"Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 маусымдағы N 661 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

        Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, 1994 жылғы 30 қарашаға дейiн меншiк нысанына қарамастан, қару-жарақ, әскери техника мен соғыс құралдарын, жинақтаушы бұйымдар мен материалдар, оларға арналған арнайы технологиялық жабдықтар жасаумен, зерттеумен, әзiрлеумен, сынаумен, жаңартумен, жөндеумен, қызмет көрсетумен және пайдаға асырумен, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы жасау үшiн қолданылатын уран шикiзаты мен басқа да материалдардың арнайы түрлерiн барлаумен, өндiрумен, ұқсатумен, сақтаумен және пайдаға асырумен айналысатын өндiрiстiк, ғылыми-өндiрiстiк кәсiпорындарының, бiрлестiктерiнiң, конструкторлық немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-сынақ полигондарының нақты жай-күйiне талдау жүргiзсiн және олардың арнайы қызметiнiң қысқартылу деңгейiн, сондай-ақ азаматтық мұқтажға қайта бағдарлануын айқындасын. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялаудың 1994-1995 жылдарға арналған республикалық бағдарламасын үш айлық мерзiмде әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен қарап бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн. 
      3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындарымен және олармен сабақтас өнеркәсiптермен бiрлесiп конверсиялаудың 1994-1995 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаларын бiр айлық мерзiмде әзiрлеп бекiтсiн, әрi оларды қаржыландыру көздерiн анықтасын. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен Ұлттық аэроғарыш агенттiгiмен бiрлесiп: 
      конверсияланатын кәсiпорындардың мүлiктiк кешенiнiң жекелеген бөлiктерiн сатып, алынған қаражатты конверсиялау бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсау тәртiбiн айқындайтын ереженi; 
      конверсияланатын кәсiпорындар бойынша жеделдете амортизациялауға жататын негiзгi өндiрiстiк қорларды жеделдете амортизациялау нормаларын және олардың бiр бөлiгiнiң мөлшерiн; 
      конверсиялау нәтижесiнде босайтын бiрегей жабдықтарды тоқтатып қоюдың және тар шеңберде мамандандырылған жабдықтарды амортизациясыз есептен шығарудың тәртiбiн үш ай мерзiмде әзiрлесiн әрi оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге табыс етсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi: 
      конверсияланатын кәсiпорындардың тiзбесiн, сондай-ақ жұмылдыру құжаттарын азаматтық өнiмдер өндiру үшiн пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жыл сайын 15 қаңтарға дейiн табыс етiп отырсын; 
      азаматтық өнiмдер өндiру үшiн жаңа қуаттар құруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшiн Экономикалық өзгерiстер қорынан кредиттер алуда конверсияланатын кәсiпорындардың басымдығын қамтамасыз етсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, қорғаныс кешенiнiң кәсiпорындарымен бiрлесiп аталған кәсiпорындардың балансында тұратын және жергiлiктi әкiмшiлiк балансына беруге жататын әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық объектiлердiң, тұрғын үй қоры мен мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң тiзбесiне жыл сайын 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге табыс етсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк мақсатты кредиттерге, инвестицияларға және бекiтiлген бағдарламаларға сәйкес конверсияланатын кәсiпорындарды азаматтық өнiмдер өндiруге әзiрлеудi ұйымдастыруына валюталық кредиттi басым тәртiппен беретiн болсын. 
      8. "Қазконтракт" Республикалық контракт корпорациясы ресурстар сатып алуда конверсияланатын кәсiпорындарға басымдық тәртiбiмен жәрдем берсiн, ресурстардың тiзбесi жыл сайын бiрiншi тоқсан iшiнде табыс етiлiп отырады. 
      9. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жыл сайын, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдем беру жөнiндегi Республикалық қор қаражатының жұмсалуы туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсыныстар енгiзген кезде, конверсияланатын кәсiпорындардағы кадрларды қайта даярлауға арналған шығындарды көздесiн. 

    Қазақстан Республикасының

     Премьер-министрi

О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О конверсии оборонной промышленности"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 июня 1994 г. N 661. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2008 года N 381.

       Сноска. Постановление Кабинета Министров РК от 17 июня 1994 г. N 661 утратило силу постановлением Правительства РК от 23.04.2008  N 381 .

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О конверсии оборонной промышленности" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет: 
      1. Министерству экономики Республики Казахстан совместно с Министерством промышленности, Министерством науки и новых технологий, Министерством энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан, другими заинтересованными министерствами и ведомствами провести до 30 ноября 1994 г. анализ фактического состояния производственных, научно-производственных предприятий, объединений, конструкторских и научно-исследовательских организаций, научно-испытательных полигонов, независимо от форм собственности, занятых производством, исследованиями, разработкой, испытаниями, модернизацией, ремонтом, обслуживанием и утилизацией вооружений, военной техники и боевых средств, комплектующих изделий и материалов, специального технологического оборудования для них, а также разведкой, добычей, переработкой, хранением и утилизацией уранового и других специальных видов сырья и материалов, применяемых для производства вооружений и военной техники, и определить степень сокращения их специальной деятельности, а также дальнейшую переориентацию на гражданские нужды. 
      2. Министерству экономики Республики Казахстан совместно с Министерством промышленности, Министерством науки и новых технологий, Министерством энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан, другими заинтересованными министерствами и ведомствами в трехмесячный срок разработать республиканскую программу конверсии оборонной промышленности на 1994-1995 годы и представить ее в Кабинет Министров Республики Казахстан для рассмотрения и утверждения в установленном порядке. 
      3. Главам областных, Алматинской и Ленинской городских администраций совместно с предприятиями оборонной и сопряженной с ней промышленности в месячный срок разработать и утвердить региональные программы конверсии на 1994-1995 годы, определив источники их финансирования. 
      4. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу, Министерству экономики, Министерству финансов Республики Казахстан совместно с Министерством промышленности, Министерством энергетики и топливных ресурсов, Министерством науки и новых технологий, Национальным аэрокосмическим агентством Республики Казахстан в трехмесячный срок разработать и представить на утверждение в Кабинет Министров Республики Казахстан: 
      положение, определяющее порядок реализации отдельных частей имущественного комплекса конверсируемых предприятий с направлением полученных средств на финансирование конверсионных программ; 
      нормы ускоренной амортизации и размер части основных производственных фондов, подлежащих ускоренной амортизации по конверсируемым предприятиям; 
      порядок консервации уникального и безамортизационного списания узкоспециализированного оборудования, высвобождаемого в результате конверсии. 
      5. Министерству экономики Республики Казахстан: 
      представлять ежегодно к 15 января в Кабинет Министров Республики Казахстан на утверждение перечень конверсируемых предприятий, а также предложения по использованию мобилизационных мощностей для производства гражданской продукции; 
      обеспечивать приоритетность конверсируемых предприятий в получении кредитов из Фонда преобразования экономики для реализации проектов, направленных на создание новых мощностей для производства гражданской продукции. 
      6. Министерству экономики, Министерству финансов Республики Казахстан, Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с другими заинтересованными министерствами и ведомствами, предприятиями оборонного комплекса представлять ежегодно к 1 июля на утверждение в Кабинет Министров Республики Казахстан перечень объектов соцкультбыта, жилого фонда и детских дошкольных учреждений, состоящих на балансе указанных предприятий и подлежащих передаче на баланс местных администраций. 
      7. Национальному агентству по иностранным инвестициям при Министерстве экономики Республики Казахстан предоставлять в приоритетном порядке валютные кредиты для подготовки и организации производства гражданской продукции конверсируемым предприятиям согласно целевым кредитам, инвестициям и утвержденным программам. 
      8. Республиканской контрактной корпорации "Казконтракт" в приоритетном порядке оказывать содействие конверсируемым предприятиям в приобретении ресурсов, перечень которых ежегодно представляется в течение 1 квартала. 
      9. Министерству труда Республики Казахстан ежегодно при внесении предложений в Министерство финансов Республики Казахстан о расходовании средств Республиканского фонда содействия занятости предусматривать затраты на переподготовку кадров конверсируемых предприятий. 
      
       Премьер-министр 
      Республики Казахстан