен берiлетiн еңбек ақысының 50 процентiнен артық болмауға, еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде болуға тиiс.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерi шетелдегi Қазақстан Республикасының мекемелерiне толық емес жұмыс күнiне немесе толық емес жұмыс аптасына штаттан тыс қызметкерлер ретiнде жұмысқа тартылуы мүмкiн.
Штаттан тыс қызметкерлердiң шетелдегi жұмыс уақытына теңгемен жалақы төленбейдi.
3. Штаттан тыс қызметкерлер нормалы жұмыс күнi болатын Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн ұзақтығы сол барған елiнде белгiленген жыл сайынғы демалысын алу құқығын пайдаланады.
Штаттан тыс қызметкерлердiң демалыс уақыты үшiн мына тәртiппен:
а) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылған демалыс уақыты үшiн штаттан тыс қызметкер атқарған жұмысқа сәйкес келетiн тиiстi министрлiк (ведомство) жүйесiндегi лауазым бойынша белгiленген лауазымдық ақыға қарай жалақысы теңгемен ғана төленедi;
б) барған елiнде пайдаланылған демалыс уақыты үшiн жалақысы Қазақстан Республикасына оралған соң осы тармақтың "а" тармақшасында белгiленген тәртiп бойынша теңгемен ғана төленедi.
Жұмыстан босаған кезде пайдаланылмаған демалысы үшiн ақшалай өтемақы осындай тәртiппен төленедi.
Демалысын Қазақстан Республикасында өткiзу үшiн жылына бiр рет жол жүру құны төленедi; бұл ретте демалысын өткiзу үшiн жолға шыққанда жүк тасымалына төленбейдi.
4. Штаттан тыс қызметкерлер мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
Барған елiнде уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда, штаттан тыс қызметкерлерге ауырған барлық уақыты үшiн, бiрақ төрт айдан аспайтын уақытқа, шетел валютасымен жалақы төленедi.
Егер уақытша еңбекке жарамсыздық Қазақстан Республикасына келген кезеңiнде болса, онда оларға осы қосымшаның 3-тармағының "а" тармақшасында көзделген лауазымдық ақысының (тарифтiк ставкасының) есебiнен теңгемен жәрдемақы төленедi.
Жүктiлiгi мен босануы жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ұзақтықта демалыс берiледi.
Жүктiлiгi мен босануы жөнiндегi демалысты сол барған елiнде пайдаланылған уақыты үшiн жалақысы шетел валютасымен сақталады. Егер демалыс Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылса, онда жүктiлiгi мен босануы жөнiндегi жәрдем ақы осы қосымшаның 3-тармағының "а" тармақшасында көзделген лауазымдық ақысының (тарифтiк ставкасының) есебiнен теңгемен төленедi.
5. Штаттан тыс жұмыс уақыты жалпы еңбек стажына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылатын ережелерге сәйкес үздiксiз еңбек стажына да қосылады.
6. Қызметкер Қазақстан Республикасына қайта оралғанда өзi шетелде осы жүйеде жұмыс iстеген министрлiкте (ведомствода) шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемесiнiң тиiстi анықтамасының негiзiнде жұмысы туралы оның еңбек кiтапшасына жазба түсiрiледi.
7. Штаттан тыс қызметкерлердiң еңбек даулары шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiппен қаралады.
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары
туралы ережелерге
N 6 қосымша
Шетелдегi Қазақстан Республикасы
мекемелерiнiң қызметкерлерiн жиhазы бар
пәтерлермен және коммуналдық қызмет көрсетумен
қамтамасыз ету тәртiбi туралы
Ереже
1. Шетелдегi Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң қызметкерлерi тұрғын үй алаңы нормаларының шегiнде тиiстi мекемелердiң сметалары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен төленетiн жиhазы бар пәтерлермен (коммуналдық қызмет көрсетусiз) қамтамасыз етiледi.
2. Шетелдегi Қазақстан Республикасының қызметкерлерi тұрғын үй алаңымен бiр адамға 12 шаршы метрден келетiн есеппен қамтамасыз етiледi.
Тұрғын алаңға жататын бөлмелер, залдар, ас iшетiн бөлмелер, холлдар кiредi. Ас iстейтiн және басқа қосалқы бөлмелер алаңы тұрғын үй алаңына кiрмейдi. Қызметкерлерге уақытша пайдалану үшiн берiлген жиhаз үшiн ақы алынбайды.
Ескерту. Техникалық және басқа да көмек көрсету үшiн шетелге жiберiлген мамандардың коммуналдық жағынан қамтылуымен қоса тұрғын үй жалдау жөнiндегi шығындары Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген нормалар бойынша төленедi.
3. Тұрғын үй алаңы шетелдегi мекеменiң сметалық есебiнен отбасы мүшелерiнен жұмыс iстейтiн бiреуiне ғана берiледi.
4. Қазақстан Республикасы қызметкерлерiнiң нақты иемденген тұрғын үй алаңы осы Ереженiң 2-тармағында көзделген нормадан артық болған жағдайда нормадан үстеме шығындар олардың жалақысы есебiнен нақтылы шығындар бойынша төленуi тиiс.
5. Шетелдегi Қазақстан Республикасының қызметкерлерiн осы қосымшаның 2-тармағында көзделген нормалар шегiнде Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң үйлерiнен, мекеменiң жалға алған үйлерiнен (жалпы үйлердегi жеке пәтерлерден) жиhазы бар тұрғын алаңдармен қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң басшыларына жүктеледi.
6. Қызметкерлерге берiлген тұрғын үй алаңы бойынша және соған байланысты коммуналдық қызмет көрсетулердiң (электр энергиясы, газ, жылу, сумен жабдықтау, ортақ пайдаланудағы орындарды тазалау) нақтылы шығындары лауазымдық ақысының 10 процентiнен аспайтын мөлшерде қызметкерлердiң шетел валютасымен алатын жалақысының есебiнен төленедi. Шетел валютасымен алатын лауазымдық ақысының 10 процентiнен асатын коммуналдық қызмет көрсету шығындары тиiстi мекемелердiң сметалары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен төленедi.
Қызметкерлердiң коммуналдық қызмет көрсетуге байланысты нақтылы шығындарының сомасын анықтағанда жоғарыда аталған қызмет көрсетулер ғана есепке алынады.