Қазақстан Республикасының минералдық шикiзат базасының
қазiргi жағдайы туралы, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi заң
актiлерi туралы, тендер шарттары туралы табиғи ресурстарды игерумен
шұғылданатын отандық және шетелдiк компанияларды дер кезiнде
және толық хабардар ету, әлеуеттi инвесторларға қолайлы ақпараттық
жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазақстанның минералдық ресурстары" журналының шығарылуына
рұқсат етiлсiн.
2. Журналды шығару оның құрылтайшысы - Қазақстан
Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне
тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi