1. Украинадағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 10 адам болып бекiтiлсiн.
2. Украинадағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық шет ел валютасындағы жалақысы айына 700 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Украина Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шет ел валютасындағы жалақысының негiзiнде штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге олардың АҚШ долларындағы еңбек ақы қорынан 1 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Украинадағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығын сметасын бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсаттарға 1994 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен қаражат бөлудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi