Жамбыл облысын газбен жабдықтау бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 шiлдедегі N 839 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Республиканың оңтүстiк өңiрiн газбен жабдықтауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi ұсынған "Жамбыл облысын газбен жабдықтау бағдарламасы" мақұлдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiгiмен бiрлесiп, Жамбыл облысында газ кендерiн, оның iшiнде Айрықты, Анабай, Солтүстiк Үшарал, Үшарал, Кемпiртөбе газ кендерiн "Досбол" бiрлескен кәсiпорнымен бiрге барлау, игеру және өндiру үшiн халықаралық тендер өткiзсiн, сондай-ақ газ кендерiн iздеу объектiлерiн анықтасын. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Жамбыл облысындағы газ кен орындарын барлау, игеру және өндiру жөнiндегi жобаны жүзеге асыру үшiн валюта қаражатын тарту туралы мәселенi сырт инвесторларымен бiрге пысықтасын. 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвесторлары жөнiндегi Ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен және Жамбыл облысының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, Амангелдi газ кен орнын "Досбол" бiрлескен кәсiпорнының күшiмен игеру және пайдалануға беру жобасын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Шетелдiк кредиттер комиссиясының қарауына енгiзсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

      

О пpогpамме газоснабжения Жамбылской области

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 27 июля 1994 г. N 839. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2008 года N 406.

       Сноска. Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 27 июля 1994 г. N 839 утратило силу постановлением Правительства РК от 04.05.2008  N 406 .
      В целях улучшения газоснабжения южных регионов республики Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет: 
      1. Одобрить представленную Министерством геологии и охраны недр Республики Казахстан программу газоснабжения Жамбылской области. 
      2. Министерству геологии и охраны недр Республики Казахстан совместно с Министерством нефтяной и газовой промышленности Республики Казахстан и Национальным агентством по иностранным инвестициям при Министерстве экономики Республики Казахстан провести международный тендер на разведку, разработку и добычу газовых месторождений Жамбылской области, в том числе месторождений Айрыкты, Анабай, Северный Ушарал, Ушарал, Кемпиртюбе с совместным предприятием "Досбол", а также определить объекты для поиска газовых месторождений. 
      3. Министерству экономики Республики Казахстан проработать с внешними инвесторами вопрос о привлечении валютных средств для реализации проекта по разведке, разработке и добыче газовых месторождений Жамбылской области. 
      4. Национальному агентству по иностранным инвестициям при Министерстве экономики Республики Казахстан совместно с Министерством нефтяной и газовой промышленности Республики Казахстан и главой Жамбылской областной администрации подготовить и внести в установленном порядке на рассмотрение Комиссии по иностранным кредитам проект освоения и эксплуатации месторождения Амангельды силами совместного предприятия "Досбол". 

       Премьер-министр
      Республики Казахстан